Ғарышты қалай игерген? Жаратылыстану, 3 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалық материалдар
6 тарау 3- сабақ
Ғарышты қалай игерген?
- Жұмбақтар
- Аспанда бір айна бар,
Әлемді көріп айналар. (күн)
- Кейде орта, кейде толы бір тегене,
Көрінер кейде күндіз, кейде түнде,
Бетіне ақ шағыдан перде тартқан,
Балалар, ойлап қара, бұл немене? (ай)
- Төңірегі тең көрініп,
Теген жатыр төңкеріліп,
Жас та сиған, кәрі сиған,
Астына оның бәрі сиған. (аспан)
- Ұшады қанатсызЗырлайды аяқсыз. (Зымыран)
- Ұшқыш емес, бірақ олАспанда қалықтап ұшадыОны кім деп ойлайсың? (Ғарышкер)
- Жедел жауап
Сұрақтар:
1. Ғарышқа алғаш рет қандай дене ұшырылды? Ол қай кезде ұшты?
2. Ғарышқа адамға дейін не ұшырылды?
3. Ғарышқа ең алғаш ұшқан ғарышкер кім?
4. Алғаш рет Айдың бетінде «серуендеген» кім?
5. Орбиталық стансы не үшін қажет?
Жауаптарды сәйкестендіру:
Жасанды серік
1957 жылы 4 қазан күні Жердің жасанды серігі ұшырылды. Ол ғарышта 92 күн болды.
Ғарышкер иттер
1960 жылы 19 тамыз күні ғарышқа Белка мен Стрелка аттанды. Олар әуеде 25 сағаттан аса уақыт болды. Зымыран Жерді 17 рет толық айналып шықты.
Юрий Гагарин
1961 жылы 12 сәуір күні ғарышқа алғаш рет адам ұшты. Оның ұшуі 108 минутқа созылды.
Адамның айға қонуы
1969 жылы 21 шілдеде америкалық астронавттар Нил Армстронг пен Базз Олдрин Айдың бетіне қонды.
«Мир» орбиталық стансасын ұшыру
1986 жылы 20 ақпанда «Мир» орбиталық стансасы ұшырылды. Ол ғарышкерлер тұратын әрі жұмыс істейтін ғарыштық «үйге» айналды.
- Ғарыштағы ғаламшарлар
- Белка мен Стрелка
- Юрий Алексеевич Гагарин
- Ғарышкер
- Адамның айға қонуы
- Спутниктер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?