Су. Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім: Заттар мен олардың қасиеттері. Су

Күні:2 тоқсан

Сынып: 3

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні :

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Су

Оқу мақсаттары

3.3.3.1 - судың жанды ағзалар мен жансыз табиғатта кездесетінін түсіндіру

3.3.3.2 - судың негізгі табиғи көздерін салыстыру;

Сабақ мақсаттары

Судың жанды ағзалар мен жансыз табиғатта кездесетінін түсіну. Судың негізгі табиғи көздерін салыстыру

Бағалау критерийлері

Судың жанды ағзалар мен жансыз табиғатта кездесетінін түсінеді;

Судың негізгі табиғи көздерін салыстырады;

 Тілдік мақсаттар

Су, судың агрегаттық күйлері, жанды ағза, жансыз табиғат, үнемілік, т.б.

 Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

2 - сыныпта табиғат туралы өтілген білімдерін қайталау

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

I.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық:Күндей жадырап,Айдай арайлап,Жұлдыздай жарқырап,Судай мөлдір,таза көңілменБүгінгі сабақты бастаймыз!

ІІ.Қызығушылықты ояту”

Оқушыларға судың дыбысын тыңдату.

Бұл ненің дыбысы?

-Су дегеніміз не?ЖұмбақАяғы жоқ, қолы доқ,

Бірақ тыныш тұрмайды.

Сақтамасаң-қорын тек,

Барша тірлік қурайды.

(Су)

Сылқ-сылқ күледі

Аяғы жоқ жүреді

(Су)

-Қалай ойлайсыңдар, сабақта не жайлы сөйлесеміз?

-Сабақтың соңында қандай жетістіктерге жетеміз деп ойлайсыңдар?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

презентация

Сабақ ортасы

3 минут

2 минут

3 минут

10 минут

5 минут

8 минут

4 минут

(Ұ) «Проблемалық сұрақ»

Мақсаты: су туралы білімдерін қайта жаңғырту, өзара ақпарат алмасу, білімдерін бекіту

Оқушылар 3 топқа бөлінеді.

Тақтада тірек сөздер жазылып тұрады.

Тапсырма: берілген тірек сөздерді қолдана отырып, су туралы білетін ақпараттан постер құраңыз.

/Әрбір топ постер құрастырды, ақпараттарымен өзара алмасады. Бір топта айтылған ақпараттың екінші рет қайталанбауы қадағалануы керек. Топтар су туралы постерлерін тыңдалған ақпаратпен толықтырады/.

/Су түссіз, көлемі жоқ, аққыштық қасиетке ие,қатты , газ, сұйық күйде кездеседі, тіршілік үшін маңызды, сусыз тіршілік жоқ/

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бірін-бірі бағалайды.

(Ж) Талқылау сұрағы.

Мақсаты: өзара ақпарат алмасу арқылы судың маңыздылығын анықтау.

  • Су қайда көп кездеседі? Жанды табиғатта ма, жансыз табиғатта ма?
  • Судың табиғат үшін маңыздылығы қандай?

Оқушылар жұппен сұрақты талқылайды.

/ Су – тіршілік көзі. Жер бетінің 2/3 бөлігін су алып жатыр.

Жанды табиғатта көп кездеседі, себебі, олардың тіршілігі үшін қажет.

Қосымша ақпарат: Су жансыз табиғатта да кездеседі. Себебі, су- жансыз табиғат. Бұлттар да, жаңбыр, мұхит, теңіз барі де судан тұрады.

Кейбір оқушылар, қызықты мәліметтермен бөлісуі мүмкін. Ғалымдардың айтуынша, адам организмі 86 пайыз судан тұрады екен. Егер организмде судың мөлшері азайса, онда адам әртүрлі ауруға шалдығады.

Қарбыздың 98 % -ы, қызанақтың 75%-ы судан тұрады Кейбір теңіз жәндіктері, мысалға медузаның денесінің 97-98% судан тұрады/.

Қорытынды:Су барлық ағзаның құрамында кездеседі.

(Т) Глобуспен жұмыс.

Мақсаты: судың негізгі табиғи көздерін салыстыру.

-Балалар, жердің көп бөлігін су алып жатқандығын неден көруге болады?

/Глобус/

-Глобус дегеніміз не?

/ Глобус - Жер шарының бірнеше есе кішірейтіліп берілетін нақты бейнесі.

Ең бірінші глобусты неміс  географы және саяхатшысы М. Бехайм жасаған (1492ж) деп саналады.

(Ұ) «Кім жылдам?» ойыны .

Мақсаты: Ойын арқылы жылдамдыққа, ұжыммен жұмыс істеуге дағдыландыра отырып, сыни ойлауға баулу.

Тапсырма:

Сыныптың әрбір бөлігінде 4 түске бойлған әріптер орналасқан. Берілген әріптерді 1 минуттың ішінде сөз құрап шығу керек.

  • Балалар, қандай сөздер шықты?
  • Қалай ойлайсыңдар, бұл ненің атаулары?
  • Әлемде неше мұхит бар екен?
  • Неліктен бұл мұхит атаулары бас әріппен жазылады?

/Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстік мұзды мұхит, бұл мұхит атаулары, Себебеі бұл атаулар жалқы зат есімдер../

/Оқушылар мұхиттарды атайды, глобустан тауып көрсетеді/

(Ұ) Мақсаты: Судың табиғи көздерін салыстыру.

-Балалар, Жер бетіндегі кездесетін тағы қандай су қоймаларын білесіңдер?

/Мұхит, теңіз, өзен, көл, бұлақ/

/Мұғалім алдымен сынып оқушыларынан өздерінің не білетіндіктерін сұрайды, содан соң сәйкестігін анықтауға арналған тапсырманы береді/.

(Ө) Сәйкестендір және артығын тап.

Оқушыларға мұхит, теңіз, өзен, көл, бұлақтың суреттері мен жеке қағаздарға жазылған табиғи су көздерінің сипаттамалары таратылып беріледі. Оқушылар ақпараттарды талқылай отырып, Қазақстанның картасынан сипаттамамен сәйкестендіреді.

/Тапсырма орындалып болған соң, әрбір оқушылар жұппен өз жұмыстарын ауыстырады, мұғалімнің нұсқауымен бірнеше оқушы тапсырманың дұрыстығын оқиды, дәледейді, ұжыммен тексереді, «+», «-» арқылы бағалайды/.

(Т, Ұ) Анықта. Венн диаграммасы.

Мақсаты: су қоймаларының айырмашылығы мен ұқсастығын анықтау.

Тапсырма: Берілген Венн диаграммасына су қоймаларының ұқсастығы мен айырмашылығын жазыңыз.

  • өзен мен көл;
  • көл мен теңіз;
  • мұхит пен теңіз;
  • бұлақ пен өзен;
  • мұхит пен көл;

/Тапсырма топпен орындалады, ұжыммен толықтырылады/.

Бірін-бірі бағалайды.

Дескрипторлар:

  • Су қоймаларының айырмашылығын анықтайды
  • Су қоймаларының ұқсастығын анықтайды

/жоғарғы балл -2 балл/

 

Постерлер

Слайд

глобус

Қима қағаздар

Қима қағаздар

слайд

Венн диграммасы

Сабақтың соңы

2 минут

«Блоб» ағашында өзін-өзі бағалайды.

Сабақта маған ......................ұнады/ұнамады

Сабақта маған ...........қызықты / қызықсыз болды

Алдағы уақытта.....................білгім келеді

«Блоб» ағашы

Дифференциация – оқушыларғакөбірекқолдаукөрсетудіқалайжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайтапсырмаларқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топта жұмыс жасату арқылы дифференциациялау. Қабілеттері әр түрлі оқушыларды топтастырып жұмыс жасату. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру үшін қабілеті жоғары оқушыларға күрделі тапсырмалар беру.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Қолданылған сергіту сәті мен белсенді оқыту әдістері

Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу