Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер. Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 4 Бөлім: Жанды табиғат. Өсімдіктер | Мектеп: Мұғалім: Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | |||||
Күні | ||||||
Тақырыбы | Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер. | |||||
Оқу мақсаты | 4.2.1.5 төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктерді ажырату; 4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну. | |||||
Сабақтың мақсаты | Төменгі және жоғары саты өсімдіктерімен танысады. Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктерді ажырата алады. | |||||
Бағалау критерийі | Төменгі және жоғары саты өсімдіктерінің ерекшеліктерін атайды. Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктерді ажырата алады. Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктерге мысал келтіреді. | |||||
Тілдік мақсат | Пәндік терминология мен тірек сөздер Төменгі сатыдағы өсімдіктер, жоғары сатыдағы өсімдіктер, балдыр. | |||||
Құндылықтар | Құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылыммен жұмыс. | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Өсімдік топтарын, тіршілік ортасына бейімделуін біледі. Өсімдіктің мүшелері мен олардың қызметін атай алады. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау. Жедел жауап. Суретпен жұмыс • Суреттен өсімдік мүшелерін көрсет, оларды ата. • Тамыр қандай қызмет атқарады? • Сабақ қандай қызмет атқарады? • Жапырақ қандай қызмет атқарады? | Өсімдік мүшелері көрсетілген суреттер немесе слайд | ||||
Сабақтың ортасы | Топтық жұмыс. Айырмашылығын тап. Топтық жұмыс. (Балдыр және өсімдік мүшелері салынған суреттер мен гербарий тарату). Өсімдіктерді салыстыру. Кейбір өсімдіктердің тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі болмайды. Суреттерде бейнеленген өсімдіктердің мүшелерін салыстыру, Төменгі сатыдағы өсімдіктерге балдырлар, ал жоғары сатыдағы өсімдіктерге сан алуан өсімдіктер жататыны туралы қорытындыға келеді.
ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы. Зерттеу жұмысы. Топтық жұмыс. Мақсаты: жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктерді ажыратып үйрену. Әр топқа барлық мүшесі бар өсімдік (құлпынай) пен балдырдың шынайы үлгісін не суретін тарату. Гербарий қолдану/Суреттермен жұмыс жасау. Зерттеу жұмысын жүргізуге арналған нұсқаулықпен таныстыру. 1. Өсімдіктердің сыртқы белгілерін бір-бірімен салыстыру, зерделеу. 2. Сыртқы белгілері бойынша ұқсастықтарын анықтау. 3. Ұқсастықтарын кестеге жазу. 4. Екі өсімдіктің айырмашылықтарын зерделеу. 5. Кестеге әр өсімдіктің ерекшелігін жазу. 6. Қорытынды жасау.
Балдырдың мүшелерін анықтауға тырысу. Қорытындылау: олардың мүшелерін ажырату мүмкін емес, денесі бөлшектенбеген, түсі жасыл, тіршілік ортасы – су. Зерттеу нәтижесін түрлі тәсілмен тіркеу (Венн диаграммасы, кесте, сурет, схема). Зерттеу нәтижесін тіркеу тәсілін оқушылардың өздеріне таңдату. Білімді аралық бекіту. Оқулықтағы мәтінді оқу. Мәтіндегі ақпаратты зерттеу жұмысы бойынша жасаған қорытындыларымен (әңгімелерімен) салыстыру. Ойлан. «Неліктен Жер бетінде жоғары сатыдағы өсімдіктер төменгі сатыдағы өсімдіктерге қарағанда көп таралған?» деген сұрақ бойынша талқылау. Жоғары сатыдағы өсімдіктер барлық мүшелері дамығандықтан таралу мүмкіндігі мол. Олар тамыры арқылы топырақтан қорегін сіңіруге бейімделген, сондықтан құрлықта өседі. Жұптық жұмыс. Өсімдік мүшелерін салыстыр. Тапсырманы орындау үшін оқушыларға жергілікті жерде кездесетін өсімдіктердің суреттерімен қоса, Қазақстанда мүлде кездеспейтін өсімдіктердің суреттерін беру. Әр өсімдіктің атын жазып қою. Өсімдікті таңдау, мүшелерін сипаттау. Белгілері бойынша қорытынды жасау. Сен білесің бе? Мүктің суретін көрсету. Мүктің сырт пішініне қарап, ол да төменгі сатыдағы өсімдікке жатады деген ой туындауы мүмкін. Мүктер – жоғары сатыдағы өсімдіктердің қарапайым тобы. Ол барлық жерде кездеседі, әсіресе, ылғалы мол ортада өсуге бейімделеді. Себебі мүктің тамыры болмайды. Бірақ басқа мүшелері бар. Оның денесінде аса көп мөлшерде тұщы су қоры болады. Өзіндік жұмыс 3-жұмыс парағы. Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер. Көлшік. Суреттегі өсімдіктердің рет санын кестеге жазу арқылы төменгі және жоғары сатыдағы деп екі топқа жіктеу. 4-жұмыс парағы. Жоғары сатыдағы өсімдіктер. Өсімдік топтары. Суреттегі өсімдіктерді салыстырып, олардың қайсысы төменгі, қайсысы жоғары сатыдағы өсімдіктерге жататынын анықтау. ҚБ мұғалімнің жазбаша кері байланысы |
Оқулық; балдыр және өсімдік мүшелері салынған суреттер; гербарийлер
мүшесі бар өсімдік пен балдырдың гербарийі немесе суреті Суреттер мен гербарийлер | ||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс. ҚБ мұғалімнің кері байланысы | Кері байланыс парағы | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Сұрақ қою барысында саралау Тапсырмалар бойынша саралау. | Қалыптастырушы бағалау құралдары: -мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту); - өзін өзі бағалау; - мұғалімнің жазбаша кері байланысы; -оқушылардың жауаптарына, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу. | - дене жаттығулары орындалады - әрекеттер жиі ауыстырылады; - қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударылады. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе, себебі неде? Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме? Саралау бойынша жұмыс, дұрыс жүргізілді ме? Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма? Жоспардан ауытқу, орын алды ма? Неліктен? | ||||||
Қорытындылау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?