Ғалам. Макро және микро әлем. Жаратылыстану, 5 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

«Бекітілді»: ...........................

Гуманитарлык пәндер ӘБ жетекшісі

Қысқа мерзімді жоспар бөлімі:

Ғалам. Жер. Адам

Мектеп: Шымкент қаласы химия - биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жаманқұлова А.Ж.

Жунисова М.

Утебаев Н.Б

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандарсаны:

Сабақ тақырыбы

Ғалам. Макро және микро әлем

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.1.1 макро- және микроәлем нысандарын ажырата біледі және мысалдар келтіреді

Сабақ мақсаттары

Макро және микро әлем туралы сипаттама жасайды

Макро және микро әлем нысандарына сипаттама жасайды.

Оқушылар суреттерді қолдана отырып макро және микроәлем нысандарын топтастырады

макро- және микроәлем нысандарын пайдаланылуы бойынша талдайды.

Бағалау критерийлері

макро және микроәлем деген не? сұрағына жауап бере алады

макро және микроәлем нысандарын ажырата біледі

макро және микроәлем нысандарына мысалдар келтіре алады;

макро және микроәлем нысандарын ажырата отырып, қолдану әдістерін біледі.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

ауызша немесе жазбаша макро және микроәлем, Жер ғаламшары, макро және микроәлем нысандары туралы түсіндіреді;

Пәндік лексика мен терминология: Макроәлем(макромир), микроәлем (микромир), гипотеза, ғалам,

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Жер, ғаламшар ретінде ………………….. қалыптасты

Макроәлем нысандарына мыналар жатады: …………………

…………………………………….

Микроәлем нысандарына мыналар жатады: …………………

…………………………………….

Менің ойымшы .......................... өзгереді

Менің ойынша ................................. әсер етеді

Құндылықтарды дарыту

Жаһандық азаматтық: макроәлем және микроәлемді түсіндіргенде қозғалады.

Құндылықтарды дарыту: топтық, жұптық жұмыстарды жүргізу барысында оқушылар бір - біріне құрмет көрсету, бір –бірінен үйрену арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Дүниежүзі тарихынан ежелгі өркениетті оқығандарын байланыстыруға болады, дүниетану ғылымы мен математикалық логикаларды еске түсіру арқылы пәнаралық байланыс жүзеге асады, Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тіліндегі мәтіндермен байланысу және өнер пәнінен макро және микро әлемді тану тақырыбымен байланысады.

АКТ қолдану дағдылары

АКТ дағдыларын дамыту өздеріне қажетті ақпараттарды іздеп табуда ғаламторды қолдануда және карталар мен презентация қолдану барысында жүзеге асады.

Бастапқы білім

бастауыш сыныптағы «Дүниетану» ғылымынан алған білім, зерттеу түрлері тақырыбынан алған білімдер.

Сабақ барысы

кезеңдер

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин

  • сәлемдесу
  • түгелдеу
  • ынтымақтастық атмосферасын құру

4-6

7-11

12-22

минут

22-26

минут

27-30

31-35

36-38

Оқушыларға бірнеше суреттер беріледі. Сол суреттерді атайды, ерекшеліктерін айтады, топтастырады. Осы жұмысты жасау барысында жетелеуші сұрақтар беріліп отырады:

Мына заттардың өлшемдері бірдейлерді анықтаңдар,

Қызметімен ұқсастары қайсы?

Өлі денелер мен тірі денелерді атаңдар

Заттардың үлкендері қайсы?

Кішкентайлары қайсы?

Осыларды айтқыза отырып, бүгінгі тақырыпты анықтатамын.

Оқу мақсаттарымен таныстыру

«Макро», «микро» терминдеріне анықтама беремін.

Видео көрсетіледі.

  • 1 тапсырма. Топтық жұмыс. Жұмысты орындауға 5 минут, ал қорғауға 1 минут уақыт беріледі.

Оқушыларды 4 топқа біріктіру

  • Жер
  • Ғаламшар
  • Күн
  • Адам

Оқушыларға мәтін беріледі

Сол мәтінді оқи отырып, түсініктерін схема түрінде флипчартқа түсірулері қажет

Бағалау: Жұмысын қорғаған топты отырған келесі топ дескриптор арқылы бағалайды.

Бағалау критерийі

р/с

Дескрипторлар

+/ –

макро- және микроәлем туралы біледі

1

макро және микроәлем деген не? сұрағына жауап бере алады

2

макро және микроәлем нысандарын ажырата біледі

Тапсырма 2 (жұптық жұмыс, дәптерге орындатуға да болады) Ой шақыру. Микро, макро терминдерінің мағынасын ашу: Суретпен жұмыс:

Ғаламшар, жердің денелері, тау жынысы, молекула, атом, Марс, адам, Галактика, жұлдыз және т.б тізімін береміз, Оқушылар берілген нысандарды макро және микроәлемге топтастырады.

Дифференциация: Ажыратып, топтастырып бітірген оқушыларға өздеріне мысал жазуға тапсыру керек.

Бағалау: Жұмысын бітірген оқушыларды мұғалім дескриптор арқылы бағалайды

Бағалау критерийі

р/с

Дескрипторлар

+/ –

макро- және микроәлем туралы біледі

1

макро және микроәлем нысандарын ажырата біледі

2

макро және микроәлем нысандарына мысалдар келтіре алады

Тапсырма 3 ( топтық жұмыс,) Оқушылар берілген мысалдарды:

  • көзге көрінетін, көзге көрінбейтіндігі (алыс, жақын)
  • көлемі бойынша (үлкен, орташа, ұсақ.... т.б.) деп жіктейді

Бағалау: Жұмысын қорғаған топты отырған келесі топ дескриптор арқылы бағалайды.

Бағалау критерийі

р/с

Дескрипторлар

+/ –

макро- және микроәлем туралы біледі

1

макро және микроәлем нысандарыны ерекшеліктері бойынша жіктей алады

Тапсырма 4 ( топтық жұмыс,) Оқушыларға бірнеше суреттер беріледі: осы суреттер арқылы не жасауға болатынын айтуы керек

(мысалы, үй - тұтас ғимарат емес, оны кірпіштен қалап, цементпен біріктіреді) нәтижесін түсіндіреді ( ғалам да микро және макроәлемнен тұратындығын түсіндіреді)

Бағалау: Жұмысын қорғаған топты мұғалім дескриптор арқылы бағалайды.

Бағалау критерийі

р/с

Дескрипторлар

+/ –

макро- және микроәлем туралы біледі

1

макро және микроәлем нысандарын ажырата отырып, қолдану әдістерін біледі.

Презентация

1-4 слайдтар

5-6 слаидтар

Сайт:

https://www.youtube.com/watch?v=OEvFuj67bOQ

https://www.youtube.com/watch?v=t4Tst9DZFPI

Флипчарт,

Мәтін

Сабақтың соңы

38-40

Сабақты бекіту:

 INSERT  кестесін немесе түртіп алу кестесін беруге болады. Яғни оқушы келесі кестені толтырып, сабақты қалай түсінгенін жазады

Менің білетінім

Мен үшін жаңалық

Мені таң қалдырды

Үй жұмысы:

  • «Макро және микроәлем айналамызда» тақырыбында эссе жазып келу

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға. Қосымша тапсырмалар беруге болады.

Бағалау критерийлері арқылы бағалау;

Өзін-өзі бағалау;

Өзара топтық бағалау

Техникалық қауіпсіздік ережелерін ғаламтормен жұмыс жасағанда тоқ көзін дұрыс қолдануда сақ болу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты дұрыс қойылып өз деңгейінде ашылды.

Оқушылардың барлығы макроәлем және микроәлем туралы толық ақпарат ала отырып оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ барысында уақыт жағынан ешқандай ауытқулар болған жоқ. Сабақ барысы уақыт бойынша жүріп отырды. Сабақ жоспарында ешқандай ауытқулар орын алған жоқ. Сабақта сәтті шыққан бөлігі оқушылардың бір-бірін бағалауы. Бұл кезеңде бағалаушы оқушының өзіне деген сенімділігі артып, бағалауға деген көзқарасы өзгерді. Алдағы уақыттада оқушыларды бір-бірін бағалатуға көп көңіл бөлуге тырысамын деген ойдамын.

Сабақтың барысында көңіл аударатын нәрсе: оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана алмауы, сондықтан алдағы сабақтарда қолдану дағдысын дамытуға арналған тапсырмаларды көбірек пайдаланамын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу