Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өңдеудің ірі орталықтары. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім: 6.2С Заттардың түзілуі және алынуы.

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 

Сабақ тақырыбы

Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өңдеудің ірі орталықтары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.3.4 Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өндеудің ірі орталықтарын атау және көрсету

Сабақ мақсаттары

- Қазақстандағы табиғи байлықтардың шоғырлануын картада көрсетіп, атласта, карталарда көрсету

- Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өңдеудің ірі орталықтарын атау және көрсету

Бағалау критерийлері:

Табиғи ресурстардың түрлерін біледі;

Картадағы табиғи ресурстардың шоғырлануын көрсете алады;

Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өңдеудің ірі орталықтарын атайды және көрсетеді

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар ...

Сыныптастармен жұмыс жасау (презентация, карталар, пікірталастар және т.б.) тақырып бойынша мәтіндерді оқу және зерттеу (оқу, жазу дағдылары), тұжырымдар жасау (сөйлеу дағдылары, тыңдау).

Тақырыпқа қатысты сөздік және терминология:

Табиғи ресурстар: су, мұнай, көмір, табиғи газ, алтын, күміс, мыс, мырыш, қорғасын, титан.

Диалогтар мен жазбалар үшін пайдалы сөз өрнектер:

Менің ойымша, ...

Жақын болашақта ............. таусылуы мүмкін.

Алайда, ұзақ мерзімді перспективада қайта жандандыру мүмкіндігі бар -деп айта алады.

Құндылықтарды дарыту

 

 «Мәңгілік ел» құндылықтары

 Табиғатқа мұқият қарау арқылы, оның аумағының және тұтастай алғанда Қазақстанның табиғи ресурстарын зерттеу арқылы жүзеге асырылады.

 Сабақта топтық жұмыс істеу және нәтижелерді басқа оқушылармен ақылдасуды жүргізу арқылы талқылау өзге пікірді құрметтеу мен коммуникативті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.

Пәнаралық байланыстар

 Биология пәнімен биологиялық ресурстардың түрлерін, сондай-ақ физика және химия пәндерімен физика-химиялық ерекшеліктерін сипаттау барысында байланыс байқалады

Бастапқы білім

 

3.3.1.1 Заттарды шығу тектері мен агрегаттық күйлеріне сәйкес жіктеу

4.3.1.1.Заттарды қасиеттеріне байланысты оларды қолдану салаларын анықтау

5-сынып Табиғатта және жасанды жолмен алынған кейбір заттардың түзілуі туралы мысалдар келтіру

6-сынып Заттарды органикалық және бейорганикалық заттарға жіктеу

 ЖОСПАР

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс – әрекеттер

 

Ресурстар

Сабақтың басы

0-12

13-15

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Командалар сайысы «Кім көп біледі?»

Оқушылар екі командаға бөлінеді. Олар өткен тақырыптар бойынша сұрақтармен картаны алады. Монетаның көмегімен командалардың капитаны бастайтын команданы сайлайды. Жеңіске жеткен капитан командаға алдымен сұрақ қоюға мүмкіндік береді, сол себепті қарсыластарға жауап беру қиынға соғуы үшін ең қиын сұрақты таңдау керек. Допты сұрақ қойылған қатысушыға жіберу қажет, егер соңғы жауап берсе, онда ол сұрақ қоюға мүмкіндігі бар, егер жоқ болса, онда доп бастапқы командаға қайта оралады.

2. Сабақтың мақсаты мен міндетіне шығу:

Соңғы сабақта Қазақстанның табиғи ресурстарын және олардың кен орындарын, сондай-ақ күнделікті өмірде қолдануды талқыладық.

  • Ел экономикасы үшін біз өз ресурстарымызды сатуымыз немесе дайын өнім алу үшін өз елімізде өңдеу керек пе?

(Табиғи ресурстарды дайын өнім алу үшін өз елімізде өңдеу маңызды)

Слайд №1-4

 

Қосымша №1 (10 сұрақ жауаптарымен берілген)

Сабақтың ортасы

16-21

22-27

28-37

3. Бүгінгі сабақта Қазақстанның табиғи ресурстарын өңдеудің ірі орталықтарымен танысамыз.

«Газ өндірісі» бейнеролигін қарап, төмендегі сұрақтарға жауап бер.

  • Қазақстандағы газ өнеркәсібінің даму тарихы қандай?
  • Қазақстандағы табиғи газды өңдеу орталықтарын ата
  • Газ ресурстарының болашағы қандай?

«Мұнай» бейнеролигін қарап, Қазақстандағы ірі мұнай кен орындарын контур картаға бейнеле.

(Жауап: Қарашығанақ, Бозашы, Теңіз, Қашаған, Жетібай, Жаңа жол, Қаламқас, Кең қияқ, Қаражамбас және т.б. )

Дескрипторлар:

Оқушылар:

  • Картада ірі мұнай кен орындарын дұрыс көрсетеді
  • Картада газ өнеркәсібі шоғырланған орталықтарды дұрыс көрсетеді

4. Мәтінмен және картамен жұмыс.

Оқушыларға мәтінді жеке оқу түрі ұсынылады.

«Ыстық орындық» стратегиясы бойынша бір оқушы «ыстық» орындыққа отырып, басқа оқушыларда туындаған сұрақтарға жауап береді. Дескриптор пункттеріне сәйкес картамен жұмыс атқарады.

 Дескрипторлар

Оқушылар

- Картада Қазақстандағы индустриалды орталықтарды дұрыс көрсетеді

-Табиғи ресурстарға сәйкес өнеркәсіптік орталықтарды дұрыс анықтайды (мысалы, көлеңкелі қара шаршы - көмір, бойалған сары шеңбер - алтын және күміс) және кәсіпорынның атауын жазады (аббревиатуралар мен қысқартуларды қолдануға болады).

-Картада географиялық жағынан минералды кен орындарын дұрыс көрсетеді.

Өзара тексеру. Оқушылар карталарын айырбастайды және бір-бірінің жұмыстарын дескрипторға сай тексеріп, кері байланыс береді.

Слайд 5

Слайд 6

Қосымша № 2

Қосымша №3

Сабақтың соңы:

38-40

5. Кері байланыс: Әрбір оқушы тақтада ұсынылған суретке стикерді жабыстырады.

6.Үйге тапсырма:

Берілген тақырыпшалар бойынша ауызша 3 минуттық ақпарат дайында

1 топ - Алтын өнімдерін өндіру

2 топ - Полимер өндірісі

3 топ - Автомобильдерді өндіру немесе жинау

Слайд 7-8

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында дарынды оқушылар қолдау қөрсетеді, ал барынша үлгеретіндерге метакогнитивті сұрақ қою арқылы олардың білімдерін кеңейтіледі. Сонымен қатар, жұптағы, топтағы жұмыс барысында басқа оқушыларға қолдау көрсету барысында ұйымдастырушылық, көшбасшылық қабілеттері дамиды

Мұғалім оқушыларды ауызша жауаптары, тапсырмаларды дескрипторға сай орындаулары бойынша кері байланыс береді және өзін-өзі бағалау, өзара бағалау орын алған.

Зерттеу жұмыс барысында қауіпсіздік шараларының орындалуы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу