Мен - өз елімнің патриотымын

 Мен - өз елімнің патриотымын

Жанабаевна Алия
9 сынып, Еңбекші жалпы білім беру орта мектебі
Железин ауданы, Еңбекші ауылы
Жетекшісі: Жанар А. Ж.

Мен тәуелсіз Қазақстанның қыранымын, өз елімнің аман -сау алып қалу үшін өз өмірлерін қиған ағаларымыздың үкілген үмітін ақтап, туған халқымызға адал қызмет етуге уәде беремін.«Тамшы телегей теңізге айналады» деген сөзді қазақ атам тауып айтқан сияқты. Сонау XV ғасырдағы жер көлемі алақандай ғана қазақ елі бүгінде телегей теңізге, әлем мойындаған патшалыққа айналды. Ел басып ,еңсемізді көтеріп, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, өркениетке қанат жаю үшін әлемдік табыстарға қол созып , дамыған елдер қатарына көріндік, тәуелсіздік жалауын жалтаң өмірдің атжал айдынында асқақ биікке көтеріп , айбынымызды жаһанға таныттық. Осының мәні Керей мен Жәнібек бастаған сара да, дана да жолды, елді бір тудың астында ұстай білген білгір саясатын Елбасымыздың, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, асқан көрегенділікпен жалғай білуінде
десем артық айтқаным емес.Елбасы деген кім? Елбасы дегеніміз – туған халқына деген жауапкершілікті өз мойнына алған, ел ішіндегі тепе-теңдікті сақтаушы, халық өміріне тиімді деген бастамаларды бастайтын және бір жүйеге бағындыратын адам.Менің елбасым мөп-мөлдір , таза суға ұқсайды: ішсең , шөлін қанады; қарасаң көзін тояды. Әрі сол судан дидарынды көре аласың. Бұл нені білдіреді? Бұл президенттің өзгеге үлгі болар асыл қасиеттерін, халқына деген таза, пәк махаббатын аңғартады.
«Алдыңғы арба қалай жүрсе, соңғы арба да солай жүреді» дейді арғы аталарымыз.Көш басындағы елбасының асыл қасиеттеріне, ел билеудегі небір дана ойларына қарап, ел болашағының жарқын болатынына, жас ұрпақтың қисық емес, түзу ағаш болып өсетініне мол сенемін. Адам баласы тәуелсіз , еркін дербес өмір сүргенде ғана жан рахатына бөлінеді. Елбасы сол рахатты халқына сыйлай білді. Соның арқасында біз бүгінгі күнге дейін тәтті шәрбәттің дәмін татудамыз.Өзім де жас болғандықтан , басшымыздың жастарға арналған « Болашақ» бағдарламасы, « Дипломмен ауылға» жобасы және тағы да басқа сан алуан істері жастар өмірін түбегейлі өзгертіп, болашаққа нық қадамдар жасауына септігін тигізеді. Осы арқылы мен өзіме, жастарға деген қамқорлықты сезінемін . «Жастарға қамқорлық – ел болашағына деген қамқорлық». Елбасының « Еліміздің келешегі – жастардың қолында» деген сөзі жастарымызға қандай жауапкершілік жүктеп отырғанын айқын көрсетеді. Еліміздегі қалыптасқан ұлыстардың арқасындағы береке мен бірлік, сыйластық, достық қарым- қатынастың орын тебуі, қазақ жұртының руға, жүзге бөлінбей, тәуелсіздіктің нұрлы шапағымен бойындағы адамкершілік деген дегдар сезімін өмірлік жарық етіп тұтынуы президентінің сындарлы саясатының арқасы екені хақ. Егер әлемнің картасын алып қарасақ, Еуразия материгінің дәл жүрегінде мен үшін өте ыстық , өте әдемі жер орналасқан ол –Қазақстан. Мен үшін Қазақстанның қыр жерлері де, суық аяздары да , терең сулары да қымбат, осы жерде менің ата – бабаларым туып-өскен, олардың тарихы – менің тарихым, оардың туған тілі – менің туған тілім.
Менің елім ерекше ел, себебі тек біздің елімізде мамырдың бірі күні үлкен халықаралық мереке болады, барлық елдер өз ұлттық киімдерін киіп , өз ұлттық тағамдарын дайындап, әртүрлі тілдерде керемет әндер әндетіп, әр ұлттың ұлттық биін билейді. Сонымен қатар, тек біздің елімізде осындай жоғары деңгейде «Наурыз» деген керемет мерекесі тойланады. Менің елім ерекше ел, өйткені менің елімде ұлы, дара, дана адамдар өмір сүрген:ұлы ақынымыз Абай Қ., Шоқан У., Сәкен С., Қаныш С., Ыбырай А., Мағжан Ж., Ахмет Б. Және т.б. көптеген бүкіл әлемге әйгілі адамдар. Тек менің елімде Алматы қаласында сондай дәмді алмалар өседі, тек біздің қазақ әжелеріміздің бауырсақтары сондай тәтті, тек біздің суреттерімізде жап-жасыл жайлауда қазақтың қасиетті жануары жүйрік, әдемі аттары жайылып жүреді, киіз үйдің қасында үстел басында адамдар шай ішіп, әңгімелесіп отырады. Барлық осы жағдайлар мен үшін қымбат, мен үшін ыстық.
Алғаш рет мен қолымды жүрегіме қойып Қазақстанның әнұраның айттым, сол кезде жүрегімде, бір сөз айтылмайтын сезім пайда болды. Мақтаныш па? Қобалжың ба ?... Осы сезім менің жүрегімде мәңгілікке қалады.
Теледидардан Азия олимпиадаларын қараған кезде, біздің туымыздың бірнеше рет көтерілуін көргенде, менің қуанышым қойныма сыймай , тіпті, бақыттан жылағым келеді. Мен өз елімнің нағыз патриотымын деп үлкен мақтанышпен айтамын. « Патриот» деген сөз мен үшін, өз елін жақсы көру, қадірлеу, қорғау, өз елін үшін көп еңбек ету, елдің қамын ойлау деген сөз. Бәріміз бірігіп, қол ұстасып, тату-тәтті өмір сүруге тырысу керекпіз және әрқашан бір- бірімізге қол ұшын беріп көмектесуіміз керек. Менде ең басты арманым бар:адамдар арасында татулық пен бірлік ешқашан өшпесін, жалауымыз мәңгілік көкте желбіреп,аспанымыз ашық, басымыз аман болсын.Осы арманым орындалады деп нық сенемін.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?