Заттың қасиеттері. Жаратылыстану, 4 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы:
Заттың қасиеттері
Сабақтың мақсаттары
заттың қандай қасиеттері болатынын білесің;
• затты қасиетіне байланысты қалай қолданатынын түсінесің.
Бағалау критерийлері
заттың қандай қасиеттері болатынын біледі;
затты қасиетіне байланысты қалай қолданатынын түсінеді.
Тірек сөздер
дене
зат
заттың қасиеті
Жедел жауап
Дене деген не?
Адам жасаған денелерді не деп атайды?
Мысал келтір.
Зат деген не? Мысал келтір
Екінші топтағы суреттерге не ортақ? Қолғаптар қандай материалдан жасалған?
Олардың қайсысын қай кезде қолданады?Заттардың қандай қасиеттері болады?
Зертте
Жаңа сабақ
Заттың түрі мен түсі, иісі мен дәмі, тығыздығы мен борпылдақтығы, жұмсақтығы мен қаттылығы, иілгіштігі мен сынғыштығы, сондай-ақ ерігіштігі, аққыштығы, мөлдірлігі – заттың қасиетіне жатады. Бір заттың бір немесе бірнеше қасиеті болады. Мысалы, су – аққыш, мөлдір, ал шыны – қатты, мортсынғыш, мөлдір болады. Әр затты өзіне тән белгісі мен қасиетіне байланысты тұрмыста пайдаланады. Қазіргі кезде пластиктен өте көп зат өндіріледі. Ол шыны сияқты морт сынғыш емес, жарақаттанып қалмайсың, жеңіл, пайдалануға ыңғайлы.
Заттардың қасиетін өзгертуге бола ма?
ОЙЛАН
Заттың қорабында,
сауытында немесе
зат белгісінде
оның құрамы
көрсетіледі.
Сен білесің бе?
?
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:
Бірнеше затқа мысал келтір.
Олардың қасиеттерін сипатта.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?