» » » Реферат: География | Америка Құрама Штаттары

Реферат: География | Америка Құрама Штаттары

Реферат: География | Америка Құрама Штаттары казакша Реферат: География | Америка Құрама Штаттары на казахском языке
Америка Құрама Штаттары

Территориясының көлемі жөнінен АҚШ дүние жүзі елдері ішінде төртінші орын алады. Оның құрамына үш бөліктен тұрады: 1.негізгі територия (немесе АҚШ-тың өзі), ол шығыстан батысқа қарай 4,7 мың, солтүстіктен оңтүстікке қарай 3 мың км-г созылып жатқан үлкен төрбұрыш секілді, 2.Аляска, 3.Тынық мұхиттағы Гавай аралдары.
АҚШ-тың экономикалық-географиялық жағдайы өте қолайлы, ол барлық кезеңдерде де елдің дамуына себепші болған. Бұл ең алдымен теңіз шекарасының көптігіне 12 мың км), әсем табиғи айлақтардың болуына және әсіресе негізгі территориясының екі мұхиттың аралығына орналасуына байланысты. Канада мен мексикамен құрлықтағы шекарасы шартты сызықтар арқылы, өзендер мен көлдер арқылы өтіп, сауда-экономикалық байланыстардың дамуына жағдай жасады.
Мемлекеттік құрылысы бойынша АҚШ-50 штаттан тұратын федерациялы республика. Әрбір штаттың өз конституциясы, өзінің заң шығарушы және атқарушы билік органдары, сайланбалы губернаторы, сондай-ақ рәміздері бар. Сонымен қатар, елдің астанасы- Вашингтон қаласы орналасқан Колумбия Федералдық округі өз алдына жеке аймақ.
АҚШ халқының жөнінен де дүниежүзінде үшінші орын алады; тұрғындарының саны жөнінен ол ГФР, Франция, Ұлыбритания, Италияны қосып алғандағыдан кем түспейді. Демографтардың болжамдарына қарағанда ел тұрғындарының саны 2000 ж. қарай 265-270 млн адамға жетпек; бұл бір ған ХХ ғасырдың өзінде оның халқы 3,5 есе өседі деген сөз.
Алайда АҚШ жас ұлт ретінде халықтың табиғи өсуі жөнінен алғашқы орындардың бірін алған уақыт келмеске кеткен. 80-90- жылдары бұл өсім айтарлықтай кеміп, жас-жыныстық пирамидаға да әсер етеі. Халықтың жылдық абсолюттік өсімі қазір 2 млн. адамға жетпей отыр.
Имиграция қашан да АҚШ халқының санана зор ықпал етіп келеді, солай болып қала береді.
АҚШ халқының ұлттық құрамын қалыптастыруда жаппай имиграция шешуші роль атқарады. Қазіргі американ ұлты – бұл ең алдымен әлемнің әр түрлі бөліктеріне, әсіресе Еуропа мен Африкадан қоныс аударушылардың этникалық араласуы мен қосылуының нәтижесі.
Қазіргі кезде АҚШ-та жүзден астам этностар тұрғанымен, этнограф-ғалымдары оларды басты үш этникалық топқа біріктіреді: 1) АҚШ американдарына, немесе жай ғана американдарға, яғни қазір ағылшын тілін ана тілім деп білетін әртүрлі ұлт қоныс аударушыларының ұрпақтарына; 2) АҚШ-қа таяуда ғана қоныс аударып, бұл елге әлі де «жерсініп» адамдарды қоса есептейтін өтпелі иммиграттар топтарына; 3) байырғы тұрғындар-аборигендерге (үндістер, эскимостар және т.б). АҚШ американдары бүкіл халықтың 3∕4-ін, ал аборигендер - 1%-тейін құрайды.
АҚШ өнеркәсібі деңгейінің жоғарылылығымен, өндірістік, территориялық шоғырлануымен көзге түседі. Ол жаппай сериялы, сондай-ақ ерекше күрделі, бірегей өнімдер шығаруға маманданады. «АҚШ-та жасалған» деген маркасы бар бұйымдар жақсы сапалы болып, дүниежүзілік рынокта бағаланады.
АҚШ өнеркәсібінде өндірістің жұрқа мәлім салаларының, сала тармақтары мен түрлерінің бәрі бар. Осыған қарамастан, олардың ішінде де ең алдымен дүниежүзілік шаруашылықтағы келбетін айқындайтын негізгілері брлады. Бұл ертеден-ақ АҚШ үшін дәстүрлі автомобиль жасау саласы. Бұл сондай-ақ екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған әуе-ракеталық-ғарыш өнеркәсібі мен электроника. Автомобиль және әуе көлігінің дамуымен, стратегиялық қажеттілікті қамтамасыз етумен тығыз байланысқан бұл сала көп ретте елдің экономикалық өміріне ғана емес, сонымен бірге саяси өміріне де бағыт береді.
Ауылшаруашылық өндірісінің көлемі жөнінен АҚШ дүниежүзінің кез-келген басқа еленен әлдеқайда озық тұрады. АҚШ бірінші болып агробизнеске көшті. өнеркәсіптегіге қарағанда, аграрлық-өнеркәсіптік кешенсаласындағы еңбек өнімділігі тіпті тезірек өсуде. Көп салалы ауылшаруашылығы елдің қажеттілігін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге экспорт үшін де айтарлықтай өнім береді. Сыртқа шығарылатын астықтың жартысына жуығы АҚШ-тың үлесіне тиесілі.
АҚШ-тың ауылшаруашылық кәсіпорнының негізгі түрі -өнімнің басты бөлігін сатуға шығаратын ферма. Оның үстіне агробизнес жағдайындасатылық мамандану өте жақсы дамыған, мұнда біртұтас өндірістік процесс жекелеген буындарға жіктеледі.
АҚШ көліктің барлық түрлерін дамыту жөніненде кез-келген басқа елден алда келеді: Батыстағы көлік желісінің жалпы ұзындығының 1∕3-і және бүкіл тасымалдың 1∕4-і АҚШ-тың үлесіне тиеді. Канаданы қоса алғанда, АҚШ-тың көлік жүйесі ерекше Солтүстік Америка жүйесін құрайды. Оған барлық көлік түрлерінің дамуы, жүк және жолаушылар тасымалы көлемінің ауқымдылығы, өте қашыққа тасымалдау, автомобиль көлігінің айрықша роль атқаруы тән. 90-жылдардың басында елдің автомобиль паркінде 200 млн машина болған.
Материалдық емес өндіріс саласы мен қызмет көрсету өте жақсы дамыған, қазір онда барлық еңбек ететіндердің 2∕3-сі шоғырланған. Бұл АҚШ-тың кейінгі индустриялық қоғам сатысына өткенін көрсетеді.
АҚШ-тың ХХ ғасырдың ортасына дейінгі шаруашылығының территориялық құрылымына территория, табиғат қорлары, көлік, еңбек қорлары, шоғырлану факторлары көп ықпал етті. ҒТР дәуірінде ғылымды көп қажет ету, экология, экономикалық-географиялық бейнесіне экономикалық жағдай факторлары еркше маңызға ие болды. Шетелдік Еуропадан өзгеше, АҚШ шаруашылығының қазіргі географиялық бейнесіне экономикалық өмірдің «шеткі» мұхит маңы және көл маңы аудандарына шоғырлануы тән. Мұндай шоғырланудың қал халқының шоғырлануымен тікелей байланысы бар; елдегі бүкіл өнеркәсіп өнімінің 3∕5-і мегаполистердің территориясында өндіріледі.
Экономикасы дамыған басқа елдердегі секілді, АҚШ-та да айтарлықтай территориялық сәйкессіздіктер бар, аса дамыған аудандар кейде дамыған аудандармен көршілес тұрады. Елде белгілі бір нәтиже берген бұл сәйкессіздікті жоюға бағытталғанаймақтық саясат жүргізіледі. Мәселен, өндіргіш күштердің солтүстік штаттардан оңтүстік және батыс штаттарға қарай орын ауыстыруы байқалады. Бірақ артта қалған және тоқырауға ұшыраған аудандардың өркендеуі өте баяу өтуде.
АҚШ өнеркәсібінің дамуы үшін табиғат қорлары өте қолайлы орналасқан. Пайдалы қазбалар алабы мен кен орындары бүкіл елге кең таралған; мәселен көмір мен мұнайдың қоры 30-дан астам шттата барланған. Тектоникалық құрылысының ерекшеліктеріне қарай АҚШ территориясын ең үлкен-шығыс (платформалық) және батыс (қатпарлы) бөлікке бөлуге болады. Шығыс бөліктің басты бөлігі отын пайдалы қазбалары, батыс бөлігінің басты байлығы-кенді қахбалар.
Елде геологиялық іздестіру және барлау жұмыстары жан-жақты жүргізілуде. Осындай жұмыстардың арқасында мұнайдың бүкіл болашақтағы қорының жартысы континенттік кен орындарында-Мексика шығанағында, Калифорния мен Аляска жағалауында болып отыр. АҚШ-тың жаңадан игерілген ауданы- Алясканың материктік бөлігінде елдегі аса ірі Прадхо-Бей мұнай кен орны ашылды.
Осыған қарамастан, соңғы уақытта елде қорлармен қамтамасыз етудің көптеген проблемалары шиеленісіп, кейбір кен роындары сарқылуға айналды. Осының салдарынан 70-жылдары дүниежүзіндегі табиғат қорларына бай елдердің бірі өз тарихында тұңғыш рет олардың тапшылығына ұшырады.
АҚШ-тың өнеркәсіп картасынан көптеген штаттарда жетекші саллардың бәрінің дамығанын байқау қиын емес. Бірақ мұндай жалпы көріністен әдетте екі-үш басты штат ерекше көзге түседі.
1-мысал. Көмір 15-тен астам штаттарда өндіріледі, бірақ елдің басты «көмір штаттары»-Кентукки, Батыс Виргиния, Пенсильвания, бұлардың шегінде елдегі ең ірі Аппалач көмір алабының бөлігі бар. Соңғы уақытта құрамында күкірті аз ашық әдіспен өндірілетін Батыстағы Вайоминг штатының маңызы артып келеді.
2-мысал. Электр энергиясы елдің барлық штаттарында өндіріледі, бірақ электр станцияларының ең ірі шоғыры Теннесси мен Вашингтон штаттарында пайда болған. Вашингтон штатындағы Колумбия өзенінде қуаты 20 млн кВт дүниежүзіндегі аса ірі СЭС тізбегі салынған.
Мұнай өнеркәсібі де осындай жарқын мысалдарға толы.
Машина жасау өнеркәсібін орналастыру негізінен қалалар мен агломерация орналасуына сай келеді. Іс жүзінде елдің басты үш машина жасау ауданын құрайтын АҚШ-тың үш мегаполисіне мұның ерекше қатысы бар. Алуан түрлі кәсіпорындардың болуына қарамастан, кейбір штаттар өздерінің едеуір бір жақты мамандандануымен көзге түседі.
Химия өнеркәсібі ондаған орталықтарда бар, бірақ оның жеке аудандарға шоғырлануы да жиі байқалады.
Тоқыма өнеркәсібі екі ғасыр бойында Солтүстік Атлантика штаттарында-орталығы Бостон болып саналатын Жаңа Англияда шоғырланды. Бірақ соңғы уақытта бұл сала Оңтүстік Атлантика штаттарына қарай қарай, жұмыс күші едеуір арзан аудандарға, мақта, синтетикалық талшық өндіретін аудандарға, өткізу рыноктарына жақын көшіп қонды.
АҚШ секілді елде түрліше дәрежеде өнеркәсіпті аудандарды бөліп көрсетуге болады. Олардың аса ірілері үшеу-Нью-Йорк, Лос-Анжелес және Чикаго өнеркәсіпті аудандары. АҚШ-тың өнеркәсіпті аудандарының көпшілігі бұдан да гөрі ірі құрылымдарға-төрт өнеркәсіп белдеуіне кіреді.
Атлнат мұхитынан Миссисипиге дейін 1,5 мың км-ге созылып жатқан ең кәрі Слтүстік өнеркәсіптік белдеуінің маңызы зор. Ол бірнеше өнеркәсіпті ескі аудандар мен жүзге жуық өнеркәсіп орталықтарын қамтиды. АҚШ-тың өнеркәсіп өндірісінде бұл белдеудің үлесі кеміп келе жатқанымен, ол дүниежүзіндегі ең үлкен индустриялық аймақ болып қалып отыр. Соңғы онжылдықтарды қалыптасқан Оңтүстік-Шығыс өнеркәсіпті белдеуі еңбек пен энергияныкөп қажет ететін өнімдер шығаруға мамандануда. Мексика шығанағы жағалауындағы айтарлықтай жас аудан мұнай өңдеу мен мұнай химиясына маманданған. Ал Калифорнияда ғылымды көп қажет ететін ең жаңа салалар басым.
Ауылшаруашылығын дамытуға қажетті табиғат қорларын өте қолайлы орналастыра отырып, табиғат АҚШ территориясына асқан жамарттық жасаған.
Елдің жер байлығы зор және жер қорының құрылымы да тиімді; АҚШ-тың негізгі территориясының жартысына жуығын өңделетін жерлер, шалғындар мен жайылымдар алып жатыр. Шамалы төбелі Орталық құнарлы жазықтарда жыртылған жерлер кейде 80-90%-ке жетеді. Аляскада, Кордильербелдеуінің биік таулы және шөлді аудандарында ғана ауылшаруашылығына қолайсыз жерлер басым.
АҚШ-тың агроклиматтық қорлары да айтарлықтай. АҚШ-тың географиялық жағдайын еуропамен салаыстырғанда, мұны жақсы көруге болады. Темпераиура жағдайлары мұнда қоңыржай және субтропиктік белдеулердің барлық ауылшаруашылық дақылдарын, ал Флориданың оңтүстігі мен Гавайда- тропиктік дақылдарды өсіруге мүмкіндік береді. Елдің шығыс жартысында ылғал жеткілікті. Бірақ өзінше климаттық шекара болып есептелетін 100˚ меридианнан батысқа қарай қолдан суарған жағдайда ғана орнықты егіншілікті дамытуға болады. Барлық суаратын жердің 3∕4-і батыстағы штаттатға келетіні, міне,сондықтан.
Бүкіл жер көлемінің 2∕3-ін алып жатқан дәнді дақылдар АҚШ-тағы өсімдік шаруашылығының басты бағыты болып табылады. Басты азық-түлік дақылы-бидай, бірақ мал азықтық дақылдардан (жүгері, сорго) әлдеқайда мол түсім жинайды. Майлы дақылдардың ішінде соя бұршағы жетекші орын алады, одан жиналатын түсім сңғы онжылдықтарда барынша өсіп отыр. Ол тамаққа (өте кең таралған соя майы түрінде) да, мал азығына да пайдаланылады. ХІХ ғасырда экспорттың басты саласы болған мақта талшықты дақылдардың ішінде айрықша орын алады. Қант қызылшасы мен қант құрағы қатты дақылдардың ішінде шамамен бірдей орын алады. Американдардың көпшілігінің күнделікті тамақ құрамына кіретін жемістер мен көкөністер де өте маңызды орын алады.
АҚШ-тағы мал шаруашылығының басты бағыты-сүтті және етті ірі қара өсіру. Шошқа мен үй құстары да көп өсіріледі. Етті балапандар (бройлер) өсіру- АҚШ ауыл шаруашылығының барынша индустрияландырылған саласы, оны бәрінен бұрын өнеркәсіптің ауылдық жерлерде орналасқан ретінде қарастыруға болады. Жыл сайын 4 млрд-қа дейін бройлер шығарылады. Оларды кез-келген асханадан, дәмханадан сатып алуға болады.
АҚШ-та ауылшаруашылығының экономикасы дамыған елдерде кездесетінбарлық негізгі түрлері бар деуге болады; ғалымдар елден ауылшаруашылығының осындай 13 түрін бөліп көрсетеді. Оның үстіне, табиғат жағдайларының алуан түрлілігі, жоғары таурлылық, ауылшаруашылық жүктерін жаппай тасымалдауға мүмкіндік беретін көліктің дамуы, жеке фермалардың ғана емес, сондай-ақ АҚШ-та белдеулер деп аталатын тұтас аудандардың айтарлықтай бір жақты мамандануы үшін алғышарттар жасады. Бұл Ұлы жазықтарда қалыптасқан бидай белдеуі, мұндағы әлденеше мың гектар территорияға орналасқан нағыз «астық фабрикалары» фермалардың механикаландырылу деңгейі өте жоғары. Бұл Орталық жазықтардың солтүстігінде пайда болған жүгері белдеуі, мұндағы топырақ-климат жағдайлары жүгері өсіруге өте қолайлы. Бұл көл маңы мен Солтүстік-Шығыс штаттардың сүт белдеуі. Бұл Ұлы жазықтардың оңтүстік бөлігі мен Таулы штаттардағы ранчода дамыған мал шаруашылығы белдеуі. Жер жэаңғағын, темекіні, күрішті, жемістер мен көкөністерді өсіруге маманданған аудандар жөнінде де айтуға болады.....



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: nurgul95 | 52 | 29.03.2019


Загрузка...
Читайте также
Реферат: География | Атлант мұхиты
Қазақша Рефераттар жинағы
Реферат: География | Атлант мұхиты
Реферат: География | Америка Құрама Штаттарына жалпы сипаттама
Қазақша Рефераттар жинағы
Реферат: География | Америка Құрама Штаттарына жалпы сипаттама
Курстық жұмыс: География | Тынық мұхитының климаттық жағдайлары мен сулары
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: География | Тынық мұхитының климаттық жағдайлары мен сулары
Курстық жұмыс: География | Жапонияның табиғат жағдайлары және табиғат ресурстары
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: География | Жапонияның табиғат жағдайлары және табиғат ресурстары
Қазақша презентация (слайд): География | Оңтүстік Америка материгінің халқы мен елдері
Қазақша Презентация (слайд) жинағы
Қазақша презентация (слайд): География | Оңтүстік Америка материгінің халқы мен елдері
Қазақша презентация (слайд): География | «Үлкен жетілік» елдері [Америка,Канада, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия]
Қазақша Презентация (слайд) жинағы
Қазақша презентация (слайд): География | «Үлкен жетілік» елдері [Америка,Канада, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия]
Қазақша презентация (видео слайд): География | Америка құрама штаттары (АҚШ)
KZ / Қазақша Презентация (слайд) жинағы
Қазақша презентация (видео слайд): География | Америка құрама штаттары (АҚШ)
Қазақша презентация (слайд): География | Америка құрама штаттары (АҚШ)
Қазақша Презентация (слайд) жинағы
Қазақша презентация (слайд): География | Америка құрама штаттары (АҚШ)

KZ / Қазақша Рефераттар жинағы, реферат Америка Құрама Штаттары туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Америка Құрама Штаттары на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы География жоспарымен, казакша реферат жоспар, Америка Құрама Штаттары, реферат Америка Құрама Штаттары туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет реферат Америка Құрама Штаттары на казахском языке скачать бесплатно информация рефераттар жинағы География жоспарымен казакша реферат жоспар Америка Құрама Штатт, Реферат: География | Америка Құрама Штаттары реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы