Тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлері. Жаратылыстану, 5 сынып, презентация.
Пәні: Жаратылыстану
Сынып: 5
«Суреттер туралы 3 сұрақ» әдісі
Сұрақтар:
Қайда? Бұл суреттерді сіз бұрын қайда кездестіріп едіңіз?
Қалай? Суреттер бойынша мысалдар келтіре аласыз ба?
Қандай? Осы сабақта бұл суреттер қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?
Оқу мақсаты:
5.4.2.2. тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлерін сипаттауСабақтың тақырыбы:
Тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлері
«Үлкеннен кішіге» жаттығуы
«Үлкеннен кішіге» жаттығуы
Топқа бөлу (7 топ)
молекулалық;
жасушалық (клеткалық);
ұлпалық, мүшелік;
ағзалык;
популяциялық-түрлік;
биогеоценоздық;
биосфералық
Тіршілік деңгейлері:
молекулалық;
жасушалық (клеткалық);
ұлпалық, мүшелік;
ағзалык;
популяциялық- түрлік;
биогеоценоздық;
биосфералық деп бөлінеді.
Терминдермен жұмыс
(С) Сыныппен тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлерін талдау. Барлық ағзалар көп жасушалы ма екеніне көз жеткізу; өсімдіктер мен жануарларда қандай мүшелер болады;
1. Молекулалық деңгей
Бұл — тіршілікке тән бастапқы ең қарапайым деңгей. Кез келген тірі ағза құрылысының қарапайымдылығына немесе күрделілігіне қарамай, оның бәрі де біркелкі молекулалық қосылыстардан тұрады. Оған мысал ретінде нуклеин қышқылдарын, нәруыздардың, көмірсулардың, т.б. органикалық және бейорганикалық заттардың күрделі молекулалар жиынтығын атауға болады.
Жасушалық деңгей
2. Жасушалық деңгей
Жер бетіндегі тірі ағзалардың көпшілігінің құрылымдық және қызметтік бірлігі—жасушадан тұрады. Жасушалық деңгейде оның құрамындағы жеке органоидтердің өзіне тән құрылысы болады және олар жасушада белгілі бір кызмет атқарады. Жасушадағы жеке органоидтердің атқаратын кызметі өзара бір-бірімен тығыз байланысып, жасушадағы біртұтас тіршілік процестерін жүзеге асырады. Бір жасушалы ағзаларда (бір жасушалы балдырлар және карапайым жануарлар) барлық тіршілік процестері бір ғана жасушаның ішінде жүреді. Бір жасуша өз алдына жеке организм болып саналады. Бұрынғы өткен бір жасушалы жасыл балдырлар — хламидомонаданы, хлорелланы және қарапайым жануарлар — амебаны, инфузорияны, т.б. естеріңе түсіріңдер. Көп жасушалы ағзалардағы бір жасуша өз алдына жеке ағза бола алмайды, тек ағзаның қарапайым құрылымдық бірлігі қызметін атқарады.
Жер бетіндегі тірі ағзалардың көпшілігінің құрылымдық және қызметтік бірлігі-жасушадан тұрады. Жасушалық деңгейде оның құрамындағы жеке органоидтердің өзіне тән құрылысы болады және олар жасушада белгілі бір кызмет атқарады.
Бір жасуша өз алдына жеке организм болып саналады.
3. Ұлпалық деңгей.
Шығу тегі, құрылысы және аткаратын кызметі біркелкі жасушалар мен жасушааралық заттардың жиынтығынан ұлпа түзіледі. Ұлпалық деңгей — тек көп жасушалы организмдерге тән қасиет. Жеке ұлпалар да өз алдына тұтас ағза бола алмайды. Мысалы, жануарлар мен адам денесінде төрт түрлі ұлпа (эпителий, дәнекер, бұлшық ет, жүйке) болады. Өсімдік мүшелеріндегі ұлпалар — түзуші, жабын, тірек, өткізгіш және бөліп шығарушы деп аталады.
4. Мүшелік деңгей.
Көп жасушалы ағзаларда шығу тегі, құрылысы және атқаратын кызметі біркелкі ұлпалар жиналып, мүшелік деңгейді құрайды. Әрбір мүшенің құрамында бірнеше ұлпа кездеседі және бір ұлпа ғана басым болып келеді. Әрбір жеке мүше де тұтас ағза бола алмайды. құрылысы мен атқаратын қызметі ұқсас бірнеше мүшелер бірігіп жеке мүшелер жүйесін құрайды. Мысалы, адам ағзасында ас қорыту, тыныс алу, қан айналым, т.б. мүшелер жүйесі болады.
5. Ағзалық деңгей.
Денесі бір ғана жасушадан тұратын өсімдіктер (хламидомонада, хлорелла) мен жануарлар (амеба, инфузория, т.б.) өз алдына жеке ағза. Ал көп жасушалы ағзалардың жеке бір дарасы жеке ағза деп есептеледі. Жеке ағза денесінде тірі ағзаларға тән барлық тіршілік процестері—қоректену, тыныс алу, зат алмасу, тітіркену, көбею, т.б. жүреді. Әрбір жеке ағза өзінен кейін ұрпақ калдырып отырады.
6. Популяциялық-турлік деңгей.
Өзіне тән табиғи орта жағдайында, бір түрге жататын белгілі бір аймақта таралған даралардың жиынтығы популяцияны құрайды.
Популяция дегеніміз — бір түрдің жеке өз алдына оқшауланған әрі көптеген даралардан (особьтардан) тұратын тобы.
7. Биогеоценоздық деңгей
Құрылымдық деңгейі әр түрлі бір табиғи орта жағдайында ғана тіршілік етуге бейімделген көп түрлі азғалар жиынтығын биогеоценоз дейді. Оны кейде табиғи бірлестік деп те атайды.
8. Биосфералық деңгей
Жер ғаламшарындағы барлық тірі организмдер мен олардың тіршілік ететін жалпы табиғи орта жағдайларының жиынтығы биосфералық деңгейді құрайды.
видео
«Тіршіліктің құрылымдық деңгейлері»: https://www.youtube.com/watch?v=ZRFykdf4kDc
«Жеті маймыл» әдісімен тапсырма беру
(оқушыларға мәтінді таратып беру)Кестедегі бос орындарды толтырыңыз:
Аяқталмаған сөйлемдер:
Жер ғаламшарындағы барлық тірі организмдер мен олардың тіршілік ететін жалпы табиғи орта жағдайларының жиынтығы …. деңгейді құрайды.
Өзіне тән табиғи орта жағдайында, бір түрге жататын белгілі бір аймақта таралған даралардың жиынтығы …. құрайды.
…. деңгейде оның құрамындағы жеке органоидтердің өзіне тән құрылысы болады және олар жасушада белгілі бір кызмет атқарады.
. . . деңгей – тіршілікке тән ең қарапайым деңгей.
Көп жасушалы ағзаларда шығу тегі, құрылысы және атқаратын кызметі біркелкі ұлпалар жиналып, ….. деңгейді құрайды.
.... деңгей — тек көп жасушалы организмдерге тән қасиет.
Рефлексия
«Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесі
Дереккөздер
Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған окулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-175-4
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D1%96%D1%80%D1%88%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BA%D1%82%D1%96%D2%A3_%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D1%81%D1%8B
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?