Бейтараптану үдерісі. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім: 6.2В : Заттардың жіктелуі

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 

Сабақ тақырыбы

Бейтараптану үдерісі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

- 6.3.2.3 бейтараптандыру үдерісін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

- бейтараптану үрдісін тәжірибе жүзінде зерттеу

- сипаттамалары мен байқауларының негізінде бейтараптану реакциясы ұғымын қалыптастыру

- химиялық реакция теңдеулері бойына бейтараптану реакциясын түсіндіру

Бағалау критерийлері:

- бейтараптану реакциясын сөзбен жаза алады

- асқазан қышқылдығын басатын затты анықтап, бейтараптану процесін жүргізе алады

- индикатордың түсінің өзгеруін бақылайды, дұрыс қорытынды жасайды

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

- бейтараптану үрдісін түсіндіре алады.

Пәндік лексика және терминология:

қышқылдық орта

- сілтілілік орта

- бейтарап орта

- бейтараптану

Айтылымға қажетті сөз тіркестері:

• Бейтараптану – бұл заттардың ….. және ….. ортасымен өзара әрекеттесуі.

Құндылықтарды дарыту

 

 «Мәңгілік ел» құндылықтары

 Сабақта топтық жұмыс істеу және нәтижелерді басқа оқушылармен ақылдасуды жүргізу арқылы талқылау өзге пікірді құрметтеу мен коммуникативті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылар бақылауының негізінде жатқан қағидаттарды түсіндіруде сыни тұрғыдан ойлау қасиетінің көптеген мүмкіндіктері бар.

Пәнаралық байланыстар

 Табиғи объектілердің ортасын анықтау барысында биология пәнімен байланыс орнатылады

Бастапқы білім

 

2.1.1.8 Эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кесте түрінде беру

3.3.1.1 Заттарды шығу тектері мен агрегаттық күйлеріне сәйкес жіктеу 

3.2.1.3 Фотосинтез үдерісін білу және түсіну

3.3.3.1 Тірі ағзада және өлі табиғатта судың бар болатыны туралы білу  

 ЖОСПАР

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс – әрекеттер

 

Ресурстар

Сабақтың басы

0-6

7-8

  • Проблемалық сұрақ туындату үшін оқушыларға келесі көрсетілімді көрсетіңіз:

Ас содасының сұйылтылған ерітіндісіне әмбебап индикатор қағазын батырыңыз және индикатор қағазы бастапқы түріне енгенге дейін біртіндеп тамшылатып лимон шырынын қосыңыз.

  • Неліктен ас содасы мен лимон қышқылы әрекеттескенде индикатор қағазы бастапқы түске өзгерді?

Мұғалім оқушылардың пікірталасын бейтараптану түсінігін қалыптастыру мақсатына бағындыра отырып, алдында жасалған экспериментке сүйеніп, болған құбылысты түсіндіреді.

Мұғалім бейтараптану реакциясынын сызбасын жазады:

Қышқылдық орта + сілтілік орта = бейтарап орта

  Дескрипторлар

 Оқушылар

- әмбебап индикатордың қышқылдық, сілтілі және бейтарап ортадағы түсін анықтайды

-қышқыл мен сілті әрекеттескенде басқа орта түзілгенін түсінеді

2.Мақсатты тұжырымдау.

Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаты анықталады:

- бейтараптану үрдісін тәжірибе жүзінде зерттеу

- сипаттамалары мен байқауларының негізінде бейтараптану реакциясы ұғымын қалыптастыру

- химиялық реакция теңдеулері бойына бейтараптану реакциясын түсіндіру

Слайд №1-3

 

Ас содасы, дистильденген су, әмбебап индикатор қағазы, лимон шырыны, пипетка, стақан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

9-14

 

 

 

 

 

15-20

 

 

21-26

27-32

33-37

3.Бейтараптану ұғымы туралы мұғалім оқушыларға түсінік береді. Мұғалім бейтараптану реакциясын, қышқыл мен сілті арасындағы реакциясы деп түсіндіреді.

4. Оқушылардан «асқазан қышқылдығы» туралы сұрайды.

  • Кей жағдайларда асқазанның қыжылдап ауыратыны белігі, сондай кезде адам қандай әрекеттер жасайды?
  • Асақазан қышқылдылығы көтерілгенде қолданылатын қандай дәрілік препараттарды білесіңдер?

5. Мәтінмен жұмыс. әдісі бойынша мәтінмен танысады.

Оқушылар өздеріне таныс қыжылдан дәрілерін айтып кетеді. Мұғалім сабақтан бұрын сол дәрі-дәрмектердің қаптамаларын әкелуді сұрайды. Осы дәрі-дәрмектің құрамындағы жалпы затты анықтауға тапсырма береді. Оқушыларға олардың ортасы сілтілік екенін айтады.

 Дескрипторлар

 Оқушылар

- асқазанның ортасын біледі

- асқазан қышқылын бейтараптай алады

- дәрінің құрамындағы затты анықтайды

6. . Қарын сөліне ұқсас хлорсутек қышқылы ерітіндісінің ортасын әмбебап индикаторының көмегімен анықта.

2. Ерітіндіге «Ренни» дәрісін немесе басқа да қыжылды басатын дәріні салу керек.

3. Араластырып, бақылау жүргіз.

4. Алынған ерітіндінің ортасын ортасын әмбебап индикаторын пайдаланып анықта.

Төмендегі сұрақтарға жауап бер:

Қарын сөлінің ортасы қандай?

«Ренни» дәрісін немесе қыжылдан өзге дәрінің ортасы қандай?

Алынған ерітіндінің ортасы қандай?

Нәтиже кестесіне толтырады

 Дескрипторлар

 Оқушылар

- лимон қышқылының ерітінді ортасын біледі

- қышқылды бейтараптайтын зат ортасын біледі

- дәрінің құрамындағы затты анықтайды

- бейтараптану теңдеуін сөз арқылы жаза алады

7. Кейін мұғалім «қышқылды жаңбыр» түсінігін талдауға кіріседі. Балаларға сұрақтар қояды:

  • Қышқыл жаңбыр туралы не білесіздер?
  • Олар қалай пайда болады?
  • Олардың қоршаған ортаға әсері қандай?
  • Топырақтың қышқылдығын қалай азайтуға болады?

Қышқылды жаңбырдан басқа, химиялық тынайтқыштарды көп қолдану зиян әкелетінін түсіндіреді, мысалы топырақтың қышқылдығы артады. Талдаудан кейін, оқушылардан топырақтың қышқылдығын қалай азайтуға болатынын сұрайды. Егер оқушылар «сілті қосуға» ұсынбаса, оларға осы әдіс туралы айтып беріңіз. Мысалы, тым қышқыл топырақты сілтімен (сөндірілмеген ақ) өндейді.

 Дескрипторлар

 Оқушылар

- қышқылдық/сілтілік ортаны бейтараптауды біледі

Бағалау: дескрипторды қолдана отырып, берілген жауаптарға кері байланыс беріледі

Слайд 4-5

Қосымша №1

 

 

Слайд 6-9

Қосымша №2

Ренни және Маалокс ұнтақтары, лимон шырыны, пипетка, әмбебап индикатор қағазы.

 

 

 

 

 

Слайд 10

Сабақтың соңы:

38-40

8. Рефлексия

Слайд 11-12

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында дарынды оқушылар қолдау қөрсетеді, ал барынша үлгеретіндерге метакогнитивті сұрақ қою арқылы олардың білімдерін кеңейтіледі. Сонымен қатар, топтағы жұмыс барысында басқа оқушыларға қолдау көрсету барысында ұйымдастырушылық, көшбасшылық қабілеттері дамиды

Мұғалім оқушыларды ауызша жауаптары, тапсырмаларды дескрипторға сай орындаулары бойынша кері байланыс береді.

Зерттеу жұмыс барысында қауіпсіздік шараларының орындалуы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу