Қан айналым жүйесі. Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
|
| |||||||||
Оқу мақсаты: | 3.2.3.4 қанайналым жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау; 3.2.3.1 адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтау; 3.1.1.1 маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу. | |||||||||
Сабақтың мақсаты: | • Қанайналым жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау; • Адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтау; • Маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу. | |||||||||
Бағалау критерийі | Қанайналым жүйесінің мүшелерін атайды Қанайналым жүйесінің жұмысын сипаттайды | |||||||||
Тілдік мақсат |
| |||||||||
Құндылықтар | Денсаулықты күту. Салауатты өмір салтын сақтау | |||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі. | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылыммен жұмыс | |||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Асқорыту жүйесі | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 1 минут 4 минут | Шаттық шеңбері. «Ыстық лебіз» Шеңберге жиналып, бір-біріне жылы лебіз, тілек айту. «Жедел жауап» кіріспе тапсырмасы. Оқушыларға бүгінгі сабақта қанайналым жүйесі қандай қызмет атқаратынын анықтау қажеттілігін айтып, олардың назарын асқорыту және тыныс алу жүйесі тақырыбындағы сабаққа бағыттау керек. Оқушылар жұптасып, сызбамен жұмыс жасайды. Тыныс алу және асқорыту жүйелерінің қалай құрылғанын анықтау ұсынылады. | Көңілді әуен қосып қою. Слайд №1,2 Слайд №3 | ||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 2 минут 5 минут 8 минут 3 минут 2 минут 2 минут 6 минут 5 минут | Қанайналым жүйесі. Оқушылар жұппен суретке сүйене отырып, қанайналым жүйесі қандай мүшелерден тұратынын анықтайды. (Жүрек, күретамыр, көктамыр және қылтамырлар). Сұрақтарға жауап беріледі.
Күретамыр жұқа қылтамырларға айналғанша кішкентай тамырларға тармақтала беретінін нақтылап, қылтамырлардың қабырғаларының жұқалығы, олар арқылы өкпеде газ алмасу және асқорыту мүшелерінде қоректік заттар айналымы жүретінін талқылау. Топқа біріктіру. «Жалаушалар» арқылы топқа біріктіру. Мотор. Оқушылардан жүрек туралы не білетінін ассоциация арқылы анықтау.
Оқушылар жүректің қайда орналасқаны және оның көлемі қандай болатынын және топтасып жүректің көлемін анықтайды. Модель жаса. Оқушылар қанайналым жүйесін құрайтын мүшелер қалай орналасқандығын модельдеу арқылы біледі. Модельдеу барысында балалар қанайналым жүйесі құрылымының ерекшеліктерін және мүшелердің орналасу ретін түсінеді, олардың атын атап, орнын көрсетуді үйренеді. Модельдеу жүргізуге арналған нұсқаулық • Топ болып қанайналым жүйесі құрылымын талдайды. • Ватман қағазына адамның шынайы өлшемінің сұлбасын салады. • Қанайналым жүйесі мүшелерін берілген құралдардан жасайды. • Сұлбаның ішіне қанайналым жүйесінің мүшелерін орналастырады да, оларды аттары жазылған парақшалармен белгілейді. • Басқа топтардың нәтижелерімен өз жұмыстарын салыстырады. Қорыту барысында бірнеше сұрақтарға жауап алынады. Сұрақтар:
Мұғалімнің түсіндіруі. Қанайналым жүйесі жүрек пен қантамырлардан тұрады. Жүрек – қанды тамырларға айдайтын бұлшық ет. Қолды кеуде тұсына қойып, жүректің ырғақты соғысын сезінуге болады. Қантамырлар адам ағзасын қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Ол қоректік заттарды асқорыту жүйесінен сіңіріп, бүкіл ағзаға таратады. Оттекке қаныққан қан күретамыр бойымен ішкі мүшелерге келеді. Олардағы көмірқышқыл газ бен зиянды заттарды көктамыр бойымен сыртқа алып шығады. Күретамыр мен көктамыр өзара қылтамыр арқылы байланысады. Қылтамыр – ең ұсақ қантамырлар. Оларда газалмасу жүреді. Сергіту сәті. Бейнежазба әуенімен қимылдау. Ойлан. Оқушылардан жүрек кеуде қуысының ішінде орналасқандығы туралы және ішкі құрылыс мүшелерінің орналасуының ерекшеліктерінмен таныстыру. Жүрек – өте нәзік дене мүшесі, оны қорғау үшін табиғат ерекше орналастырған. «Жүрегі тас төбесіне шықты» тіркесі адам жүрек ырғағының іркілуін сезінуі. Бұл – ағзаның қауіптен қорғану жауабы. Жеке жұмысқа дәптерде берілген тапсырмаларды орындау ұсынылады. 40-жұмыс парағы. «Қанайналым жүйесі», 42-б. Қанайналым жүйесінің мүшелері. Тапсырма оқушылардың білімдерін бекітуге бағытталған. Оқушылар қанайналым жүйесі мүшелерінің суретін салып, олардың аттарын жазады(Жауаптары: Жүрек пен тамырларды сәйкес түспен бояйды. Оқушылар бастағы тамырларға назар аудармай, оларды бейнелемей кететінін ескеріңіз, бұл туралы кейінірек танысатын болса да, мұны білген оқушыларды мадақтап қойыңыз). Қан қозғалысы. Оқушылар адам ағзасында қан қандай жолды жүріп өтетіні туралы жазады (Жауаптары: Қан өкпені шайып өтеді, сол арқылы оттекпен қанығады. Оттекпен қаныққан қан күретамыр бойымен барлық мүшелерге тарайды. Дене мүшелеріндегі көмірқышқыл газ бен зиянды заттарды көктамыр жүрекке алып келеді). 41-жұмыс парағы. «Жүрек және тамырлар», 43-б. Қанайналым жүйесі мүшелерінің қызметі. Қанайналым жүйесі мүшелерін олардың сипаттамаларымен сәйкестендір (Жауаптары:1 – в; 2 – ә; 3 – а; 4 – б.). Жұмыс. Оқушылар тиісті сөздерді қолдана отырып, сөйлемдерді толықтырады (Жауаптары: Жүрек – сор секілді жұмыс істейтін бұлшық ет. Ол қанды тамырларға айдайды. Оттекке қаныққан қан күретамыр арқылы дене мүшелеріне тарайды. Олардан ол көктамыр арқылы көмірқышқыл газ бен зиянды заттарды алып шығады. Қылтамырлар – ең ұсақ қантамырлар). Бағалау.
| Түрлі түсті жалаушалар Слайд №4 Слайд №5,6
Қағаздар, түтіктер, скотч, ермексаз, жапсырмалар, фломастерлер
https://www.youtube.com/watch?v=9sNv1wcpWAw Дәптермен жұмыс | ||||||||
Сабақтың соңы 4 минут | Кері байланыс. Сабақтағы өз жұмысына баға беру.
| Бағалау парағы Слайд №7 | ||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||
Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру. Саралау тапсырмасы ретінде оқушыларға түрлі материалдарды қолданып, кеуде қуысының макетін құрастыруды ұсынылады. | Сабақ барысында -мадақтау, қолдау сөздер айту арқылы бағалау. -оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. | Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?