Ауырлық күші қай жерде әсер етеді? Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді жоспар
Жаратылыстану 3-сынып | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | |||||||
Күні: | ||||||||
Тақырыбы: | Ауырлық күші қай жерде әсер етеді? | |||||||
Оқу мақсаты: | 3.5.1.2 ауырлық күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру; 3.5.1.4 күштің әсер ету бағытын анықтау 3.1.1.1 маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу 3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу; | |||||||
Сабақтың мақсаты: | Ауырлық күшінің өмірде кездесуіне мысал келтіреді. | |||||||
Бағалау критерийі | Күнделікті өмірден ауырлық күшінің білінуін анықтайды, мысал келтіреді; Денелердің неліктен Жерге құлайтынын түсіндіреді. | |||||||
Тілдік мақсат: |
| |||||||
Құндылықтар: | Дүниетанымын кеңейту; өзара сыйластық, ынтымақтастықта жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру. | |||||||
Пәнаралық байланыс | Математика, денешынықтыру | |||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Ауырлық күші туралы біледі, мысал келтіреді. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы | Кіріспе тапсырма. «Аулада не болып жатыр?» Суретпен жұмыс. -Суретте не бейнеленген? -Әткеншекті қайтадан тепе-теңдік күйге келуге не мәжбүр етеді? (Әткеншек жоғары-төмен қозғалады, бұрқақтағы су ауырлық күшінің әсерінен жерге қайтады.) -Ауырлық күшінің әсерінен қозғалатын денелерге мысал келтір -Таудан сырғанап, серіппелі секіргіштерден (тарзанка) секіріп көргендер бар ма? Тапсырма ауырлық күшінің әрекетін талдай отырып, себеп-салдарлық байланысты табу қабілетін дамытуға бағытталған. | Сурет | ||||||
Сабақтың ортасы | Өзен қалай ағады? -Жердің пішіні қандай? (Жер шар тәріздес.) Суретке назар аудару. -Картада көк түспен не көрсетілген? (Су.) -Судың қандай табиғи көздерін білесің? (Мұхит, теңіз, өзен, көл және т.б.) -Жер шар пішінді болса, неге теңіздер мен өзендер төгілмейді? (Суға ауырлық күші әсер етеді.) -Өзендер мен көлдер арасында қандай айырмашылық бар? (Олар ағады.) -Өзендер көпшілік жағдайда қайдан бастау алады? Өзендер неліктен және қайда ағады? (Көпшілік өзендер таулардан бастау алып, ауырлық күшінің әсерінен төмен қарай ағады.) Ғаламшарлар. Жұппен талқылау -Ауырлық күші тек Жерде ғана әсер етеді ме? -Ауырлық күшінің басқа ғаламшарларда бар екеніне дәлел келтір. -Неге Сатурнның мұз бен шаңнан тұратын сақиналары бар? (Мұз бен шаң бөлшектері ғаламшарға тартылады.) –Неге Айда кратерлар болады? (Ай бетіне құлайтын денелерді тартады.) Ғарышта. -Жердің ауырлық күші үлкен бе? Пікір білдірген оқушы өз ойын дәлелдейді. (Жердің ауырлық күші үлкен, себебі, ғаламшардың массасы үлкен.) -Аспаннан метеорды, басқа да жұлдыз ағып барады деп аталатын құбылысты көрдіңдер ме? Ғарышта алып ғаламшарлардан басқа көптеген астероид деп аталатын ұсақ денелердің қозғалатынын айтып беріңіз. -Онда неліктен Жер тартатын ғарыш денелері оның бетіне құламайды? (Олар өте алыс орналасқан, сол себепті оларға әсер ететін ауырлық күші Жер бетінде орналасқан заттарға әсер ететін ауырлық күшінен кем.) Өткен материалды еске түсіріп, қорытынды жасау: -Ауырлық күші неге байланысты? (Ауырлық күші ғаламшар мен дененің массасына және олардың арасындағы қашықтыққа байланысты.) Зертте. Оқушыларды шағын топтарға біріктіру. Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық -Тік және көлденең жазықтық дегеніміз не? Қайсысының денесі тік, ал қайсысынікі көлденең: аттың ба әлде адамның ба?» (Аттың денесі – көлденең, адамдікі – тігінен.) Әр топ эксперимент жоспарын құрады. Жайпақ табақты үстел үстіне қою. Оған су құю. Астына қағаз парақтарын қоя отырып, алдымен табақтағы судың деңгейінің бір жаққа басым болатын жағдайға жеткізу. Содан кейін табақ астына қағаз сала немесе алып тастай отырып, судың табақ бетінде неғұрлым бірдей деңгейде болуына қол жеткізу. Қорытынды жасау. Қорытындыны зерттеуші қойын дәптеріне жазу. Эксперимент жоспарын оның жүзеге асырылуымен салыстыру. Экспериментті орындай отырып, оқушылар көлденең жазықтықтың үлгісін жасай алады. Зерттеу жүргізу барысында олар егер жазықтық көлденең болса, сұйықтық жылжи бастайтынын есепке алуы керек. Берілген жұмыс эксперимент жоспарын құру және оны іске асыру қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Ойлан. Болжам жасау -Егер ауырлық күшінің әсері кенеттен тоқтаса, әлем қалай өзгеруі мүмкін? -Жердің қандай қабықтары өзгеріске ұшырайды? (Лито-, гидро-, атмосфера, ғарыш: денелер бір-біріне тартылуын жоғалтады.) Сен білесің бе? Жердің пішіні қандай екенін нақтылау. Жер өз осінен айналу себебінен, полюстер жағында кішкене жалпиған. Ауырлық күші неге байланысты екенін еске түсіруді және жұп бойынша талқылап, қорытынды жасау. (Ауырлық күші Жер центріне дейін қашықтыққа байланысты, сондықтан ол экваторға қарағанда полюстерде көбірек болады.). Өзіндік жұмыс 29-жұмыс парағы. «Ауырлық күшінің көрінісі» Бос орындарды толтыр. Оқушылар сөйлемдердегі бос орындарды толтырады. Жауап Жаңбыр тамшысы жерге түседі, себебі оған ауырлық күші әсер етеді. Дененің массасы неғұрлым үлкен болса, ауырлық күші соғұрлым көп болады. Дене неғұрлым Жерден алыс болса, оған әсер ететін ауырлық күші соғұрлым аз болады. Дұрыс-бұрыс. Оқушылар ауырлық күші туралы сөйлемдер оқып, кестедегі дұрыс сөйлемдерді құсбелгімен белгілейді. Жауап: «Ауырлық күші тек Жерде ғана әсер етеді» – дұрыс емес. «Жердің ауырлық күші Айға қарағанда күштірек» – дұрыс. «Ауырлық күшінің әсерінен барлық денелер Жерге құлайды» - дұрыс. «Массасы үлкен денелерге үлкен ауырлық күші әсер етеді» - дұрыс. «Айда ауырлық күші бар» - дұрыс. «Жоғарыға лақтырылған зат аспанға ұшып кетеді» - дұрыс емес. 30-жұмыс парағы. «Ауырлық күшіне мысал» Салыстыр. Оқушылар ең көп ауырлық күші әсер ететін денеден Жерге қарай жасыл сызық, ең аз әсер ететін денеден Жерге қарай қызыл сызық жүргізеді. Жауап: Ең күшті ауырлық күші пілге, ең азы шыбынға әсер етеді. Қосымша тапсырмалар Эксперимент жасау: бос ауыр стақан бетіне қағаз не қатты қағазды (картон) қою, оның үстіне стақанның үстінде болатындай етіп, металл ақшаны (тиын) қою. Тез шертіп қалып, қағазды тесу. Тиын стақанға түседі. Құбылыс мәнін түсіндіру (қағазды тесу үшін күш жұмсалды. Тиынға ешқандай күш әсер еткен жоқ, ол сол қалпында қалды, содан кейін ауырлық күшінің әсерінен стақанға түсті). | Глобус немесе Жер шарының картасы. әр топқа берілетін үлкен жайпақ табақ; су. | ||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия
| |||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру. Қосымша тапсырма арқылы саралау. Сұрақ қою арқылы саралау | «Өте жақсы!», «Жақсы!», «Талпын!» сияқты комментарий сөздерімен бағалау. Оқушылардың жұмыстарын бақылау арқылы бағалау. Комментарий арқылы ауызша кері байланыс беріп бағалау. | Сергіту сәті мен белсенді іс-әрекет түрлері. Қауіпсіздік ережесін сақтау | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде? Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме? Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме? Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма? Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен? | ||||||||
Қорытындылау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?