Заттың қасиеттері. Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 4

Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері.

Мектеп:

Мұғалім:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні:

Тақырыбы:

Заттың қасиеттері

Оқу мақсаты:

заттың қасиетіне байланысты қолдану аясын анықтау; алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың бәрі: заттың қасиеттерін біледі;

Оқушылардың көбі: заттың қасиеттерін сипаттайды;

Оқушылардың кейбірі: заттар қасиетіне байланысты қалай қолданылатынын анықтайды.

Бағалау критерийі

Заттың қасиеттерін біледі;

Заттың қасиеттерін сипаттайды;

Заттар қасиетіне байланысты қалай қолданылатынын анықтайды.

Тілдік мақсат:

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Дене, зат, заттың қасиеті

Құндылықтар:

Өзара сыйластық, ынтымақтастықта жұмыс істеу. Өз денсаулығын күту және саламатты өмір салтын сақтау.

Пәнаралық байланыс

дене шынықтыру

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Зәр шығару, жүйке жүйесі мүшелерінің ағзада орналасуын, атауын, қызметін біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Мотивация.

  • Cұрақ қою: Көңіл-күйің қандай? Неліктен? Сыныптастарыңа не тілейсің?
  • Бүгін таңертең жаттығу жасадыңдар ма? Қане, бірнеше жаттығу жасап көрейік!

Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау.

Жедел жауап

•Дене деген не?

•Адам жасаған денелерді не деп атайды? Мысал келтір.

• Зат деген не? Мысал келтір.

Бүгінгі сабақ заттар және олардың қасиеттері туралы болатынын хабарлау.

Доп

Сабақтың ортасы

Топтық жұмыс.

Бірнеше затқа және денеге мысал келтір. Бір заттан бірнеше дене жасалатынын және бір денені әртүрлі заттан жасауға да болатынын дәләлде.

ҚБ Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Жұптық жұмыс. Екінші топтағы суреттерге не ортақ? Қолғаптар қандай материалдан жасалған? Олардың қайсысын қай кезде қолданады?

Топтық жұмыс.

Оқушыларды белсендіру үшін екі топқа (ұл балалар мен қыз балаларға немесе қатар бойынша топтарға бөлуге болады) бөліп, бір топқа әртүрлі, бірақ бір заттан жасалған денелерді, екінші топқа әртүрлі заттардан жасалған бірдей денелерді атауды тапсыруға болады. Соңында оқушылар дене заттан құралады және бір дене әртүрлі заттан жасалынуы мүмкін немесе бір заттан әртүрлі дене жасалынуы мүмкін деген қорытындыға келуі тиіс. Уақыт болса, денелердің табиғи және жасанды болып бөлінетінін де қайталауға болады. Табиғатта дайын күйінде алынатын заттарды табиғи, ал адам өзі жасайтын заттарды жасанды заттар деп атайды.

Өзін өзі бағалау

Білімді аралық бекіту. Оқулықтағы мәтінді оқу. Мәтіндегі ақпаратты зерттеу жұмысы бойынша жасаған қорытындыларымен (әңгімелерімен) салыстыру.

ҚБ өзін өзі бағалау.

Зертте

Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық

• Зерттеуші күнделігіне үш бағаны бар кесте салғызыңыз: 1-бағанға «Ерігіш», 2-бағанға «Қатты» сөздерін жазғызып, 3-бағанға «?» белгісін қойғызыңыз. Бұл бағанның атауын оқушылар зерттеу барысында өздері табуы тиіс.

• Әр топ ресурстарды зерделейді.

• Заттардың ортақ қасиеттерін (ең алдымен берілген заттардың ішінен ерігіш заттарды, содан соң қатты заттарды) анықтап, сол заттардың атауын сәйкес бағанға жазады.

• Қалған заттардың ортақ қасиетін сұраңыз. Оқушылар оның мөлдір екенін, шыныдан жасалғанын айтады.

• Олардың қасиетін анықтап, атауларын үшінші бағанға жазады.

•Денелердің қандай қызмет атқаратынын және не үшін қажет екенін, денелердің қандай қасиетіне байланысты қолданылғанын айтады.

• Нәтижесін тіркейді.

• Қорытындыны зерттеуші күнделігіне жазу.

Зерттеу нәтижелерін сыныппен бірге талқылаңыз. Оқушылар кез келген заттың белгілі бір қасиеті болатыны, сол қасиетіне байланысты түрлі салада (техникада, тұрмыста) қолданылатыны туралы қорытындыға келуі керек.

Жұптық жұмыс

Оқушылардан «Жаңғақты шағу үшін тасты аласың ба, ағашты аласың ба? Неліктен?

Ал үйдің еденіне төсеу үшін тас қолдана ма, ағаш қолдана ма? Неліктен? (Тас қатты және суық тартады, ал ағаш жылу тартады.) Заттардың қандай қасиеттері болады? (Қатты, жұмсақ, борпылдақ, иілгіш, сынғыш, ерігіш, аққыш, жылтыр, мөлдір, тығыз, т. б.). Енді оқулықта берілген суретке назар аудартыңыз. Мәшине жасауда қандай заттар пайдаланылған? (Темір, пластик, резеңке, шыны). Оларға бұл заттарды қандай қасиетіне байланысты қолданылып тұрғанын сипаттауды тапсырыңыз. Ол үшін оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз: Мәшиненің қаңқасы неден жасалған? (Темірден). Неліктен темірден жасаған? Темірдің қандай қасиеті маңызды? (Темір өте мықты металл, оңайлықпен сынбайды, ауыр салмақты көтереді, майыспайды). Дөңгелектері неден жасалған? (Резеңкеден.) Не себепті резеңкеден жасалған? Қандай қасиеті көмектеседі? (Резеңке серпімді, ол мәшиненің жүруін жеңілдетеді). Терезелері неден жасалған? (Шыныдан, себебі ол мөлдір және жарықты жақсы өткізеді). Мәшиненің ішкі бөліктерін неден жасайды? Неліктен? (Пластиктен, пластмассадан жасайды, себебі ол жеңіл). Осылайша ары қарай оқушыларды өздері көбірек мысал келтіруге ынталандырыңыз. Олар мәшиненің орындығын, рулін сипаттап беруі мүмкін. Оқушылардың келтірген мысалдарын тыңдаңыз. Соңында заттарды қасиетіне байланысты қолданатынына оқушылардың көздері жетеді.

Жеке жұмыс ретінде дәптерде берілген тапсырмаларды орындау.

39-жұмыс парағы. «Заттардың қасиеттері»

Сызбаны толтыр. Оқушылар сызбадағы бос орындарға өзі білетін заттардың қасиеттерін жазады. Бұл тапсырма оқушылардың заттың қасиеті туралы білімін бекітеді.

Ықтимал жауаптар:Қатты, сұйық, газ тәрізді, тығыз, борпылдақ; түсі бар, иісі бар, ерігіш, дәмі бар, мортсынғыш, мөлдір, иілгіш, майысқыш, жылтыр, т. б.

Анықта.

Оқушылар кестедегі пікірлердің дұрыс не-месе дұрыс емес екенін анықтап, бос ұяшықтарға (✓) белгісін қояды.

Жауабы:

40-жұмыс парағы. «Ұқсастық пен айырмашылық».

Заттардың қасиеттері. Су, оттек және темірдің қасиеттерін кестеге толтырады. Соңынан ойларын қорытып жазады. Оқушылар осы заттардың кейбір қасиеттері ұқсағанымен, басқа қасиеттерінің өзгешелігіне байланысты заттардың қолдану аясы, қызметі әртүрлі екенін қорыта алады. Мысалы, су мен оттек түссіз, бірақ олардың бірі сұйық, бір газ тәрізді; олардың бәрінің иісі жоқ болғанымен, олар бір зат бола алмайды, себебі қаттылығы, агрегаттық күйлері арқылы бір-бірінен ерекшеленеді.

Жауабы

Заттар Агрегаттық күйі Түсі Иісі

Су сұйық түссіз иіссіз

Оттек газ тәрізді түссіз иіссіз

Темір қатты түсі бар иіссіз

Салыстыр. Қант пен тұздың ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасына жазады.

Жауабы

Ұқсастығы: ақ, ұсақ, ериді, екеуін де өндіреді, ас ретінде пайдаланады.

Айырмашылығы: қантты қызылшадан жасайды, тұзды теңіз суынан өндіреді, қанттың дәмі тәтті, тұздың дәмі ащы, қолданудағы қызметі әртүрлі.Бірінің орнына бірін тек ақ түсті түйіршікті зат керек болғанда; қандай да бір ыдысты толтыру керек болғанда;

суға еритін зат қажет болғанда, т. б. жағдайларды пайдалануға болады.

ҚБ мұғалімнің жазбаша кері байланысы

/ Оқулықтағы сызба/

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс

Зерттеу нәтижесін жазуға арналған

үлестірме парақшалар,

әртүрлі дене үлгілері

Сабақтың соңы

Рефлексиялық кезең.

Кері байланыс.

ҚБ мұғалімнің кері байланысы

Кері байланыс парағы

Слайд №7

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Жұптау бойынша саралау
  • Сұрақ қою барысында саралау
  • Тапсырмалар бойынша саралау:

-Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру.

-Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру

Қалыптастырушы бағалау құралдары:

-мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту);

- жұптардың эксперимент туралы есебін өзара бағалауы;

- өзін өзі бағалау;

- мұғалімнің жазбаша кері байланысы;

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу;

-оқушылардың жазбаша кері байланысы

-Сабақ барысында іс әрекет, дене жаттығулары көптеп орындалады (ұйымдастыру шеңберінде, зерттеу жұмысы барысында);

- әрекеттер жиі ауыстырылады;

- қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?

Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу