Медицина | Гипотрофиясы бар балаларды тамақтандыруын емін бақылау және күтімін ұйымдастыру

Медицина | Гипотрофиясы бар балаларды тамақтандыруын емін бақылау және күтімін ұйымдастыру

Гипотрофиясы бар балалардың тамақтануын,емін бақылау және күтімін ұйымдастыру.

Мақсаты:Баланың антропометриялық көрсеткіштерін қалпына келтіру,асқынуларын болдырмау.
Медбикенің іс-әрекет жоспары Түсініктеме
1.Ауру өнінде туыстарына хабарлау. - туыстары ол туралы білуге құқылы.
2.Баланың тамақ рационындағы ақуыз,май,көмірсуды реттеу-ді ұйымдастыру. - Гипотрофияның себебі- дұрыс тамақтанбау- балада ақуыз,май,көмірсу жетіспеу-шілігі дамиды.
3.Баланы қосымша сұйықтық енгізумен қамтамасыз ету. - Эксикоз дамуының алдын алады.
4.Гипотрофияның дәрежесіне байланысты та-мақ көлемін бірте-бірте көбейту. -Тағамды қорыту қиындайды.
5.Баланың күн тәртібін ұйымдастыру және қадағалау -Күн тәртібі уақытымен тағам қабылдауына көмектеседі,нәтижесінде тағам жақсы сіңеді.
-уақтылы ұйқыны қалыптастырады,ол организмнің қорғаныс факторын жоғарылатады.
6. Балаға белсенді қозғалыс режимін ұйымдастыру. -Өкпеде іркіліс көріністері дамымайды.
7.Қосымша аурулардың қосылуының алдын алуға байланысты шаралар жүргізу. - гипотрофия екіншілік иммунодефициттің дамуына байланысты қолайлы жағдай болып есептелінбейді
8.Туыстарын баланың жасына байланысты массаж,гимнастика жүргі-
зуге үйрету. -Бұлшық ет гипотониясының дамуының алдын алады.
-Массаж,гимнастика организмді нығайтады,иммунитеттің жоғарылауына көмектеседі.
Рахит кезінде балаларды бақылау және күту.

Мақсаты:аурудың айқын клиникалық белгілерінің дамуына,қосалқы аурулардың дамуына жол бермеу.

Мейірбикенің іс-әрекет жоспары. Түсініктеме.
1.Туыстарына ауру жөнінде,мүмкін болатын асқынулары түрінде мәлімет беру. -Туыстары мәлімет алуға құқылы
-Туыстары барлық жүргізілетін күтім шараларының мақсатын түсінеді.
2.Баланы толыққанды тамақтандыру,олардың құрамында міндетті түрде витаминге (әсіресе Д),кальцийге бай тағамдардың болуын қадағалау. -Рахит-бұл көп мөлшерде Д витамині жетіспейтін полигиповитаминоз. Бала организмінде кальцийдің төмендеуі байқалады.
3. баланың таза ауада ағаш көлеңкесінде ұзақ уақыт болуын қадағалау. -УКС әсерінен бала терісінде Д витаминінің түзілуі жүреді.
-Ағаш көлеңкесі инфрақызыл сәулені ұстап қалады және баланы қызып кетуден сақтайды.
4. балаға күнделікті массаж бен гимнастиканың өткізілуін ұйымдастыру. -Рахит кезінде бұлшық ет гипотониясы байқалады.
5.Қосымша аурулардың қосылуының алдын алу. -Рахит қолайсыз преморбидті жағдай.


Спазмофилия кезінде балаларды бақылау және күту.
Мақсаты:Баладағы тырысудың дамуын болдырмау.
Мейірбикенің іс-әрекет жоспары. Түсініктеме.
1.Туыстарына ауру жөнінде,мүмкін болатын асқынулары түрінде мәлімет беру. -Туыстары мәлімет алуға құқылы
-Туыстары барлық жүргізілетін күтім шараларының мақсатын түсінеді.
2. құрамында кальций жоғары тағамдармен қамтамасыз ету. -Спазмофилияның даму негізінде кальций жетіспеушілік жатыр.
3. Тағам рационынан сиыр сүтін алып тастау. -Сиыр сүтін қабылдағанда кальцийдің ішекке сіңірілуі бұзылады.
4. Ерекше режим жасау керек. -Кез келген тітіркендіргіш фактор тырысуға әкелуі мүмкін.
5.Рахитпен күрес жүргізу керек. -Спазмофилия – рахиттік тетания,яғни рахит болмаса спазмофилия да болмайды.
Спазмофилиямен ауыратын науқастарға ларингоспазм және тырысу кезінде жедел көмек көрсету.

Ларингоспазм кезіндегі жедел көмек.
Этап түсініктеме Дозалары
1.Жазық,қатты жерге баланы жатқызу. - жүрек соғысы тоқтауы мүмкін,ол реанимациялық шараларды қажет етеді.
2. қысатын киімдерін шешу. - өкпе экскурсиясын жеңілдету үшін.
3. Таза ауаның келуін қамтамасыз ету. - оттегі жетіспеушілігі дамиды.
4. Тыныштық жағдайды қалыптастыру. - Кез келген тітіркендіргіш тырысудың қайталануына әкелуі мүмкін.
5.Баланың бетіне,денесіне суық су шашу немесе мұрынның шырышты қабатын тітіркендіру.(мақта шиыршығымен қытықтау,нашатыр спиртін иіскету немесе шпателмен тілдің түбірін басу.) - Спазмды рефлекторлы жою.
6.Тамыр ішіне кальций глюконатын енгізу. - Спазмофилияның себебі – гипокальциемия. 1,0 мл/жыл
7.Егер ешқандай әсер болмаса интубация н/е трахеотомия жасау. - Тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету.
8.Жүрек тоқтаса – жүрекке тікелей емес массаж жасау. - Реанимациялық шара.
9.Тынысы қалыптасқан соң оттегі терапиясын жүргізу. - Ларингоспазм нәтижесінде гипоксия дамиды.


Тырысу кезіндегі жедел көмек.

Этап түсініктеме Дозалары
1.Жазық,жұмсақ жерге баланы жатқызып,айналасындағы зақымдайтын заттарды алып тастау. - Жарақаттың алдын алу.
2. қысатын киімдерін шешу. - өкпе экскурсиясын жеңілдету үшін.
3. Таза ауаның келуін қамтамасыз ету. - Тырысу кезінде оттегіге қажеттілік жоғарылайды.
4. Азу тістерінің арасына мақтаменн/е дәкемен оралған шпатель қоямыз. - Тілін тістеп алмауы үшін.
5.Бұлшық етке н/етамыр ішіне реланниум(седуксен),н/е дроперидол немесе 25% күкірт қышқылды магнезия ерітіндісін н/еГАМҚ енгізу керек. - ОЖЖ қозғыштығын тежейді.
- ГАМҚгипоксияға мидың төзімділігін жоғарылатады. 0,1 мл/жыл
0,1-0,2мл/жыл
0,1-0,2 мл/жыл
50-100 мл/кг(1мл=200 мг.)
6.Оттегі терапиясын жүргізу. - Гипоксия нәтижесінде тырысу дамиды. 1,0 мл/жыл
7.Тырысудың себебін анықтап,оны жою. - Тырысу – симптом.оны шақыратын себебі болса,ол қайталана береді ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?