Абыл Тілеуұлы - Үш ақынның өздерін таныстыруы

Абыл Тілеуұлы - Үш ақынның өздерін таныстыруы казакша Абыл Тілеуұлы - Үш ақынның өздерін таныстыруы на казахском языке


Бірде Абыл, Есенбақ, Шернияз үшеуі болыс, байлармен сапарлас болады. «Халыққа ақын, жыршы қадірлі ме, би, болыс-хәкім қадірлі ме?» деген араларында пікір таласы туады. Халық кімді құрметтейтінін көреміз деп, болыстар қойшылар ауылына, ақындар қозышы ауылға түседі. Киімдері де жұпыны, арық атты үш ақынды сойып тастары жоқ қозышы ауылы шәйімен ғана қонақ етеді. Асылған қазан көрінбейді. Шонжарлардың табасына қалмау үшін, ақындар өздерін бірауыз өлеңмен таныстырып, мән-жайды баян етеді.

Шернияз: Жарылғас – әкем аты, шешем – Тойлан.

Есенбақ: Жоқ па екен сыңар қозы егіз қойдан?

Абыл:

Шернияз, Есенбақ пен Абыл ақын,

Болыс, би табаласа, неғыласың,

Қайнаса, сенің сорың қайнап жатыр,

Ана ауыл қонағына қойын сойған.

Осыдан бастап өлең, жыр толастамай, қозышы ауыл ақындарды екі күн жібермей қонақтап, жар айтқызған екен, Абыл аттанарда:

- Болыс, байлар ас ішіп, аяқ босатқандарына мақтанса, ақындар халыққа алтын сөзімен қадірлі екен деп ана ауылдағы әкімдерге айта барыңдар, -депті.




KZ » Қазақша Әңгімелер & Мақалалар жинағы, Абыл Тілеуұлы әңгімелері, абыл тулеуулы рассказы на казахском языке, абыл тулеуулы ангимелери казакша, таныстыру, ақын таныстыруы, Абыл Тілеуұлы әңгімелері, абыл тулеуулы рассказы на казахском языке, абыл тулеуулы ангимелери казакша, таныстыру, ақын таныстыруы, Абыл Тілеуұлы - Үш ақынның өздерін таныстыруы ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер