Экономика | Капитал экспорттаушы және импорттаушы елдер үшін капитал ауысуының салдары

Экономика | Капитал экспорттаушы және импорттаушы елдер үшін капитал ауысуының салдары

Капиталды шетке шығару қазіргі дүниежүзілік шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды нысаны.
Капиталды шетке шығару дегеніміз- капиталдың бір бөлігін ұлттық айналымнан шығарып,тауар немесе ақшалай нысанда басқа бір елдің өндірістік процесі мен айналымына кіргізу. Капиталды шығарудың негізгі себебі және алғы шарты елдегі капиталдың салыстырмалы молдығы және шамадан тыс қорлануы. Сондықтан іскерлік пайда немесе процент табу мақсатында ол шетке шығарылады. 90-жылдардың басындабүкіл дүниежүзілік капиталдың шамадан тыс қорлануы 180-200 млрд. долларға жеткен. Капиталды шетке шығару көлемінің жедел өсуі оның халықаралық ауысуын күшейтті.Капиталдың халықаралық ауысуы дегеніміз- капиталдың меншік иелерінің табыс көзі ретінде, елдер арасындағықарама-қарсы қозғалысы. Мұның өзі әрбір ел бір мезгілде капиталды экспорттаушы да, импорттаушы да болатын жағдай, яғни қарама-қарсы инвестициялар.
Капиталды шетке шығарудың негізгі себептері:
1. шетке шығарушы елдегі капиталдың мол қорлануы
2. дүниежүзілік шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы
3. жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі
4. капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің болуы
5. саяси тұрақтылық пен қолайлы инвестициялық ахуал
Капиталдың ауысуы мен шетелдік инвестициялардың айырмашылықтарын ажырата білу қажет.
Капиталдың ауысуы - шетелдік әріптестермен бірігіп жасаған операциялар үшін төлемдерді, капиталды орналастыру мақсатында шетелдік компаниялардан акциялар мен облигациялар сатып алуды, басқа да құнды қағаздар портфелін диверсификациялауды айтамыз.
Шетелдік инвестиция – қабылдаушы елдегі компанияның қызметін бақылап, басқару үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы.
Тікелей инвестиция – капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруы.
Капиталды шетке шығару мына нысандарда жүреді:
- өнеркәсіп, сауда т.б.кәсіпорындарда тікелей инвестициялар
- орта және ұзақ мерзімді халықаралық несиелер мен қарыз капиталдарын өнеркәсіп және сауда корпорацияларына, банктерге т.б. мекемелерге беру
- экономикалық көмекті тегін беру немесе несиені төмендетілген процентпен беру
Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік рынокта өз биліктерін жүргізеді. Тікелей инвестициялардың көмегімен халықаралық корпорациялар шетелдік кәсіпорындарға толық иелік етеді немесеіс жүзінде кәсіпорынды басқаруға мүмкіндік беретін акционерлік капиталдың басым бөлігін сатып алады.

Капитал шығару формалары

Кәсіпкерлік капитал

Несие капитал мынадай түрде шығарыла

Тікелей инвестиция
Портфелді инвестиция
займдар
несиелер
Шетелдік инвестицияларды тартудың маңызды көзі- портфель инвестициялары. Олар ірі корпорациялардың, мемлекеттік және жеке меншік банктердің облигациялық қарыздарын қаржыландырады. Капиталды шетке шығарудың портфель инвестициясы нысаны жөнінде айтатын болсақ, оның дүниежүзілік шаруашылыққа әсеріекі түрлі болып келеді. Бір жағынан ол капиталдың халықаралық ұдайы өндірісін қамтамасыз етеді. Екінші жағынан капиталдың бақылаусыз қозғалысы елдердің төлем балансының тепе-теңдігін бұзып, валюта курсын тұрақсыздандырады. Оған қоса шетел капиталының көлемді импорты ұлттық капиталды ығыстырып, оның әрекеттену аясын тарылтуы да мүмкін.
АҚШ зерттеушілерінің есептеулері бойынша 1993ж. дүниежүзіндегі қаржы капиталы 3 трлн. доллар көлемінде болған. Бұл капиталдар сомасы өнеркәсібі дамыған жеті елдің жылдық мемлекеттік бюджеттері қосындысының ¾ бөлігін құрайды.
Шетке шығарылатын капиталдардың иелері негізінен өнеркәсібі дамыған елдер. Капиталдардың ауысуы дамыған елдердің өзара қатынастарында кең етек жайған. Өнеркәсібі дамыған елдер шеңберіндегі капиталдар ауысуын бірнеше деңгейде қарастыруға болады:
1. АҚШ- Батыс Еуропа- Жапония
2. Өнеркәсібі дамыған жекелеген елдер арасында
3. Өнеркәсібі дамыған елдердің аттас салалары арасында
Капитал ауысуының субъектілері ретінде макро және микро деңгейлерді ажыратады.
Макродеңгей- капиталдың мемлекетаралық ауысуы.
Микродеңгей- халықаралық монополиялар капиталдарының ішкі корпорациялық арналармен қозғалысы.
Капиталды экспорттаудың бүгінгі таңдағы ерекшеліктерінің бірі өндіріске тартылатын капиталдар көлемінің өсуі болып отыр. Капиталдың қазып шығаратын өнеркәсіптен өңдеуші өнеркәсіпке және қызмет көрсету саласына ауысуы тұрақталып келеді. . Капиталды шығарудың негізгі себебі және алғы шарты елдегі капиталдың салыстырмалы молдығы және шамадан тыс қорлануы. Сондықтан іскерлік пайда немесе процент табу мақсатында ол шетке шығарылады. 90-жылдардың басындабүкіл дүниежүзілік капиталдың шамадан тыс қорлануы 180-200 млрд. долларға жеткен. Капиталды шетке шығару көлемінің жедел өсуі оның халықаралық ауысуын күшейтті.Капиталдың халықаралық ауысуы дегеніміз- капиталдың меншік иелерінің табыс көзі ретінде, елдер арасындағықарама-қарсы қозғалысы. Мұның өзі әрбір ел бір мезгілде капиталды экспорттаушы да, импорттаушы да болатын жағдай, яғни қарама-қарсы инвестициялар.
1993ж. дамушы елдерге тартылған тікелей инвестициялар- 65 млрд. доллар, 1994 ж. – 74млрд. доллар болды. Бұл 1991 жылмен салыстырғанда 2есе артық.Инвестициялардың едәуір бөлігі дамушы 10-15 елдерде шоғырланған. Шетел инвестицияларын тартуда Қытай оза шығып, көзге түсті.
Бұл көрсеткіш бойынша Қытай дүниежүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орында. . Капиталды шетке шығарудың портфель инвестициясы нысаны жөнінде айтатын болсақ, оның дүниежүзілік шаруашылыққа әсеріекі түрлі болып келеді. Бір жағынан ол капиталдың халықаралық ұдайы өндірісін қамтамасыз етеді. Екінші жағынан капиталдың бақылаусыз қозғалысы елдердің төлем балансының тепе-теңдігін бұзып, валюта курсын тұрақсыздандырады. Оған қоса шетел капиталының көлемді импорты ұлттық капиталды ығыстырып, оның әрекеттену аясын тарылтуы да мүмкін. Дәл осындай жедел қарқынмен Латын Америкасы елдері мен “жаңа индустриялы елдер” де дамып келеді.
Капиталды экспорттаудың тағы бір маңызды жағы осы процесті реттеп, бақылап, ынталандырып отыратын мемлекет қызметінің күшеюі.

Өнеркәсібі дамыған елдер ұлттық және ұлтаралық деңгейде капиталдың экспорты мен импортын ынталандыру арқылы оның жедел ауысуна әсер етеді.
Қарыз, портфелдік инвестиция т.б. нысандағы капиталдар қозғалысына кедергілердің барлығы жойылуы қажет.


Шетелдік инвестицияларды тартудың Қазақстан экономикасы үшін маңызы

Шетелдік инвестицияларды тарту мынадай мәселелерді шешуге көмектеседі:
1. экономикалық және техникалық прогресті жеделдету
2. өндірістік аппаратты жаңарту мен қайта жарақтандыру
3. өндірісті ұйымдастырудың үздік әдістерін үйрену
4. рыноктық экономиканың талаптарына сай кадрларды дайындау
Қандай ел болса да экономикасына капитал келтіру сол елдегі қалыптасқан инвестициялық ахуалға байланысты.
Инвестициялық ахуал- күрделі қаржы келтіруге және оны тиімді пайдалануға қолайлы саяси, экономикалық, заңдық, әлеуметтік, тұрмыстық және т.б. факторлардың жиынтығы. Іскерлік тәуекелшілдіктің шегі бар екендігінесте ұстаған жөн.
Қолайлы инвестициялық ахуал жасауда ең алдымен халықты жұмыспен қамту мәселесін ойластыру қажет.
1994 жылмен салыстырғанда 1996 жылдың жартысында тікелей инвестиция көлемі 2 есе өсті. Сөйтіп, 3,24 млрд. долларға жетті.
Дамыған елдер фирмаларының республика өндірісіндегі үлесі де әр түрлі.



Мемлекет Үлесі (пайыз)
АҚШ 66%
Оңтүстік Корея 20 %
Ұлыбритания 6%
Түркия 4%
Франция 4 %

Тікелей инвестицияның 75% мұнай-газ саласына шоғырланған.
Өндірісте 24% . Банк жүйесі мен телекоммуникация жүйесінде аз. Мұнай-газ саласы- пайданың қайнар көзі. Сондықтан трансұлттық компаниялар ең алдымен соған ұмтылады. Бір жағынан табысты тез беретін “қара алтын” шетелдіктер үшін арзанға түседі.
Жалпы инвестициялармен үйлестірілген және оралымды жұмыс жүргізу бір кезеңнің ғана міндеті болып қалмай, үнемі тұрақты түрде атқарылатын іс-қимылдар кешеніне айналуы тиіс. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?