Алгебра_7 сынып


Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

Алгебра 7-сынып

 Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 7-сынып оқушыларына «Алгебра» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

 Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардыңң оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

 Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойыншамектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

 Әдістемелік ұсынысты дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

Мазмұны

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Бүтін көрсеткішті дәреже» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері Құрамында дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру Санның стандарт түрі

Мәтінді есептерді шығару

Оқу мақсаты

7.2.1.1 санды өрнектердің мәндерін табуда бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдану

7.1.2.5 алгебралық өрнектерді ықшамдауда дәрежелердің қасиеттерін қолдану

7.4.2.1 өте кіші немесе өте үлкен сандармен берілген шамаларға байланысты есептер шығару

7.1.2.10 шамаларды бір өлшем бірліктен екінші өлшем бірлікке айналдыру және оны стандарт түрде жазу

7.1.2.7 стандарт түрде жазылған сандарға арифметикалық амалдар қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы:

  • Бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолданып, санды өрнектердің мәндерін табады
  • Алгебралық өрнектерді ықшамдау барысында дәреже қасиеттерін қолданады
  • Стандарт түрде жазылған сандарды қолданып есепті шығарады
  • Стандарт түрде жазылған сандарға арифметикалық амалдар қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

37   2 3

  • Өрнектің мәнін табыңыз:3

35

n4 2

  • Алгебралық өрнекті ықшамдаңыз:  6n6m2 .

 4m5 

  • Жерден күнге дейінгі қашықтық 149500000000 м.
  • Жерден күнге дейінгі қашықтықты метрмен стандарт түрде жазыңыз.
  • Метрмен стандарт түрде жазылған қашықтықтың мәнді бөлігі мен ретін жазып көрсетіңіз.

с) Метрмен стандарты түрде жазылған қашықтықты км-ге айналдырып жазыңыз.

d) Күн сәулесінің Жерге қанша секундта жететіндігін табыңыз (жарық жылдамдығы 3∙108м/с).

    • Стандарт түрде жазылған 6,45105 және 4,5104 сандарының:
  • қосындысын табыңыз, жауабын стандарт түрде жазыңыз;
  • айырымын табыңыз, жауабын стандарт түрде жазыңыз.

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолданып, санды өрнектердің мәндерін табады

1

негіздері бірдей дәрежелерді бөлу

ережесін қолданады

дәрежені дәрежеге шығару ережесін

қолданады

негіздері бірдей дәрежелерді көбейту

ережесін қолданады

1

1

1

Алгебралық өрнектерді ықшамдау барысында дәреже қасиеттерін қолданады

2

бөліндіні дәрежеге шығару ережесін

қолданады

дәрежені дәрежеге шығару ережесін

қолданады

көбейтіндіні дәрежеге шығару ережесін

қолданады

өрнекті ықшамдайды

1

1

1

1

Стандарт түрде жазылған сандарды қолданып есепті шығарады

3

cанды стандарт түрде жазады

стандарт түрде жазылған қашықтықтың

мәнді бөлігін табады

стандарт түрде жазылған қашықтықтың

ретін көрсете алады

шамаларды бір өлшем бірліктен екінші

өлшем бірлікке айналдырады

стандарт түрде жазылған сандарды бөледі

1

1

1

1

1

Стандарт түрде жазылған сандарға арифметикалық амалдар қолданады

4

стандарт түрде жазылған сандардың

қосындысын табады

стандарт түрде жазылған сандардың

айырымын табады

1

1

Барлығы

14

«Бүтін көрсеткішті дәреже» бөлімі бойынша

 жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейлері

Төмен

Бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолданып, санды өрнектердің мәндерін табады

Санды өрнектердің мәндерін табу үшін, бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдануда қиналады.

Бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерінің бірін қолдану барысында қате жібереді / есептеуде қателіктер жібереді.

Бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолданып, есептің дұрыс шешімін табады.

Алгебралық өрнектерді ықшамдау барысында дәреже қасиеттерін қолданады

Алгебралық өрнектерді ықшамдауда, дәрежелердің қасиеттерін қолдануда қиналады.

Бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерінің бірін қолдану барысында / өрнектің коэффициентін табу барысында қателіктер жібереді.

Дәрежелердің қасиеттерін толықтай қолданады және есептің ықшамдалған түрін көрсетеді.

Стандарт түрде жазылған сандарды қолданып есепті шығарады

Санды стандарт түрде жазуда және шаманы бір өлшем бірліктен екінші өлшем бірлікке айналдыруда қиналады.

Санды стандарт түрде жазып, оның мәнді бөлігін / ретін анықтау барысында / шаманы бір өлшем бірліктен екінші өлшем бірлікке айналдыруда қателіктер жібереді.

Санды стандарт түрде жазып, оның мәнді бөлігін және ретін көрсете алады, шаманы бір өлшем бірліктен екінші өлшем бірлікке айналдырып, есепті шығарады.

Стандарт түрде жазылған сандарға арифметикалық амалдар қолданады

Стандарт түрде жазылған сандарға арифметикалық амалдар қолдануда қиналады.

Стандарт түрде жазылған сандарға қосу немесе азайту амалдарын қолдануда / жауапты стандарт түрге келтіргенде қателіктер жібереді.

Стандарт түрде жазылған сандарға арифметикалық амалдар қолдана отырып, жауапты стандарт түрде бере алады.

6

«Көпмүшелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану. Бірмүшенің дәрежесі және стандарт түрі

Көпмүшелер. Көпмүшенің дәрежесі және стандарт түрі Көпмүшелерге амалдар қолдану

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу Өрнектерді тепе-тең түрлендіру

Оқу мақсаты

7.2.1.3 бірмүшені стандарт түрде жазу

        • көпмүшені стандарт түрге келтіру
        • көпмүшелерді қосу және азайтуды орындау

7.2.1.9 көпмүшені көпмүшеге көбейтуді орындау

7.2.1.12 алгебралық өрнектерді ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару және топтау тәсілдері арқылы көбейткіштерге жіктеу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Бірмүшені, оның стандарт түрін және дәрежесін анықтайды
  • Көпмүшелердіқосужәнеазайтуамалдарын орындайды, жауаптарын стандарт түрге келтіреді
  • Көпмүшені көпмүшеге көбейтуді орындайды
  • Алгебралықөрнектердіәртүрлітәсілдермен көбейткіштерге жіктейді

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу және түсіну Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

1. Бірмүше болмайтын өрнекті анықтаңыз:

A) -3х

B) 0,3

  • ах
  • 4

х

  • 2х2у2

2. Стандарт түрде жазылған бірмүшені көрсетіңіз:

  • -3xy2
  • -3хху
  • ахbyx
  • 2х2у2ах
  • 0,3yab∙ax2

3. 2х2у2 және -3xy2 бірмүшелерінің дәрежелерінің қосындысын табыңыз:

  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
      • 2-а-1 және а2+2 көпмүшелері берілген.
  • Берілген көпмүшелердің айырмасын табыңыз.
  • Берілген көпмүшелердің қосындысын табыңыз. Жауаптарды стандарт түрге келтіріңіз.
      • Суреттегі боялған фигураның ауданын анықтау өрнегін құрыңыз және алынған көпмүшені стандарт түрде жазыңыз:
      • Көбейткіштерге жіктеңіз: a) х(а+1) – у(а+1)

b) а2+3аb+2b2

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Бірмүшені, оның стандарт түрін және дәрежесін анықтайды

1-3

берілген өрнектерден бірмүшені ажыратады

бірмүшелердің ішінен стандарт түрде

жазылғанын көрсетеді

бірмүшелердің дәрежелерінің қосындысын

есептейді

1

1

1

Көпмүшелерді қосу және азайту амалдарын орындайды, жауаптарын стандарт түрге келтіреді

4

көпмүшелердің айырмасын табады, жауабын

стандарт түрде жазады

көпмүшелердің айырмасын табады, жауабын

стандарт түрде жазады

көпмүшелердің қосындысын табады, жауабын

стандарт түрде жазады

1

1

1

Көпмүшені көпмүшеге көбейтуді орындайды

5

фигураның ауданын табу үшін өрнекті құрайды

бірмүшені бірмүшеге көбейтеді

көпмүшені көпмүшеге көбейтеді

көпмүшені стандарт түрде жазады

1

1

1

1

Алгебралық өрнектерді әртүрлі тәсілдермен көбейткіштерге жіктейді

6

ортақ көбейткішті анықтайды

көпмүшелерді көбейткіштерге жіктейді

топтастыру тәсілін қолданады

ортақ көбейткішті анықтайды

көпмүшелерді көбейткіштерге жіктейді

1

1

1

1

1

Барлығы

15

«Көпмүшелер» бөлімі бойынша

 жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейлері

Төмен

Бірмүшені, оның стандарт түрін және дәрежесін анықтайды

Бірмүшені және оның стандарт түрін, бірмүшенің дәрежесін анықтауда қиналады.

Берілген өрнектерден бірмүшені ажыратады, бірмүшенің стандарт түрін / бірмүшенің дәрежесін анықтауда қателіктер жіберед

Бірмүше болмайтын өрнекті, стандарт түріндегі бірмүшені, бірмүшенің дәрежесін дұрыс анықтайды.

Көпмүшелерді қосу және азайту амалдарын орындайды, жауаптарын стандарт түрге келтіреді

Өрнекті құрғанда, көпмүшелерді қосу және азайту амалдарын орындағанда қиналады.

Өрнекті құрайды, көпмүшелерді қосу / азайту амалдарын орындағанда / жауапты стандарт түрге келтіргенде қателіктер

жібереді.

Көпмүшелерді қосу және азайту амалдарын дұрыс орындайды, жауаптарын стандарт түрге келтіреді.

Көпмүшені көпмүшеге көбейтуді орындайды

Көпмүшені көпмүшеге көбейтуді орындау барысында қиналады.

Ықшамдағанда (жақшаны ашқанда / ұқсас қосылғыштарды біріктіргенде) қателіктер жібереді.

Көпмүшені көпмүшеге көбейтуді дұрыс орындайды

Алгебралық өрнектерді әртүрлі тәсілдермен көбейткіштерге жіктейді.

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеуде қиналады.

Көбейткіштерге жіктеу тәсілін анықтайды, бірақ ортақ көбейткішті жақша сыртына шығаруда / топтау тәсілін қолданғанда қателіктер жібереді.

Көбейткіштерге жіктеу тәсілін анықтайды, оны қолдану дағдысын көрсете алады, дұрыс жауапты жазады.

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Функция. Функцияның графигі» бөлім бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

Функция және функцияның графигі Сызықтық функция және оның графигі

Сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін

графиктік тәсілмен шешу у=ах2, у=ах3 және y k ( k≠0)

x

түріндегі функциялар, олардың графиктері және қасиеттері

Оқу мақсаты

7.4.1.11 функциясының графигін салу және оның қасиеттерін білу

7.4.1.5 түріндегі сызықтық функцияның анықтамасын білу, оның графигін салу және графиктің k және b коэффициенттеріне қатысты орналасуын анықтау

7.4.2.4 екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу

7.4.1.3 функцияның анықталу облысы мен мәндер жиынын табу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Кубтық параболаны анықтайды және оның қасиеттерін пайдаланады
  • Графикті пайдаланып, сызықтық функцияның k

және b коэффициенттерін анықтайды

  • Сызықтық функцияның графигі арқылы теңдеулер жүйесінің шешімін табады
  • Функцияның анықталу облысын және мәндер жиынын анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу және түсіну Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

1. Төмендегі функциялардың графиктеріне байланысты тапсырманы орындаңыз:

1 сурет2 сурет3 сурет

  • кубтық парабола графигі қай суретте бейнеленген;
  • функцияның жалпы формуласын жазыңыз;
  • график бойынша а коэффициентінің таңбасын анықтаңыз.
  • 4-ші суреттегі графиктің:
  • бос мүшесі нешеге тең екендігін көрсетіңіз;
  • бұрыштық коэффициентін анықтаңыз;
  • формуласын жазыңыз.

4-сурет

  • Теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешіңіз:

2х у  2

4х  2 у  4 .

4.

  • Келесі формуламен берілген функциялардың анықталу облысын табыңыз:

1)у  14  2х ;

2) у

х

х  2 ;

  • 1  х  5кесіндісінде

у  2х  5

3

функциясының мәндерінің жиындарын табыңыз.

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Кубтық параболаны анықтайды және оның қасиеттерін пайдаланады

1

тақ көрсеткішті функцияның (кубтық

парабола) графигін көрсетеді

кубтық параболаның жалпы түрінің

формуласын жазады

графигібойыншакоэффициентінің

таңбасын анықтайды

1

1

1

Графикті пайдаланып сызықтық функцияның k және b коэффициенттерін

анықтайды

2

бос мүшесін жазады

бұрыштық коэффициентті анықтайды

формуласын жазады

1

1

1

Сызықтық функцияның графигі арқылы теңдеулер

3

теңдеулерді y=kx+b түріне келтіреді

1

бірінші теңдеудің графигін салады

1

жүйесінің шешімін табады

екінші теңдеудің графигін салады

жазықтықтағы графиктердің ортақ

нүктелерін анықтайды

теңдеулер жүйесінің шешімін жазады

1

1

1

Функцияның анықталу облысын және мәндер жиынын анықтайды

4

бірінші функцияның анықталу

облысын табады

екінші функцияның анықталу

облысын табады

анықталу облысы кесіндісінің шеткі нүктелеріндегі функция мәндерін

анықтайды

математикалық тілді қолданып, жауапқа функцияның мәндерінің

жиынын жазады

1

1

1

1

Барлығы

15

«Функция. Функцияның графигі» бөлімі бойынша

 жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейлері

Төмен

Кубтық параболаны анықтайды және оның қасиеттерін пайдаланады

Функцияның графигін анықтауда, жалпы формуласын жазуда, функция қасиетін пайдалануда қиналады.

Функцияның графигін анықтағанымен, жалпы формуласын жазғанда / қасиетін пайдалануда қателіктер жібереді.

Функцияның графигін анықтайды, жалпы формуласын жазады және коэффициентінің таңбасын қасиетті дұрыс пайдаланып анықтайды.

Графикті пайдаланып сызықтық функцияның k және b коэффициенттерін анықтайды

Графикті пайдаланып сызықтық функцияның k және b коэффициенттерін анықтауда қиналады.

Функция графигін талдап, k / b коэффициенттерін анықтағанымен, функция формуласын жазуда қателіктер жібереді.

Графикті пайдаланып сызықтық функцияның k және b коэффициенттерін анықтайды, формуласын жазады.

Сызықтық функцияның графигі арқылы теңдеулер жүйесінің шешімін табады

Сызықтық теңдеулер жүйесінің графиктік шешімін табуда қиналады.

Сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі екі графиктің қиылысу нүктесі екенін біледі, бірақ графиктердің бірін салуда / ортақ нүктелерді анықтауда қателіктер жібереді.

Сызықтық теңдеулер жүйесінің графиктік шешімін дұрыс анықтайды, жауабын жазады.

Функцияның анықталу облысын және мәндер жиынын анықтайды

Функцияның анықталу облысын және мәндер жиынын табу барысында қиналады.

Берілген функциялардың біреуінің анықталу облысын табу барысында

/ мәндер жиынын анықтауда қателіктер жібереді.

Функцияның анықталу облысын және мәндер жиынын дұрыс табады.

«Статистика және мәліметтерді талдау» бөлім бойынша жиынтық бағалау

ТақырыпВариациялық қатар

Абсолютті жиілік және салыстырмалы жиілік. Жиілік кестесі

Жиілік алқабы

Оқу мақсаты7.3.3.2 нұсқалықтың абсолютті және салыстырмалы жиіліктерін есептеу

        • таңдаманы жиілік кестесі түрінде көрсету

Бағалау критерийіБілім алушы

          • Нұсқалықтың абсолютті және салыстырмалы жиіліктерін есептейді
          • Таңдаманы жиілік кестесі түрінде ұсынады

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Орындау уақыты15 минут

Тапсырма

  • Ғылыми жобалар сайысына қатысушылар тақырыптары бойынша 8 секцияға іріктелді. 50 қатысушының секцияларға таралуы жиілік кестесі түрінде берілді. Қалып кеткен жиілік мәнін табыңыз.

Секциялар

1

2

3

4

5

6

7

8

Жиілік

3

4

5

12

8

6

3

  • Кестеде қыркүйек айында жарыққа шыққан 9 фильмнің орталық кинотеатрда неше рет көрсетілімде болғаны келтірілген. Ең танымал фильмнің салыстырмалы жиілігін табыңыз.

Нұсқалық

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Жиілік

5

3

6

12

11

8

5

4

6

  • 7-сыныптың оқушылары қанша үй жануарын ұстайтыны туралы мынадай мәліметтер берді:

1 0 1 2 1 5 2 1 2 3 1 4

2 3 1 2 2 0 1 1 2 1 3 2

    • реттелген сандар қатарын құрыңыз;
    • абсолютті және салыстырмалы жиілік кестесін салыңыз;
    • кесте мәліметтерін қайшылықсыздыққа тексеріңіз.

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Нұсқалықтың абсолютті және салыстырмалы жиіліктерін есептейді

1

өрнекті құрастыру үшін жиіліктердің

қосындысын қолданады

вариантаның абсолютті жиілігін есептейді

1

1

2

өрнекті құрастыру үшін жиіліктердің

қосындысын анықтайды

вариантаның салыстырмалы жиілігін

есептейді

1

1

Таңдаманы жиілік кестесі түрінде ұсынады

3

кесте құрып вариантаны анықтайды /

реттелген сандар қатарын құрады

таңдаманың абсолютті жиіліктерін

анықтайды (кестені салады)

таңдаманың салыстырмалы жиіліктерін

анықтайды (кестені салады)

кесте мәліметтерін қайшылықсыздыққа

тексереді

1

1

1

1

Барлығы:

8

«Статистика және мәліметтерді талдау» бөлімі бойынша

 жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейлері

Төмен

Нұсқалықтың абсолютті және салыстырмалы жиіліктерін есептейді

Абсолютті және салыстырмалы жиіліктерді есептеуде қиналады.

Жиіліктердің қосындысын қолданғанымен, абсолютті / салыстырмалы жиіліктерді есептеу барысында қателіктер жібереді.

Жиіліктердің қосындысын қолданып, вариантаның абсолютті жиілігін, салыстырмалы жиілігін дұрыс есептейді.

Таңдаманы жиілік кестесі түрінде ұсынады

Жиілік кестесін құруда, кесте мәліметтерін қайшылықсыздыққа тексеруде қиналады.

Таңдаманы жиіліктер кестесі түрінде ұсынады, абсолютті жиілік мәндерін табады.

Салыстырмалы жиіліктерді есептеуде / қайшылықсыздыққа тексеруде қателіктер жібереді.

Таңдаманы жиілік кестесі түрінде дұрыс ұсынады, кесте мәліметтерін қайшылықсыздыққа тексереді.

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Қысқаша көбейту формулалары» бөлім бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

Қысқаша көбейту формулалары

Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру

Мәтін есептерді шығару

Оқу мақсаты

7.2.1.10

қысқаша көбейту формулаларын білу және қолдану

7.2.1.11

қысқаша көбейту формулаларын білу және қолдану

7.1.2.14 тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдану

7.4.2.2 мәтін есептерді теңдеулер және теңсіздіктер құру арқылы шығару

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қысқаша көбейту формулалары көмегімен өрнектің берілген санға еселік болатынын дәлелдейді
  • Қысқаша көбейту формулаларын қолдана отырып, теңдеудің түбірлерін табады
  • Қысқаша көбейту формулаларын қолданып, тиімді есептейді
  • Мәтін есептерді шешуде қысқаша көбейту формулаларын қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

25 минут

Тапсырма

  • Қысқаша көбейту формулаларын пайдаланып:
    • көбейткіштерге жіктеңіз: 5n  62  n2 ;
    • кез келген nN үшін 5n  62  n2 өрнегі 12-ге еселік екенін дәлелдеңіз.

2.

а) x3  6x2 12x  8 өрнегін ықшамдаңыз;

b) x3  6x2 12x  8  0теңдеуін шешіңіз.

  • Тиімді тәсілмен есептеңіз:

37 12,2  22,42 14,62 .

  • Егер шаршының қабырғасын 7 см-ге арттырса, онда шаршы ауданы 301 см2-қа артады. Шаршының периметрін есептеңіз.

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Қысқаша көбейту формулалары көмегімен өрнектің берілген санға еселік болатынын

дәлелдейді

1

қысқаша көбейту формуласын қолданады

өрнекті ықшамдайды

дәлелдеуді орындайды

1

1

1

Қысқаша көбейту формулаларын қолдана отырып, теңдеудің түбірлерін табады

2

екі өрнектің қосындысының кубы

формуласын қолданып, өрнекті ықшамдайды

теңдеу түбірлерін анықтайды

1

1

Қысқаша көбейту формулаларын қолданып тиімді есептейді

3

екі өрнектің айырымының квадраты

формуласын қолданады

ортақ көбейткішті жақша сыртына

шығарады

есептеуді орындайды

1

1

1

Мәтін есептерді шешуде қысқаша көбейту формулаларын қолданады

4

мәтін есептің математикалық моделін

құрады

қысқаша көбейту формуласын

пайдаланады

теңдеуді шешеді

шаршы периметрін табады

1

1

1

1

Барлығы

12

«Қысқаша көбейту формулалары» бөлімі бойынша

 жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейлері

Төмен

Қысқаша көбейту формулалары көмегімен өрнектің берілген санға еселік болатынын дәлелдейді

Қысқаша көбейту формуласын қолдануда қиналады.

Қысқаша көбейту формуласын қолданып көбейткіштерге жіктегенімен, таңбаларды қоюда

/ дәлелдеу барысында қателіктер жібереді.

Қысқаша көбейту формуласын дұрыс қолданып, тұжырымды дәлелдей алады.

Қысқаша көбейту формулаларын қолдана отырып,теңдеудің түбірлерін табады

Қысқаша көбейту формулаларын қолдануда қиналады.

Қысқаша көбейту формуласын қолданғанымен, теңдеу түбірлерін табуда қателіктер жібереді.

Теңдеу түбірлерін анықтауда қысқаша көбейту формулаларын дұрыс қолданады. Шешімін табады.

Қысқаша көбейту формулаларын қолданып тиімді есептейді

Тиімді тәсілді табу үшін қысқаша көбейту формуласын қолдануда қиналады немесе тиімсіз тәсілмен есептейді.

Қысқаша көбейту формуласын дұрыс қолданғанымен, ортақ көбейткішті жақша сыртына шығаруда / есептеулерде қателіктер жібереді.

Есептеудің тиімді тәсілін табу үшін қысқаша көбейту формуласын дұрыс қолданады.

Мәтін есептерді шешуде қысқаша көбейту формулаларын қолданады

Мәтін есептің математикалық моделін құрастыруда қиналады.

Мәтін есептің математикалық моделін дұрыс құрағанымен, түрлендірулер орындауда / теңдеуді шешуде қателіктер жібереді.

Қысқаша көбейту формулаларын қолданып, мәтін есептің дұрыс шешімін табады.

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Алгебралық бөлшектер» бөлім бойынш жиынтық бағалау

Тақырып

Алгебралық бөлшек және оның негізгі қасиеті Алгебралық бөлшектерге амалдар қолдану Алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіру

Оқу мақсаты

7.2.1.17 алгебралық бөлшектегі айнымалылардың мүмкін мәндер жиынын табу

        • алгебралық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау
        • алгебралық бөлшектерді көбейту және бөлуді, дәрежеге шығаруды орындау
        • құрамында алгебралық бөлшектері бар өрнектерді түрлендіруді орындау

Бағалау критерийі

Білім алушы:

  • Алгебралық бөлшектегі айнымалының анықталмайтын мәнін таба біледі
  • Алгебралық бөлшектерге қосу және азайту амалын қолданады
  • Алгебралық бөлшектерге көбейту және бөлу амалдарын қолданады
  • Алгебралық бөлшектері бар өрнектерді түрлендіреді

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

1. Келесі алгебралық бөлшек үшін: 5х  6

3х  9

а) айнымалының қандай мәнінде алгебралық бөлшектің мәні анықталмайды?

b) айнымалының қандай мәнінде алгебралық бөлшектің мәні нольге тең болады?

2. Амалдарды орындаңыз:

a2b2bb

a);

a2b2b aa b

2xy 2xy 32 y

b) 3x y : 9x2y 2  3x y

a2b2   12

3. Өрнекті ықшамдаңыз:  а   .

а b   bа b

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Алгебралық бөлшектегі айнымалының анықталмайтын мәнін

таба біледі

1

алгебралық бөлшек анықталмайтын

айнымалының мәнін табады

алгебралық бөлшек нольге айналатын

айнымалының мәнін табады

1

1

Алгебралық бөлшектерге қосу және азайту амалын қолданады

2a

бөлшектердің ортақ бөлімін

анықтайды

бөлшектерді қосады

бөлшектерді азайтуды орындайды

1

1

1

Алгебралық бөлшектерге көбейту және бөлу амалдарын қолданады

2b

көбейткіштерге жіктеуге ҚКФ

қолданады

бөлшектерді бөледі

бөлшектерді көбейтеді

өрнекті ықшамдап, жауабын жазады

1

1

1

1

Алгебралық бөлшекті өрнектерді түрлендіреді

3

бөлшектерді ортақ бөлімге келтіреді

бөлшектерді қосады

бөлшектерді азайтады

алгебралық бөлшектерге көбейту

амалын орындайды

ықшамдауды орындап, жауапты

жазады

1

1

1

1

1

Жалпы:

14

«Алгебралық бөлшектер» бөлімі бойынша

 жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейлері

Төмен

Алгебралық бөлшектегі айнымалының анықталмайтын мәнін таба біледі

Алгебралық бөлшектегі айнымалының мүмкін мәндерін анықтауда қиналады.

Алгебралық бөлшектегі айнымалының анықталмайтын мәнін табу өрнегін жазғанымен, теңдеуді шешуде / нольге айналатын мәнін анықтауда қателіктер жібереді

Алгебралық

бөлшектегі айнымалының анықталмайтын және нольге айналатын мәндерін дұрыс табады.

Алгебралық бөлшектерге қосу және азайту амалын қолданады

Алгебралық бөлшектерді қосу және азайту барысында қиналады.

Бөлшектердің ортақ бөлімін тауып, қосу / азайтуды орындағанда / ықшамдауда қателіктер жібереді.

Алгебралық бөлшектерді қосу, азайту амалын дұрыс орындайды.

Алгебралық бөлшектерге көбейту және бөлу амалдарын қолданады

Алгебралық бөлшектерді көбейтуде, бөлуде қиналады.

Бөлшектерді көбейту мен бөлуді орындайды, бірақ қысқартуда қателіктер жібереді.

Алгебралық

бөлшектерге көбейту және бөлу амалдарын дұрыс қолданып, есептеуді дұрыс орындайды.

Алгебралық бөлшектері бар өрнектерді түрлендіреді

Түрлендірулер орындауда қиналады.

Өрнектегі амалдар ретін анықтайды, бөлшектерді ортақ бөлімге келтіреді, өрнектерді ықшамдауда / қысқартуда қателіктер жібереді.

Алгебралық

бөлшектері бар өрнектерді дұрыс түрлендіреді.

ɀɚɡɛɚɥɚɪԑɚ ɚɪɧɚɥԑɚɧ ɨɪɵɧ

Теруге 25.07.2017. берілді. Басуға 27.07.2017. қол қойылды. Пішімі 60х84/8. Кеңсе қағаз 80 гр/м2. Сандық басылыс. Шартты б. т.5,52. Таралымы 19 дана. Тапсырыс № 1574

«Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ типографиясында басылды.

010000, Астана қ., №31 көше, 37а үй. e-mail: info@cpm.kz.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу