Пайдалы қазбаларды немен алмастыруға болады? Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

  • Пән: Жаратылыстану
  • Сынып: 4
  • Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері. Табиғат ресурстары.
  • Мектеп:
  • Модератор: Данабаева М.А.
  • Қатысқандар саны:
  • Қатыспаған оқушылар:
  • Күні:
  • Тақырыбы:
  • Пайдалы қазбаларды немен алмастыруға болады?

Оқу мақсаты:

4.3.4.3 - пайдалы қазбаларды сақтау және үнемді қолданудың жолдарын ұсыну.

 Сабақтың

 мақсаты:

Пайдалы қазбаларды үнемдеу жолдарын біледі.

 Бағалау критерийі

Пайдалы қазбаларды немен алмастыруға болатынын біледі.

Тілдік мақсат

Пайдалы қазбаларды үнемдеу мен энергия көздерін пайдаланудың арасындағы байланысты айта алады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер

 Құндылықтар

Оқушыларды өзара құрмет көрсетуге, бір біріне түсіністікпен қарауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, математика.

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Сарқылатын және сарқылмайтын табиғи ресурстарды біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2минут

3минут

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың көңіл күйін топырақта өсетін өсімдіктер арқылы білуді ұсыну.

«Кактус» - көңіл күйінің аздығы.

«Раушангүл» - көңіл күйінің жақсы болуы.

Жедел жауап. «Дартс» ойыны арқылы өткен тақырыптарды еске түсіру. Қарастыратын сұрақтар:

  • Табиғат ресурстары деген не?
  • Табиғат ресурстарын не үшін пайдаланады?
  • Карьерлер деген не?
  • Тау жынысы деген не?
  • Пайдалы қазбалардың қандай түрлері бар?
  • Суда пайда болған тау жыныстарына не жатады?
  • Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады?
  • Кенді пайдалы қазбалар қалай өндіріледі?
  • Домна пеші деген не?
  • Түсті металдарға не жатады?
  • Сарқылатын ресурстарға не жатады? Ал, сарқылмайтынға ше?

ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Раушангүл мен кактустің суреттері

Слайд №1,2

Сабақтың ортасы

4 минут

1 минут

7минут

1 минут

6 минут

2 минут

4 минут

1 минут

5 минут

Табиғи және жасанды.

Мақсаты: Табиғи және жасанды заттарды ажыратуды үйрету.

Оқушылар жұптасып оқулықпен жұмыс жасайды. Негеш пен Эвриканың фотосуреттерін талдап, бір шешімге келеді. «Менің ойымша...» ойыны арқылы өз ойларын айтып, басқа оқушылардың жауаптарымен салыстырады. Сұрақтар:

  • Негештің жинаған суреттіндегі заттар Эврикада бар ма?
  • Екеуінің заттары бір-біріне ұқсас па? Ал, айырмашылық бар ма?
  • Адам неліктен табиғи заттарды жасанды заттармен ауыстырады? Ойыңмен бөліс.

ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Энергия көздерін пайдалану.

Оқулықта берілген энергия көздері туралы әңгімелесу ұсынылады. «Ақ-Қара» ойыны арқылы оқушылар жұптасып, энергия көздерін пайдалану мен пайдалы қазбаларды үнемдеу туралы өз ойларын айтады. Пікір алмасады.

Оқулықта берілген ақпаратты талдай отырып, пайдалы қазбаларды немен араластыруға болатынын анықтайды. Жетекші сұрақтар:

  • Сарқылатын ресурстарды үнемдеу үшін немен алмастрады?
  • Жанар-жағар майдың орнына нені пайдалануңа болады?
  • Металдың орнына не қолданылады?

ҚБ мұғалімнің смайликтер арқылы ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Жоба жаса.

Мақсаты: Болашақ мектептің жобасын дайындау.

Топқа біріктіру. «Кемедегі капитан» ойыны арқылы бірнеше топтарға біріктіру.

Ресурстарды тарату. Ватман, маркер, қарындаш, түрлі-түсті қағаз, қайшы желім, стикерлер т.б.

Зерттеудің жоспары:

- Болашақ мектептің моделін жоспарлап, алдын ала параққа сызып алу;

-Мектеп ғимаратында болуы тиіс сынып, жұмыс бөлмелерін, керекті заттарды түгендеу;

- Ватманға мектеп ғимаратының сызбасын салып, оны неден жасауға болатынын анықтау;

- Пайдалы қазбалардың орнына қандай заттармен алмастыруға болатынын ойластырып, топ ішінде талқылау;

- Қорытынды жасау. Жұмыс нәтижесін түрлі формада тіркейді.

Жобаны орындау барысында оқушылар пайдалы қазбаларды басқа затпен алмастырудың пайдалы қазбаларды үнемді жұмсауға мүмкіндік беретіні туралы қорытынды жасайды.

Саралау: Ынтасы жоғары оқушыға немесе оқушылар тобына пайдалы қазбалардың орнына неден жасалған заттарды пайдалануға болатынын ойластыру ұсынылады.

ҚБ. Мұғалімнің «Галереяны шаралау» стратегиясы арқылы қалыптастырушы бағалауы.

Ойлан.

Оқушылар электрокар бейнеленген суретті көрсету арқылы бірнеше сұрақтар қою.

  • Жеңіл мәшине қозғалу үшін не керек?
  • Оны неден алады?
  • Электрокөлікті немен қуаттандырады?

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Сергіту сәті. Көз бұлшықеттерін арналған жаттығулар орындау. Сұрақтар:

  • Неге көзімізді сабақ барысында жаттықтыруымыз керек?
  • Қандай жаттығуларды білесіңдер?
  • Көз күтімі жайлы не айта аласығдар?

Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады.

33-жұмыс парағы. «Пайдалы қазбаларды немен алмастыруға болады?», 35-б.

Табиғи-жасанды.

Денелерді жасау үшін пайдаланатын табиғи және жасанды заттарды анықтау.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

-табиғи заттардан жасалған затты анықтайды;

-жасанды заттардан жасалған заттарды біледі.

ҚБ. Мұғалімнің жазбаша қалыптастырушы бағалауы.

34-жұмыс парағы. «Пайдалы қазбаларды алмастыратын ресурстар», 36-б.

Анықта.

Дұрыс жауапты таңдау.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

-электр энергиясын таңдайды;

-желді таңдайды.

Тұрмыстағы заттар.

Күнделікті тұрмыста пайдаланатын заттарды екі топқа біріктіріп, олардың қасиеттерін анықтайды.

ҚБ. Мұғалімнің жазбаша қалыптастырушы

Оқулықпен жұмыс

Слайд №4

Оқулықпен жұмыс

Смайликтер

Ватман, маркер, қарындаш, түрлі-түсті қағаз, қайшы желім, стикерлер т.б.

Слайд №5

https://www.youtube.com/watch?v=_lx7d4eIkVE

Дәптермен жұмыс

Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс. «Ашық микрофон».

Слайд №6

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Топтау бойынша саралау:

-Ынтасы жоғары оқушыларға жасанды және табиғи заттарға мысал келтіруді ұсыну.

-Ынтасы жоғары оқушылар тобы (жұбы немесе жеке оқушы) алынған мәліметті диаграммаға орналастыра алады

  • Тапсырмалар бойынша саралау:

-Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру.

-Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру.

Қалыптастырушы бағалау құралдары:

-мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту);

- өзара бағалау: «Галереяны шаралау» бойынша бағалау

- мұғалімнің жазбаша кері байланысы

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау;

-«Ашық микрофон»

-Сергіту жаттығуын орындау

- әрекеттерді жиі ауыстыру

- қауіпсіздік ережелерін сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу