» » » Реферат: Информатика | Білім базасының архитектурасы

Реферат: Информатика | Білім базасының архитектурасы

Реферат: Информатика | Білім базасының архитектурасы казакша Реферат: Информатика | Білім базасының архитектурасы на казахском языке
Білімге негізделген жүйелер

Сараптау жүйесі кез – келген қолдану саласында пайда болады . Яғни, мәселені сарапшы маман жүзеге асырғандай етіп орындайтын жасанды интеллект жүйесі . Сараптау жүйесі компьютер мүмкіндіктерімен біріктірілген жүйе . Нағыз сараптау жүйесі бұдан да күрделі құрылымды болуын ескеру қажет , бірақ ескеретін жәйт суретте көрсетілген блоктар кез-келген сараптау жүйесінде болады , себебі, олар сараптау жүйесінің жаңа құрылымы de facto стандарты болады .
Жалпы сараптау жүйесінің функционалдану процесін келесі түрде көрсетуге болады :
Сараптау жүйесіне сұраныс жіберетін қолданушы интерфейс арқылы керекті ақпаратты алатын қолданушы ;
Қолданушыға керекті мінездемені берумен қатар білім базасын қолданатын шешуші ;
Сараптау жүйесінің жалпыланған құрылымы былай сипатталады :


Пайдаланушы Білім инженері + Сарапшы

Пайдаланушы интерфейс – қолданушы мен сараптау жүйесінің арасындағы ақпаратты шығару немесе нәтежие алу диалогтарын іске асыратын программалар жиыны .
Білім базасы - практикалық іс- әрекеттің және де кәсіптік тәжірбиеден алынған нәтежиені пәндік обылыста әртүрлі принцптермен , байланыстармен және де заңды түрде мамандарға шешуге және оны қоюға рұсат етеді .Білім базасы -интеллектуалданған жүйе ядросы , пәндік обылыстардың өзіне тән қасиеттері машиналық тілде білім туралы мәліметті жазады . ЭЕМ –мен жұмыс істейтін информация екі түрге бөлінеді :
-- Процедуралық
-- Декларативтік
Процедуралық - информация есепті шешу барысында программа түрінде орындайды.
Декларативтік- программалар, жұмыс істейтін базада жүзеге асады.
Шешуші – Білім базасындағы сараптаушының қадамын білім базасы негізінде модельдейтін программа . Осыған ұқсас : дедуктивті машина , шығарушы машина , логикалық шығару блогы .
Түсініктеменің жүйесі – пайдаланушының қойған сұрағына жауап алуына мүмкіндік беретін программа .
Білім базасының интеллектуалды деңгейі- диалогты режимде білім базасын құруға мүмкіндік беретін білім бойынша инженер ұсынған программа .
Оған: 1. енгізілген меню
2. білімді түсіндіретін шаблондары
3. Көмекші режимі (Help- режимі)
4. базамен жұмысты оңайландыратын басқа сервистер .
Сараптау жүйесі кез – келген қолдану саласында пайда болады , яғни оны кез- келген салада пайдалануға немесе басқа мақсаттарда пайдалануға болады .
Мәліметтерді анықтау – жүйеге енгізілген деректерді қолдану саласындағы жағдайды анықтау мақсатымен айқындау
Мониторинг- мониторингтің негізгі жұмысы – уақыт масштабымен шетке шыққан параметрлерінің сигнализацияларының үздіксіз интерпретация мәліметтері . Негізгі проблемасы - қиынырақ жағдай мен инверстік есептің іске асуы .
• Яғни, СПРИНТ электростанциясының жұмысын тексеру және REACTOR атомдық редакторлар диспетчеріне көмек
• FALCON және тағы басқа химиялық заводтардың авариялық датчиктерін бақылау .
Жобалау – қойылған талаптарға сәйкес келетін обьектілерді анықтау . Яғни, бұл жерде “обьектілерді ” құру үшін алдына ала сол обьектің қасиетін және қандай жобалаудан тұратынын анықтап алу қажет . Бізге керекті документтердің жиынтығы – сызбасы , алдына ала түсіндіріліп жазылған хаттама . Бұл жердегі негізгі проблема –обьектінің анық құрылымын білім негізінде сипатталуы , эффекті түрде проектіні ұйымдастыру мен одан да көп қадамдағы проектіні жүзеге асырудағы шешімдерді қарастыру .Сол себепті , проектіні есептеу барысында , сараптау жүйесінде орындалатын екі процестің арасындағы байланыс қарастырылады :
• Шешімді шығару процесі
• Түсіндіру процесі
Болжау - өткен және кәзіргі кездегі жағдайды негізге ала отырып болашақтағы өзгерістерді болжау . Болжау жүйелері берілген ситуациядан логикалық түрде қорытынды ықтималын шығарады . Болжау жүесінде әдетте динамикалық модель параметрлері қолданылады және сол қолданылатын параметрлердің мәндері берілген ситуацияға сәйкестендіріледі .
Мысал ретінде келесілерді алуға болады :
• Ауа – райыны болжау – WILLARD
• Болашақ өнімді болжау - PLANT
• Экономикалық болжаулар - MOLGEN
Үйрету- негізгі интеллектуалды жүйенің басты сызықтығы – үйренуге қабілеттілігі және де бұрын соңды кездеспеген есептерді шешу жолдары.
Біліммен басқару – Есептер шешу барысында білімді қолдану үшін интеллектуалды жүйе мыналардан тұруы қажет:
• біліммен оперирлеу
• білімді толықтыру (ұйымдастырылып жатқан тәсілдердің және толық емес білімді сипаттау көмегімен )
• Білім жүйесінде сақталынатындардың классификациясы
• Ұйымдастырылған білім процедураларын жалпылау
• Абстрактілі түсіндіру білімі негізінен формаға келтіру
• Құрылған методтардың көмегімен шындыққа жақын және дұрыс негізгі білімді жүзеге асыру ;
• Аданың ой-өрісінің модельімен жүзеге асыру ;
Білімді басқару мен білімді түсіну – екі бағытта бір –бірімен тығыз байланысты . Кәзіргі уақытта құрылатын білім базасының теориясы біріншісі сияқты екіншісіне де бағытталған
Білімге негізделген барлық жүйелерді , келесі түрге бөлуге болады :
• Анализ есептерін шешуші жүйелері
• Синтез есептерін шешу ші жүйелері
Айырмашылығы:
Анализ есептерін шешуші жүйелері- бұл жерде , анализ есептерінің көбі жүйеге қосылады және жүйеге көшірілетін болады ; Осы анализдік есептерге жататындар :
• Мәліметтердің интерпретациясы
• Диагностика
• Есептің шешімін қолдау
Мәліметтердің интерпретациясы . Әрбір информациялық бірліктің өзіне тән аты болуы керек , себебі сол мәліметтер арқылы информациялық жүйелер оны табады және де оның аты аталған сұраныстарға жауап береді . Есте сақталған мәліметтер аттарынан айрылғанда онымен қоса жүйемен идентификациялау мүмкіндігі де жоғалады . Ал, мәліметтер болса тек программаны ғана идентификаторлай алады ;
Мысалға : ЭЕМ- нің есіне вуздың студентері туралы мәліметтер енгізу керек болсын , ЭЕМ- ді ішкі идентификациялаусыз жазатын болсақ, онда біз таблицаның жолдарына сәйкес төрт машиналық сөз жазылған болар еді .
Диагностика – осы айқындау негізінде қолдану саласындағы күрделі жағдайды анықтау.
Есептің шешімін қолдау - өзіміз шешкен кез-келген есептің шешімін тексере отырып , дұрыстығын тексеру .
Синтез есептерін шешуші жүйелері – ал бұл жерде көп есептер потенциалды түрде шектелмейді және шешу компоненттері мен проблемалардан тұрады . Синтездік есептерге жататындар :
• Жобалау
• Жоспарлау
• Басқару
Жобалау - қойылған талаптарға сәйкес келетін обьектіерді анықтау .
Жоспарлау – қойылған мақсатқа жетудегі іс-қимылдарды жоспарлау
Басқару – Есептер шешу барысында білімді қолдану үшін интеллектуалды жүйеге сүйеніп керекті мәліметтерді басқаруға мүмкіндік береді .

Білімдер негізінде құрылатын сараптау жүйелерінің сыныптамасы

Статикалық сараптау жүйесі – пәндік обылыста жүзеге асады және бұл жерде , білім базасы мен интерпретацияланған мәліметтер уақыт бойынша ауыспайды .. олар әрқашанда тұрақты болады .
Квазидинамикалық сараптау жүйелері –бағытталған уақыт интервалындағы жағдайларды реттейді және интерпретациялайды . Мысалы , микробиологиялық сараптау жүйелері – лабараториялық өлшемдерді технологиялық процестер негізінде анализдайды.
Динамикалық сараптау жүйелері – нақты уақыт аралығында үзіліссіз интерпретациялаудың жүйеге мәліметтердің қабылдануы.
Мысалы: 1. Ыңғайлы өндірістік комплекстерімен басқару ;
2. G2- динамикалық жүйелерді инструменталдық программаларды іске асыру үшін қолданылады .

ЭВМ-нің типі бойынша классификациясы
Кәзіргі кезде қолданыста бар :
• Супер ЭВМ-дегі ерекше стратегиялық есептер үшін сараптау жүйесі
• Орташа өнімділіктегі ЭВМ үшін сараптау жүйесі
• Символдық процессорлар мен жұмыс станциялары үшін сараптау жүйесі .
• Мини және СуперМини ЭВМ үшін сараптау жүйелері
• Дербес компьютерлер үшін сараптау жүйелері ;
Пайдаланушы - бұл сараптау жүйесімен жұмыс жасайтын қолдану саласының маманы не болмаса сараптау жүйесін құруға тапсырыс беруші .Тапсырыс беру барысында –түсінікті деңгейде қою қажет . Сонымен қатар сарапшының беруші кеңестерін дұрыс талқылау қабілетіне ие болуы қажет . Пайдаланушыға ең төмен талаптар қойылады . Себебі оны таңдамайды . Ол кейбір жағдайда жүйенің тапсырыс берушісі болып табылады . Қажетті қасиеті:
а) Достық
б) Жүйеден не керек екендігін түсіндіре алуы
в) Есептеу техникасын қолдану барысындағы психологиялық кедергінің жоқтығы
г) Жаңа нәрсеге қызығушылығы .Дайындалған сараптау жүйесінің қолданатынын пайдаланушы шешуі
д) Жалпы кез- келген қолданушының өз жұмысына деген қызығушылығы жас кезден –ақ пайда болады .
Пайдаланушы кейбір деңгей базасында квалификациясы болуы қажет, ол сараптау жүйесінің ұсынысын дұрыс талқылқылауға мүмкіндік береді . Одан басқа терминология интерфейсі сараптау жүйесіне толығымен сәйкес болуы керек , себебі ол пайдаланушыға талап онша жоғары емес , әйтпесе ол сараптаушы разрядына өтеді және сараптау жүйесін керекті қылмайды .
Білім инженері – жасанды интеллект саласының маманы. Білім базасы мен сарапшы арасындағы аралық буфер ролін атқарады . Білім инженері –білімдердің барлық түрлерін біледі және де ол аналитик ролін де атқарады .
ЭЕМ-де өңделетін мәліметтер орын ауыстырылып, келесі этаптардан өтеді :
1. D1-Мәліметтерді өлшеу мен бақылаудың қорытындысы
2. D2- Материалды түрде берілген мәліметтер туралы ақпарат (таблицалар , протоколдар, керекті мәлімдемелер);
3. D3-Мәліметтердің диаграмма түріндегі құрлымы , графигі, функциясы ;
4. D4- Мәліметтерді сипаттау тіліндегі компьютердегі мәліметтер ;
5. D5- ақпаратты машиналық тілде жүргізетін мәліметтер базасы
Білім эмпирикалық жолмен алынған мәліметтерге негізделген .
1. Z1-Адамның ойлау негізінде қалыптасқан білім
2. Z2- Білімнің материалдық тасығыштары (оқулық , методикалық оқулықтар )
3. Z3-білім алаңы –негізгі обьектілардың пәндік обылыстары, олардың белгілері және заңдылықтары және олардың өзара байланысы
4. Z4- Білім берілетін тілдегі түсініктен қалыптасқан білім(продуктілік тілдер, семантикалық желілер , фреймдер )
5. Z5- Ақпаратты тасушы машиналар базасынан қалыптасқан білім .
Сараптаушы – дайындаушы коллективінде маңызды фигура болып табылады . Соңғы есепте , оның дайындығы білім базасының компетенциясының деңгейін анықтайды .
А) жақсы қарым- қатынас
б) Өз тәжірбиесімен айналадағылармен бөлісуі
в) Педогогикалық білімдерді түсіндіре алуы .
г) Дайындалған жобаның іске асуына қызығушылық болуы керек . Әдетте сараптаушының саны жағынан сұрақтар туындайды . Бұл жерде әр сараптаушының жеке жұмыс жасауы мен әр кезде альтернативті база құруы да білімге қарсы неше түрлі проблемалар туындалуы мүмкін . Таңдалған пәндік обылыста жоғарғы кәсіпкерлік қана емес , басқа да мәселерден жан- жақты болуы қажет . Мысалға : Сараптаушының жасанды интеллект туралы әйгілі әдебиеттермен таныс болуы білімді алу барысында эффекті түрде этаптардан өту үшін сараптау жүйелерін білу қажет.

Проблеманың идентификациясы
Сараптаушы жүйенің дайындалуы , яғни қадамы жобаланады және есеп анықталады :
• Керекті ресурстар (уақыт, адам ,ЭВМ)
• Білім көзі (кітаптар, қосымша сарапшылар , әдістемелер )
• Аналогты сараптау жүйесінің пайда болуы
• Мақсаты (тәжірбиенің таратылуы )
• Шешуші есептер класы және тағы басқа




Орташа созылуы 1-2 апта

Білім алу
Әртүрлі әдісті қолдану арқылы сараптаушыдан білім инженеріне ауыстыру осы стадиялардан өтеді :
• Текстке анализ
• Диалогтар
• Сараптау ойындары
• Лекциялар
• Дискуссиялар
• Интервью( сұхбат)
• Бақылау және басқалар



Білімнің құрылысы мен концептуалдылығы
Пәндік обылыстың құрылысынан алынған бірнеше көрсетімді анықтайды :
• Терминология
• Негізгі түсінік пен оның атрибуттарының тізімі
• Түсініктер арасындағы қатынас
• Кіруші және шығушы ақпараттың құрылысы
• Шешім қабылдаудың стратегиясы
• Стратегияның шектілігі және т.б.

Білімнің құрылысы немесе концептуалдығы – пәндік обылыстың график түріне формальді емес дайындаушының білімін сипаттауы , ол пәндік обылысты түсіну мен негізгі концепциясының арасындағы байланыс таблица, диаграмма немесе текст түрінде берілуі мүмкін .

Базадағы әртүрлі факторлардың пайда болуымен және де оқиғаны сипаттауымен белсенді жүйенің арасындағы байланыс болуы мүмкін.
Білімнің функционалды түрде бүтін болуын ұмытпау керек , яғни бұл дегеніміз – қажетті нәтежиені алу мүмкінділіктерді, нәтежие алу үшін кеткен уақыт пен керек – жарақтар, жеткілікті анализ керектілерін алу .

Жалпы мәліметтер базасы мен білім базасы тығыз байланысқан

Ең алдымен , білім мәліметтерге қарағанда өте күрделі структуралы.
Жалпы білім базасы 2- түрлі болады :
1. Экстенсионалды
2. Интенсионалды
Экстенсионалды- түрде кейбір факторлар ды теру арқылы , пәндік обылысты жасайтын және берілген мәліметтерге сәйкес болады ;
Интенсионалды - түрде мәліметтер түсінігі мен атрибуттар арасындағы байланысқан схемаға сәйкес болады .
Қазіргі уақытта мәліметтер базасын басқару жүйесі барлық информациялық бірліктер базада сақталған мәліметтер үшін ішкі интерпретациялауды қамтамасыз етіп отыр .Білімнің құрлымы : Ақпараттық бірліктер қолдануға ыңғайлы құрылымда болуы керек . Олар үшін “Мәтрөшке принцпі ” орынындалуы керек және де рекрусивті түрде бір- біріне ақпараттық бірліктер ауыса білуі қажет .
Кез-келген ақпараттық бірлік басқа мәліметтер құрамына да енуі мүмкін. Яғни жалпы сөзбен айта кетсек әрбір бөлек ақпараттық бірлік өз еркімен байланыс құра білуі қажет . Мысалға , “бөлшек- бүтін”, “элемент – класс” және т.б.
Байланыстылық (білім бірліктерінің арасындағы байланыс ). Ақпараттық базада ақпараттық бірліктердің арасындағы әртүрлі байланыстар қарастырылуы қажет. Ең алдымен бұл байланыстар ақпараттар арасындағы байланысты сипаттайды . Ақпараттық бірліктің арасында басқа да байланыстар орындалады , мысалға ақпараттық бірліктің реттік нөмірін анықтау үшін немесе әртүрлі ақпараттар бірлігін бір жүйеге келтіру үшін және т.т.б.Білімді көз алда елестету үшін келесі ерекшеліктерді қарастырамыз:
* Семантикалық желі- жалпы модельді ерекжелеп анық түрінде көрсетеді ;
* Иерархиялық желі- ақпараттық бірлікке негізделген болып саналады ;
Білімнің белсенділігі – ЭЕМ –нің пайда болғанынан бері және онда қолданылатын ақпараттар бірлігі мәліметтер және командалар болып бөлінгеннен кейін мынандай жағдайлар болды :
• Мәліметтер- пассивтер
• Командалар – активтер

Яғни ,мәліметтер өз орнында қала береді де кез- келген жаңа ақпарат келіп түскенде , ақпарат жаңарады . Одан қызығырақ бола түседі .
Ал, командалар болса әрқашан да бір орында түрады . Командалар бар болғаннан соң кез- келген процестер орындалады ....



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: nurgul95 | 65 | 15.03.2019


Загрузка...
Читайте также
Реферат: Информатика | Білім базасының сапалы түрде құру мәселелері
Қазақша Рефераттар жинағы
Реферат: Информатика | Білім базасының сапалы түрде құру мәселелері
Реферат: Информатика | Білім базасын сапалы түрде құру мәселелері
Қазақша Рефераттар жинағы
Реферат: Информатика | Білім базасын сапалы түрде құру мәселелері
Реферат: Информатика | Білімді қабылдау тәсілдері және мәселелері
Қазақша Рефераттар жинағы
Реферат: Информатика | Білімді қабылдау тәсілдері және мәселелері
Ғылыми жұмыс (жоба): Информатика | MathCad бағдарламасы
Ғылыми жұмыстар жинағы [тегін]
Ғылыми жұмыс (жоба): Информатика | MathCad бағдарламасы
Курстық жұмыс: Қолданбалы информатика | Кітапхана бөлімінің Мәліметтер Базасын құру(ұйымдастыру)
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Қолданбалы информатика | Кітапхана бөлімінің Мәліметтер Базасын құру(ұйымдастыру)
Курстық жұмыс: Информатика | Жасанды интелект және оны пайдалану
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Информатика | Жасанды интелект және оны пайдалану
Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Цифрлық автоматикалық вентиляция жүйесін өндірістік орындарына әзірлеу
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Цифрлық автоматикалық вентиляция жүйесін өндірістік орындарына әзірлеу
Дипломдық жұмыс: Метрология | Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Метрология | Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы

KZ / Қазақша Рефераттар жинағы, реферат Білім базасының архитектурасы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Білім базасының архитектурасы на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Информатика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Білім базасының архитектурасы, реферат Білім базасының архитектурасы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет реферат Білім базасының архитектурасы на казахском языке скачать бесплатно информация рефераттар жинағы Информатика жоспарымен казакша реферат жоспар Білім, Реферат: Информатика | Білім базасының архитектурасы реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы