Әдебиет_7 сынып


Жиынтық бағалауға арналған

әдістемелік ұсыныстар

«Казақ әдебиеті»

(оқыту қазақ тілінде)

7-сынып

 Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 7-сынып оқушыларына «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 7-сынып «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

 Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

 Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

 Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

 

 

  Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

  

 

Мазмұны

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР4

«Көне күндерден жеткен жәдігерлер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау4

«Көне күндерден жеткен жәдігерлер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау7

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР10

«Толғауы тоқсан қызыл тіл» бөлімі бойынша жиынтық бағалау10

«Толғауы тоқсан қызыл тіл» бөлімі бойынша жиынтық бағалау13

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР15

«Балалар мен үлкендер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау15

«Балалар мен үлкендер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау18

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР20

«Ұрпақ тәрбиесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау20

«Ұрпақ тәрбиесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау22

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Көне күндерден жеткен жәдігерлер»

Оқылатын шығарма

«Қыз Жібек» жыры

Оқу мақсаты

7.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау

7.2.4.1 Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдеріне қарай анықтайды
  • Оқиға желісін дамытып жазады
  • Өзіндік көзқарасын білдіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты 15-20 минут

1-тапсырма

Кейіпкерлердің типтік образын жасалу тәсілдеріне қарай анықтап, кестені толтырыңыз. Ойыңызды шығармадан мысалдар келтіру арқылы дәлелдеңіз.

Жібек

Төлеген

Бекежан

Типтік бейнесі

Дәлелді талдау

2-тапсырма

«Күлтегін» жырындағы түркі елінің бақытқа кенелген тұсына өзіндік көзқарасыңызды білдіріңіз.

Сөйтіп жолым болды да,

Келді бәрі орнына.

Жарылқайды Тәңірім,

Жайнады ел, өңірім.

Дұшпандарым күйінді,

Жалаңашым киінді.

Жарлыларды бай қылдым,

Төрт түлігін сай қылдым.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдеріне қарай анықтайды

1

кейіпкер образын ажыратады;

жасалу тәсілдеріне қарай анықтайды;

кейіпкер бейнесін жан-жақты талдайды;

ойын мысал келтіру арқылы дәлелдейді.

1

1

1

1

Оқиға желісін дамытып жазады

Өзіндік көзқарасын білдіреді

2

түркі елінің бақытқа кенелген тұсын ажыратады;

оқиға желісін дамытып жазады;

өз көзқарасын танытады.

1

1

1

Барлығы

7

«Көне күндерден жеткен жәдігерлер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне

қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

«Қыз Жібек», «Күлтегін» жырлары

Білім алушының аты-жөні ___________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдеріне қарай анықтайды

Шығармадағы кейіпкер образын жасалу тәсіліне қарай анықтауда қиналады

Кейіпкер типін жасалу тәсіліне қарай анықтауда, кейіпкер образын ажыратуда қателер жібереді, дәлелдері жеткіліксіз

Кейіпкер типін жасалу тәсілдері тұрғысынан толық анықтап, типтік образды ажыратады, нақты дәлелдер келтіреді

Оқиға желісін дамытып жазады

Өз көзқарасын танытуда қиналады

Түркі елінің бақытқа кенелген тұсын ажыратуда қателеседі, өз көзқарасын ашық жеткізе алмайды

Түркі елінің бақытқа кенелген тұсын ажыратады, өз көзқарасын нақты әрі ашық жеткізеді

Өзіндік көзқарасын білдіреді

Өзіндік көзқарасын білдіруде қиналады

Өзіндік көзқарасын білдіруде қателеседі, ойы жеткіліксіз

Өзіндік көзқарасын толық білдіреді

Бөлім «Көне күндерден жеткен жәдігерлер»

Оқылатын шығарма

Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім»

Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» толғаулары

Оқу мақсаты

7.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау

7.3.4.1 Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

  • Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды
  • Көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды
  • Шығарманың эстетикалық құндылығын дәлелдейді
  • Сыни шолу жазады

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

1-тапсырма

Кестені толтырып, көркемдегіш құралдардың қолданысын талдаңыз.

Мысалдар

Көркемдегіш құралдардың түрлерін анықтаңыз

Қолданылу ерекшелігін түсіндіріңіз, талдаңыз

Тал шарбаққа мал сақтап,

Тас қалаға жан сақтап,

Тасқан екен мына хан!

Арқаға қарай көшермін, Алашыма ұран десермін,

Ат құйрығын кесермін,Ат сауырын берермін,Алыста дәурен сүрермін.

Елің кеңес құрғанда,Айналып ақыл табарғаЕсіктегі ебесін,Сонда, ханым, не десін?!Мен жоқ болсам, Есім хан,Ит түрткіні көресің.Жиембет қайда дегенде,Не деп жауап бересің?..

2-тапсырма

Берілген үзіндіні негізге ала отырып, шығарманың эстетикалық құндылығы туралы сыни шолу жасаңыз.

... Адыра қалғыр көк Жайық,Аңырап қалған қонысым!Қонысымнан ауған соң,Кетпегей еді ырысым.Таудағы тарлан бөрі едім,Тарылған сынды тынысым.Кейінгі өскен жас бала,Ақ балтырын түрініп,Басарына ерініп,Көкірегі күйініп,Тек тірлікке сүйініп,Ықтиярсыз жүгіріп,Аузы түкті кәпірдіңЕтпегей еді жұмысын!Бұл қоныстан кетпесең,Мұны талақ етпесең,Екеу-екеу сөйлесіп,Біздің кейінгі өскен жас балаАузы түкті кәпірдіңСоқпаса екен пайдасын!..

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды.

1

көркемдегіш құралдардың түрлерін нақты анықтайды;

1

Көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды.

көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды;

әдеби-теориялық тұрғыдан түсіндіре отырып талдайды;

1

1

Шығарманың эстетикалық құндылығын дәлелдейді.

2

шығарманың эстетикалық құндылығын анықтайды;

шығармадан мысалдар келтіре отырып, дәлелдейді;

1

1

Сыни шолу жазады.

сыни көзқарасын білдіреді;

сыни шолу жазады.

1

1

Барлығы

7

«Көне күндерден жеткен жәдігерлер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне

қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім», Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» шығармалары

Білім алушының аты-жөні ___________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды

Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтауда қиналады

Шығармадағы көркемдегіш құралдарды (аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) анықтауда қателеседі

Шығармадағы көркемдегіш құралдарды нақты анықтайды

Көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды

Көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдауға қиналады

Көркемдегіш құралдардың (аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданылу ерекшелігін талдауда қателеседі

Көркемдегіш құралдардың (аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданылу ерекшелігін жан-жақты талдайды.

Әдеби-теориялық тұрғыдан түсіндіре отырып талдайды

Шығарманың эстетикалық құндылығын дәлелдейді

Шығарманың эстетикалық құндылығын дәлелдеуде қиналады

Шығарманың эстетикалық құндылығын дәлелдеуде қателеседі, мысалдары жеткіліксіз

Шығарманың эстетикалық құндылығын мысалдармен жеткілікті түрде дәлелдейді

Сыни шолу жазады

Сыни шолу жазуда қиналады

Өзіндік көзқарасын білдіруде, сыни шолу жасауда қателеседі

Өзіндік көзқарасын білдіріп, сыни шолу жазады

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Толғауы тоқсан қызыл тіл»

Оқылатын шығарма

Ш.Қанайұлы «Зар заман» өлеңі

С.Аронұлы «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»

Оқу мақсаты

7.1.1.1 Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды

7.2.2.1 Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Шығарма сюжетін жіктеп талдайды
  • Шығармадағы автор бейнесін анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты

Жоғары деңгей дағдылары

15-20 минут

1-тапсырма

Берілген өлең жолдарындағы ойды қазіргі күнмен сабақтастыра қарастырып, мазмұны жағынан салыстыра талдаңыз.

Зар заман, зар заман,

Зарлап өткен бір заман.

Сөздің басы — бисмиллаһ,

Біз айталық, сіз тыңда

Мұсылманның тарихын:

Төрт аяқты хайуан —

Бұ дүниенің жарығы.

Бағасы кеткен жігіттің

Бетінен алар зайыбы.

Бір алладан басқаның

Көпті қылған айыбы.

Кесапаттың кесірі

Келе ме деп керт басқа,

Сол себептен қорқамын!

Әуелгі қорлар зор болды,

Сондай зорлар қор болды,

Әуелгі барлар жоқ болды,

Сондай жоқтар тоқ болды

Жөн білмеген жамандар

Ел билеген бек болды,

Көтере алмай билігін,

Ұласқан үлкен кек болды,

Ниетіне қазақтың

Тым-ақ тәуір еп болды —

Заманақыр болар деп,

Сол себептен қорқамын!

Мына заман қай заман?

Азулыға бар заман,

Азусызға тар заман.

Тарлығының белгісі:

Жақсыжаннан түңілген,

Жаманмалдан түңілген,

Мұның өзізар заман.

Зарлығының белгісі:

Бір-бірлерін күндеген,

Жай-жайына жүрмеген,

Мұның өзі — тар заман.

Тарлығының белгісі:

Мұсылманнан хал кетті.Тәңірім болғай деместен.

Анты жұқпас бойына,

Әр не түсер ойына,

Жалмауыз болды үлкенің,

Қазақ, сенің сорыңа.

Арқадан дәурен кеткен соң,

Қуғындап орыс жеткен соң,

Тіпті амал жоқ, қазақтар,

Енді сенің торыңа.

2-тапсырма

Берілген өлең жолдарындағы автор бейнесіне талдау жасап, оған жыр жолдарынан дәлелдемелер келтіріңіз.

Еменнен күшті ағашпын,

Еселесең сынбаймын!

Алдаспанға жолықтың,

Түбіңе жетпей тынбаймын!

Топ бастаған бұлбұлмын,

Сөз бастаған жүйрікпін,

Судан шыққан сүйрікпін,

Бәйгеден озған дүлділмін,

Шығарма Қатаған үніңді!

Есіңе сақта бүгінгі,

Қанатың сынған күніңді!

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды.

1

шығарма сюжетінің бөлшектерін салыстырады;

шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды;

1

1

1

1

Шығармадағы автор бейнесін анықтайды.

2

автор бейнесін анықтайды;

шығармадан нақты мысалдар келтіреді.

1

1

1

1

Барлығы

8

«Толғауы тоқсан қызыл тіл» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың

нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Ш.Қанайұлы «Зар заман» өлеңі, С.Аронұлы «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»

Білім алушының аты-жөні ___________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды

Шығарма сюжетінің бөлшектерін салыстыруда, сюжеттің құрамдас бөлшектерін талдауда қиналады

Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдауда, салыстыруда қателеседі

Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды, өзара салыстырулар арқылы толық талдайды

Шығармадағы автор бейнесін анықтайды

Берілген өлең жолдарындағы автор бейнесін анықтауда қиналады

Автор бейнесін анықтауда қателеседі, мысалдары жеткіліксіз

Автор бейнесіне дәлелді түрде толық талдау жасайды

 

 

Бөлім «Толғауы тоқсан қызыл тіл»

Оқылатын шығарма

Жамбыл Жабаев «Зілді бұйрық» өлеңі

Оқу мақсаты

7.3.3.1 Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Шығарманы ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдайды
  • Әдеби эссе жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты

Жоғары деңгей дағдылары

15-20 минут

Тапсырма

Шығармада байқалған халықтың мақсат-мұраты, арман-аңсары туралы талқылап, әдеби эссе жазыңыз.

Ж.Жабаев «Зілді бұйрық» өлеңінде тарихи оқиғаға байланысты халықтың сарсаңға түскен жағдайын жеткізе отырып, азаттықты аңсаған халықтың қаһармандық қасиетін танытты. Бекболат, Саттар сынды қазақ ерлерін ұрпаққа үлгі етті.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Шығарманы ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдайды.

1

шығармадағы ұлттық құндылықты анықтайды;

ұлттық құндылық тұрғысынан талдайды;

шығармадан мысалдар келтіре отырып, ойын дәлелді жеткізеді;

1

1

1

1

1

Әдеби эссе жазады.

эссені әдеби негізде (шығармада көтерілген мәселеге қатысты) жазады;

ойын жүйелі жеткізеді;

құрылымын сақтайды.

1

1

1

1

Барлығы

9

«Толғауы тоқсан қызыл тіл» бөлімі бойынша жиынтық

бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Жамбыл Жабаев «Зілді бұйрық» өлеңі

Білім алушының аты-жөні____________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Шығарманы ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдайды

Шығармадағы ұлттық құндылықты анықтауда, ұлттық құндылық тұрғысынан талдауда ойын дәлелді жеткізуде едәуір қиналады

Шығармадағы ұлттық құндылықты анықтауда, шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдауда қателеседі

Шығармадағы ұлттық құндылықты анықтайды, ұлттық құндылық тұрғысынан талдайды, ойын дәлелді жеткізеді

Әдеби эссе жазады

Эссені әдеби негізде (шығармада көтерілген мәселеге қатысты) жазуда,

ойын жүйелі жеткізуде

құрылымын, сөз көлемін сақтауда қиналады

Эссені әдеби негізде (шығармада көтерілген мәселеге қатысты) жазуда,

ойын жүйелі жеткізуде

құрылымын, сөз көлемін сақтауда қателеседі

Эссені әдеби негізде (шығармада көтерілген мәселеге қатысты) жазады, ойын жүйелі жеткізеді,

құрылымын, сөз көлемін сақтайды

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Балалар мен үлкендер»

Оқылатын шығарма

М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі

Оқу мақсаты

7.3.3.1 Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

7.1.4.1 Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Шығарманы ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдайды
  • Әдеби эссе жазады
  • Кейіпкер бейнесін ашады
  • Көркем шығарма үзіндісін жатқа айтады

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

1-тапсырма

«Батыр Баян» - қазақ поэзиясының асыл қазынасы, халық мұрасы» тақырыбында әдеби эссе жазыңыз. Эссе жазуда поэманы ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдаңыз.

2-тапсырма

Берілген жүйе бойынша Көксерек бейнесін беріңіз. Үзіндіні жатқа айтыңыз.

  • Көксерек пен қара ала төбет...
  • Себебі Көксерек...
  • Мысалы: Бір уақыт үлкен үйдің үлкен қара ала төбеті оңашада бұны алып соғып, көп езгіледі. Бұны талап жатқанын көріп, өзге иттер де келіп шабынан алып, борбайынан созғылап өлтіруге айналып еді. Шаң-шұңмен балалар, үлкендер жиылып кеп, иттерді ұрып, зорға айырып алды. Бірақ Көксерек әлі күнге ешбір уақытта «қыңқ» етіп ауырсынған дыбысын шығарған емес. Талаймын деп ит ұмтылса, жота жүні үрпиіп, үдірейіп тұрып алады. Тісі батып, қинап бара жатса, дыбыссыз ғана езуін ыржитады.
  • Сондықтан...

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Шығарманы ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдайды.

1

шығармадағы ұлттық құндылықтарды анықтайды;

поэманы жан-жақты талдайды;

1

1

Әдеби эссе жазады.

әдеби эссе жазуда шығарма тақырыбын, көтерілген мәселені ескереді;

тақырыпты ашады;

сөз көлемін сақтайды;

1

1

1

Кейіпкер бейнесін ашады.

2

Көксерек бейнесін ашады;

1

Көркем шығарма үзіндісін жатқа айтады.

үзіндіні жатқа айтады;

жаттағанын мәнермен айтады.

1

1

Барлығы

8

«Балалар мен үлкендер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы, М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі

Білім алушының аты-жөні _________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Шығарманы ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдайды

Поэмадағы ұлттық құндылықтарды анықтауда, жан-жақты талдауда қиналады

Поэмадағы ұлттық құндылықтарды талдауда қателіктер жібереді

Поэмадағы ұлттық құндылықтарды анықтап, жан-жақты талдайды

Әдеби эссе жазады

Әдеби эссе жазуда, эссе тақырыбын ашуда қиналады

Әдеби эссе жазады, эссе тақырыбын ашуда қателеседі

Сөз көлемі жеткіліксіз

Тақырыпты аша отырып, әдеби эссе жазады

Сөз көлемін сақтайды

Кейіпкер бейнесін ашады

Кейіпкер бейнесін беруде қиналады

Кейіпкер бейнесін ашуда қателеседі

Кейіпкер бейнесін толық ашады

Көркем шығарма үзіндісін жатқа айтады

Көркем шығарма үзіндісін жатқа айтуда қиналады

Көркем шығарма үзіндісін жатқа айтуда, мәнермен жеткізуде қателеседі

Көркем шығарма үзіндісін мәнерлеп жатқа айтады

 

Бөлім «Балалар мен үлкендер»

Оқылатын шығарма

Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала» хикаяты

С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара» хикаяты

Оқу мақсаты

7.2.4.1 Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу

7.1.4.1 Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Оқиға желісін дамытып жазады
  • Өзіндік көзқарасын білдіреді
  • Кейіпкер бейнесін ашады
  • Көркем шығарма үзіндісін жатқа айтады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты

Жоғары деңгей дағдылары

15-20 минут

1-тапсырма

Жау тылындағы балалардың тапсырманы орындаудағы бір сәтін өз көзқарасыңызбен дамытып жазыңыз.

Серік пен Бористің бойынан қандай қасиеттер байқалды?

_______________________________________________

_______________________________________________

_______________________________________________

_______________________________________________

_______________________________________________

_______________________________________________

_______________________________________________

2-тапсырма

«Тәмпіш қара» шығармасындағы ауыл тұрмысы, балалар бейнесі бойынша төмендегі сұраққа жауап беріңіз.

Шығармадағы адамгершілік, шыншылдық, қайырымдылық, достық сияқты қасиеттер қалай көрінді?

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Оқиға желісін дамытып жазады

Өзіндік көзқарасын білдіреді

1

жау тылындағы балалардың тапсырманы орындаудағы бір сәтін өз көзқарасымен дамытып жазады;

шығармадағы оқиға желісін интерпретациялайды;

Серік пен Бористің бойынан байқалған қасиеттерге өз көзқарасын білдіреді;

1

1

1

Кейіпкер бейнесін ашады

2

кейіпкерлер бейнесін сомдайды;

сұраққа жауап береді;

1

1

Көркем шығарма үзіндісін жатқа айтады

шығарма үзінділерін жатқа айтады;

жатқа айтуда дауыс ырғағын сақтайды.

1

1

Барлығы

7

«Балалар мен үлкендер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні ________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Оқиға желісін дамытып жазады

Оқиға желісін өз көзқарасымен дамытып жазуда қиналады

Оқиға желісін дамытып жазуда, шығармадағы оқиға желісін интерпретациялауда қателеседі

Оқиға желісін өз көзқарасымен дамытып жазады.

Шығармадағы оқиға желісін интерпретациялайды

Өзіндік көзқарасын білдіреді

Кейіпкерлер бойындағы қасиеттерге өз көзқарасын білдіруде қиналады

Кейіпкерлер бойынан байқалған қасиеттерге өз көзқарасын білдіруде қателіктер жібереді

Оқиға барысында кейіпкерлер бойынан байқалған қасиеттерге өз көзқарасын өте жақсы білдіреді

Кейіпкер бейнесін ашады

Кейіпкер бейнесін ашуда, қиналады

Кейіпкер бейнесін сомдауда, тіркестер мен сөйлемдердің орындарын алмастырып қолдануда қателеседі

Кейіпкер бейнесін ашады. Кейіпкер бейнесін жақсы сомдайды

Көркем шығарма үзіндісін жатқа айтады

Шығарма үзінділерін жатқа айтуда, дауыс ырғағын сақтауда қиналады

Шығарма үзінділерін жатқа айтуда қателеседі, дауыс ырғағы бәсең

Шығарма үзінділерін жатқа айтады, дауыс ырғағын сақтайды

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Ұрпақ тәрбиесі»

Оқылатын шығарма

М.Шаханов «Нарынқұм зауалы» поэмасы

Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі

Оқу мақсаты

7.3.3.1 Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Шығарманы ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдайды
  • Әдеби эссе жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты

Жоғары деңгей дағдылары

15-20 минут

Тапсырма

Екі тақырыптың бірін таңдап, ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдаңыз. Әдеби эссе жазыңыз.

1. М.Шахановтың «Нарынқұм зауалы» шығармасында шындық, құрмет, әділдік қалай көрініс тапқан? «Иә, шындықтың ащы даңқы...» тақырыбында әдеби эссе жазыңыз.

2. Т.Медетбектің «Тәуелсізбін» өлеңінде қазақтың сан ғасырлық арманы, тәуелсіздік бақыты, азаттық бейнесі қалай жырланды? «Тәуелсізбін! Танып тұрмын өзімді» тақырыбында әдеби эссе жазыңыз.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Шығарманы ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдайды.

1

ұлттық құндылықтарды ажыратады;

шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдайды;

1

1

1

Әдеби эссе жазады.

2

эссені әдеби негізде, ұлттық құндылығын сақтап жазады;

тақырыпты ашады;

өзіндік ой-тұжырым жасайды.

1

1

1

1

1

Барлығы

8

«Ұрпақ тәрбиесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

М.Шаханов «Нарынқұм зауалы» поэмасы, Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі

Білім алушының аты-жөні _____________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Шығарманы ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдайды

Ұлттық құндылықтарды ажыратуда, шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдауда қиналады

Ұлттық құндылықтарды ажыратуда, шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдауда қателеседі

Ұлттық құндылықтарды ажыратады, шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдайды

Әдеби эссе жазады

Әдеби эссе жазуда, тақырыпты ашып, өзіндік ой-тұжырым жасауда қиналады

Әдеби эссе жазуда, тақырыпты ашуда, өзіндік ой-тұжырым жасауда қателеседі

Әдеби эссе жазады,

тақырыпты ашады,

өзіндік ой-тұжырымды жақсы жасайды

Бөлім «Ұрпақ тәрбиесі»

Оқытылатын шығарма

Т.Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі

А.С.Пушкин «Ескерткіш» өлеңі

Оқу мақсаты

7.2.4.1. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу

7.1.2.1 Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Оқиға желісін дамытып жазады
  • Өзіндік көзқарасын білдіреді
  • Шығармадағы тұлғалық болмысты танытатын жолдарды анықтайды
  • Кейіпкер бейнесін гуманистік тұрғыдан талдайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты 15-20 минут

1-тапсырма

Шығармаға арқау болған басты ойды өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазыңыз.

Шығарма неліктен «Қонақтар» деп аталған? Шығармадағы ұрпақтар көзқарасындағы алшақтық қалай көрініс тапқан?

2-тапсырма

А.С.Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңінен берілген өлең шумақтарынан ақынның тұлғалық болмысын талдаңыз. Кестені толтырыңыз.

Өлең шумақтары

Ақынның тұлғалық болмысы

Ескерткіш орнаттым мен қолдан келмес,

Ел ізі оған салған суи білмес.

Асқақтап Александр мұнарасынан

Жоғары оқшау шығып, тұрар дербес.

Дабысым ұлы Россияға кетер жалпақ,

Тіл біткен жүрер менің атымды атап,

Славян елдерінің әр ұрпағы,

Қазіргі тағы тұңғыс, қырда қалмақ...

Халқыма сүйікті ұзақ болар жерім-

Туғыздым өлеңіммен мейірлерін,

Жыр етіп тар заманда еркіндікті,

Мархабат пақырларға тілегенмін.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Өзіндік көзқарасын білдіреді.

Оқиға желісін дамытып жазады

1

шығарманың «Қонақтар» деп аталу себебін жеткізеді;

шығармаға арқау болған басты ойды өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазады;

1

1

1

Шығармадағы тұлғалық болмысты танытатын жолдарды анықтайды

2

шығармадағы тұлғалық болмысты анықтайды;

1

Кейіпкер бейнесін гуманистік тұрғыдан талдайды

кейіпкер бейнесін гуманистік тұрғыдан талдайды;

өзіндік тұжырым жасайды.

1

1

1

Барлығы

7

«Ұрпақ тәрбиесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Т.Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі, А.С.Пушкин «Ескерткіш» өлеңі

Білім алушының аты-жөні _______________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Өзіндік көзқарасын білдіреді

Шығарманың «Қонақтар» деп аталу себебін түсіндіруде қиналады

Шығарманың «Қонақтар» деп аталу себебін түсіндіруде қателеседі

Шығарманың «Қонақтар» деп аталу себебін толық түсіндіреді

Оқиға желісін дамытып жазады

Шығармаға арқау болған басты ойды өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазуда қиналады

Шығармаға арқау болған басты ойды өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазуда қателіктер жібереді

Шығармаға арқау болған басты ойды өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазады

Шығармадағы тұлғалық болмысты танытатын жолдарды анықтайды

Шығармадағы тұлғалық болмысты анықтау қиындық туғызады

Шығармадағы тұлғалық болмысты анықтауда қателеседі

Шығармадағы тұлғалық болмысты анықтайды

Кейіпкер бейнесін гуманистік тұрғыдан талдайды

Кейіпкер бейнесін гуманистік тұрғыдан талдауда, өзіндік тұжырым жасауда қиналады

Кейіпкер бейнесін гуманистік тұрғыдан талдауда қателеседі, өзіндік тұжырымы жеткіліксіз

Кейіпкер бейнесін гуманистік тұрғыдан талдайды.

Өзіндік тұжырым жасайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter




Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу