Жоғары сатыдағы жануарлар организмінің миллиардтаған клеткалардан тұратыны белгілі және олар бәрі 6ip-6ipiмeн тығыз байланысқан. Осыншама көп клеткалар өзара үйлесімді әрекет жасайды, сондықтан да ол тipi организм денесі біртұтас болып табылады. Клеткалардың үйлесімді әрекетін нерв жүйесінде және эндокрин бездерінде жасалатын заттар реттеп отырады. Нерв жүйесі нейрондардан, нерв клеткаларынан турады, оларда нейромедиатор заты түзіледі, нерв жүйесінде қоздыру, хабар беру осылар арқылы іске асады. Нерв жүйесі арқылы хабар беру өте тез — миллисекунд ішінде беріледі. Нерв клеткалары бірімен-6ipi өзара тікелей байланысқан. ....
Жануарлар клеткасы плазмалық мембранамен шектелген ядро мен цитоплазмадан тұрады. Цитоплазма негізгі заттан (гиалоплазмадан), органоидтардан және кірінділерден түзіліді. Кірінділер немесе параплазмалық құрылымдар дегеніміз клеткалық метаболизмге қатыспайтын, клеткалардың көпшілігінде байқалатын алмасу өнімдерінің жиынтығы. Бұған жататындар: майдың тамшылары, гликогеннің түйіршіктері, белоктардың кристалдары және пигменттік кірінділер. Органоидтар клеткалардың барлығына дерлігінде кездеседі және заттар алмасуында маңызды функция атқарады. Бұларға эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, митокондриялар тағы басқалар жатады. Итальян ғалымы К. Гольджи 1898 жылы ауыр металдардың ерітінділерімен (осий немесе күміс) нерв клеткаларын бояғанда оның цитоплазмасында тор тәрізді қара материялдың барын бірінші болып тапты. Оны «ішкі тор тәрізді аппарат» деп атады. Кейін бояу әдістерін жетілдіру арқылы Гольжди аппаратыныңбарлық эукариотты клеткаларда болатыны толық анықталады. Жарық микроскопы арқылы оның анық көрінуі Гольджи аппаратының мембранасының осмий ерітіндісін өзіне жақсы сіңіретіндігінен екен. Егер осмий ерітіндісімен бояса, кейбір клеткаларда бұл аппарат тор-тор түрінде кездеседі де олардың құыстары бір-бірімен байланысып жатады, ол кейде жеке (диктисома), кейде түйір денешіктер немесе орақ тәрізді болып келеді. сонымен Гольджи аппараты клеткаларда тор тәрізді немесе диффузды түрінде кездесуі мүмкін. Әр түрлі жаңа әдістерді (электорнды микроскопия, афторадиография, цитохимия, биохимия) қолдана отырып, Гольджи аппаратының құрылысы жан-жақты зерттелді. Негізінде бұл аппараттың құрамына цитоплазманың негізгі бөлімдері-цитозольа (глиалоплпзма зонасы), түтікшелері мен көпіршіктерінен тұратын мембрана бөлігі және мембраналардың ішіндегі қосындылар жатады. ....
Соңғы кезеңнің өзекті проблемаларының бірі – ұлттың сақталуы, халықтың саулығы. Бұл мәселенің көтерілуі кездейсоқтық емес. Адамзат тарихында тұтас бір халықтың жойылып кеткен кездері де аз болмаған. Оның басты себептерінің бірі – зорлық-зомбылық. Ол ғылыми тілде «геноцид» деп аталады.Жиырмасыншы жылдардың екінші жартысынан бастап қазақ аспанын бір қара бұлт торлай бастады. Ол бірте-бірте түйіле келе отызыншы жылдардың басында ызғарлы дауылға ұласты. Даланы, қазақ сахарасын үрей биледі. Ұлы үрей! Содан да болар, Алаштың азаматтары басының ауған жағына көшті, босты. Сіңіріне ілінген сорлылардың көбі-ақ ажалдың ащы шеңгеліне ілікті. Демографтардың нақты деректеріне сүйенсек, 20-30-жылдардың бұл ойраны анау «ақтабан шұбырындыңызды» екі орап алардай тым алапат. Демек, қазақтардың тарихта бұрын-соңды өз басына түсіп көрмеген ұлы қырғынға ұшырағаны ғой. Сонда тұтас бір халықтың көз-жасын шығарып, ұлы сүргінге душар еткен кім? Ол ел жадында аса бір сүйкімсіз «Қужақ» деген лақап атпен жатталып қалған, жұрт аузында әлі сан ғасырлар бойы Қужақ аталып кете баратын кәдімгі Филипп Исаевич Голощекин еді. Голощекин кім еді? Ф.И.Голощекин (Шая Ицкович) 1876 жылы 26 ақпанда (ескіше 10 наурызда) Витебск губерниясындағы Невель деген шағын қаладағы ұсақ буржуаға жататын отбасында дүниеге келді. Голощекин 1903 жылы Ригада РСДРП қатарына кірді. Оның бұдан кейінгі Қазан төңкерісіне дейінгі өмірі қуғын-сүргінмен өтеді. Небәрі алты жылдың ішінде жеті рет түрмеге отырып шығады.1918 жылдың ақпанынан бастап Уральск әскери комиссары болады. Сол жылдың шілде айында Екатеринбург ақ казактар мен ақ чехтардың қоршауында қалады. Урал облыстық советінің құрамындағы солшыл ехерлер, анархистер, әсіресе, қызыл революционерлер Романовтарды құртуды талап етті. Олардың қатарында Голощекин де болды. Осы кезде Урал облыстық советінің шешімі бойынша 17 шілдеде Ипатьев үйінде қамалған ІІ Николай патша атылды.Голощекин – 1929 жылдың сәуір-маусым айларында Түркістан әскери-революциялық советінің мүшесі, ал тамыздан бастап Челябі губерниялық ревкомының төрағасы. 1920-22 жылдары Башқұртстанға, Костромада түрлі шаруашылық қызметін атқарды. 1923 жылдың қыркүйегінен Қазанға келгенге дейін Самара губерниялық атқару комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. Алғашқы әрекеттер Қазақстанға келе сала Голощекин бірден өзіне тән шапшаңдықпен іске шұғыл кірісті. Ол ең алдымен «1917 жылы қазан мен 1925 жылғы қыркүйек аралығында қазақ сахарасында Совет үкіметі болмады, коммунистік партия ұйымы жоқ» деген шешімге келді. Голощекиннің командалық-әкімшілдік жұмыс әдісі етек алып өрістей бастаған кезде республикалық партия, совет активі оған қарсылық та көрсете бастады. Міне, осы тұста әккі әкімшіл, өктем Ф.Голощекин оппозиция қанатын бірден қырқу үшін жаңа саяси бағытты дәлелдеп Сталинге хат жолдады. Көп ұзамай оның арандатушылық саясатына тоқтаусыз жол ашқан: «Тов. Голощекин. Я думаю, что политика, намеченная в настоящей записке, является в основном единственно правильной политикой. И.Сталин», – деген жауап та келіп жетті. Міне, осы тұста Голощекиннің әкімшілік-әкімгер басшылық әдісіне қарсы шыққандарға неше түрлі жала жабылды. Т.Рысқұлов, Н.Төреқұлов, С.Сейфуллин, О.Жандосов, Н.Нұрмақов, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, С.Меңдешев, А.Әйтиев сияқты партия, Совет қызметкерлерінің, өнер қайраткерлерінің атына ғайбат сөздер, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов және басқалардың соңына шам алып түсушілер көбейді.....
Гипотрофиясы бар балалардың тамақтануын,емін бақылау және күтімін ұйымдастыру.
Мақсаты:Баланың антропометриялық көрсеткіштерін қалпына келтіру,асқынуларын болдырмау. Медбикенің іс-әрекет жоспары Түсініктеме 1.Ауру жөнінде туыстарына хабарлау. - туыстары ол туралы білуге құқылы. 2.Баланың тамақ рационындағы ақуыз,май,көмірсуды реттеу-ді ұйымдастыру. - Гипотрофияның себебі- дұрыс тамақтанбау- балада ақуыз,май,көмірсу жетіспеу-шілігі дамиды. 3.Баланы қосымша сұйықтық енгізумен қамтамасыз ету. - Эксикоз дамуының алдын алады. 4.Гипотрофияның дәрежесіне байланысты та-мақ көлемін бірте-бірте көбейту. -Тағамды қорыту қиындайды. 5.Баланың күн тәртібін ұйымдастыру және қадағалау -Күн тәртібі уақытымен тағам қабылдауына көмектеседі,нәтижесінде тағам жақсы сіңеді. -уақтылы ұйқыны қалыптастырады,ол организмнің қорғаныс факторын жоғарылатады. 6. Балаға белсенді қозғалыс режимін ұйымдастыру. -Өкпеде іркіліс көріністері дамымайды. 7.Қосымша аурулардың қосылуының алдын алуға байланысты шаралар жүргізу. - гипотрофия екіншілік иммунодефициттің дамуына байланысты қолайлы жағдай болып есептелінбейді 8.Туыстарын баланың жасына байланысты массаж,гимнастика жүргі- зуге үйрету. -Бұлшық ет гипотониясының дамуының алдын алады. -Массаж,гимнастика организмді нығайтады,иммунитеттің жоғарылауына көмектеседі. Рахит кезінде балаларды бақылау және күту.
Мақсаты:аурудың айқын клиникалық белгілерінің дамуына,қосалқы аурулардың дамуына жол бермеу.
Мейірбикенің іс-әрекет жоспары. Түсініктеме. 1.Туыстарына ауру жөнінде,мүмкін болатын асқынулары түрінде мәлімет беру. -Туыстары мәлімет алуға құқылы -Туыстары барлық жүргізілетін күтім шараларының мақсатын түсінеді. 2.Баланы толыққанды тамақтандыру,олардың құрамында міндетті түрде витаминге (әсіресе Д),кальцийге бай тағамдардың болуын қадағалау. -Рахит-бұл көп мөлшерде Д витамині жетіспейтін полигиповитаминоз. Бала организмінде кальцийдің төмендеуі байқалады. 3. баланың таза ауада ағаш көлеңкесінде ұзақ уақыт болуын қадағалау. -УКС әсерінен бала терісінде Д витаминінің түзілуі жүреді. -Ағаш көлеңкесі инфрақызыл сәулені ұстап қалады және баланы қызып кетуден сақтайды. 4. балаға күнделікті массаж бен гимнастиканың өткізілуін ұйымдастыру. -Рахит кезінде бұлшық ет гипотониясы байқалады. 5.Қосымша аурулардың қосылуының алдын алу. -Рахит қолайсыз преморбидті жағдай.....
Гипертониялық криз - бұл артериялық қан қысымының кенеттен өзінің қалыпты деңгейінен өте жоғары деңгейге көтерілуі салдарынан ми және жүрек-тамыр жүйесі ауруларының клиникалық белгілерінің өршуіне әкеліп соғатын синдром. Ол көбінесе гипертония ауруының асқынуынан болады. Кейде бүйрек үсті безінің қатерлі ісігі бар (феохромоцитома) науқастарда кездеседі. Гипертониялық криздердің өршітуші жайттарға: — көңіл-күй күйзелістері; — ауа-райы өзгерістері; — тұзбен суды мөлшерден көп қолдану; Дәрттің өршу жиілігі жылдың бөлгілі бір уақыт мезгіліндегі ауа-райының құбылып тұруына байланысты. Мысалы, көктем, күз айларында, жиілесе, жаз, қыс айларында сирейді және де ол еркектерге қарағанда, әйелдерде жиірек кездеседі. - гипотензивтік дәрі-дәрмектерді (клофелин, октадин, т.б.) қабылдауды кенеттен тоқтату т.б. жатады. Гипертония кризі клиникалық, гемодинамикалық биохимиялық көрсеткіштерінің айырмашылығына қарай (Н.А.Ратнер (1958ж.) бойынша) I типті — адреналдық және II типті - норалреналдық; ал патогенезі бойынша; әр систола кезіңде қолқаға құйылатын қанның көлемі мен перифериялық қан тамырлары кедергісінің өзгеруіне қарай: гиперкинетикалық аукинетикалық және гипокинетикалық деген түрлерге бөлінеді. I типті немесе гиперкинетикалық криз қанға адреналиннің бөлініп шығуына және систолдық қан көлемінің жоғарылауына байланысты. Ол гипертония ауруының алғашқы I және ІІ сатыларында кездеседі. Оның ұзақтығы 2 сағаттан көп болмайды және жеңіл түрде етеді.....
“Геном және қоршаған орта, генетикалық токсикология” тақырыбында есімі әлемге әйгілі биолог Александр Холландердің халықаралық курсы басталды. Қоршаған ортаның мутагенезі бойынша халықаралық қоғамдас¬тық-тардың ассоциациясы жанын¬дағы Александр Холландер коми¬тетінің ұсынысы бойынша осымен 15-ші мәрте өтіп жатқан халықара¬лық семинарды Л.Н.Гумилев атын¬дағы Еуразия ұлттық университеті мен АҚШ-тың Техас медициналық университеті ұйымдастырды. Бүгінде Қазақстандағы өндіріс¬тік қазбамен айналысатын мекеме¬лер¬дің табиғатқа келтіріп жатқан за¬лалы, Семей ядролық полигоны¬ның салдары, сулардың ауыр ме¬тал¬дармен, пестицидтер және өзге де органикалық қоспалармен лас¬тануы, Арал теңізіндегі экология¬лық апат, қоршаған ортаның ра¬дио¬активті, химиялық және биоло¬гия¬лық мутагендермен залалдануы және басқа да факторлардың әсері, онкологиялық аурулармен байла¬ныс¬ты тұқым қуалайтын аурулар санының өсуі – осының барлығы генетика ғылымы зерттейтін өзекті мәселелер екені белгілі. Осы ретте курс аясында қазіргі экологиялық генетика және адам генетикасының көкейкесті мәселелері бағытында ғылыми қоғамдастықта өте таны¬мал болған АҚШ, Жапония, Түр¬кия, Польша, Румыния, Чехия, Иран, Үндістан, Таиланд және Қа¬зақстан ғалымдарының баяндама¬ла¬ры тыңдалуда. Бұл пленаралық баян-дамалар қоршаған ортаның му¬та¬генезі және оның шешілу жол¬дарына арналуымен өзекті дер едік. Халықаралық семинардың ашы¬лу салтанатында сөз алған Қазақ ҰҒА академигі, биология ғылым¬дары¬ның докторы Рахметқажы Бер¬сімбаев, Техас университетінің про¬фессоры, доктор Уильям Ау, Цин¬цинатти университетінің про¬фессоры Питер Стамбург қазіргі таң¬да генетик ғалымдардың зерттеу ны¬санына айналған мәселелер өзінің өзектілігімен ерекшеленеті¬нін, осы орайда, Александр Хол¬ландер кур¬сын өткізудің маңызы зор екендігін атап өтті. Бұдан кейін курстың бағдар¬ла¬масы бойынша түрлі тақырыпта баяндамалар тыңдалды. Семинарлар кезінде баяндама¬шы¬лар бүгінде барлығы 5000-ға жуық тұқым қуалайтын ауру бар екендігіне, олардың 2000-ға тарта түрі ауыр мүгедектік жағдай туды¬ратынына тоқталып өтті. Сонымен қатар, тұқым қуалайтын аурулар хромосомалардың санындағы өзге¬рістерге немесе олардағы мутация¬ларға байланысты пайда болатыны, осындай мутация-лардың басым көпшілігі мыңдаған жылдар бойы ұрпақтан ұрпаққа бері¬ліп, адам популяциясында сақталып келетіні де айтылды. Осы ретте атал¬ған ауру түрлерінің алдын алуға ғы¬лыми ой-сананы бағыттау, бұл жолда әлемнің озық ойлы мамандарының басын біріктіру қажеттігі де әңгіме өзегіне айналды. Бұл күні тыңдалған баяндама¬лар кезінде көптің назарын ауда¬рар¬лық қызықты жәйттер де ай¬тыл¬май қал¬мады. Адамның өзіндік генетикалық ерекшеліктері туралы мәліметтерді білудің маңызы ай¬рық¬ша екені белгілі. Себебі, мұн¬дай мәліметтер нәрестенің дүниеге келгеніне дейін оның қандай тұқым қуалайтын ауруларға бейім екенді¬гін болжауға, алдын алуға және ем-деудің түрлерін анықтауға мүмкін¬дік береді. Сол себепті, соңғы жыл¬дары тұқым қуалайтын аурулардың белгілі бір түрлеріне шалдығуға бейімділікті анықтайтын, алдын ала болжайтын әдістер және емдеу шаралары ойлап табыла бастаған екен. Мәселен, бө¬тен қосылыстар¬ды зиянсызданды¬ратын кейбір ген¬дердің болуы бүйен ішектегі қатерлі ісіктің пайда болу мүмкіндігін тө¬мендететін көрінеді. Қатерлі ісік ауруларының кейбір фор¬маларынан қорғайтын мұндай ген¬дердің табы¬луы – осының бір дәлелі. Бұл қор¬шаған ортаның мута¬гендік фак¬торлары мен клетканың генетика¬лық аппаратының өзара бай¬ланыс¬тарын зерттеуге әлемнің ал¬дыңғы қа¬тарлы зертханаларында айрықша мән беріліп жатқанын білдірсе керек. Генетика саласындағы түрлі түйткілдерді өзек еткен курс жұмысы 26 қыркүйекке дейін жалғасады. ....
Американдық психолог Фриц Перлз ойлап тапқан. Топтың мүшесі және оның көшбасшысы келісім- шарт қарым- қатынас жасау түрінде жүргізіледі. Және де топтың барлық мүшесі бұл үрдіске қатыспай, бақылап отырады. Мұндай бақылау әрқайсысы өзін және өзінің мәселелерін түсінуге көмектеседі. Осының негізінде жеке тұлғаның өзгеруіне мүмкіндік береді. Гештальттерапияның мақсаты осы немесе басқа құрылымдардың төмендеуінің қандай болуына қарамастан, “күрес” пен “жөндеуге” емес, адамның жақсы болуының үйлесімділігін дамыту мен ұстап тұруға бағытталған. Сондықтан о-бастан ақ терапия медициналық көмек берумен емес, дененің үйлесімділігімен айналысты. Гештальттерапияның клиенттері өзінің жақсы болуын талдауға және сәттілікке ұшыраған қарым- қатынасқа қандай да бір сәттілік туралы жұмыс істеуге мәселелер мен қиындықтарды шешуге ғана тоқталып қалмайтындығына қатты таң қалуда. 80 жылдары американдық студенттермен (санау бөлімі бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлер) терапияның әр түрлерінің әр түрлілігінің эффективтілігі туралы сұрақ бойынша өткізген талдауы шын негізінде нәтиже, баға және даму арасында ешқандай маңызды корреляция жоқ екенін көрсетті. Гештальттерапевт тығылмайды, керісінше өзінің ойларын айтады, өзінің қатынасын, сезімін білдіреді, өзімен тең санайды. Әрине ол мұндай сезімдерді білдіргенімен, ол өз өзін ұстай алады. Ол вербалды және физикалық түрде араласуы мүмкін, егер керек болса алдыңғы үрдісті күшейте де алады және жағдайға жекелік мағына беруіне мүмкіндік береді. Гештальттық психотерапия “жекелік” немесе “топтық” терапияны емес, “диадтық” терапияны білдіреді. Бұл жағдайда клиент пен терапевтің бір уақытта қатысуын енгізеді. Бұл терапия “осында және қазір” деген екі адам арасында болады. Ол алдыңғы үрдісті түсінуге және жаңа құрылымдардың эмоционалды апробированиесіне бағытталған.....
Гимнасттардың жоғарғы квалификациялық даярлық процесі жаңадан келген гиманстан мемлекетаралық спорттық шебер дәрежесіне дейінгі көп жылдық жолын айтады. Арнайы жүйелі сабақтардың басталуынан бастап, спорт шебері деңгейіне дейінгі оптималды мерзім әйелдерде орта есеппен 5 – 7 , ер кісілерде 7 – 9 жас құрайды. Бүкіл гимнастикалық практиканың кезеңі 15 – 20 жыл қатарынан созылуы мүмкін. Гиманстарды дайындығын кезеңін, мерзімін анықтаудың критериі дүние жүзінің ең күшті гимнастарының ең жоғарғы күрескішінің нәтижесі мен жетістікке жетуге жұмсалған уақыттың орта есеп, облып табылады. Гимнастарды көпжылдық даярлық концепциясы сабақты жүргізуде бағдарламалық нормативті талаптарға және ұйымдастырушылық формасын қарастыратын ортаны құралдармен әдістер жүйесі туралы мағлұматқа негізделген. Гимнастиканың жаңа , едәуір жоғары спорт ретінде дамуы және сәйкесінше жаңа білім деңгейі оны басқару жүйесі ретінде қарастыруды қажет екендігін анықтайды. Басқарудың жалпы түрі объектінің күнгі өзгерту мақсатымен бағытты әсер етуді қарасытырады. Гимнастикада басқару объектінің мақсатына байланысты тұтастай спорт түріне дамытуға немесе елдің жиындық командасын даярлау деңгейінде немесе тренердің гимнастар тобымен жұмыс жасау шегінде оқытуға бағытталған процесс ретінде қарастыруға болады. Басқару талап етілген уақытына қажетті нәтижелерді негізгі күтуді білдіреді. Шындығында егер спорттың даму заңдылықтары туралы білімге сүйенер болсақ, даярлықтың прогрессивті құралы мен әдісін қолдансақ ұйымдастырушлық формалары дұрыс жүргізсек спортсменнің шеңберліктің биік шыңына жету жолындағы оқиғалардың сұрағын құбылыс ағымын жоюға толық негіз бола алады. ....
ХІХ -ғ Германияда әлеуметтік жұмыс ғасыры болды. Әлеуметтік жұмыстың құрылуы мен дамуы мемлекеттің индустриализациясы ықпал етті. Өйткені бұл жағдайдың әсерінен көп отбасылар кедейлік шегіне болды. Соның нәтижесінде көп отбасылар мен адамдар әлеуметтік қамсыздандыру қажет етті. ХІХ-ғ ІІ- жартысында мемлекетке әлеуметтік қызмет көрсеткен қайырымдылық қорлар мен шіркеулерде жеткілікті қаражат болмады. 1880 ж Германияның конгресінің қолдауымен кедейлерге қамқорлық көрсету қайырымдылық съезінде Германдық мемлекеттік және қамқорлыққа алу деп айлық өзгертілді. Ол басында Бермен қаласында орналасты ( 1993 ж-дан 1945 ж-ға дейін), содан Франкфурте-на-Майне қаласына ауысты. Бұл орталық одақ мемлекеттік, жеке меншік, қоғамдық мекемелерде сонымен бірге жеке адамдарды ФРГ-да әлеуметтік жұмысшы іске асратындарды біріктірді. Германдық одақ практиканттарды, әлеуметтік педогогтарда, ғалымдардың бірігуіне және бірігіп әлеуметтік көмек саласына, шашарға және денсаулық сақтау саласына көмек берудің іргетасын салды. ГДР мен ФРГ-ң қосылуынан кейін қатысушылардың саны одан да көп көбейіп, 3000 мың адамды құрады. Мемлекет тарапынан бұл ұйымға федералды деңгейдегі өкілдер, федералды деңгейдегі жерлер, бас қалалар мен аймақтар кірді. Қоғамдық ұйымдардан жұмысшыларға арналған қайырымдылық бірлестіктер, католикті «Каритас», Германдық « Қызыл Крест» және т.б. қайрымдылық одағы. Сонымен бірге оған жеке адамдар кірді, ең алдымен әлеуметтік қызметкерлер, басқарулардың, жетекшілері мен танымал қоғамдық қайраткерлер кірді. Одақ жұмысына білім мекемелері, зерттеу институттары, әлеуметтік жұмыс тәжірибелік мекемелер. Германияда әлеуметтік қызметтәуелсіз жеке сектордан мемлекеттік қорларына өту көп кездесуде. ....
1815-1848 жылдары герман мемлекеттерінде капиталистік қатынастар қарқынды дамыды. Пруссияда помещиктік шаруашылық буржуазиялық –юнкерлік шаруашылыққа айнала бастады. Батыс және Оңтүстік-батыс Германияда ірі шаруашылықтардың пайда болуы және шаруалардың кедейленуі кең ауқым алды. Жеке мемлекеттердің экономикалық бірігуінде 1834 жылы Пруссияның ынтасы бойынша құрылған Неміс кеден одағының зор маңызы болды. Неміс мемлекеттерінде өнеркәсіптік төңкеріс кең орын алып, темір-жолдар салынды, тау-кен және металлургиялық өнеркәсіп өсті. Машина жасау және тоқыма өнеркәсібі дамыды. Германияның бірігуі. Пруссия Сардиния корольдігіне қарағанда, ХІХ ғасырдың ортасына қараай ұлы дәрежесі бойынша соңында болды. ХІХ ғасырдың басындағы әскери реформаның нәтижесінде күшті әскер құрылып, Пруссия ұлы державалар қатарына қосыла алды және басқа герман мемлекеттерінің есебінен өз аумағын ұлғайтты. Пруссияның құрамына табиғи ресурстары бай Германияның дамыған аумақтары кірді. Пруссия аумағына өзге герман мемлекеттері сыналай кіріп жатқандықтан, Пруссия жалпыгермандық істерге араласуға мәжбүр болды. Пруссия неміс тұрғындары мекен еткен протестанттық мемлекет болды. Неміс ұлттық қозғалысын жақтаушылар Пруссияның Германияны біріктіру әрекеттеріне үлкен үміт артты. Король ІV Фридрих Вильгельм науқастанып, өз өкілеттігін ағасы І Вильгельмге бергеннен кейін Пруссия ішкі германдық істермен айналыса бастады. Оны толғандырған басты мәселе Австрияны әлсірету және барлық герман мемлекеттерін Пруссия маңына біріктіру болды. 1862 жылы жаңа король өзінің бірінші министрі етіп 47 жастағы Отто фон Бисмаркті тағайындады. ХІХ ғасыр басындағы реформалар пруссия әскерін жалпыхалықтық әскерге айналдырды. Бисмарк әскерге баса көңіл бөлді. Бисмарктің және оның көмекшілері - әскери министр Альбрехт фон Роонның және Бас штаб басшысы гельмут фон Мольткенің арқасында пруссиялық әскер Еуропадағы ең күшті әскердің біріне айналды. 1864 жылғы Пруссия мен Австрияның Данияға қарсы соғысы Австрияның талқандалуына бастама болды. Дания мемлекетінің құрамында немістер тұратын екі провинция –Шлезвиг және Гольштейн болатын. Дания бұл соғыста жеңіліске ұшырағаннан кейін Пруссия Шлезвигті, ал Австрия Гольштейнді басқару билігін иемденді. ....