Қазақша шығарма: Ата, Менің атам

Қазақша шығарма: Ата, Менің атам казакша Қазақша шығарма: Ата, Менің атам на казахском языке

Менің атам ел жұртқа сыйлы, қазақи болмысты, қысылғанда талайы келіп арқа тұтқан беделді жан еді,
Шырайы жарқын, кесек ойлы, жанары әрдайым жарық жұлдыздай жанып тұратын өнегелі азамат, өзіне ғана тән ұтқыр да, ұшқыр сөз тұрпаты мен ағайынның ақылшы, қамқоршысы бола білу болмысын бойында қатар ұштастырды. Ер жетіп, ес білгелі атамның ұлағатты сөздері мен үшін өмірлік азық болды. Азық болғанда көмейден өтіп, тәнге қуат бермейді, көкейіңе қонып, жүректен орын табады. Жастайымнан жадыма ақыл мен білім нәрін құйған кісінің қалжыңы мен тапқырлығы аралас әңгімелері ойыма жиі оралады.Бірде, жанымдағы жақын достарымнан көңілім қалып, атамнан:- «Дос табу оңай ма?» деп, ақыл сұрай бардым.Сонда атам: – Өзің қалай ойлайсың, жауап іздеп көрші?!- деді.- Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын,- дедім мен.Ол кісі ойымның бұрыстығын айтты.- Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Ақылдының досы аз, қасы көп, ақымақтың досы көп болғанымен жақсылығы жоқ. Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың, – деп ақыл айтты.

Алишер МУКЕБАЕВ,
Қамысты ауданы
Орқаш негізгі мектебінің
7-сынып оқушысы

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қарлығаш апай сабақ үстінде «Менің атам мен әжем» тақырыбында шығарма жазуды тапсырды, мен қуана-қуана, қолыма қалам алып, шабыттана отырып, шығарма жазуды бастадым.

Ата мен әже немере үшін ең жақын аяулы адамдар. Әжем әрдайым менің тәрбиеме де үлесін қосып келеді. Анамның қолы босамай қалған жағдайда, әжем жәрдемдесіп, менің қасымнан табылады. Ол өнегелі ғұмырын айтып, тәрбиеге бағыттап отырады.

Осындай жаныңа жылу сыйлайтын, аялы алақанына салып өсіріп келген, нағашы атам мен әжем жайлы айтпай кетуге хақым жоқ. Ата-әжемді күндізгі жарқырап шығып, жылуын шашатын күнге, түнгі аспандағы жымыңдаған жұлдызға, жарық беретін айға теңеп келемін. Атам өмірдің қиын қыстау кезеңдерін басынан кешіргенін, жоқшылыққа да мойынсұнған кездері болғанын айтып отыратын еді. Атама деген сағынышым кеудемді кернеп барады, дүниеден озғанына 3 жылдай уақыт өте шықты. Әжем біздің тек қана жақсылығымызды көріп, қызығымызға тоймай жүре берсін деп, тілеймін.

Ата дегенде ел бірлігі сөзі тіліме оралады. Ел бірлігі үшін ата мен немере арасындағы сабақтастық жібі үзілмеуі керек. Ата мен немере арасында әке бар. Ел бірлігін қамтамасыз ететін үш тұлға: ата, әке, немере. Үш буын, оған сай үш құндылықтар жүйесі. Сабақтастық жібі үзілмеуі керек, егер үзіле қалса, оның қай жерден үзілгенін тауып жалғау – парасаттылықты қажет етеді. Парасат иесі кім, әрине, ол – ата.

Есім атам ел ішінде беделді болды. Неге десеңіз, ол кісі алаламады, басы артық сөз айтпады, оғаш мінезбен көзге түспеді. Атам туралы жақсы сөздерді бала кезімнен жиі естіп өстім. Олар санамдағы архетиптер.

Бүгінде жұрт аузындағы атам туралы естелік сөздерді саралап отырсам, жа­рықтықтың расында өз ортасында тұл­ғалық, ақсақалдық дәрежеге жеткені анық екен.

Ол кісі: «Адамның мінін бетіне баспа», – деп отыратын.

Осындай мінез байлығы өзім ұстаз санайтын академик Зейнолла Қабдоловқа да тән еді. Заман желі қойнынан да, қоныштан да соққанда бір ағайындар Зекеңнің үстінен жоғарғы жаққа «домалақ арыздар» жіберіп, оның әбден мазасын алған екен. Кейін осы жағдай сөз болғанда марқұм Зекең:

– Қайтесіңдер оны айта беріп, ондайларды аяу керек, – деп келте қайырып таста­ғаны есімде.

Ауыл, ел іші болған соң, әңгіме-аян, жел сөздер болмай тұрмайды. Кейде сондайлардың бір «қапшығын» буып-түйіп жинап атамның алдына әкеп, «қап аузын» шешіп, ішінен неше түрлілерді шығарғысы келгенде:

– Қарағым, сөз теріп қайтесің. Кімнің болсын жауап берер жері бар емес пе. Адамның адамға сот құрғаны дұрыс болмас, – деп тиып тастағаны есімде. Соншама «еңбегі» босқа кеткен ағайын ызадан алдындағы ыстық шайды ұрттап-ұрттап жіберіп:

– Есеке, сіз тым кең қолтықсыз, ал мыналар болса… – деп әлдекімдерге ашуын білдіріп, ақыры ісі өнбеген соң, дастарқан соңына қарамай тұра жүгіретін. Сонда атам күлімсіреп:

– Өмірге мұндайлар да керек, – деп әңгімені өзге арнаға ауыстыратын.

Атам өмір сүрген заманды қиын, ауыр болды деу әншейін сөздер. Анығында, ол дәуірді қилы заман, – деп бөліп айтқан жөн болар. Ол кісі замандастарымен бірге бірінші жаһандық соғысқа қолдарына күрек, қайла алып қатысты. Минскінің түбінде қара жұмыста болды. Сонда жүріп Әлихан Бөкейхановпен жүздесіп, сұхбаттасты. Осы кездесуді атам ерекше леппен айтатын. Бала кезімізде бізге «төре деген жау» дегенді әбден санамызға шегелеп тастағандықтан, атамның әңгі­месіне тіксініп қалатынмын. Жаны шуақ, мейірімді менің сүйікті атамның аузынан маған түрпідей тиетін «Әлихан төре» деген сөз шығатынына таңғалатынмын. Тарих пәні мұғалімінен осы туралы сұрауға талай оқталдым, сұрамадым, атама деген сүйіспеншілігіме күдік түсе ме деген іштей қаупім болса керек.
Беттер:
<< 1 2 3 4 >>



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?




KZ » Қазақша Шығармалар жинағы, ата туралы шығарма 2 сынып, ата туралы шығарма 1 2 3 4 сынып, ата туралы шыгарма казакша, сочинение на казахском языке про дедушку, сочинение на казахском языке дедушка, қария туралы шығарма, қария туралы шағын шығарма, менің атам туралы шығарма 1 2 3 4 сынып, менин атам туралы шыгарма казакша, ата туралы шығарма 2 сынып, ата туралы шығарма 1 2 3 4 сынып, ата туралы шыгарма казакша, сочинение на казахском языке про дедушку, сочинение на казахском языке дедушка, қария туралы шығарма, қария туралы шағын шығарма, менің атам туралы шығарма 1 2 3 4 с, Қазақша шығарма: Ата, Менің атам, Қазақша шығарма: Ата, Менің атам шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы