Ерігіштік. Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім. Заттар мен олардың қасиеттері

Су

Күні: 3-ТОҚСАН

Сынып:

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні :

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ерігіштік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

4.3.3.3 - түрлі заттардың судағы ерігіштігін зерттеу;

4.1.2.1 - зерттеу әдістерін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;

4.1.2.2 - нәтижені оқушы таңдауымен графикалық түрде ұсыну;

Сабақ мақсаттары

Түрлі заттардың судағы ерігіштігін зерттеу;

Бағалау критерилері

  • Түрлі заттардың судағы ерігіштігін зерттей алады

 Тілдік мақсаттар

Су, ерігіштік, еритін және ерімейтін заттар, т.б.

 Құндылықтарды дарыту

Еңбек және жауапкершілік, өмір бойы білім алу.

 Пәнаралық байланыстар

Математика, дене шынықтыру, дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Жел және желдің пайдасы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Қызығушылықты ұйымдастыру

2 мин

3 мин

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.

Қоңырау үні соғылды,

Сабағымыз басталды.

Оқушылар тынышталып,

Қатар-қатар тік тұрды.

Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі.

(Ө, Ұ) «Жұмбақ»

Мақсаты: сабақтың тақырыбын анықтау

Жылт жылт еткен,

Жылғадан өткен.

/Су/

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Бағалау критерийлерімен танысу.

Слайд

Сабақ басы

5 мин

10 мин

5 мин

5 мин

5 мин

(Ж, Ұ) «Проблемалық сұрақ»

Мақсаты: оқушылардың сыни ойлауын дамыту.

- Балалар, егер құмды немесе тұзды сумен араластырса, не болады деп ойлайсыңдар?

/Оқушылардың жауаптары тыңдалады/

(Ұ) Тәжірибе жасаймыз.

Мақсаты: заттардың ерігіштік қасиетін анықтау.

Ресурстар: су, қант, мөлдір стақан, қасық, тұз, шай, т.б.

  • Тәжірибе: су құйылған стақанға қантты салып араластыру. Не байқағанын сұрау.
  • Тәжірибе: су құйылған екінші стақанға қант салып араластыру. Не байқағандарын сұрау.
  • Тәжірибе: су құйылған үшінші стақанға шай араластыру. Не байқағанын сұрау.
  • Тәжірибе: су құйылған төртінші стақанға май құю. Не байқағандығын сұрау.

/Оқушылар тәжірибе кезінде байқағандарын кестеге түсіріп, тұжырым жасайды, кері байланыс жасалып, бағаланады/.

Қорытынды:

  • Су еріткіш.
  • Ерігіш заттар: қант, тұз, бояу, т.б.
  • Ерімейтін заттар: май, ұн, шай, т.б.
  • Ерігіш заттар сумен араласқанда жойылып кетпейді. Тек олардың молекулалық құрамы өзгеріп кетеді.
  • Ерімейтін заттар су түбінде тұнады немесе су бетіне қалқып шығады.

(Т, Ұ) Бақыла. Зертте. Анықта. Талқыла.

Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау, коммуникативтік дағдыларын дамыту, ізденімпаздығын дамыту.

Температурасы әр түрлі заттарға еритін қатты затты салу (қант, тұз).

Қатты затты ерітудің жолын қарастыру (араластыру, жай немесе шайқау).

Еру кезеңін бақылау.

Қорытынды шығару.

Қорытынды:

Ыстық температурада суық температураға қарағанда қатты зат тез ериді.

Араластырғанға қанарағанда шайқау барысында заттың ерігіштік қасиеті арта түседі.

(Ө, Ұ) Өмірмен байланыс.

Бұл тәжірибені күнделікті өмірде қайдан кездестіруге болады?

Білім алушының мүмкін болатын жауабы:

Ыстық шайға қант салғанда қант тез ериді. Ал суық шайға қант салғанда ерігіштігі баяу болады, алайда, араластыру арқылы ерігіштік қасиетін арттыруға болады.

Немесе, кір жуатын машинаға соданы салу кезіндегі үрдіс.

(Ө) «Сен маған, мен саған».

Оқушылар судың ерігіштігі бойынша өзара сұрақ – жауап алмасады, «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша өзара бағалайды, кері байланыс жасалады.

Cу, қант, мөлдір стақан,

Тұз, шай, т.б.

Слайд

Су және қант (немесе тұз)

Сабақтың соңы

3 мин

(МК) Кері байланыс.

Жұмысты орындауда не қиын, не жеңіл болды? Неліктен?

+ Мен ................ үйрендім.

-Маған .............. қиын.

Маған сабақтың.........................бөлігі ерекше ұнады. Себебі,...................

Өзін-өзі бағалау

Оқушылар өз жетістіктерін смайликтер арқылы бағалайды.

«Смайликтер» арқылы бағалау

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Қабілеті жоғары оқушылар ережелерді, сұрақтарды өз бетінше құра алады.

Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу