Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өңдеудің ірі орталықтары. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Сабақ басында өткен тақырыптарды еске түсіру мақсатымен қарапайым және күрделі сұрақтарды қойып, әр сұраққа толық жауап алудан бастап өткізу ұсынылады. Қазақстанның табиғи ресурстарын және олардың кен орындарын, сондай-ақ күнделікті өмірде қолдануын талқылай келе, жаңа тақырып пен оның мақсаттарын оқушылармен бірлесе отырып анықтаңыз.

 Сабақтың ортасында пайдалы қазбалардың ҚР таралуына зерттеу жүргізу үшін алдымен, Қазақстанның табиғи ресурстарын өңдеудің ірі орталықтарымен таныстырыңыз. Картаны қолдана отырып, кен, руда, өңдеу орталығын картадан көрсетіңіз. Жұмысты бастамас бұрын оқушылармен дескрипторды талдап алған жөн.

 Оқушыларға пайдалы қазбаларды өндеудің ірі орталықтары белгіленген Қазақстанның картасын таратыңыз, жұппен жұмыс істей отырып, шартты белгілері арқылы пайдалы қазбалардың ҚР таралуын зерттеуді тапсырыңыз. Қолданыстағы пайдалы қазбаларды өндеудің ірі орталықтарын енгізуге таза карта беріңіз. Сынып бөлмесінің әр жеріне Қазақстанның аймақтарының атаулары жазылған парақтарды орналастарыңыз және оқушыларды кезекпен әр аймақтағы маңызды өндіріс орталықтарын көрсетіп белгілеулерін сұраңыз. Жиналған деректердің негізінде ҚР химиялық өндірістің дамуы туралы қорытынды жасауларына мүмкіндік беріңіз.

 Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып алынған материалдардың меңгерілуін анықтау мақсатында шартты белгілер, пайдалы қазбалардың орындары, өндеу орталықтары, алынатын өнімдер жазылған карточкаларды таратыңыз. Топ мүшерлерінен неліктен бір қатарда кен, руда, өңдеу орталығы, атауы және т.б. біріктірілгендігін түсіндірулерін және бос орындарды толтыруларын сұраңыз

 Жұмыс барысында қабілеті төмен оқушыларға мұғалім немесе жұпта, топта жұмыс істеу барысында қабілеті жоғары оқушылар тарапынан қолдау көрсетіледі. Қалыптастырушы бағалау сабақ бойына өткізіледі. Жұмысты орындағаннан кейін оқушылардың жұмысына кері байланыс беріңіз.

 Сабақ соңында бастапқы оқу мақсатына, бағалау критерийіне қайтадан оралып, оқу мақсатын меңгергендіктері туралы әңгімелесіңіз.

 Тиімді сілтеме:

 http://www.vseproizvodstvo.kz/manuf2_8_1.php

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу