алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Аяулы әжем

 Аяулы әжем

4-сынып оқушысы
Габдолла Сабина
Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған
Сағынышым – сары ормандай самсаған.
Әке болып жүргенімді ұмытып,
Әлі күнге еркелеймін мен саған.

Қадыр Мырза Әли

Менің әжем ең тамаша адам. Әже.... Үш ақ әріптен тұратын не деген асыл, аяулы да ардақты жан! Мен кішкентайымнан әжемнің қолында өсіп, тәрбие алып келем. Әжетайым мен үшін ең жақын адам. Ол мені әрдайым еркелетіп, ұйқыдан оятады. Сондықтан әжемнің «құлыншағым, ботақаным, айналайын» деген сөзі үнемі құлағыма келеді.

Жасы үлкейген сайын сәл нәрсеге ренжіп қалатынын байқап жүрмін. Сол себептен, сабақтан жақсы баға алып, мейрамымен құттықтап қуантуға тырысамын. Осындай жаныңа жылу сыйлайтын, аялы алақанына салып өсіріп жатқан, әжем жайлы айтпай кете алмаймын. Әдеттегідей, біздің мектепте «Аяулы әже» атты мерекесі өтті. Бұл сайысқа қатысу үшін әжем маған ән үйретті. Әнді тамаша орындап мен бас жүлдеге ие болдым. Осы күні көтеріңкі көңіл-күйімді әжеммен бөлістім.

Әжем маған әрдайым ақыл-кеңесін айтып отырады. Өнегелі ғұмырын айтып, тәрбиеге бағыттап отырады. Мен әжемді өте жақсы көремін және үнемі қасымда болып, қызығымызды көріп жүре бергенін қалаймын.

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Елімізде жұмыссыз қалғандар 6 айға дейін бұрынғы жалақысының 45 пайызын алады 16.03.2023
» Сәбиін сатпақ болған 😱 04.03.2023
» Студенттердің стипендиясы өседі 👨‍🎓 02.03.2023

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы