Энергия көздері. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақтың басында оқушылармен энергия көздері болатын құрылғылардың атын жаздырасыз. Осы арқылы оқушылардың бастапқы білімдерін тексеру жүзеге асырылады. Егер оқушылар энергия көздерін атай алмаса аздап көмек көрсетуге болады. Тапсырманы орындап болғаннан оқушыларға жасалған жұмыс бойынша кері байланыс ұсыну қажет. Ой қозғау тапсырмасын орындап болған соң оқушыларға сұрақтар қоя отырып сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау қажет. Мысалы: Неліктен біз қыздыру немесе жарықтандыру құралдарын жаздық? Осы арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқушыларға тұжырымдатыңыз.
Келесі қадамда оқушылармен бірлесе отырып глоссарийді талқылаңыз. Глоссариймен жұмыс барысында оқушыларға мүмкіндігінше терминдерді өздеріне түсіндіруге мүмкіндік беріңіз. Егер оқушылар терминдері түсіндіре алмаса, оның мағынасын түсіндіріңіз. Ағылшын тіліндегі терминнің оқылуы мен транскрипциясын анық айтып өтіңіз және оқушыларға ағылшын тіліндегі сөздерді қайталап айтқызыңыз. Транскрипция барысында қиындық туындаса Кембридж университетінің сөздер транскрипция ресурсын қолдануға болады. Сілтеме төменде келтірілген.
Жаңа тақырыпты игеру үшін оқушылар топтармен жұмыс жасайды. Топқа бөлу барысында оқушылардың қабілетін ескеруге немесе кездойсоқ топтарға бөлуге болады. Ол үшін арнайы веб ресурстарды қолдану жеңілірек немесе сабақ жоспарындағы үлгіні қолданыңыз. Сілтеме пайдалы сілтемелер айдарында берілген.
Топтық жұмысты бағалау үшін арнайы қосымша дескрипторларды оқушылармен бірігіп дайындауға болады. Ол үшін төмендегі веб сайттан қажетті критерийлерді таңдап алып, рубрикаларды қағазға шығарып жұмыс басталғанда оқушыларға беруге болады.
Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға дескрипторлар көрсетуді ұмытпаңыз. «Баламалы энергия көздері» бейне ролигі оқушыларға қосымша тапсырма ретінде берілген. Сабақты бекіту барысында оқушылар өздік жұмыстар орындайды. Өздік жұмысты орындау барысында қабілетті оқушыларға өз мүмкіндіктерін ашу үшін қосымша тапсырмаларды ұйымдастырыңыз.
Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Әр оқушы «Көңіл күй өлшегіші» деп аталатын әдіс бойынша кері байланыс жасайды. Бірнеше оқушыға өздерінің жауаптарын неге олай болғаны туралы негіздеп түсіндіруіне болады. Үй жұмысы қабілетті оқушыларға арналған. Сондықтан барлық оқушыдан міндетті түрде талап етпеуге болады.
Пайдалы сілтемелер:
https://dictionary.cambridge.org/
немесе https://dictionary.cambridge.org/dictionary/english-russian/renewable?q=Renewable
https://www.jamestease.co.uk/team-generator/
http://www.aschool.us/random/random-pair.php
http://rubistar.4teachers.org/index.php?screen=NewRubric§ion_id=9#04
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?