Биология | Гормондар тіршілік стимуляторлары

Биология | Гормондар тіршілік стимуляторлары

Гормондар – тіршілік стимуляторлары
Эндокрин (гректің endo krin — ішке шығарамын деген cөзiнен шыққан) бездерінде немесе iшкi секреция бездерінде гормондар түзіледі, ол гормондар қанға қосылады да, қан арқылы синтезделген жерден қашықта орналасқан нысана — клеткаға жетеді. Эндокрин бездерінің гормон арқылы берілетін хабары тез емес, баяу жетеді, бірак, оның әcepi ұзақ болады.
Гормондардың түзілуін нерв жүйесі, әcipece ми қабығы рет¬теп отырады. Адамның және жануарлардың бүкіл өмір бойы тіршілік әрекетін, организмдегі зат алмасуын орталық нерв жүйесі басқарып отырады.
Гормон дегеніміз — биохимиялық процестерді реттейтін және адам мен жануарлардың аса маңызды тіршілік қызметіне қоздырушы әсер ететің химиялык зат.
«Гормон» деген термин гректің қоздырамын деген сөзінен шыққан (hormao — қоздырамын, қозғалтамын), оны ғылыми ұғым peтінде 1904 жылы У. Бэйлисс пен Э. Стерлинг енгізген.
Гормондар тек нысана — клетка деп аталатындарға ғана әсер етеді, ол клеткалардың ерекше маманданған рецепторлары (receptor — қабылдаушы деген латын сөзінен шыққан) болады, ондай рецепторлар плазмалық мембранаға немесе клетка iшiнe орналасқан және олармен байланысқан. Гормондар тиістi рецепторлармен өзара әрекеттесу нәтижесінде ғана биохимиялық процестерге әсер етеді, биохимиялық процестерді тездетеді, ал кейде тежейді. Гормонның жарты өмірі ұзақ емес, әдетте ол 6ip сағаттан кем.
Гормондар организмде аса маңызды үш түрлі қызмет атқарады: 1) физикалык, жыныстык, жетілуіне және ақыл-ойдың дамуына көмектеседі; 2) физиологиялық мүмкіндік жасайды және оны қамтамасыз етеді; 3) бірқатар аса мацызды физиологиялык, көрсеткіштердін (осмостық қысымның, қандары глюкоза деңгейінің) бірқалыпта болуын қамтамасыз етеді.
Ішкі секреция бездерінің, гипофиздің гормондары және гипофиздің гормондары жақсы зерттелген. Гипоталамус эндо¬крин жүйесін негізгі реттеуші болып табылады және мұнда «өте күшті гормондар» немесе «нейро гормондар» түзіледі. Олар басқа клеткаларда да гормонның түзушіне әсер етеді.
Эндокрин бездерінің құрылымы мен қызметінің, одан бөлініп шығатын секреттерді және зат алмасуды гормондардың реттеу механизмнің зерттейтін биохимия тарауын эндокринология деп атайды.
Эндокринологияның нeгiзiн қалаған француз ғалымы Броун-Секар. Ол 1890 жылы жас қошқарлардың өңінен алынған экстрактқа қатысты классикалық тәжірибе жасады. Ондай экстрак¬ты кәрі қошқарлардың денесіне (терісінің астына) құяды, оны бірнеше рет қайталараннан кейін кәрі қошқарлар ширайды, олардың қимыл-әрекеті жігерлі бола бастайды, тіршілік қабілеті жақсарады, қан қысымы қалпына түседі, жемшөпке тәбеті артады. Осы тәжірбиені өзіне icтeп байқайды (ол 72 жаста еді). Тәжірибеден кейін өзінде жаңа куш-қуат пайда болғанын сезінеді. Осындай тәжірибелерге суйеніп, Броун-Секар мынадай қорытынды жасайды: жыныс бездері және басқа да бездер канға жүгерлі заттар белгі шығарады, ол заттар бүкіл организмге және жеке мүшелерге қосымша куат береді.
Соңғы кездерде өсімдіктерден де олардың өсуі реттейтің гормондар табылды. Химиялық табиғатына қарай гормондар 4 топқа бөлінеді.
1. Белоктық және пептидтік: инсулин, глюкагон, гипофиз, ги¬поталамус, қалқанша маңындағы без гормондары.
2. Тироксин, адреналин, норадреналин, т. с. с. амин қышқылдарынын. туындылары болып табылатын гормондар.
3. Стероидтық: жыныс бездерінің гормоны, буйрек 6eзi гормоны, т. б.
4. Жергілікті әсер ететің гормондар (гормон тәрізді заттар):
полиқанықпаған май қышқылдарының туындысы — простагландиндер.
Қалқанша безінің гормондары.
Қалқанша без — iшкi секреция бездерінің ішіндегі негізгілерінің 6ipeyi. Организмде айналып отыратын барлық қан тәулік бойы бірнеше рет қалқанша 6eзi арқылы өтеді де, оның бөліп шығарған секретін барлық тканьдерге және мүшелерге жеткізеді. Қалқанша без гормондарының зат алмасуын реттеуден маңызын осыдан-ақ байқауға болады.
Cүтқоректі жануарлардын қалқанша безі мойынның ортасына таман, көмейдің астына орналасқан, оның пішіні қалқанға немесе тағаға ұқсас болады. Ол оншама улкен емес. Ipi қараныкі—15—45 г, жылқыныкі — 20—35 г, шошқаныкі — 12—30 г, қойдыкі — 4—7 г, адамдыкі—15—30 г шамасындай. Бұл без көптеген көпіршік клеткалардан (фолликулалардан) құралады, ол фолликулалар секретер эпителімен қоршалған, ішінде «кол-лоид» деп аталатын қоймалжын массасы болады. Коллоид құрамында белок, йодқа бай тиреоглобулин бар (м. м. 680000).
Қалқанша без организмге сумен және қоректік затпен 6ipгe енетін йодидтерді өзіне шексіз ciңipeдi.
Химиялық табиғаты. Қалқанша бездің негізгі де әciресе активті гормоны тироксин мен трийодтиронин. Ол гормондар бірнеше рет айналып өзгеру нәтижесінде тирозин амин қышқылынан түзіледі. Йодидтер ерекше пероксидаза ферментінің әсер өтуімен тиреоглобулин белогы құрамындағы тирозин қалдығымен реакцияласады. Мұнда тирозиннің бүйірлік тобы йодтанады және монойодтирозиндер мен дийодтирозиндер түзіледі тиреоглобулин гидролизі кезінде тирозиннің йодтанған туынды¬лары және басқа да амин қышқылдары босайды. Тироксин дийодтирозиннің екі молекуласының тотыру конденсациялану жолымен түзіледі бұл кезде аланин бөлініп шығады. Ал монойодтирозин мен дийодтирозиннен трийодтиронин түзіледі тироксин тетрайодтиронин.
Зат алмасуға әсері. Тиреоидты гормондардың әсері ген аппараты арқылы іске асады. Олар хроматинде ядро ішдегi белоктармен байланысады және ирНК транскрипциясын күшейтеді, жылдамдатады «Нуклеин кышкылдары» деген тарауды караңыз). Бұл жағдай белок синтезінің жылдамдығын және көптеген ферменттердің активтілігін арттырады.
Бұл гормондар ic жүзінде организмнің барлық органдары мен тканьдерінде биохимиялық реакцияларды тездетеді. Соның нәтижесінде белок алмасу, йод алмасу, углеводтардың алмасуы және тұздардың алмасуы тездейді, оттегін ciңipy және көмірқышқыл газды бөлт шығару артады. Осылардың нәтижесінде өciп даму, организм ткантдерің ыдырауы тездейді және орталық нерв жүйесінің жұмысына әсер етеді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі