Экономика | Салықтар салықтар салықтар

Экономика | Салықтар салықтар салықтар

Салықтар – экономикадағы ең қарамақайшылықты сұрақтардың бірі. Бізідің барлықтарымыз, қазіргі қоғам және үкімет салықтарсыз ештеңе ісией алмайтындығын толық түсінгенімізбенғ оларды төлегіміз келмейді. Алайдағ жоғарыда Бенджамен Франклин айтқандайғ біз олардан ешқайда қашып құтыла алмаймыз. Сондықтан да , ол туралы білуіміз керек.

Үкімет неге салық жинайды? Салықтардың негізгі міндеті: мемлекет қауіпсіздігін сақтап, жолдар және жылдамдықты магистральдар салып, азтабысты халық топтарына көмектесу сияқты өз міндеттерін орындап отырған – үкіметтің өзінің ұсталып отыру құнын төлеу болады. Салықтардың бұдан басқөа келесідей міндеттері бар.

Өндірістің белгілі бір саласын қорғау. Көптеген жылдар бойына сырттан келетін (импортақа ) болатқа салынатын салық америка фирмаларына қолдау беріп, олардың шығарған болаттарының, импортқа болаттан арзан болуына жол берді.


Үкімет тарапынан зиянды деп есептелетін іс - әрекеттерге шектеулер жасайды. Тағы да мысалға жүгінсек, темекі мен спиртті ішімдіктер салығын атауға болады. Бұл салық ақша түсіргенімен бірге адамдарды темекі тарту мен арақ ішуден назарын аудартады. Оның үстіне салықтан түскен аұ\қшаны темекі тартуға және ішімдікке қарсы қолдануға болады.



Белгілі бір іс- әрекеттерге қолдау көрсету . Үкіметтің жаңа станоктар және құрал – жабдықтар сатып алып орнатқан фирмаларға, өндірісін жетілдірген кәсіпорындарға, еңбек өнімділігін арттырған компанияларға салынатын салықты төмендету арқылы қолдау беріп отыруына болады.


Сонымен, қорыта келгенде, салықтар керек болып шықты. Алайда, қандайын қалдырып, оның шамасы қандый мөлшерде болуы керек десек, өзара қарама – қарсылықты көптеген пікірлер айтылар еді. Кез – келген салықтың артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсету үшін, келесідей сұрақтарға көңіл бөлу керек:
• Салықты кімдер төлеуі керек?
• Салықтың қандай түрлері қолданылы мүмкін?
• Нақты кімдер төлейтін болады?
Салықтарды кім төлеуі керек?

Салық төлемдері екі негізде жүргізіледі. Оның біріншісі дотациялау негізінде. Бұл жағдайда сәйкесті фондтарға салық төлеушілердің ақшасына қосымша үкімет бағдарламаларынан, кейін қайтарылатын дотация беріледі. Бұған мысал ретінде, көпірден өту үшін төленетін жол алымдарын айтуға болады. Неліктен? Ол көпірді салу және күтіп ұстау тұру құны, оларды пайдаланатын жүргізушілер төлемінен құралады.Бұл енгіз әр салада қолданыла беруі мүмкін емес.

Мысалға, төмен табысты отбасылар мен мүгедектерге көрсетілетін көмек құнын олардың өздерінен жиналған салықтан төлеу әділетсіздік болар еді. Әлде, қала паркіне кіру кұнын көтеріп, оны паркке көрсетілетін күтіп – баптау жұмыстарында қолдану . Соңғы жағдайда паркке кіру бағасы жоғары болса, онда оған аз табысты отбасы мүшелерінің кіруіне мүмкіндігі болмай қалуы мүмкін, сондықтан да ол баға төменірек тағайындалып, жетіспеітін ақша мемелекеттік бағдарламалардан дотация түрінде алынып отырады.

Салықтан екінші негізі “мүмкіндігіне қарай төлеу”, яғни, салықты үлкен дәрежеде төлеуге шамасы келетіндер , берілетін жеңілдікке қарамай, төлеуі керек. Экономистердің айтуынша, жоғары табысты халықтар тобынан салық жинағанда, олар қайсібір сәнді бұйымдар алудан бас тартса, кедей халық топтарына салынатын салық олардың тұрмыстық қажет заттарды алуын кемітуі мүмкін. Сонымен қатар, жасалатын қайсібір жеңілдіктер жанама жеңілдік болуы мүмкін. Егер отбасындағы балалар муниципалдық мектепке барса, онда ол мектепті ұстауға төленетін салық пайдасын осы отбасындағылар көреді. Ал, басқа отбасында ол мектепте оқитын бала болмаса , онда олар білім үшін, төленетін салықтың жеке өз бастарына пайдасының жоқ екендігін түсінеді. Алайда, барлық жұмысшылардың білімді болуынан барлық адамдар ұтады. Білімнің деңгейінің көтерілуі, еібек өнімділігін арттырады, оның салдары ретінде қосымша ұлттық табыс түседі, яғни, барлығымыздың тұрмыс деңгейіміз көтеріледі.
Салықтар түрлері: үдемелі, үйлесімді және кері тартпа

Салықтарды негізінен келесідей үш топқа бөлуге болады: тура үдемелі, үйлесімді және кері тартпа. Үдемелі салық – бұл салықтар үлкен тбыстан жоғары процентті, ал кіші табыстан тқмен проценттң салық алынуын талап етеді. Федералдық табыс салығы осы салық түріне мысал бола алады.

Үйлесімді салық. Бұл салықтар табыс мөлшеріне қарамай, барлық табыстардан бірдей процент мөлшеріне алынады.
Мысалы, үйлесімді салық мөлшері 10% болса, онда жылдық табысы 10000 доллар адамға 1000 доллар салық, ал 100 000 доллар болса 10 000 доллар салық салынар еді.

Кері тартпа салық.Бұл салықтарды кіші табыстан жоғары процентті, ал үкен табыстан төмен процентті салық алынуын талап етеді. Сатуға салынатын салық жеке кісінің табысына салынатын салық болғанымен оның кері тартпа әсері бар. Мысалы, кіші табысты және үлкен табысты екі кісі бірдей 500 долларлық тоңазытқыш сатып алсын дейік. Сатуға салынатын салық 8%. Екі отбасы да 40 доллардан сатуға салынатын салық төлеп отыр. Бұл сома кіші табысты отбасы үшін, төмен процентті салық болады.
Салықтың қай түрі әділетті болады?
Біреулер кері тартпа салық әділетсіз десе, “салықты мүмкіндігіне қарай төлеу”принципін жақтайтындар үйлесімді әлде үдемелі салықтарды қолдайды. Енді біреулер үйлесімді салық әділетсіздік деп ұйғарады.

Қайсібіреулерге, керісінше, үйлесімді салық әділетті сияқты, өйткені, әркім бірдей процентте салық төлейді. Мысалы, жылына 100 000 доллар табыс табатын Бай бикеш пен жылына 10 000 доллр табыс табатын Кедей мырзаны қарстырайық. Үйлесінді 10% - тік салық бойынша, олардың біріншісі 10 000 доллар екнішісі 1000 доллар салық төлейді. Барлығы әділетті сияқты, табысы 10 есе көп, төлейтін салығы да 10 есе артық. Алайда, Кедей мырза үшін, оның әрбір ьапқан пенниі керек, өйткені
Оның қалған 9000 доллары негізгі тұтынуға қажетті заттарды алуға жетпейді. Екінші жағынан, Бай бикештің 90 000 доллары негізгі тұтынуға қажетті заттарға қоса, бірқатар сәндік бұйымдар алып, қосымша қалған ақшасын жинауына және инвестицияға беруіне жетеді. Оның салығының мөлшері 10есе көп болса да, оған ол қосымша қиындық әкелмейді.
Жеке адамдарға салықтың тигізетін әсерін анализдей келіп, экономистер дискрециялық табыс деген ұғым енгізді. Дискрециялық табыс – ол өмір қажетін қанағаттандыратын міндетті шығындардан кейін (тамаққа, киімге,, тұрғын үйге, медициналық қызмет көрсетулерге, көлікке және т.с.с. ) қалған, таза табыстың өз қалауы бойынша ұстай алатын бөлігі болады. Алдыңғы қарастырған мысалдағы Кедей мырза міндетті шығындарын төлегеннен кейін, 1000 доллары қалсын дейік. Одан салық түрінде осы 1000 долларын алса, мемлеет оның дискрециялық табысын түгелдей 100% салық түрінде қайтарып алады. Ал, Бай бикештің өз бағалауынша міндетті шығындары 50 000 мың доллар болсын және бұдан кейін, оның 50000 доллары қалады. Үкімет бұл сомадан 10 000 доллар салық алады, ал ол дискрециялық табыстың 20 % - і болады. Оның сыртында Бай бикештің 40 000 доллары әсем заттар алуға, жинауға және инвестиция жасауға қалады. Осындай талқылаулардын кейін, үйлесімді салықтың өзі шын мәнінде кері салық болатындығы шығады.
Салықтың Әсер ететін аумағы: шынында кімдер салық төлейді?

Салықтарды бағалый келіп, шынында да, нақты кімдердің салық төлеуі керек болатындығын білу қажет. Салықтың әсер ететін аумағы – заң бойынша салық төлеуге тиісті азаматтарды әлде өндіріс фирмаларын қамтиды. Салықтың әсер ететін аумағын баж салығын төлеу бойынша жеңіл анықтау, болады.
Алайда, ол салықты басқа тұлғаға жүктеп, оны төлемей кетуге болды. Бұл процеті салықты аудару деп атайды. Салық тұтынушыларға аударылуы мүмкін, онда салық алға аударылған дейді. Осы сияқты артқа да аударуға болады, онды салық төленімі жеткізушілер әлде өндірушілер міндетіне көшеді.
Салықтың осы айтылғандай, алға әлде артқа аударылуы немесе сол қалпында қалуы әдетте берілген тауар үшін сұраным мен ұсыныстың икемділігіне байланысты болады. Алдыңғы тарауларда айтып кеткендей, сұраным икемділігі сатып алушының берілген тауар мен қызмет көрсетуді оның ауыстырушысының қол жетерлік әлде қол жетерлік емес болуына байланысты және алуға әзірлігінің өлшемі болатындығын білеміз.
Тауар мен қызмет көрсетулердің тұтынушыға қажеттігі өскен сайын, сұраным икемділігі кеми түседі. Сұраным икемді емес болса, сатушылардың салықты алға аударуы жеңіл орындалады. Мысалы жүк көліктердің компаниясы, төлеуіне қажетті жанармай салығын алға аударыпғ оны төлеуді сатып алушыларға жүктеуі мүмкн әлде, оның бір бөлігін компания өзі төлеуіне де болады. Кейде компания, жанармайдың бағасын төмендете тағайындап немесе төмен жалықы төлеп, салықты артқ аударуы, яғни жеткізушілерге немесе өз қызметкерлеріне төлетуі мүмкін.


Шағын бизнес және салық


Бүгінде республикамызда шығын бизнес субъектілеріне салық салу қалай жүргізілуде деген сұрақ көптің көкейінде тұрары анық. Бұл ретте қазіргі кезеңде елімізде шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін салық салудың арнайы салық тәртібі қарастырылған, яғни ол бір реттік талон, патент және қарапайым декларация негізінде жүргізілуде. Кәсіпкер бұл арада өзінің қызметінің меншігіне, алатын табысының мөлшеріне байланысты осындай немесе басқадай түрін қолдануға болады.

Әлемдік тәжирибе көрсетіп отрығандай, әрбір мемлекет жүргізіліп отырған әлеметтік – экономикалық саясатқа сәйкес саланы мемлекеттік қолдаудың неғұрлым тиімді түрлері мен тәсілдерін айқындайды. Олардың көбінде шағын бизнес субъектілеріне салық салуда дифференциалдық тәсілді қолдану жетекші орын алады.















Кәсіпкерлікті салықтық реттеу.


Экономикалық категория ретіндегі кәсіпкерліктің сипаттмасы үшін маңызды мәселе оның субъектісі мен объектісін анықтау болып табылады. Кәсіпкерліктің объектісі жеке тұлғалардың (жеке, отбасылық, шағын және орта бизнес өкілдері және т.б ) өызметі, сондай – ақ жалдамалы жұмыс күшінің еңбегін пайдалану арқылы қалыптасады.
Кәсіпкерлік қызмет экономикалық мүдде мен шарт қатынастары бойынша өзара байланысты тұлғалар тобы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге, кәсіпкерлік субъектісі акционерлік қоғамдар ,кооперативтер, жекелеген жағдайларда мемелекеттің сәйкес органдары да болуы мүмкін. Й.Шумпетердің пікірінше, экономикалық ресурстарды үйлестірудің барлық жаңаша тәсілдері кәсіпкердің басты жұмысы болып табылады. Кәсіпкер тұтынушыға беймәлім жаңа игіліктерді дайындау мақсатымен ресурстарды үйлестіреді; өткізу нарығының жаңасын игереді. Сонымен қатар нарыөтағы жағдайға, сұрныс пен ұсыныс динамикасына, баға деңгейін, жалпы тауар – ақша қатынастар жүйесіндегі қалыптасқан жағдайларға тәуелді болып келеді. Осы тұста кәсіпкерлік қызметтің тұрақты серігі – тәуекелдік, қауіп – қатер туралы айтпау кетуге болмайды. Өйткені тәуекелдік,қауіп – қатер беймәлімділікпен байлансыты және жүргізілген болжам мен есептің өзі күтпеген жағдайдың алдын ала алмайды.
Экономикалық ойлаудың ерекше типі ретінде кәсіпкерлік практикалық қызметте жүзеге асырылатын шешімдерді қабылдауға қажет көзқарастар мен пікірлерлің жиынтығын сипаттайды.
Жекелеген ғылыми әдебиеттерде кәсіпкерлікті шаруашылық өнері, табыс табу барысында тәуекелге бел буу, өндірісті ұйымдастыру мен басқару шеберлігі ретінде көрсетеді. Демек кәсіпкерлікті жұмыс түрі ретінде ғана емес, тұлғаның ақылы мен қасиетінің қоры, ерік – жігері, жеңіске жетуге деген ынтасы еңбектің ерекше шығармашылық сипаты тұрғысынан да қараған абзал.
Шаруашылық жүргізу тәсілі ретіндегі кәсіпкерлік үшін басты шарт – шаруашылық тұлғалардың тәуелсіздігі, дербестігі. Сондай – ақ , кәсіпкерлік қызмет түрін таңдау; бизнес жоспар құру, қаржыландыру және оны жүзеге асыру; өнім өндіру; оған баға белгілеу және лны өткізу; пайданы қолдану тәрізді еркіндік пен құқықтың белгілі бір жиынтығының болғаны дұрыс. Экономикалық ғылымда өндірістің төрт факторы қарастырылған: еңбек, капитал, жер, кәсіпкерлік. Бұл жерде кәсіпкерлікті төртінші фактор ретінде ғана емес, еңбек, капитал, жер тәрізді үш негізгі өндіріс факторларын біріктіріп жүзеге асырудың үздік әдістерін іздестіріп, жұмылдыру процесі ретінде де қарастыруға болады. Ал елімізде кәсіпкерлікке қазіргідей көңіл бөлініп отырған тұста, өз ісін ашуға бел бұған әрбір азамат пайда табу жолын ғана емес, өндіріс факторларының үйлесімді жұмыс жасауына, рның ішінде кәсіпкерліктің өндіріс факторы ретіндегі маңыздылығына ерекше көңіл бөлген жөн.
Жалпы нарық процесіндегі басты тұлғалар кәсіпкерлік десек, ол өз кезегінде қарамағындағы мүліктерді заңды негізде пайдалану жөнінде өзңнңғ бастамасымен барлық шешімдерді қабылдауға және кез – келген әрекет жасауға құқықты заңды тұлға және жеке азамат. Бірақ ол шешімдер қолданылып жүрген заңнамалық құжаттарға қайшы келмеуге әрі белгіленген мүліктік немесе басқа да жауапкершілікпен қамтамасыз етілуге тиісті.

Кәсіпкердің талабы мен ұмтылысы жемісті болу үшін:
-тәуекелге бел буа білуі;

- нарықты кезігетін кез – келген жағдайларға дайын болуы;
- ұйымдастыру барысы мен технология жаңалықтарын енгізе отырып, жаңа жолдар мен әдістер жасау;

Қазіргі таңдағы еліміздегі өзекті мәселелердің бірі – шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Өйткені ол әлеуметтік – экономикалық мәселелерді дамыту бағдарламасын шешу барысындағы қуатты тұтқалардың бірі болып табылады. Жекелеген дамыған елдерде шағын және орта кәсіпкерлік өнеркәсіп өндірісінің 50-70 пайызын құраса, онда жұмыспен қамтылғандардың саны 60-80 пайыз аралығында. Біздің елімізде де қазіргі таңда экономиканың алалмыш секторындағы субъектілердің саны күн санап өсуде және оның дамуына басым көңіл бөлінуде. Елбасы ұсынаған “Қазақстан -2030” стратегиялық даму бағдарламасының бөлімдерінің бірі елдегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту болып табылад. Экономиканың аталмыш секторын қолдау барысында біршама шаралардың жүргізіліп іс - әрекет барысына ықпал ететін нормативтік құжаттар қабылданы, жұмыс жасауда; жаңа Салық Кодексі іске қосылып, онда шағын бизнес субъектілеріне салық салудың арнайы режимі қарастырылып, банктер тарапынан әр түрлі мерзімге несиелер берілуде,т.с.с. Осындай қол жеткізген нәтижелерімізді одан әрі жетілдіру барысында жекелегн қағыдаларды басшылыққа ала отырп, жұмыс жасауымыз керек. Атап айтқанда, макроэкономикалық тұрақтылық, яғни мемлекеттік бюджет тапшылығынмүмкіндініше төмен деңгейге жеткізу, жеңілдікпен нем\сиелендіру, артық ақша эмиссиясын болдырмау болып табылады. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында жедел шешуді қажетсінетін мәселелердің бірі – инфляция қарқынн төмен деңгейде ұстау . Инфляцияға қарсы саятатты бюджет тапшылығын неғұрлым тқменгі деңгейге жеткізбейінше жүзеге асыру қиын мәселе. Бюджет шығысын бюджет кірісінң негізінде қалыптастыру н\оның негізгі институты – салық жүйесі арқылы іске асырылады.. Бұл тұста салық жүйесі идеологиядан тыс және саяси бейтарап болуы шарт. Көптеген елдердің экономикалық даму тәжиребесі көрсеткендей, салық жүйесі экономиканы мемелкеттік реттеудің негізгі құралдыарның бірі болып табылады. Салық саясаты арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілерлің қызметін ынталандыруға немесе шектеуге , бюджет кірісін қамтамасыз етуге, қоғам мүддесін қолдануға болады. Салық ауыртпалығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым салық төлеушінің салық төлеуге деген ынтасы мен мүмкіншілігі төмендейді. Сондықтан мемелекеттер салықтар, салық ставкалары мен жеңілдіктері тәрізді реттеу құралдары арқылы реттеушілік қызметін жүзеге асыру барысында оның экономиканы, өндіріс пен инвестицияны ынталандыруға тигізетін әсерін де басты назарда ұстау шарт. Сонымен бірге, салық жүйесі салық қатынастырының негізін қалыптастыратын белгілі бір қағидаларға негізделеді. Демек, салық салу қағыдаларының ғылыми зерделеніп талдануы мен жүйелендірілуі экономикалық қатынастар үшін маңызды. Баршамызға белгілі ұзақ жылдар бойы қалыптасқан әділеттілік, қарапайымдылық үнемділік тәрізді классикалық қағидалардан өзге нарықтық экономикалы өркенитті елдердің салық жүйесін құруда мынадый қағидалар қалыптасқан:

1) төлем қабілеттілік қағидасығ яғни салық салу ауыртпалығы алынған табыс мөлшеріне байланысты болуы керек;
2) Ұтымдылыұ қағидасы, бұл жерде салықты берілген мемлекеттік игіліктерден барынша көп немесе соған тең түсім алған тұлғалар төлейді.

2001 жылға 12 маусымда қабылдынған Салық Кодексінде еліміздің өзіңің салық салу қағидалары тұжырымдалған.
Олар:

- салық салудың міндеттілігі, яғни салық төлеуші салық заңдарына сәйкес салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді толық әрі уақытылы төлеуге міндетті;
- айқындылығы, яғни салық төлеушілердің салық міндеттемелерінің туыедауының, орндалуының, тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртіптерін салық заңнамаларында бекіту мүмкіндігін көрсетеді;
- салық салудың әділеттілігі, яғни Қазақстанда салық салу жалпыға бірдей міндетті болып табылады, ал жеке сипаттағы салық жеңілділігін беруге тыйым салынады;
- салық жүйесінің бір тұтастылығы, яғни Қазақстан Республикасының салық жүйесі бүкіл ел аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты біртұтас болып табылады;
- салық заңнамаларының жариялылығы, яғни салық салу мәселелерін реттйтін нормативтік құқықтық актлерін ресми басылымдарды міндетті түрде жарияланыға тиіс.

Оңтайлы ұымдастырған салық жүйесі мынадый садық салу қағидаларына негізделуі керек:

- салық заңнамасының тұрақты болуы;
- салық төлеушілермен мемлкет арасындағы қатынастар құқықтық негізде болуы керек;
- салықтар салық төлеушінің табыс мөлшеріне байланысты алынуы керек;
- барлық салық төлеушілер заң алдында бірдей;
- салық құпиясының сақталуы, т.б.
Бізідің пікірімізше Қазақстанның салық салу қағидалары осы талапқа жауап береді. Дамыған шет мемлекеттер тәжиребесі дәлелдеп отырғанындай мемлекеттің экономиканы жанама реттеуі тікелей реттегенге қарағанда әлдеқайда тиімдірек. Салық салу қағидалары, салық ставкаларынамен жеңілдіктері тәрізді реттеу құралдарын ұтымды пайдалана білген ретте шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына өзіндік оң әсерән тигізеді. Мемлекеттің экономикалық қызметі – шағын және орта бизнес өкілдерінің іс - әрекетіне араласпай, экономика саласындағы әрекетін ретке келтіріп отыру. Соның ішінде салықтық реттеу мемлекеттік қаржылық реттудің құрамдас бөлігі болып табылады. Салықтық реттеу экономикаға, экономикалық процестерге салық түрлерін, салық сьавкаларын, салық жеңілдіктерін өзгерту, салық салудың жалпы деңгейін арттыру немесе төмендету арқылы жанама түрде ықпал ету, сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен жеке тұлға табысының бір бөлігін алу аоқылы олардың өндірістік және өндірістік емес мүмкіндігін кеміту арқылы әсер ету болып табылады. Салықтық реттеудің басты мақсаты өндірістің, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына ықпал ету, шетелдік инвесторларды, ,ылыми – техникалық прогресті ынталандыру шараларын жүзеге асыру. Бұл қызмет салық түрлері, салық ставкалары, салық жеңілдіктері, салық салу әдістері тәрізді салықтық реттеу тетіктері арқылы орындалады. Бұл жерде ескере кететін бір жайт, бұл тетіктер өзге де экономикалық тетіктермен үйлесімді жұмыс жасағанда ғана оң нәтиже береді. Демек салықтық реттеудің бір жағынан жиынтық сұранысқа әсер ету арқылы ұдайы өндіріс деңгейін өзгертуге бағытталса (макродеңгей), екінші жағынан төлеушіні ынталандыру арқылы әсер етуге (микродеігей) бағытталады. Сондықтан нарықтаңғы кәсіпкер заңды және жеке тұлғалардың, өзге субъектілердің іскерлік белсенділігін ынталандыру, олардың бәсекелік қабілетін арттыру, экономика салаларының қалыпты дамуына жағдай жасау үшін салықтардың мемлекеттік басұқа да реттеу құралдарымен үйлесімді басқа да реттеу құралдарымен үйлесімді қызмет етуін жандандырған ләзім.

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім
а) Үкімет неге салық жинайды?
б) Белгілі бір іс- әрекеттерге қолдау көрсету
в) Елдің экономикалық белсенділігін реттеу.
г) Салықтарды кім төлеуі керек?
д) Салықтар түрлері: үдемелі, үйлесімді және кері тартпа
е) Салықтың қай түрі әділетті болады?

3. Қорытынды
Қорытынды
Сонымен, қорыта келгенде, салықтар керек болып шықты. Алайда, қандайын қалдырып, оның шамасы қандай мөлшерде болуы керек десек, өзара қарама – қарсылықты көптеген пікірлер айтылар еді. Кез – келген салықтың артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсету үшін, Салықты кімдер төлеуі керек? Салықтың қандай түрлері қолданылуы мүмкін? Нақты кімдер төлейтін болады? Соның барлығы дұрыс орындалса, сонда ғана адамдардың бәрі салықтырды уақытында төлеп, оны қиыншылық боп санамайды. Үкіметтің жаңа станоктар және құрал – жабдықтар сатып алып орнатқан фирмаларға, өндірісін жетілдірген кәсіпорындарға, еңбек өнімділігін арттырған компанияларға салынатын салықты төмендету арқылы қолдау беріп отыруына болады.Салықтан екінші негізі “мүмкіндігіне қарай төлеу”, яғни, салықты үлкен дәрежеде төлеуге шамасы келетіндер , берілетін жеңілдікке қарамай, төлеуі керек. Ал кедей, жұмыссыз отырған, өзінің отбасын асыра алмаған адамнан, және де отбасының бір ғана жұмыс істеп отырған адамнан салақ алмауы тиіс. Осының барлығы орындалса, Қазақстан халқының қиын жағдайы, орташа боп ауысады және де осы адамдардың салыққа кеткен ақшалары өздерінің балаларына, жанұяның сұраныстарына кетеді.
Кіріспе
Нарықтық экономиканың белсенді өкілдерінің бірі – кәсіпкерлер. Экономиканың ғылымда өндірістің төрт факторы қарастырылған: еңбек, капитал, жер, кәсіпкерлер. Бұл жерде кәсіпкерлікті төртінші фактор ретінде ғана емес, еңбек, капитал, жер тәрізді үш негізгі өндіріс факторларын біріктіріп жүзеге асырудың үздік әдістерін іздестіріп, жұмылдыру процесі ретінде де қарастыруға болады. Ал елімізде кәсіпкерлікке қазіргідей көңіл бөлініп отырған тұста, өз ісін ашуға бел бұған әрбір азамат пайда табу жолын ғана емес, өндіріс факторларының үйлесімді жұмыс жасауына, оның ішінде кәсіпкерліктің өндіріс факторы ретіндегі маңыздылығы ерекше көңіл бөлген жөн.
Экономиаканың аталмыш секторын қолдау барысында біршама шаралалардың жүргізіліп жатқаны баршаға аян. Атап айтқанда, олардың іс - әрәкет барысына ықпал ететін нормативтік құжаттар қабылданып, жұмыс жасауда; жаңа Салық Кодексі іске қосылып, онда шағын бизнес субъектілеріне салық салудың арнайы режимі қарастырылып, банктер тарапынан әртүрлі мерзімге несиелер берілуде,т.с.с. Осындай қол жеткізген нәтижелерімізді одан әрі жетілдіру барысында жекелеген қағидаларды басшылыққа ала отырып, жұмыс жасауымыз керек. Атап айтқанда, макроэкономикалық тұрақтылық, яғни мемлекеттік бюджет тапшылығын мүмкіндігінше төмен деңгейге жеткізу, жеңілдікпен несиелендіру, артық ақша эммисиясын болдырмау болып табылады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?