Мәңгілік мұра
Бақбергенов Ертуған
10 сынып, №3 мектеп – лицей
Қызылорда қаласы
10 сынып, №3 мектеп – лицей
Қызылорда қаласы
«Сыр- Алаштың анасы». Бұл киелі өңір – көне дәуір шежіресі, мәңгі өшпес те өлмес тарихы және мәдени мұралардың асыл көмбесі.
Түркінің ішіндегі тұғырлы тұлғаның бірі – Қорқыт. Ол туралы аңыз көп. Ел арасындағы әңгіменің бірі мынау. Қорқыттың қабірі Сырдың жағасында жатыр. 1925 жылдан бастап баба мазарының табанын толқын тебе бастайды. Талай жылғы жәдігерді құлайды дегендер де болыпты. Дегенмен, қабырғаның қалыңдығы соншалық, дария оған дақ та түсіре алмапты. Сол күйінде жарты ғасырға дейін тұрған екен. Дегенмен, 50-жылдардан кейін қабырға мүжіліп, опырыла бастапты. Мұны неге айтып отырмыз? Ауылдағы ақсақалдар Аралдың тартылуын Қорқыттың қабірінің құлауымен байланыстырады кейде. Ежелден жеткен аңыздың бірінде Қорқыттың қабірін су мүжігенде теңіздің тартылатыны туралы айтылады екен. Сәйкестік деуге келмейтін шығар. Дегенмен, аңыздың ақиқатпен де астарласып жататыны шындық. Олай болса, ел арасындағы әңгімеге күмәнмен қарау да қисынсыз секілді.
Аңыз бойынша, анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт дүниеге келер алдында әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. Сұрапыл қара дауыл соғып, ел-жұртты қорқыныш сезімі билеген. Осыған орай баланың атын “Қорқыт” деп қойған дейді. Қорқыт Атаны магиялық аспап – қобыздың иесі,шаман, абыз ретінде қарастырады. Қорқыт атаның тарихи тұлға екенін растайтын жазба ескерткіш – “Қорқыт Ата кітабы” .
Ол “өмір барда өлім бар, өзгеру бар, өлмес өмір жоқ, сынбас темір жоқ, бәрі де өледі, өзгереді, ұмыт болады, тек мәңгі-бақи өлмейтін, ұмытылмайтын нәрсе – адамның өмірінде істеген игілікті ісінің нәтижесі” дейді.
Қорқыттың кереметтері туралы айтып тауысу мүмкін емес. Бүгінде баба мазарынан сәл беріде, күре жолдың бойында «Қорқыт-ата» мемориалдық кешені бар. Осы кешенге жылына 10 мыңнан аса турист келіп тәу етіп, мінәжат жасап кетеді. Аптап ыстықта болсын, алапат желде болсын адам аяғы азайған емес. Мемориалдық кешенде үнемі қобыздың үні естіліп тұрады. Осы үн баба рухымен тілдестіретіндей әсер қалдырады көбіне.
1997 жылы ескерткішті қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Амфитеатр, қонақ үйі, т.б. нысандардан тұратын тұтас архитектуралық ансамбль жасалып, мемориалдық кешенге айналды.
2000 жылы кешен жанынан мұражай ашылды. Оның қорында 700-ге жуық экспонат сақталуда. Мұражай экспозициясында Қорқыт өмір сүрген дәуірдің тарихы мен мәдениеті жайлы мәліметтер беретін материалдар қамтылған. Бұл ескерткіш кешен күллі түркі халықтарына ортақ қасиетті зиярат орындарының бірі болып саналады.
Ұлы адамдар өмірін өнеге ете отырып, адам бойындағы жақсы қасиеттерді, ақылдылығы мен тапқырлығын үлгі етсек мұратымызға жетеміз. Сондықтан Қорқыт атамыздың өмірі мен даналығын керемет ертегідей оқып қана қоймай, қолдана білсек, мәңгі-бақи өлмейтін, ұмытылмайтын із қалдыруды мақсат етсек, тұғыры биік ел боларымыз қақ.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?