Құрылыс

Құрылыс

 Құрылыс – материалдық өндіріс саласы; негізінен, әр түрлі үйлер мен ғимараттарды салумен, салынып жатқан нысандарды іске қосуға байланысты жабдықтарды монтаждаумен шұғылданады. Құрылысқа үйлер мен ғимараттарды жөндеуге байланысты жұмыстар да жатады. Құрылыстың дамуы тұрақты жұмыс істейтін мердігерлік құрылыс ұйымдарының құрылуымен және құрылыс өнеркәсібінің өсуімен қоса қабат жүргізілді. Құрылыстың бір ерекшелігі сол: мұнда құрылыс-монтаж ұйымдары өнеркәсіп орындары сияқты өнімді қорға немесе қоймаға арнап шығармайды. Өндіріс үстінде құрылыстың өнімі қозғалмайтындай етіліп белгілі бір орынға бекітіледі, тек еңбек құрал-жабдықтары (машиналар мен механизмдер), еңбек заттары (материалдар мен құралымдар) бір орыннан екінші орынға ауысып отырады. Құрылыс ашық жерде және әртүрлі табиғи ортада жүргізіледі. Сондықтан да құрылыс нысандарының, жұмыстардың өндірістік циклі бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылады. Құрылыс елдің мәдениетін және экономиканың барлық саласын дамытуға мүмкіндік береді. Құрылыс индустриясы – құрылыс нысандарын жаңадан салу, ұлғайту, жаңғырту, күрделі жөндеуден өткізу, құрал-жабдықтар орнату, құрастыру жұмыстарын индустриялық әдіспен жүзеге асыратын құрылыс-құрастыру ұйымдарының жиынтығы. Құрылыс индустриясының үздіксіз дамуы шаруашылықтың барлық саласымен, әсіресе күрделі қаржының ұдайы өсуімен тығыз байланысты. Құрылыс индустриясының өніміне құрылысты аяқталған және жабдықтары түгел орнатылып, құрастырылған, іске қосылуға даяр өндірістік орындар мен тұрғын 30 үйлер, мәдени-тұрмыстық, коммуналдық т.б. ғимараттар жатады. Құрылыс индустриясының пайда болуы қоғамдық еңбек бөлінісінің өсуіне, өнеркәсіптің, қалалардың, қатынас жолдарының, сауданың дамуына байланысты болды. Неғұрлым күрделі жаңа үйлерді, ғимараттарды салудың қажеттілігі құрылысты мамандандыруды, оны дербес шаруашылық саласына айналдыруды қажет етті. Қазақстанда Құрылыс индустриясы құрылыстың жедел қарқынмен дамуы және үнемі жетілдірілуі нәтижесінде қамтамасыз етілді. Мердігерлік тәсіл құрылысты жүргізудің басты түріне айналып, құрылыс индустриясын дамытуды едәуір жеделдетті. Кеңестік дәуірде сонымен бірге ұжымшар аралық құрылыс ұйымдары да құрылыс-құрастыру жұмыстарының көлемін ұлғайтуға едәуір септігін тигізді. Қазіргі нарықтық экономика кезеңінде құрылыс-құрастыру ұйымдары түгелдей дерлік жекешелендіріліп, бірқатары ірі холдинг-компанияларға айналдырылды. Олар, негізінен, құрылысты мердігерлік тәсілмен жүргізеді. Инженер-құрылысшы Инженер-құрылысшы – жобалауды талқылау барысында немесе тікелей автожолдардың құрылысына, сондай-ақ ғимараттар мен үймереттердің құрылысына қатыса алатын кең бейінді арнайы маман. Кәсіптің ерекшеліктері: жұмыс барысы ғимарат қабырғасында (жобалау кезінде), сондай-ақ ашық кеңістікте жүргізіле береді. Жұмыс қарқыны қауырт. Соңғы кезде бұл қызметке сұраныс артқаны байқалады. Инженер-құрылысшыға төмендегідей талаптар қойылады: а) кәсіби: кәсіби білімі, басшылық ете білу қабілеті, кескіндеме мен сызбаны оқи және құрастыра білуі шарт, жұмысты ұйымдастыра білуі керек; 31 ә) жеке тұлғалық: ұқыптылық, зеректік, жақсы дамыған көру қабілеті, көзбен дәл шамалай білу, байсалдылық, ұйымдастыра білу қабілеті, күйзеліске төзімді болу керек. Міндеттері: инженер-құрылысшы геодезиялық құралдармен жұмыс жасайды. Жұмыс сызбаларын әзірлеу мен геодезиялық суреттер құжаттамаларын әзірлеуге қатысады. Жұмыс барысын басқарады не болмаса жұмыстың орындалуының жүзеге асырылуын қадағалайды. Жұмысқа жарамды жағдайдағы ғимараттар мен үймереттердің, жол жөндеу жұмыстары төңірегіндегі пайдалануға беру қызметінде жұмыс жасай алады. ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ Құрылыс материалдары – үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар. Негізгі құрылыс материалдарының түрлері: – табиғи тау жыныстарынан жасалған құрылыс материалдары (дара тастар, қиыршық тастар т.б.); – органикалық (битум, қарамай, синтетикалық шайыр т.б.) және бейорганикалық (цемент, әктас, гипс, т.б.) байланыстырғыш материалдар; – жасанды құрылыс материалдары және құрастырмалы құралымдар мен бұйымдар (құрылыстық керамика, бетон, темірбетон, асбест-цемент, темір, шыны және силикаттан жасалған бұйымдар); – ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдар (есік және терезе блоктары, ағаш талшықты және ағаш үгінділерінен жасалған тақталар т.б.); – металдан жасалған бұйымдар (көтергіш және қоршау құралымдары, құбырлар, рельстер т.б.); – синтетикалық шайырлар мен пластмассалар (линолеум, пенопласт, т.б.). Әр түрлі табиғи тау жыныстарынан іргетастар, қабырғалық әшекейлік, т.б. құрылыс материалдары жасалынады. Органика- 32 лық байланыстырғыш заттардан жол құрылысына қажетті жабын, ылғал өткізбейтін заттар дайындалады. Ағаш жаңқасынан жұқа әшекейлік тақталар жасау үшін байланыстырғыш заттар ретінде синтетикалық шайырлар пайдаланылады. Бейорганикалық заттардың ішіндегі ең негізгісі – цемент. Одан бетон, темірбетон, асбест-цемент, құрылыс қоспалары сияқты құрылыс материалдары жасалады. Әктастан бу қысымымен алынатын силикаттық бетон, кірпіш әрі құрылыстық қоспалар дайындалады. Жасанды құрылыс материалдары жасалу технологиясына қарай байланыстырғыш заттар көмегімен жасалатын бетон, темірбетон, асбест-бетон, асбест-цемент, силикаттық бетондар мен кірпіш, құрылыс қоспалары; саз топырақтан (балшықтан) күйдіру арқылы алынатын керамикалық құрылыс материалдары; құмды түрлі қоспалар қосып балқыту арқылы алынатын кеуек материалдар, ситалдар, минералдық мақталар болып бөлінеді. Жасанды құрылыс материалдарының негізгі бір түрі – металдар. Олар құрылыста әр түрлі құралымдар (көпірлер, өндірістік құрылыстар, жер сілкінісіне шыдамды құрылыстық қаңқалар және темір-бетон арматуралар т.б.) жасауға пайдаланылады. Ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдарға ағашты механикалық өңдеу барысында алынатын материалдар (бөренелер, кесілмелі материалдар, паркет, фанера т.б.) кіреді. Металдардан, негізінен, болат илемі құрылыста кеңінен қолданылады. Олардан темір-бетондарға қажетті арматуралар, ғимараттың каркастары, көпірдің құрылыстық өткіндері, жылыту жүйелері, жабын материалдары т.б. жасалады. Әлемдік практикада ең алғаш Қазақстанда жаңа керамикикалық “золокерам” материалдары жасалып, өндіріске енгізілді. Құрылыс машиналары Құрылыс машиналары – әр түрлі құрылыс жұмыстарына арналған машиналар мен механикаландырылған құрал-жабдықтар. Бұлар құрылыс жұмыстарын кешенді түрде механикаландырып, индустриялы әдістерді пайдалануға мүмкіндік береді. 33 Олардың қатарына мұнаралы, өздігінен жүретін шынжыр табанды не доңғалақты крандар, бір шөмішті экскаваторлар мен көп шөмішті роторлы экскаватор, бульдозерлер, скреперлер т.б. жатады. Атқаратын жұмыс түріне қарай құрылыс машиналары қазғыш, топырақ таптауыш, бұрғылау, қада қағу, тиеу-түсіру әрі тасымалдау, ұсақтау-сорттау, араластырғыш, бетон төсегіш, өңдеуіш, жол құрылыс машиналары т.б. механикаландырылған құралдарға топталады. Жер қазғыш машиналар топырақ қазу, карьерлерден құрылыс материалдарын алу жұмыстарына арналған. Бұларға экскаваторлар, топырақ қазып тасығыш, гидромех. машиналар жатады. Таптауыш машиналар топырақ, т.б. жер қыртыстарын нығыздау жұмыстарын атқарады. Салмағы 100 т-лық қарапайым таптауыш машина қалыңдығы 40-50 см, ал салмағы 12 т дірілдемелі таптауыш машина қалыңдығы 80-120 см жер қыртысын нығыздай алады. Тастақ қабаттарды бұзу және құрылыстық тастар алу, қопарылыс жұмыстарындағы ұңғыма бұрғылау үшін бұрғылау машиналары пайдаланылады. Қада қағу жұмыстарында арнайы жабдықтар қолданылады. Құрылыстардағы монтаждау, көтеру-тасымалдау, тиеу-түсіру жұмыстары көтергіш кран, шығыр, домкрат, т.б. қондырғылар арқылы іске асырылады. Асфальт, бетон төсемді жолдар салу үшін асфальт не бетон төсегіш шынжыр табанды машиналар қолданылады. Темір жол салу және жөндеу жұмыстарында балластер, жол төсегіш, т.б. машиналар пайдаланылады. Өңдеуіш машиналар сылақ және сырлау, бояу жұмыстарына арналған машиналарға ажыратылады.


Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий