Құқық негіздері_ЖМБ_10 сынып


«Құқық негіздері» пәнінен

жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 10-сынып

(жаратылыстану-математикалық бағыт)

Нұр-Сұлтан, 2019

Құрметті мұғалім!

 Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Құқық негіздері» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Құқық негіздері» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

 Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

 Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

 Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

 Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

 Әдістемелік ұсыныстар дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

МАЗМҰНЫ

I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

 «Мемлекет және құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ТақырыпҚұқықтың негізгі белгілері мен функциясы

Құқықтық мемлекет түсінігі мен және оның принцптері

Адам құқығы түсінігі және оның негізгі түрлері

Оқу мақсаты10.1.1.1 Құқық белгілерін қорытындылай отырып, ұғымын түсіндіру

10.1.2.2 Әлемдік тәжірибедегі құқықтық мемлекеттің мәні мен функционалдық маңызы туралы білімін көрсету

        • Адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттардың маңыздылығын бағалау (Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт, экономикалық, әлеуметтік және және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт)

Бағалау критерийіБілім алушы:

          •  Құқықтықмемлекеткеқатыстыұғымдардың маңызын анықтап, қорытындылайды
          •  Әлемдіктәжірибедегі құқықтықмемлекеттің мәні мен функционалдық маңызы туралы сипаттайды
          •  Адамқұқықтарынқорғаудағыхалықаралық құжаттардың маңыздылығын талдайды

Ойлау дағдыларының деңгейіҚолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты20 минут

Тапсырма

    • Құқықтықмемлекеткеқатыстыұғымдардытүсіндіріп,маңызынанықтап, қорытындылаңыз.

Құқықтық мемлекеттің белгісі

Құқықтық мемлекеттің қағидасы

Құқықтық мемлекеттің мақсаты

1.

1.

1.

Маңызы

Қорытынды

    • Төмендегі көрсетілген құқық ұғымы мен анықтамасын сәйкестендіріңіз.

Ұғымдар

Анықтамасы

1

Құқықтыңжалпыға бірдей міндеттілігі

А

бүкіл қоғамның еркін білдіретін, мемлекетпен белгіленетін және қорғалатын, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, жалпыға бірдей міндетті, формалді анықталған заң

нормаларының жүйесі

2

Құқықтың нормативтілігі

В

адамдардың саналы, ерікті қызмет етуінің нәтижесі. Бірақ кез келген ерік құқық бола бермейді, тек мемлекеттен және қоғамның

көптеген мүшелерінен туындайтын ерік қана құқық бола бастайды

3

Құқықтыңеріктік сипаты

С

барлығына, барлық азаматтарға, лауазым иелеріне, мемлекеттік органдарға және қоғамдық ұйымдарға бірдей міндетті болып

табылады.

4

Құқықтың жүйелілігі

D

заң нормаларынан тұрады және ол барлық қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, ал заң нормаларында жүріс-тұрыс және мінез-

құлық ережелері орналасқан.

5

Құқық

Е

заңнормаларыбірі-бірінсізқызметете

алмайтындай бір жүйеге келтірілген және бірі- бірімен тығыз байланыста болады.

1

2

3

4

5

    • «Адамқұқықтарынқорғаудағыхалықаралық құжаттардыңмаңыздылығы зор» тұжырымына қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз. 2 дәлел келтіріп, қорытынды жазыңыз.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Құқықтық мемлекетке қатысты ұғымдардың маңызынанықтап, қорытындылайды

1

құқықтың мемлекеттің белгісін анықтайды;

құқықтықмемлекеттіңқағидасын

анықтайды;

құқықтықмемлекеттіңмақсатын анықтайды;

құқықтықмемлекеткеқатысты

ұғымдардың маңызын анықтайды;

құқықтық мемлекетке қатысты ұғымдарды қорытындылайды;

1

1

1

1

1

Әлемдік тәжірибедегі құқықтық мемлекеттіңмәні мен функционалдық маңызытуралы сипаттайды

2

құқық ұғымын сәйкестендіреді,

құқықтыңеріктіксипатыұғымын

сәйкестендіреді;

құқықтыңжалпығабірдейміндеттілігі

ұғымын сәйкестендіреді;

құқықтыңжүйелілігіұғымын

сәйкестендіреді;

құқықтыңнормативтілігіұғымын сәйкестендіреді;

1

1

1

1

1

Адамқұқықтарын қорғаудағы халықаралық құжаттардың

маңыздылығын талдайды

3

тұжырымға қатысты өз пікірін білдіреді;

1-дәлел келтіреді;

2-дәлел келтіреді;

қорытынды жасайды.

1

1

1

1

Барлығы

14

«Мемлекет және құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийлері

Оқушылардың оқу жетістігі деңгейлері

Төмен

Құқықтықмемлекетке

қатыстыұғымдардың

маңызынанықтап, қорытындылайды

Құқықтыңбелгілерін қағидаларын,мақсаттарын маңызынанықтап, қорытындылауда қиналады

Құқықтың белгілерін қағидаларын, мақсаттарын маңызын анықтап, қорытындылауда қателіктер жібереді

Құқықтың белгілерін қағидаларын, мақсаттарын маңызын анықтап, қорытындылайды

Әлемдіктәжірибедегі құқықтық мемлекеттің мәні мен функционалдық маңызы туралы сипаттайды

Құқық ұғымын, еріктік сипатын, жалпыға бірдей міндеттілігін, жүйелілігін, нормативтілігін анықтамасымен сәйкестендіруде қиналады

Құқық ұғымын, еріктік сипатын, жалпыға бірдей міндеттілігін, жүйелілігін,нормативтілігін анықтамасыменсәйкестендіруде қателіктер жібереді

Құқық ұғымын, еріктік сипатын, жалпыға бірдей міндеттілігін, жүйелілігін,нормативтілігін анықтамасымен сәйкестендіреді

Адам құқықтарын қорғаудағы халықаралық құжаттардың маңыздылығын талдайды

Өз пікірін білдіріп, 1/2 дәлел келтіріп,қорытындылауда қиналады

Өз пікірін білдіріп, 1/2 дәлел келтіріп, қорытындылауда қателіктер жібереді

Өзпікірінбілдіріп,1/2дәлел келтіріп, қорытындылайды

  • ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Жария құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

ТақырыпЭкологиялық құқықтың құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны. Қылмыстық кодекс қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде.

Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған құқықтық және саяси актілер

Оқу мақсаты10.2.3.2 Экологиялық кодекс негізінде өзекті экологиялық

проблемаларды шешудің құқықтық жолдарын ұсыну

10.2.4.2 Нақты өмірлік жағдаяттарды қылмыстық құқық нормаларына сәйкестендіру

        • Нақты жағдаяттарды талдау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның негізгі ережелерін пайдалану

Бағалау критерийіБілім алушы

          • Экологиялық кодекс негізінде өзекті экологиялық проблемаларды шешудің құқықтық жолдарын сипаттайды
          • Нақты өмірлік жағдаяттың қылмыстық құқық нормаларына сәйкестігін анықтайды
          • Нақты жағдаяттарды талдау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның негізгі ережелерін пайдаланады

Ойлаудағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты20 минут

Тапсырма

  • Суреттерде көрсетілген экологиялық проблемаларды анықтап, оны шешудің құқықтық жолдарын ұсыныңыз.

Экологиялық проблема

Құқықтық шешу жолдары

Экологиялық проблема

  • Жағдаятқа қатысты сұраққа жауап беріңіз.

Жағдаят

Сұрақ

Екі дос Орманов пен Вавилов көп ақша табудың оңай жолы, дүкеннің кассасын тонау деп өзара әңгімелеседі. «Ол үшін қару керек»,-дейді Орманов. «Тауып көрейік», деп жауап береді Вавилов. Содан кейін олар қаруды табу үшін қару сататын дүкенді және оның кассасын тонайды.

Жағдаятты Қылмыстық кодекс бойынша түсіндіріңіз.

Қылмыстың қандай белгілері бар?

1.

2.

  • Жағдаятқа қатысты сұраққа жауап беріңіз.

Жағдаят

Сұрақ

Ж. қаласында «Қазпочта» АҚ оператор- кассирі болып жұмыс істеп жүргенде, Б. Есімді азамат жалған құжат жасап, 4 750 109 теңгені иеленіп, жұмсап жіберген

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңын қолданыңыз.

1.

2.

Бұл жағдаятты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңы мен ҚР қылмыстық кодексі негізінде талдаңыз.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Экологиялықкодекс

негізіндеөзекті экологиялық проблемалардышешудің құқықтықжолдарын сипаттайды

1

1-өзектіэкологиялықпроблеманы

анықтайды;

1-экологиялық проблеманыңқұқықтық шешу жолын ұсынады;

2-өзектіэкологиялықпроблеманы

анықтайды;

2-экологиялық проблеманыңқұқықтық

шешу жолын ұсынады;

1

1

1

1

Нақты өмірлік жағдаяттың қылмыстыққұқық нормаларына сәйкестігін

анықтайды

2

қылмыстық кодекс бойынша түсіндіреді;

қылмыстың 1-белгісін жазады;

қылмыстың 2-белгісін жазады;

1

1

1

Нақтыжағдаяттарды талдау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның негізгі ережелерін пайдаланады

3

берілгенжағдаяттысыбайлас

жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның ережелерін жағдаят бойынша қолданады;

сыбайласжемқорлыққақарсыкүрес туралызаңныңнегізгіережелерінен

мысал келтіреді;

ҚРқылмыстықкодексінесілтеме

жасайды

1

1

1

Барлығы

10

 «Жария құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийлері

Оқу жетістігінің деңгейі

Төмен

Экологиялық кодекс негізінде өзектіэкологиялық проблемалардышешудің

құқықтықжолдарын сипаттайды

1/2-өзекті экологиялық проблеманы анықтап, шешудің құқықтық жолдарын ұсынуда қиналады

1/2-өзекті экологиялық проблеманы анықтап, шешудің құқықтық жолдарын ұсынуда қателіктер жібереді

1/2-өзектіэкологиялық проблеманы анықтап, шешудің құқықтық жолдарын ұсынады

Нақтыөмірлікжағдаяттың қылмыстыққұқық

нормаларынасәйкестігін анықтайды

 Нақты өмірлік жағдаяттың қылмыстық құқық нормаларына сәйкестігін анықтауда, қылмыстың 1/2-белгісін анықтауда қиналады

 Нақты өмірлік жағдаяттың қылмыстық құқық нормаларына сәйкестігін анықтауда, қылмыстың 1/2-белгісін анықтауда қателіктер жібереді

 Нақты өмірлік жағдаяттың қылмыстық құқық нормаларына сәйкестігін анықтап, қылмыстың 1/2-белгісін анықтайды

Нақты жағдаяттарды талдау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның негізгі ережелерін пайдаланады

Жағдаятты талдауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның негізгі ережелерін, ҚР қылмыстық кодексін пайдалануда қиналады

Жағдаятты талдауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның негізгі ережелерін, ҚР қылмыстық кодексін пайдалануда қателіктер жібереді

Жағдаятты талдауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның негізгі ережелерін, ҚР қылмыстық кодексін пайдаланады

  • ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Жеке құқық » бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

Азаматтық құқықтың принцптері мен субъектілері Меншік құқығы түсінігі және оның қорғалуы

ҚазақстанРеспубликасындаотбасылыққарым- қатынастардың құқықтық реттелуі

ҚазақстанРеспубликасындаеңбекқатынастарының құқықтық реттелуі

Оқу мақсаты

10.3.1.2 Азаматтық құқық қағидаттарын нақты мысалдар арқылы түсіндіру

10.3.1.7 Мысалдар келтіре отырып, меншік құқығы ұғымын және оның негізгі өкілеттілігін түсіндіру

10.3.3.3 Әртүрлі өмірлік жағдайларда балалар құқықтарының жүзеге асырылуын зерттеу

10.3.4.1 Қазақстан Республикасы еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің негізгі ұғымдары мен принциптерін түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Азаматтық құқық ұғымына және принциптеріне мысал келтіреді
  • Меншік құқығы ұғымын және оның негізгі өкілеттілігін анықтайды
  • Балаларқұқықтарыныңжүзегеасырылуын зерттейді
  • Еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің негізгі ұғымдары мен принциптерін сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

  • Төмендегі кестені толтырып, мысал келтіріңіз.

Азаматтық құқық ұғымыАзаматтық құқық қағидалары

Азаматтық құқық қағидаларына мысал

1.

2.

Қорытынды

  • Меншікке қатысты құқықты сипаттап, кестені толтырыңыз, төмендегі сұраққа жауап беріңіз.

Иелену құқығыПайдалану құқығыБилік ету құқығы

Меншікқұқығынабайланыстыменшікиесі қандайіс-әрекеттердіжүзегеасыра алады?

  • Балалар құқықтарының жүзеге асырылуы туралы ақпараттарды сәйкестендіріңіз.

Ақпарат

Жауаптар

1

Бала – атын, тегін өз еркімен таңдауға

құқылы

A

14 жасқа толғанда

2

Бала сотқа шағымдануға құқылы

B

16 жасқа толғанда

3

Баланыңқұқықтары«Некежәне

отбасы» заңының тарауында жазылған

C

9 тарауында

4

Баланыңкелісімінсізатын,тегін

ауыстыруға жол берілмейді

D

10 жасқа толғаннан кейін

1

2

3

4

  • Жағдаят бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

Жағдаят

Талдау

Азаматша Қалқаманова М.А. Қ. қаласының

№8 орта мектебінде 1990 жылдан мұғалім болып қызмет істейді. 2015 жылы оның зейнеткерлік жасқа толуына байланысты мектеп директоры онымен еңбек шартын тоқтатуды талап етеді.

Мектеп директорының талабы заңды ма?

Зейнеткерұстаздардыңсолеңбек ұжымында жұмыс істеуін

шектейтін қандай да бір заң нормасы бар ма?

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Азаматтыққұқық

азаматтық құқық ұғымын анықтайды;

1

ұғымынажәне

принциптерінемысал

азаматгыққұқықкағидаттарды

анықтайды;

1

келтіреді

1

азаматтық құқық қағидаларына 1-мысал

келтіреді;

1

азаматтық құқық қағидаларына 2-мысал

келтіреді;

1

азаматтыққұқыққағидаларытуралы

қорытынды жасайды;

1

Меншік құқығы ұғымын

иемдену құқығын анықтайды;

1

жәнеоныңнегізгі

пайдалану құқығын анықтайды;

1

өкілеттілігін анықтайды

2

билік ету құқығын анықтайды;

1

меншікиесініңжүзегеасыратыніс-

әрекетін жазады;

1

Балалар құқықтарының жүзегеасырылуын зерттейді

3

1-ақпараттты сәйкестендіреді;

2-ақпараттты сәйкестендіреді

3-ақпараттты сәйкестендіреді

4-ақпараттты сәйкестендіреді

1

1

1

1

Еңбекқатынастарын

құқықтықреттеудің

талаптыңзаңдынезаңсызекендігін

анықтайды;

1

негізгіұғымдарымен принциптерін

сипаттайды

4

зейнеткердің еңбек ұжымында жұмыс істеуін шектейтін қандай да бір заң

нормасыныңбар/жоқекендігін

1

анықтайды.

Барлығы

15

 «Жеке құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Азаматтық құқық ұғымына және принциптеріне мысал келтіреді

Азаматтық құқық ұғымын принциптеріне екі мысал келтіріп, қорытындылауда қиналады

Азаматтық құқық ұғымын принциптерін екі мысал келтіріп, қорытындылауда қателіктер жібереді

Азаматтық құқық ұғымын принциптерін екі мысал келтіріп, қорытындылайды

Меншік құқығы ұғымын жәнеоныңнегізгі өкілеттілігін анықтайды

Меншік иесінің иелену, пайдалану, билік ету құқығын анықтауда, меншік иесінің жүзеге асыратын іс-әрекетін жазуда қиналады

Меншік иесінің иелену, пайдалану, билік ету құқығын анықтауда, меншік иесінің жүзеге асыратын іс-әрекетін жазуда қателіктер жібереді

Меншік иесінің иелену, пайдалану, билік ету құқығын анықтап, меншік иесінің жүзеге асыратын іс-әрекетін жазады

Балаларқұқықтарының жүзеге асырылуын зерттейді

1/2/3/4-ақпаратты сәйкестендіруде қиналады

1/2/3/4-ақпаратты сәйкестендірудеқателіктер жібереді

1/2/3/4-ақпаратты сәйкестендіреді

Еңбекқатынастарын құқықтық реттеудің негізгі ұғымдары мен принциптерін сипаттайды

Жағдаяттағымектеп директорының талабының заңдылығынанықтап, ҚазақстанРеспубликасы еңбек кодексінен мысалдар келтіруде қиналады

Жағдаяттағымектеп

директорыныңталабының заңдылығын анықтап, Қазақстан Республикасы еңбек кодексінен мысалдар келтіруде қателіктер жібереді

Жағдаяттағымектеп

директорыныңталабының заңдылығын анықтап, Қазақстан Республикасы еңбек кодексінен мысалдарды келтіреді

  • ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Іс жүргізу құқығының негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

ТақырыпҚылмыстық процесс субъектілері

Әкімшілік процесс түсінігі, міндеттері мен қағидаттары

Оқу мақсаты10.4.1.2 Қылмыстық процесс субъектілерін ажырату

        • Әкімшілік процесті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін анықтау

Бағалау критерийіБілім алушы

          • Қылмыстық процесс субьектілерін анықтайды
          • Әкімшілікпроцестіжүзегеасырудыңқұқықтық негіздерін анықтайды

Ойлаудағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты15 минут

Тапсырма

Тест сұрақтарына жауап беріңіз.

  • Қылмыстық іс жүргізу субъектілері дегеніміз:

А) қылмыстық процесс субъектілерінің араларындағы нақты қатынастар

В) қылмыстық іс жүргізу заңы ережелерін басшылыққа алатын негізгі идеялар С) мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары және және тиісті тергеу, сот қызметтеріне қатысуға құқығы мен міндеттілігі бар адамдар

    • қоғамдық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жиынтығы
  • Қылмыстық іс жүргізу субъектілерін қалай топтастыруға болады:

А) сот, қылмыстық қудалау қызметтерін іске асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар

В) қылмыстық процесске қатысушы өзге де адамдар

С) өзінің немесе берілген құқықтары мен мүдделерін қорғайтын процесс қатысушылары

    • лауазымды адамдар
  • Дәлелдемелер ұсыну бойынша міндеттерін орындайтын процеске қатысушылар: А) мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар

В) сот

С) куәгерлер мен сарапшылар

    • күдікті, айыпталушы
  • Әкімшілік процесті жүзеге асыруға қатысты ұғымдардың анықтамасын жазыңыз.

Ұғымдар

Анықтамасы

1

Әкімшілік процесстегі субъектілер

2

Әкімшілік іс-жүргізудің қағидалары

3

Әкімшілік процесс

4

Әкімшілік процесстің мазмұны

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Қылмыстықпроцесс субьектілерін анықтайды

1-3

қылмыстықісжүргізусубъектілерін

анықтайды;

қылмыстық іс жүргізусубъектілерін

топтастырады;

дәлелдемелерұсынубойынша міндеттерінорындайтын процеске

қатысушыларды анықтайды;

1

1

1

Әкімшілік процесті жүзеге асырудыңқұқықтық негіздерін анықтайды

4

әкімшілікпроцесссубъектілері ұғымының анықтамасын жазады;

әкімшілікісжүргізудіңқағидалары

ұғымының анықтамасын жазады;

әкімшілікпроцессұғымының

анықтамасын жазады;

әкімшілік процесстің мазмұны ұғымының

анықтамасын жазады.

1

1

1

1

Барлығы

7

«Іс жүргізу құқығының негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні:

Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Қылмыстықпроцесс субьектілерін анықтайды анықтайды

Қылмыстық іс жүргізу субъектілеріұғымын, топтастыруда, дәлелдемелер ұсыну бойынша міндеттерін орындайтынпроцеске қатысушыларды анықтауда қиналады

Қылмыстық іс жүргізу субъектілеріұғымын, топтастыруда, дәлелдемелер ұсыну бойынша міндеттерін орындайтынпроцеске қатысушыларды анықтауда қателіктер жібереді

Қылмыстықісжүргізу субъектілері ұғымын,топтастыруда, дәлелдемелер ұсыну бойынша міндеттерінорындайтын процескеқатысушыларды анықтайды

Әкімшілік процесті жүзеге асырудыңқұқықтық негіздерін анықтайды

Әкімшілікпроцестің субъектілеріне, қағидаларына, ұғымына,мазмұнына анықтама беруде қиналады

Әкімшілікпроцестің субъектілеріне, қағидаларына, ұғымына, мазмұнына анықтама беруде қателіктер жібереді

Әкімшілікпроцестің субъектілеріне, қағидаларына, ұғымына, мазмұнына анықтама береді

«Халықаралық құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

ТақырыпХалықаралық жария құқығы түсінігі

Оқу мақсаты10.5.1.1 Халықаралық жария құқық ұғымын түсіндіру және

оның реттейтін қоғамдық қатынастар саласын анықтау

Бағалау критерийіБілім алушы

  • Халықаралық жария құқық ұғымын түсіндіріп, оның реттейтін қоғамдық қатынастар саласын анықтайды

Ойлаудағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты15 минут

Тапсырма

  • Берілген ұғымдардың анықтамасын жазыңыз.

Ұғымдар

Анықтамасы

1

Халықаралық құқық

2

Халықаралыққұқықтың субъектілері

3

Халықаралыққұқықтың қағидалары

4

Халықаралыққұқықтың

қайнар көздері

  • Халықаралықжарияқұқығыныңхалықаралықжекеқұқықтанайырмашылығын сипаттаңыз.

Халықаралық жария құқықтың

ерекшелігі

Ұқсастығы

Халықаралық жеке құқықтың

ерекшелігі

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

халықаралыққұқықұғымының

анықтамасын жазады;

1

халықаралыққұқықтың

субъектілеріұғымының

1

Халықаралық жария

1

анықтамасын жазады;

құқық ұғымын түсіндіріп,

халықаралық құқықтың қағидалары

ұғымының анықтамасын жазады;

1

оның реттейтін қоғамдық

халықаралыққұқықтыңқайнар

қатынастар саласын

көздеріұғымыныңанықтамасын

1

анықтайды

жазады;

халықаралықжарияқұқық

ерекшелігін сипаттайды;

1

2

халықаралықжекеқұқық

ерекшелігін сипаттайды;

1

ортақ ұқсастықтарын жазады.

1

Барлығы

7

«Халықаралық жария құқығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушыныңаты-жөні:

Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Халықаралық жария құқық ұғымын түсіндіріп, оның реттейтінқоғамдық

қатынастарсаласын анықтайды

Халықаралық құқық ұғымын, субьектілерін, қайнар көздері менқағидаларының анықтамасынжазуда қиналады

 Халықаралық құқық ұғымын, субьектілерін, қайнар көздері менқағидаларының анықтамасын жазуда қателіктер жібереді

 Халықаралық құқық ұғымын, субьектілерін, қайнар көздері менқағидаларының анықтамасын жазады

Халықаралықжария құқығының, халықаралық жеке құқықтан ерекшелігін анықтап, ұқсас тұстарын табуда қиналады

Халықаралықжария құқығының, халықаралық жеке құқықтан ерекшелігін анықтап, ұқсас тұстарын табуда қателіктер жібереді

Халықаралықжария құқығының, халықаралық жеке құқықтан ерекшелігін анықтап, ұқсас тұстарын табады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу