Күн жүйесінің кіші денелері. Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: Ғылымға кіріспе

Мектеп:

Күні:

Сабақ реті 1

Мұғалім:

Сынып: 4 Сабақ саны: 1

Оқушылар саны: ______

Келмегендер: ___

Сабақ тақырыбы:

Күн жүйесінің кіші денелері

Сабақ қамтитын оқу мақсаттары:

4.4.2.2 – Күн жүйесінің кіші денелерін сипаттау

 Сабақ мақсаты:

Күн жүйесінің кіші денелерін сипаттайды

Бағалау

критерийлері:

  • Күн жүйесіндегі кіші денелерді анықтайды
  • мәліметтерді қолданып, ойларын толық жеткізеді, сипаттайды.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар Күн жүйесі кіші денелерінің қозғалысын зерттеу арқылы білімдерін тереңдетеді.

Құндылықтарды

дарыту

Сабақ барысында оқушылар бойында құрмет, ынтымақтастық, жалпыадамзаттық жауапкершілікті дарыту

АКТ қолдану

Ақпараттық мәтіндер, жаңа сөздер,тыңдалым бейнебаян.

Пәнаралық байланыс

дүниетану, ағылшын тілі, физика

Жаһандық азаматтықты қалыптастыру

Когнитивті компонент: ұлттық, жаһандық

түрлі деңгейдегі сұрақтарды құрастырып. талқылайды;

ақпаратқа сыни талдау жасайды;

Әлеуметтік-эмоционалдық:

өз пікірін ашық, еркін, сенімді жеткізеді;

жұптық, топтық жұмыста өзара қолдау көрсетеді;

Танымдық:

сынып ережесіне бағынады;

өз іс-әрекетіне жауап бере алады

Осыған дейін меңгерілген білім

Күн жүйесі ғаламшарларының қозғалысы

Жоспарланған уақыт

Іс-шаралар

Ресурстар

0-2 мин

3-10 мин

25 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

Табиғат — біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Табиғатты қорғайтын,

Біз әдепті баламыз.

Табиғаты сыры көп екен,

Зерттеуді ол қалайды.

Осының бәрін меңгертер,

Ғылымға кіріспе сабағы.

Өткен тақырыпты қайталау. Оқушылар қоржындағы сұрақтарды алып жауап береді.

1.Астероид сөзін грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?

( жұлдыз сияқтылар) 2.Астероидтарды — газ-тозаңды бұлттардың эволюциясы барысында пайда болған Күн жүйесіндегі қандай дене, қандай планеталар деп атайды? (кіші денелер, кіші планеталар)

3.Астероидтар планеталардың серіктері бола алады ма? (жоқ) 4.Астероидтар нені айнала қозғалады? ( Күнді айнала өз еркінше қозғалады)

5.Бірінші астероидты 1801 жылы 1 қаңтарда Италия астрономы кім ашты? (Джузеппе Пиации ашты.)

6.Қазіргі уақытта Күн жүйесінен неше мыңдаған астероид анықталып отыр? (100 мыңдаған)7.Бастапқы кезде құдайлардың аттарымен аталған астероидтарға кейін қай адамдардың есімі берілді? (ұлы адамдардың есімі берілді.)

8. Юпитер орбитасы бойымен планетаның алдында және артында қозғалатын астероидтардың неше тобы бар? (екі тобы бар) 

9.Комета сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағынаны береді?  (ұйрықты жұлдыз, дәл мағынасы ұзыншашты)10. Ненің Күнге қарама-қарсы жаққа шұбатылған бір не бірнеше жарқыраған құйрықтары болады? (кометаның)

 11.Ненің басы ядро бөліп шығаратын газ бен тозаңнан түзіледі? (құйрықты жұлдыздың, кометаның)

12.Көзбен көруге болатын кометаларды қандай кометалар дейді? («үлкен кометалар» деп атайды)

13.Галлей 1531,1607 және 1682 жылғы кометалардың бар екендігін және ол 1759 жылы қайта оралатынын дәлелдегеннен кейін ол комета қалай аталды? (Галлей кометасы деп аталады)

(Ұ)Қызығушылықты ояту. Ой қозғау- Метероид туралы не білеміз?

(МК) Оқушылармен бірге метероидтар туралы дамытушы бейне роликті көру. Олар нені білгенін, ал фильмнен кейін тағы не үйренгенін тексеру.

Жаңа сабақ

Жұптық жұмыс. Метероид туралы ақпарат тарату. Оқушылар ақпаратпен танысып, жұпта кестені толтырады.

Метероид- планета аралық кеңістікте қозғалатын қатты дене, грек тілінен аударғанда meteoros -«Жоғарғы ауады», eidos  - «Пішін» деген мағынаны береді. Метеоридтар - әдетте, темір мен никельден тұратын шаң мен тастақтар бөліктері. Олар метеорлардың, астероид бөлшектерінің соқтығыстарынан, асқын жаңа жұлдыз жарылыстарының түзілуі немесе планеталардың құрылуы барысындағы қалдықтар болуы мүмкін. Кейбір метеориттер кометалардың тастақты ядроларынан да түзіле береді. Метеориттер темір, тас-темір және тас метеорит болып негізгі үш түрге бөлінеді. Олардың ерекше белгілері: қырлары мүжілген, сыртында жұқа қабығы және өзіне тән шұңқырлары болады. Сындырып қарағанда метеориттің ішкі жағы күлгін қоңыр түстес келеді, қара немесе ақ түстер сирек кездеседі. Метеориттің мөлшері бірнеше милиметрден бірнеше метрге дейін, ал салмағы граммның бірнеше үлесінен ондаған тоннаға дейін жетеді. Метеорит жерге түскенде жарқыл пайда болып, қатты сартылдаған дыбыс естіліп, механикалық құбылыстар байқалады. Метеоритте көп кездесетін элементтер: алюминий, темір, кальций, оттек, кремний, магний, никель, күкірт. Сонымен қатар метеоритте бірқатар белгісіз немесе жер бетінде өте сирек кездесетін минералдар бар.

«Метероид» сөзінің аудармасы

Метероидтің құрамы

Метероидтар қалай түзіледі?

Метероидтардың түрлері

Метероидтардың белгілері

Метероидтардың салмағы

Метероид құрамындағы элементтер

Метероидтың жердегі әрекеті

Презентация

Сұрақтар

қоржын

https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu/zher-zhane-halam/lesson/zhuldyzdy-aspan

Үлестірмелі материал

кесте

Кері байланыс жүргізу.

Қорытынды.

Оқушылар өздерінің толтырған кестелерін салыстырады, қателерін түзеп, толықтырады.

2 мин

3 мин

Бағалау.

«Жетістік жолына» тұрып өздерін бағалайды

Рефлексия

«Шығу билеті»

Оқушылар келесі сабақта не білгілері келетініндерін стикерге жазады. .

Қосымша мәлімет

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Өтілген сабақтарды дұрыс игермеген оқушыларды қолдау. Қиындықтар туып жатқан оқушыларға үлестірмелі материалдар беріп, ал тапсырмаларды жеңілдікпен шығарып отырған оқушыларға күрделірек тапсырмаларды беру

Қолданылған стратегия бойынша оқушылар таныған мәліметтерін талдауға қатысады

Топта бағалау,өзін-өзі бағалау, өзара бағалау

Қоршаған орта туралы ғаламдық мәселелерді қарастыру, НЗМ құндылықтарын дамыту

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағалау:

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу