Қазақша реферат: Тараз қаласы » ZHARAR © 2017 | тараз туралы реферат казакша, тараз каласы туралы реферат казакша, реферат на тему тараз на казахском языке скачать, тараз қаласы туралы реферат, реферат на казахском языке про тараз город




  • »

Қазақша реферат: Тараз қаласы

Қазақша реферат: Тараз қаласы казакша Қазақша реферат: Тараз қаласы на казахском языке

Тараз – Қазақстан қалаларының ішіндегі ең ежелгілерінің бірі, тіпті ол VІ ғасырдың деректерінде кездеседі. 568 жылы Талас өзені жағасындағы қалада түрік қағаны Дизабула өзінің керемет ставкасында Византия елшісі Земархты қабылдаған. Бұл туралы В.Бартольдтың «Орта Азияға ғылыми мақсатпен сапардың есебі» кітабында жазылған. 629 жылы Сюань-Цзян Тараз (ежелгі аты – Далосы) қаласының Цзяньцюаннан батысқа қарай 140-150 ли қашықтықта тұратынын және оның шеңберінің 8-9 ли екендігін айтады. Қалада әртүрлі елдерден келген көпес-саудагерлер мен хусилардың (согдийлықтардың) тұратыны және олардың тілі мен әдет-ғұрыптарының, заңдарының Қытайдағы сияқты болатыны туралы жазылған (Зуев Ю.А. Суяб туралы Қытай деректері. 91б.). Біз бұл деректерді Тараз қаласының аса ертеден келе жатқан қала екендігі жайлы мәлімет үшін беріп отырмыз.

Тараздың VІІ ғасырда осы Ұлы Жібек жолында маңызды рөл атқарғаны жайлы мағлұматтар ежелгі шежірелер мен географиялық шығармаларда кездеседі. Қала 751 жылы арабтардың, 766 жылдан бастап қарлұқ қожалығының, ІХ ғасырдың аяқ шенінде саманидтердің қол астында болады.

893 жылы Исмаил ибн Ахмад Таразға соғыс ашып, ақыры Тараз әмірі жауға бас иеді, Исламды мойындайды. ІХ-Х ғасырларда Тараз қаласының егіншілік алқаптың, Талас Алатауындағы күміс руднигінің жанында орналасқандығы оның экономикалық және мәдени өрлеуіне мүмкіндік жасады. Х ғасырдың географы Максидидің жазуы бойынша «Тараз – бау-бақшалы, қалың елді, оры, төрт қақпасы және қонысталған рабаты бар үлкен бекітілген қала».

Х-ХІ ғасырларда Жетісуды, Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны қараханидтер династиясы жаулап алғаннан соң, Тараз жаңа мемлекеттің бір қожалығының астанасына айналады. Ислам діні үстемдігінің нәтижесінде ХІ ғасырда жаңа үлгідегі Айшабибі, Қарахан, Бабажы-хатун мазарлары салынды. Р.Вильгельмнің деректері бойынша, ХІІІ ғасырда болған моңғол шапқыншылығы қарсаңында Тараз қолдан қолға ауысқан. Ол тіпті моңғолдардың қолына түспес үшін Мухаммед хорезмшахтың әмірімен талқандатылған да, ХІІІ ғасырдың орта шенінде қала қайтадан қалпына келтірілген. Жалпы Тараз қала ретінде ХV ғасырға дейін өмір сүрген, бірақ оның орнындағы отырықшы қоныс ХVІІІ ғасырға дейін болған.

Осы тұста пайда болған жаңа қала, Қарахан әулетінен шыққан Ша Махмудтың мазары төңірегіне салынғандықтан, Әулиеата деп аталды. Ал 1936 жылы қаланың аты Мирзоян болып, одан соң, 1937 жылы Жамбыл болып өзгертілді. Халықтың талап-тілегін ескере отырып, ел Президенті Н.Назарбаев 1997 жылғы 8 қаңтардағы Жарлығымен қалаға тарихи аты – Тараз атауы қайтарылып берілді. 2002 жылы 25-26 қыркүйекте Тараз қаласының 2000 жылдығы тойланды. Тараз бүгінде мәдени-экономикалық жағынан өркендеген, жергілікті халық «жер жәннаты» деп атайтын шағын да болса көрікті, берекелі, ырысты қалаға айналды.

А.Мұсабекова



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы | | 1 758
Рейтинг:
(голосов: 10)

KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы, тараз туралы реферат казакша, тараз каласы туралы реферат казакша, реферат на тему тараз на казахском языке скачать, тараз қаласы туралы реферат, реферат казакша, казакша, реферат, тараз каласы, реферат реферат на тему тараз, тараз туралы реферат, Қазақша реферат: тараз туралы казакша реферат, реферат на казахском языке про тараз город, тараз туралы казакша реферат қазақша реферат, реферат на казахском языке про город тараз, на казахском языке скачать, скачать, на тему тараз, тараз туралы, қазақстан қалалары туралы реферат, казакстан калалары туралы реферат казакша, реферат на тему казакстан калалары на казахском языке скачать, реферат на тему города казакстана на казахском языке скачать, казакстан калалары туралы, реферат на тему казакстан калалары, города казахстана реферат на казахском скачать, taraz turaly referat kazaksha, taraz kalasy turaly referat kazaksha, referat na temu taraz na kazahskom yazyke skachat, taraz қalasy turaly referat, referat kazaksha, kazaksha, referat, taraz kalasy, referat referat na temu taraz, taraz turaly referat, Қazaқsha referat: taraz turaly kazaksha referat, referat na kazahskom yazyke pro taraz gorod, taraz turaly kazaksha referat қazaқsha referat, referat na kazahskom yazyke pro gorod taraz, na kazahskom yazyke skachat, skachat, na temu taraz, taraz turaly, қazaқstan қalalary turaly referat, kazakstan kalalary turaly referat kazaksha, referat na temu kazakstan kalalary na kazahskom yazyke skachat, referat na temu goroda kazakstana na kazahskom yazyke skachat, kazakstan kalalary turaly, referat na temu kazakstan kalalary, goroda kazahstana referat na kazahskom skachat, тараз туралы реферат казакша, тараз каласы туралы реферат казакша, реферат на тему тараз на казахском языке скачать, тараз қаласы туралы реферат, реферат на казахском языке про тараз город, Қазақша реферат: Тараз қаласы реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .