Cерпімділік күші дегеніміз не? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.
Әдістемелік нұсқау
Жаратылыстану
3-сынып
Cерпімділік күші дегеніміз не?
Сабақ барысында серпімділік күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру;
экспериментті жоспарлау және жүргізу; жүргізілген эксперимент нәтижесін құрылған
жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау оқу мақсаттары жүзеге
асырылады.
Ойын алаңында. Тақырып бойынша алғашқы түсінігін анықтау үшін әңгімелесу жүргізіледі (батутта ойнау, түрлі аттракциондар туралы).
Спорт алаңында
Оқушылардың қызығушылығын ояту, сабақты тақырыбын анықтау үшін суреттермен жұмыс жасалады. Оқулықтағы 1-ші суретке назар аударыңыз.
Денелер (шайба, доп, жебе) қалай бейнеленген? Спортшылардың әрекетінен кейін олар өзгеріске түсе ме? Неліктен?
(Оқушылардың жауаптары тыңдалады, айырмашылығын анықтайды,дененің бастапқы қалпына келуіне бір күштің әсер ететіндігі айтылады. Бұл күштің атауын білу үшін келесі тапсырманы орындайды).
«Сөз құрау» Сабақтың тақырыбын анықтау
С е р п і м д і л і к к ү ш і
С е м п р і л і д к і к і ш ү
(Оқушылардың жауабы тыңдалып, сабақтың тақырыбы анықталады)
Бағалау критерийлерін анықтау
Серпімділік күшін сипаттайды;
серпімділік күшіне мысал келтіреді;
серпімді және серпімсіз денелерді атай алады.
Проблемалық сұрақ. «Заттардың пішіні қандай болады?»
Мақсаты: оқушылардың қызығушылығын ояту, сыни ойлауын дамыту, болжам жасау.
Оқулықтағы суретпен жұмыс орындалады.
Балалар кейбір заттардың қасиетін зерттеуге кірісті. Олар бұл заттарды екі топқа бөлді. Олар заттарды қандай топтарға бөлді деп ойлайсың? Жауабыңды түсіндір.
(Оқушылардың жауаптары тыңдалады, айырмашылығын анықтайды).
Құтқарушылар қалай әрекет етеді? Оқулықтағы суретпен жұмыс жасайды. Өрт сөндірушілердің батутты не үшін қолданатынын анықтайды. Батуттың ерекшелігі басты рөл атқарады деген сұраққа жауап береді (Батут серпімді дене).
Зерттеу жұмысын зерттеу сұрағын анықтаудан (Әртүрлі материалдан жасалған ұзындығы бірдей денелер қалай созылады?) және болжаудан бастау керек (Мысалы:
Резеңке созыла ма?) Зерттеуді топтық жұмыс арқылы ұйымдастырған тиімді.
Соңында қорытынды жасалады: денелердің арасындағы ең мықты зат – сым, ал ең созылғыш зат – резеңке. Зерттеу нәтижесін диаграмма түрінде тіркеу арқылы «Мен зерттеушімін» бөлімінің оқу мақсаты жүзеге асырылады.
«Анықта» тапсырмасының мақсаты: Әр түрлі денеге бірдей күш әсер еткенде серпімділіктің өзгерісін анықтау. Әр түрлі денелердің суреттерін бірдей күш әсер еткен кезде серпімділігінің артуына байланысты өсу ретімен орналастыру керек.
Тапсырма нәтижесінде оқушылар өзін-өзі бағалайды. Мұғалімнің ауызша кері байланыс береді.
Дәптердегі «Айқыштар мен дөңгелектер» тапсырмасы орындалады. Жұпта өзара тексеріледі.
«Сен білесің бе?» айдарымен жұмыс жасау.
Мәтінмен жұмыс арқылы серпімділік күші туралы білімдерін бекітіледі. Осыған дейінгі ой-пікірлерін мазмұнымен салыстырады, негізделеді.
«Ойлан» тапсырмасын орындар алдында дене жаттығуларын жасату қажет. Омыртқа жотасының қозғалуына, созылуына назар аударту.
Үйге тапсырма беру. Серпімділік күшінің әсеріне үш мысал келтіру. 24-жұмыс парағын орындау.
Рефлексияны топ жұмысымен ұйымдастыруға да болады. Олар сабақтағы материалды еске түсіреді. Тақырып бойынша есте сақтау керек ақпаратты тұжырымдама ретінде ой қорытады.
Есте сақта! Дене күштің әсерінен пішіні мен көлемін өзгерте алады. Сол сәтте пайда болатын серпімділік күші дененің бастапқы пішінін қалпына келтіруге тырысады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?