Өлшеусіз ерлік

 Өлшеусіз  ерлік

Өтеулі Жанель
9-сынып, №3 Хромтау орта мектебі
Хромтау ауданы Ақтөбе облысы
Жетекшісі: Хасанова Сандугаш Сагадатовна

Жер аяғы кеңіп, табиғат-ана бір әсем күйге енгенде баршамыз ерекше күтетін бір мереке бар. Ол - кешегі сұм соғыста қасық қаны қалғанша Отанымыздың іргесін сөгітпей, төсінде фашист деген тажалды сайрандатпай, біздің жарқын болашағымыз үшін күрескен аталарымыз бен апаларымыздың асқан ерлігі арқылы оңайлықпен уысқа түспеген Ұлы Жеңіс күні. Біздер, еліміздің болашағы - жастар осындай қасіретті соғысты көрмесек те жүрегімізбен сезінеміз, осындай болашағымыздың күндей жарқын болуына себеп аталарымызды ерекше ілтипатпен еске аламыз.
Міне, бірер күндер соң тағы да бір жеңіс күнін атап өтпекшіміз. Кешегі өткен сұрапыл соғыстың бүгін де 75 жылдығына аяқ бастық. Өткен ғасырдың төрт жылға созылған қантөгіс соғысы тарих төрінен ойып тұрып орын алды. Брест қорғаны, тәтті ұйқыда жатқан бейбіт өмір тұрғындары, таң сәріде тұтқиылдан лап қойған «фашизмнің қолшоқпарларының» жауыздығы... «Тарихыңды білмей, бүгінгіңді білмейсің» дегендей отты жылдар жарасы мәңгі жазылмақ емес. Келешекте Отанды қалай қызғыштай қорып, ақыр демің қалғанша қорғау керек екенін біз осындай халқымыздың адал да ер ұлқыздарынан үлгі аламыз.
Өлшеусіз ерлік пен жауға деген өшпенділік әскерлерлеріміздің еліне деген сүйіспеншілігін арттырмаса кеміткен жоқ. Елімізден құрылған әскери жасақтар ең жауапты да шешуші ұрыстарға қатынасып, өлшеусіз ерліктер көрсеткені мәлім. Сол кездегі Отанымыздың жүрегі болып саналған Мәскеуге жау қатты қауіп төндірген сәтте генерал И.В.Панфилов басқарған қаһарман жерлестеріміз Мәскеу түбінде неміс басқыншыларына күйрете соққы берді. Қазақ жауынгерлеріне әкелік қамқорлық жасап, ақылшы, кеңесші, ұстаз болған даңқты қолбасшы И.В.Панфилов тың өзі Мәскеу түбінде қаза тапқанмен, оның қарамағында болған серіктері, шәкірттері, жерлестері Латвияны азат етуге, Шығыс Пруссияда тағы басқа да жерлерде кекілескен шайқастарға қатысып, жауынгерлік ерлік үлгілерін көрсетті.
Отан қорғаушыларымыз қарт Неваның бойындағы қаһарман қала - Ленинградты қорғауға да қатысты. Өмір мен өлім беттескен, кескілескен осы бір кезеңде жауынгерлерге асқақ рух берген Жамбыл атамыздың «Ленинградтық өренім» өлеңі. Халықтың рухын көтеруге ерекше күшті көрінген бұл жырды Ленинградтың радиосы күніне әлденеше рет оқып тұрды. Жыр үлкен әріппен жазылып көшелерге листовка ретінде ілінді. Немістердің самолеттері бомбалап жатқанда осы жыр басылған газетті алуға кезекте тұрғандар саны қаншама. Қолына қалам алмаса да, жаумен бетпе- бет айқаспаса да жауға деген өшпенділіктен жыр алыбының осы өлеңі жүрегінен шыққан отты сөздер еді... Міне, дарқан даланың абызы іспетті ақынымыздың жырының қуат-күші.
Тағы да сондай ерлеріміздің легі мыналар: Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев, әйгілі Бауыржан Момышұлы. Олардың өшпес ерлігі мәңгі есте қалды.
Біз соғыс дегенді тек ақпарат құралдарынан естіп өскен ұрпақпыз. Адамзатқа қандай қасірет әкелетінін оқып, біліп, үлкендердің әңгімесінен тағылым алып келеміз. Отан деген бір –ақ сөз екенін кішкентай жүрегімізбен түсініп, оны қалай қастерлеу керек екенін ұғынып келеміз. Ұлы Жеңіс күні! Кеудеңе құшақ-құшақ гүл толғандай, шат-шадыман күйге бөлейтін күн.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?