Қазақша шығарма: Алтын ұяң - Отан қымбат!

Қазақша шығарма: Алтын ұяң - Отан қымбат! казакша Қазақша шығарма: Алтын ұяң - Отан қымбат! на казахском языке

Бөдеев Нұрсұлтан
10 сынып, №66 ЖББОМ
Қазыбек би ауданы
Жетекшісі: Жапабаева А.С.

Отан! – деген сөзім қандай әдемі!
Көзге елестер бүкіл қазақ әлемі.
Таңдандырды жан- жағымды бай өлке,
Қарапайым, кең дастархан, әдебі.
Атам қазақ аңсағаны еркіндік,
Сақтау үшін азаттықты бекіндік.


Халқымның «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген даналық пікірін ойлап қарасам, ата- бабаларымыздың асқар таудай ақылында, аз өміртәжірибесінен өткен өнегелі істері- елін, жерін қорғау, бірлікте, ынтымақта өмір сүріп, еліне елеулі, халқына қалаулы болу сияқты жақсы қасиеті ұрпақтан- ұрпаққа дарыса деген асыл арманы ғой.

Сонау ғасырлар қойнауының қатпар- қатпар белесінен байқасақ, ежелден- ақ ру тайпаларымыздың өзі жерін еш жауға бастармаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеудегі батырлық ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үні жаққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен.

Мен кино-спектаклін көргенім жоқ, бірақ «Түркістан» газетінде шыққан Томирис-Тұмар падшайымның бейнесін көз алдымызға елестетіп берген Дария Жүнісова тәтейдің сөзін оқығанда қазақ қыздары-тәтелеріне деген сүйіспеншілігім мен мақтанышымды тілмен жеткізе алмаймын.

Жұлдыздың көркі болар ма,
Ішінде бір ай болмаса!
Халықтың көркі болар ма ,
Басқарған хан болмаса?!

-деп Нысанбай атам жырлағандай, маған сол кездегі Тұмар падишаның – сақ қызының ерліктері, аяулы Отанымды қорғаған еліне деген сүйіспеншілігі, ерлер сияқты қолына қару алып, ат құлағында ойнап жүріп жауын жеңуі қалай әсер етпейді.Оның мына сөздерін оқығанда еркін далаға шығып , не қала алаңына барып , қолымды жайып, бар даусыммен айқайлап алғым келеді.

«Маған туған жердің бір уыс топырағы да қымбат. «Сонда не бар?» деп тұрсындар ғой... Менде ел бар менде жер бар , мен елімді жерімді қорғадым» деген сөзді Тұмар падиша сияқты Дария тәтей кеудесіне дем алып , сонау қазақтың байтақ даласына тебірене де ,алысқа көз жіберсе де қараған көрінісін көргенде , осындай байтақ та бай дарқан далам бар – ау. Оны қорғап бізге жеткізген батыр қыз- Ана болды –ау !–деп бір жұдырықтай жүрегімде ерлік сезім пайда болады. Мен солардың ұрпағымын ғой деп қуаттанамын.

Халқым сол заманнан бері-ақ елінің елдігін, жерінің байлығын сақтап қалу жолында талай ер жүрек, ақылды да білгір азаматтарының бастауымен , «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы », «Тәуке ханның жеті жарғысы» деген қағидаларды сақтап, «Абылайдың ақ жолы», «Нұрсұлтан ағамыздың нұрлы шапағатына» ұласып отырғаның көріп отырмыз.
Осы дәуірге жету жолында Отаным – қазақ елінің көрген қасіретін енді Тәңірім еш елдің басына бермесін дер едім.

Айдын шалқар,күміс сулы бұлағым,
Жасыл желек ат көрінбес құрағым.
Маңғырған мал даласында жайылған,
Бабалардың болған сондай тұрағы.
Бұхар,Қохан бұл байлыққа қызықты,
Орыс патша арам ойлы бұзықты.
Қорған салып , жерін алып , қуса өзін,
Сонда көрген сорлы қазақ шыжықты.
Қазақта жер қалмады патша алмаған ,
Елін, жерін , малын тегіс жалмаған.
«Қойға тиген қасқырдай» боп қазақтан ,
Отаршылық қыр сонынан қалмаған...

Қара құйындай қайта –қайта соғып, халқымның ұйқы-тұйқысын шығарған жоңғар шапқыншылығы, Сыр бойының сұлу сымбатын ойрандап, баса көктеп кірген Қохан бектері, Цин империясының ызғарлы лебі де қазақ жеріне жеткен еді... Кім қызықпайды байтақ та бай далама!

Халық басына осындай қиын – қыстау заман зары туған шақта, қазақ қауымының бас көтерген батыр да ер жүрек перзенттері елдің елдігін, ерлігін сақтап қалар кезеңге тірелгенде қол бастаған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, т.б .батыр ерлерінің жау жолатпас қасиетін басқарған хан Абылай сияқты данагөй бабаларым болды.

Абылай сегіз қырлы тарлан еді ,
Халқымның асқар таудай арманы еді.
«Беріңіз, ел мен жерді қорғаймын» деп,
Батасын бабалардың алған еді.
Жорыққа өзі бастап барған еді,
Осы жер содан бізге қалған еді.
Тәуелсіз ел, ешкімге бодан болмай,
Бірігіп өмір сүру арман еді...

Халық мүддесі жолында табандылығын да, тапқырлығын да таныта білген тұлғалы жауынгер Абылай бастаған батырдың аяулы Отанын қорғаған ерлік-батылдығын, ел арасындағы бет – беделдері туралы талай тарихи зерттеушілердің жеріне жеткізе жазғанының куәсімін. Ел басына күн туғанда даналығымен , батырлығымен , парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білді,халықтың басын қосты . Қазақ халқының күшін тасытты , мәртебесін көтерді, қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. Батырларын , елін сүйген ерлерін , ақын-жырау өнерпаздарын достық бірлікте ұстап , оларды жүзге бөліп жармайды. Жауын торғайдай тоздырып, тарыдай шашып, ірімшіктей іріткен, қоқандап қоңқылдаған Қоханмен де, қалың қара Қытаймен де, ормандай орыс пен де тіл табысқан бабамыздың даналығының арқасында , осы біз өмір сүріп отырған аяулы Отаным- Қазақстан жері сол бабалардың сақтап қалған , бізге қалдырған асыл мұрасы екен ғой.

Қаны қандас, тілі тілдес, дініміз де, тіліміз де бірдей бауырлас ағамыз Расул Ғамзатов өзінің әкесінде Шамильдей ерлерінің бір хатының сақталғанын айтады.Онда былай деген екен :«Менің таулықтарым! Өздерінің жалаң – жабайы жартастарынды сүйіңдер...Оны сақтандар, ол үшін күресіндер. Сендердің қылыштарынның шыңылы менің бейіттегі ұйқымды тыныш қылар»...(Расул Ғамзатов, «Менің Дағыстаным»,28-б)

Сол сияқты аяулы Отаным – Қазақстан жерін бабаларымыз қалай ерлікпен қорғап бізге қалдырған , кейінгі ұрпағына «асыл мұрам, ал балам» деп айту үшін бізге тұтас уланбай, жоғалмай, өртенбей, сынбай-жанбай, ауыр азап, қиын-қыстау кезеңдерді бастарынан өткізген екен. Зұлмат ашаршылық, зиялы қауымды жоқ қылған тоталитарлық қысым, қаншама боздақтардан айырылған 1941-1945 жылғы қырғын соғыс, 1986 жылғы желтоқсандағы қазақтың қыз – жігіттерін бульдозермен қырып тастаған ауыр апат – осының бәрінде айбатынан жау жасқанған дұшпандарын жеңіп шыққан – қазақтың жауынгер батыр ұлдары, өмірдің ащысы мен тұщысына төзе білетін қазақ халқы.«Қазақ халқының ерлері де батыр, қыздары да батыр», - дейді екен түрік халықтары.Түріктер өздерінің жауынгер – патриот ұлдарын мадақтағанда :

«Бұл – нағыз қазақ» деген аңыз осы күнге дейін сақталған. Сол сияқты бейіште тыныш жатып, жұмақта еркін болуын , фәнидегі ерлерінің ғаламаттығын айқындаған Мәлік Ғабдуллин ағамыздың ерлігін:

«Сонда саған тиген атақ,
Жыр болар да сақталар.
Дүниеге атам қазақ –
Ер туғыздым деп мақтанар» ,

- деген екен Қалижан Бекхожин. Аяулы Отаным , туған көкше жерінің төл перзенті Мәлік Ғабдуллиннің ерлігін атам қазаққа , әлем алдында әйгілеген екен.

Қазақтың маңдайына біткен ұлы , тұңғыш Президентті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ағамыз достықтың, бірліктің, бауырмалдықтың көк туын берік ұстап, тасқа тұяғын қашаған тұлпар мінген батырларша , халқына тыныштық пен жігер беріп, шыдамдылық пен төзімділіктің шегіне жеткізіп тәрбиелеп отыр. Аяулы Отан – Қазақстанды әлемге аян етіп отырған Елбасының, халқының ерлігін Дихан – Баба Әбілев атамыз:

Рахмет , Елбасының ерлігіне!
Елімнің сенім артқан елдігіне!
Қарамай қиындықтың қыңырына,
Ақыл мен алғырлығы женді міне.
Жасандыңыз жаңашыл талабына
Мың рахмет, Нұрсұлтан қарағыма !

– дейді, ғасыр куәсі болған бабамыз. Аяулы Отаным –Қазақстан-ядролық қарудың қасіретін әлем бойынша ең көп тартқан ел. Оның талай ғасырға жететін тарихын қозғасам ,кішкене жүрегім сыздап, бабалардың басынан кешкенін көзіме елестетсем, көздің жасын тия алмаймын. Қазақстан ядролық инфақұрылымнан құтылуды әлемге айғақ еткен, әлемге Қазақстанды бейбітшілікті сүйетін ел ретінде танытқан ,еліме тәуелсіздіктің туын желбіреткен Елбасы Нұрсұлтан ағамызға алғысымыз ұшан - теңіз.

Қорыта келгенде ,аяулы Отаным – Қазақстан туралы айтарымыз да , мақтанарымыз да көп – ақ! Жинақтап келгенде : «Біз аса мәнді тарихи парызымызды өтей білдік. Сан ғасырлық сындардан қайыспай , азаттықты аңсаған халқымыз хақында әділеттілікті қалпына келтіріп, бостандыққа жетіп, жаңа мыңжылдыққа әлемдік қоғамдастықтың терезесі тең мүшесі болып қадам басқалы отырмыз... Өзіміздің арғы бергі бабаларымыздың сан ұрпағы армандап, сол жолда аямай күрескен тәуелсіз мемлекетімізді қалпына келтірдік. Біз келешек ұрпағымыздың бақытты өмір сүру үшін осы заманғы, дамыған демократиялық қоғам орнатудамыз. Не істесек те біздің көздейтініміз

– адамның бақыты» , деп – деген Елбасы Нұрсұлтан ағамыз халқына жаңа жылмен құттықтауында.

Ендеше, аяулы Отаным – Қазақстанды көркейтетін ,байытатын, өз бақытының иесі болуына қол жеткізетін халқым, біз сияқты ұрпақтар екен. Мен де «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар, қалан!» - деген Абай атам өсиетін есіме мықтап ұстадым...



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?




KZ » Қазақша Шығармалар жинағы, менің отаным қазақстан, шығарма қазақстан туралы, қазақстан туралы шығарма, қазақстан туралы шығармалар, менің отаным қазақстан туралы шығарма, менің отаным қазақстан туралы шығармалар, менің отаным қазақстан туралы әңгіме, отан туралы шығарма, отан алтын бесік шығарма, казакша отан алтын бесік шығарма, отан алтын бесігім шығарма, Отаным – алтын ұям бесігім шыгарма скачать, скачать сочинение Отаным – алтын ұям бесігім, менің отаным казахстан шыгарма, Қазақша шығарма: Менің Отаным - ҚАЗАҚСТАН, Қазақша шығарма, Менің Отаным - ҚАЗАҚСТАН туралы казакша шагарма, Отан туралы шығарма, менин отаным казахстан шыгарма, менің отаным қазақстан шығарма сынып, алтын ұяң отан қымбат шығарма, казакша алтын ezy отан кымбат шығарма, Алтын ұяң - Отан қымбат шығарма, Алтын уян Отан кымбат шыгарма скачать, скачать сочинение Алтын ұяң - Отан қымбат, отан туралы шығарма, алтын ұяң отан қымбат шығарма, казакша алтын ezy отан кымбат шығарма, Алтын ұяң - Отан қымбат шығарма, Алтын уян Отан кымбат шыгарма скачать, скачать сочинение Алтын ұяң - Отан қымбат, менің отаным казахстан шыгарма, Қазақша шығарма: Алтын ұяң - Отан қымбат!, Қазақша шығарма: Алтын ұяң - Отан қымбат! шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы

  • Анализ сайта www.zharar.com