Жергілікті жердің жоспары және шартты белгілер туралы ұғым. Жаратылыстану, 5 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

«Бекітілді»: ...........................

Әлеуметтің пәндер ӘБ жетекшісі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Ғалам. Жер. Адам_5.1С Жер бетін бейнелеу тәсілдері

Мектеп: Алматы қаласы физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Есентаев Е.А

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандарсаны:

Сабақ тақырыбы

Жергілікті жердің жоспары және шартты белгілер туралы ұғым

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.5.1 "жоспар" және "шартты белгілер" ұғымдарын түсіндіреді

5.2.5.2 шартты белгілерді пайдаланып, жергілікті жер жоспарларын оқи алады

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

жергілікті жер жоспарларының тағайындалуын, олардың жетекші белгілерін түсіндіре алады;

жергілікті жер жоспарларындағы географиялық нысандардың бейнелену тәсілдерін біледі, орындайды.

Бағалау критерийлері

«Жоспар» және «шартты белгілер» сұрағына жауап бере алады

Жоспар мен картаның айырмашылығын ажырата біледі

Шартты белгілердің түрлеріне мысалдар келтіре алады;

Шартты белгілерді қолдана отырып, өз аймағының жоспарын сыза алады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

жергілікті жер жоспарларына түсінік бере отырып көрсетуді ауызша жүзеге асыра алады;

топографиялық диктантты жазбаша орындай алады;

Пәндік лексика мен терминология: жоспар, жергілікті жер, шартты белгі, көкжиек жақтары, масштаб;,көлденеңдер;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Жоспар екі бейнеден мынамен ерекшеленеді:

Шартты белгілер дегеніміз - ...

Жергілікті жер жоспарында тек келесі нысандар ғана бейнеленген...

Жергілікті жер жоспары бойынша арақашықтықты есептеу үшін...

Құндылықтарды дарыту

Құндылықтарды дарыту: топтық, жұптық жұмыстарды жүргізу барысында оқушылар бір - біріне құрмет көрсету, бір –бірінен үйрену арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Математика, геометрия, бейнелеу сабақтарымен байланыстыруға болады

АКТ қолдану дағдылары

АКТ дағдыларын дамыту өздеріне қажетті ақпараттарды іздеп табуда ғаламторды қолдануда және карталар мен презентация қолдану барысында жүзеге асады.

Бастапқы білім

бастауыш сыныптағы «Дүниетану» ғылымынан алған білім, зерттеу түрлері тақырыбынан алған білімдер.

Сабақ барысы

кезеңдер

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин

  • сәлемдесу
  • түгелдеу
  • ынтымақтастық атмосферасын құру

4-6

7-11

12-22

минут

22-26

минут

27-30

31-35

36-38

(Т) Оқушылар жергілікті жер жоспарларымен танысады және оның тағайындалуын анықтайды.

Оқушылар шынайы географиялық нысандарды жергілікті жер жоспарында бейнелеу тәсілдерін анықтайды.

Оқушыларға жергілікті жер жоспары туралы мәтін ұсынылады. Оқу нәтижелері бойынша оқушылар жоспарларды анықтау, тағайындау, олардың белгілері, солардағы нысандарды бейнелеу тәсілдері туралы сұрақтарға жауаптарды табуы тиіс.

Мәтінмен танысқан соң және бейнероликті қарап болған соң, оқушылар жауап алу парағын толтырады.

Оқушылар жоспарларды жергілікті жер бейнелерінің басқа нысандарымен салыстырады және жоспарлардың солардан ерекшеленетін басты ерекшеліктерін анықтайды

(М) Мұғалім жергілікті жер жоспарының мәнін, ерекшеліктерін және тағайындалуын ашатын бейнероликті көрсетеді

Мұғалім мәтінмен таныстыру алдында оқу жоспарын анықтау, олардың тағайындалуы, нысандарды жергілікті жер жоспарында бейнелеу тәсілдері туралы сұрақтары бар жауап алу парақтарын таратады. Мәтіндегі, әрбір сөйлемдегі сөздердің саны, әріптердің саны оқушылардың жас мөлшері ерекшеліктеріне және тапсырманы орындауға арналған жоспарланған уақытқа сәйкес болуы тиіс.

Мұғалім түсіндірудің толық болуы үшін жергілікті жер жоспары туралы қысқаша бейнероликті көрсетеді, соны көру барысында оқушылар жауап алу парағын толтыруды жалғастырады. Бейнені көру алдында оқушылардың назарын мұғаліммен мәтінмен жұмыс үшін ұсынылған сұрақтарға жауаптарды табу үшін бейнероликтің көмегі тиетініне аударған жөн.

Оқушыларға жергілікті жердің фотосуреттерін, аэрофототүсірілімдерін беріңіз.

(Т) Бұдан әрі әрбір топ жауаптардың негізінде ұзақтығы 3 минуттан аспайтын қысқаша сөз сөйлеуді дайындайды.

(М) Оқушыларға тапсырманы орындау үшін уақыт беріңіз.

Оқушылардың жауаптарын кез келген қолайлы тәсілмен қысқаша тіркеген немесе мұны белгілі бір оқушыларға тапсырған дұрыс.

Видео көрсетіледі.

(Т) Оқушылар шартты белгілерді жіктейді: аудандық, масштабтан тыс, сызықтық, түсіндірме және т.с.с. Шынайы нысандардың фотосуреттерін олардың шартты белгілемесімен салыстырады.

(С) Оқушылардың білімін бекіту үшін мұғаліммен ұсынылған әңгімеге сәйкес бірнеше шартты белгілерді сурет түрінде көрсетеді.

Оқушылар суреттерді орындаған соң, мұғалім әңгімені оқиды және георграфиялық нысанды атаған кезде оқушылар тиісті шартты белгіні көтереді.

(Т) Оқушылар топта оларға бейтаныс жергілікті жер жоспарларын зерттейді және аумақтың жазбаша сипаттамаларын құрастырады. Топтар тапсырманы орындаған соң, өзінің жазбаша конспектілеріне сүйеніп, жоспарда бейнеленген жергілікті жерді ауызша сипаттайды.

(М) Мұғалім шартты белгілердің бейнелерін және шынайы географиялық нысандардың фотосуреттерін ұсынады.

Мысалға келтірілетін мәтін "Таң атқанда біз ормандағы алаңда едік. Ақшатырдан атып шыққан барлық бала жуыну үшін көлге ұмтылды. Көл жағасы батпақты еді, ал төмпешіктерде қорқынышты бақалар отырды.

Таңғы астан соң, біз орман соқпағымен қара жолға шығып, оның бойымен орманшының үйшігіне жеттік. Бұл жерден әрең көрінген сүрлеумен жүріп, ақыры бұлақ басына шығып, сонда түскі ас ішуге аялдадық. Отты жырақшада тұтатып, өзіміз көгалда жайғастық.

Түстен кейін біздің сапарымыз келесідей болды: ағаш көпірден өтіп біз жағалаудың екінші жағына шықтық та, қара жолмен солтүстік шығысқа бет алдық, Оң жағымызда жазықтар, ал сол жағымызда-бұталар мен сирек тоғай созылды.

Ақыры тас жолға шықтық. Түн жамыла бастағанда біз темір жол бекетіне жеттік".

Тапсырманы орындау алдында оқушыларға жекелеген терминдердің және ұғымдардың мағынасын түсіндіру қажет, мысалы "ормақ соқпағы

Жергілікті жер сипаттамасын дайындау кезінде әрбір топқа белгісіз жергілікті жердің жоспарын, тапсырманы орындау үшін жеткілікті уақытты, сондай-ақ шартты белгілер бейнелерін пайдалануға рұқсат беру керек.

Мұғалім оқушыларға жергілікті жер жоспары бойынша бағдарлау тәсілдерін түсіндіретін мәтіндік, графикалық немесе бейне материалдарын ұсынады.

Презентация

1-4 слайдтар

5-6 слаидтар

http://geographyofrussia.com/istochniki-geograficheskoj-informacii-plan-mestnosti/ (жергілікті жер жоспары туралы мәтін және бейнеролик қамтылған ресурс)

немесе:

http://interneturok.ru/ru/school/geografy/6-klass/plan-i-karta/chto-takoe-plan-mestnosti (жергілікті жер жоспары туралы мәтін және бейнеролик қамтылған ресурс)

Флипчарт,

Мәтін

http://www.afanas.ru/mapbase/znaki.htm (шартты топографиялық белгілер туралы ресурс)

немесе

http://www.whitewater.ru/tourism/misc/topograph/ (шартты топографиялық белгілер туралы ресурс))

Сабақтың соңы

38-40

Сабақты бекіту:

 INSERT  кестесін немесе түртіп алу кестесін беруге болады. Яғни оқушы келесі кестені толтырып, сабақты қалай түсінгенін жазады

Менің білетінім

Мен үшін жаңалық

Мені таң қалдырды

Үй жұмысы:

  • «Жазғы демалыс» тақырыбында шартты белгілерді қолдана отырып географиялық диктант жазып келу

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға. Қосымша тапсырмалар беруге болады.

Бағалау критерийлері арқылы бағалау;

Өзін-өзі бағалау;

Өзара топтық бағалау

Техникалық қауіпсіздік ережелерін ғаламтормен жұмыс жасағанда тоқ көзін дұрыс қолдануда сақ болу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты дұрыс қойылып өз деңгейінде ашылды.

Оқушылардың барлығы макроәлем және микроәлем туралы толық ақпарат ала отырып оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ барысында уақыт жағынан ешқандай ауытқулар болған жоқ. Сабақ барысы уақыт бойынша жүріп отырды. Сабақ жоспарында ешқандай ауытқулар орын алған жоқ. Сабақта сәтті шыққан бөлігі оқушылардың бір-бірін бағалауы. Бұл кезеңде бағалаушы оқушының өзіне деген сенімділігі артып, бағалауға деген көзқарасы өзгерді. Алдағы уақыттада оқушыларды бір-бірін бағалатуға көп көңіл бөлуге тырысамын деген ойдамын.

Сабақтың барысында көңіл аударатын нәрсе: оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана алмауы, сондықтан алдағы сабақтарда қолдану дағдысын дамытуға арналған тапсырмаларды көбірек пайдаланамын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу