Жылулық энергия. Температура. Термометр. Жаратылыстану, 5 сынып, сабақ жоспары.
План урока
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі 5.3 В: Энергия және қозғалыс | Мектеп: Көкшетау қаласындағы НЗМ | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: 5 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Жылулық энергия. Температура. Термометр. | ||||||||||||
Оқу мақсаттары | 5.5.1.2 Жылулық энерия және температураны ажырату; 5.5.1.3. термометр арқылы температураны өлшеу. | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Температура туралы түсінік беру; оқушыларды термометрлердің түрлерімен және температура шкалаларымен таныстыру; температура және жылулық энергия арасындағы айырмашылықты түсіндіру; термометр көмегімен температураны өлшеуді үйрету. | ||||||||||||
Бағалау критерийлері | Температура түсінігін біледі; Температура түрлерін және температура шкалалардың әртүрлілігін біледі; Температура және жылулық энергия арасындағы айырмашылықты біледі; Температураны 0С-ден К-ге ауыстыра алады; Термометр көмегімен температураны өлшей алады. | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар тиісті терминологияларды берілген модульдер бойынша түсіндірдіру және сипаттауда қолданады. Пәндік лексика және терминология: жылулық энергия, температура, температура шкалалары, абсолют температура. | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту Көпмәдениеттілік Интернационализм Әлем азаматы | Коммуникативті дағдылар, ұқыптылық, бір-біріне деген құрмет, функционалдық сауаттылық. Жолдастарын тыңдай білу, ой пікірлерімен санасу, өз ісіне жауапкершілікпен қарау дағдыларын дамыту. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | математика, ғылымға кіріспе | ||||||||||||
АКТ қолдану | http://bilimland.kz/ru/content/structure/1983-tela_i_veshestva#lesson=17618 https://www.youtube.com/watch?v=1tvg_gfZpY4 (0м -3,45м) | ||||||||||||
Бастапқы білім | Зат құрылысы, заттың агрегаттық күйлері, термометр, жылу | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 2 мин 5 мин 5 мин 2мин |
Мақсаты: оқу материалының игерілу деңгейін тексеру, проблемалар Проверить уровень усвоения учебного материала, выявить проблемалады анықтау және оларды түзету. А)Тірек білімдер актуалдау Формасы: ұжымдық Әдісі: жеке Тәсілі: сұрақ-жауап
3. оқушылардың жақын арада даму аймағын анықтау. 1. Біз күнделікті өмірде «ыстық», «суық» деген түсініктерге жиі кездесеміз. Алайда ыстық және суықты сезіну субъективті фактор болып саналады. Жылулық сезінуді оқушылар келесі тәжірибеден байқай алады: №1 тәжірибе Мұғалім оқушыларға сол қолдарымен ағаш заттарға (үстел, орындық т б ), оң қолдарымен металл заттарды ұстап көруді ұсынады. Барлық заттар бір бөлме температурада болса да сол қолымыз жылуды, оң қолымыз суықты сезеді. Қорытынды: сезіну арқылы температура туралы айту мүмкін емес. 4. Оқушылармен бірлесіп сабақтың/оқу мақсатын анықтайды. | Интерактивтік тақта | |||||||||||
3 мин 5 мин 5 мин 7 мин 5 мин 5 мин
35 мин | 5. Жаңа тақырыпты түсіндіру Мақсаты: оқушылардың температура ұғымын түсінуге, термометр түрлері мен температура шалаларының әртүрлігінін зерттеп түсінуге ықпал ету, Формасы: жалпысыныптық Әдістері: эвристикалық 1. Қоршаған ортада денені қыздыру мен салқындауға байланысты алуан түрлі физикалық құбылыстар болады. «Суық», «жылы», «ыстық» сөздері денені қыздыру дәрежесінің және температурасының әртүрлілігін көрсетеді. Температураны өлшеу объективті болу үшін түрлі термометрлер жасалған. Тәжірибе көрсеткендей барлық қатты денелер мен сұйықтар температурасы көтерілгенде ұлғаяды. Сондықтан дененің жылулық ұлғаюы температураны өлшеу үшін қолданылуы мүмкін. Сұйықтарда температура көтерілумен қатар олардың көлемі ұлғаяды. Бұл ғасырлар бойы термометр өндірісінде қолданылады. 2. Термометр қалай жұмыс істейді? №1 видео https://www.youtube.com/watch?v=1tvg_gfZpY4 (0м -3,45м) Термометрде аз мөлшерде сынап немесе спирт құйылған жабық, жіңішке түтікше бар. Сыртқы температура өзгерсе, сұйықтық өзінің көлемін азайтады немесе ұлғайтады, сол себептен оның шыны түтікшедегі деңгейі де өзгереді. Температура термометр бағанасының көтерілуі немесе түсуі бойынша анықталады.
1592 жылы Галилей температураны объективті бағалайтын алғашқы құрал жасады. Галилейдің термосопы температураның өзгеруіне өте сезімтал болды. Газды термометрлер ғылымда басқа термометрлерді градуирлеу үшін үлгі ретінде қолданылады. Практикада сұйықтықты термометрлер кеңінен қолданылады. Мұндай термометрлерде көбінесе сынап немесе боялған спирт қолданылады.
http://bilimland.kz/ru/content/structure/1983-tela_i_veshestva#lesson=17618
Екі термотер көрсетіледі. Оқушылардың назарын медициналық термометрге және термометр диапазонына аударады. Термометрдің бүтіндігі және температураны дұрыс өлшеу ережелерін қалыптастырады. 1) Берілген термометр арқылы қандай диапазондағы тепмератураны өлшеуге болатынын анықтау; 2) Берілген термометр шкаласының бөлік құнын анықтау және температураны қандай дәлдікпен өлшеуге болатынын анықтау; Қандай да температураны өлшеу уақытты талап етеді.Уақыт температурасы өлшеніп жатқан денемен термометрдің жылулық тепе-теңдік күйге жетуі үшін қажет. Термометр өзі жылулық тепе-теңдік күйге түскен дененің температурасына тең температураны көрсетеді.
Халықаралық практикалық температуралық шкала. Нөлдік температура ретінде қалыпты атмосфералық қысымдағы (101,325 Па) мұздың балқу температурасы қабылданған. Дистилденген судың қалыпты атмосфералық қысымдағы қайнау температурасы 100 градус деп белгіленген. Шкала 100 бірдей бөліктер-градустарға бөлінген. Әрбір градусты тағы да бірдей бөліктерге бөлуге болады. Францияда (және революцияға дейін Ресейде) 1730 жылы Р. Реомюр ұсынған Реомюр шкаласы қолданылды. Англия мен АҚШ-та қазіргі уақытқа дейін Фаренгейт шкаласы қолданылады. Реомюр шкаласы бойынша судың қайнау температурасы 80 °R, ал Фаренгейт шкаласы бойынша 212 °F. Осылайша нөлдік температураны әртүрлілігі теориялық қорытынды шығаруды қиындатты, қажетсіз есептеулер мен формулаларға алып келді.
№2 видео https://www.youtube.com/watch?v=VbIQ4lyDTMU қортыныды: Жылулық энергия материал молекулаларының бей-берекет қозғалысымен байланысты. Жылулық энергия – дененің бүтіндей жылу энергиясы. Температура –объектінің қызу мөлшері және ºС немесе СИ бірлігінде К-мен өлшенеді. ºC және К арасындағы байланысты түсіндіріңіз.
7. Практикалық бөлім Формасы: жеке Әдісі: проблемалық-ізденушілік
Электрқыздырғыш құрал арқылы суды қыздыру Құрал-жабдықтар: электр плитка, калориметрдің алюминий стақаны, электронды таразы, термометр, секундомер. Жұмыс барысы:
Назар аударыңыз: суды 45ºC-ден жоғары қыздыруға болмайды, одан жоғары қыздырған жағдайда тәжірибе оқушылар үшін қауіпті болады.
8. Кесте мәліметтері бойынша температураның уақытқа тәуелділік графигін тұрғызыңыз.
| « | |||||||||||
Конец урока 5 мин | 1.Рефлексия Мақсаты: Оқушылардың өз тәртіптеріне рефлексия жасауды мобильдендіру (мотивация, әрекет тәсілдері, қарым-қатынас). Рефлексия. Оқушылар стикерге мына сұрақтарға жауап жазады: Учащиеся, предварительно подписав стикеры, записывают: 1. Маған сабақта не ұнады. 2. Маған немен жұмыс істеу керек? 3. Смайл арқылы өзінің көңіл-күйін бейнелейді және стикерді күн бейнесіндегі тақтаға жапсырады. 2. Үй тапсырмасы. Жаттығу | стикеры | |||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Барлық оқушылар: Температура түсінігін білу, термометр көмегімен температураны өлшей білу, температураны 0С-ден К-ге аудару. Оқушылардың көбісі: Термометрлер түрлері мен температуралық шкалаларды білу, Температура және жылулық энергия арасындағы айырмашылықты сапалы түсіндіру Кейбір оқушылар Қыздыру температурасының уақытқа тәуелділік графигіне талдау жасау |
| Іс-әрекеттердің ауысуы, барысында шаршауды төмендету үшін мұғалімге қозғалыстар және көру бұрышын өзгерту жұппен және жеке жұмыс Смена видов деятельности, передвижение и изменение угла зрение на учителя и доску при индивидуальной работе и в парах - снижает утомляемость. | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: кинетикалық және потенциалдық энергияны қайталау (оқушылар түсіндіре алды және мысал келтірді) 2: оқу материалын бекіту (жеке жұмыс, өзін-өзі тексеру) Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 2: Оқу материалын бекіту барысында консультация үшін жоғары деңгейдегі оқушыларды тарту. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Кейбір тұйық оқушыларды сабаққа көңілдерін аударудың нәтижесінде олар дискуссияға жақсы қатысты және қорытынды жасай алды. Келесі сабақтарда осы оқушыларға көңіл бөлу. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?