Қатты және бәсең дыбыстар. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімдіжоспар
Сабақжоспары
Ұзақмерзімдіжоспарбөлімі: 4C бөлім – Дыбыс | Мектеп: ФМБ-дағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Көкшетау қаласы | ||||||||||||
Күні:20.04.17 | Мұғалімнің аты-жөні: Боранбаева А.К. | ||||||||||||
Сынып: 2А | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Қатты және бәсең дыбыстар | ||||||||||||
Оқу мақсаттары | 2.5.3.1 дыбыс көздерін дауыс қаттылығына қарай жіктеу | ||||||||||||
Сабақмақсаттары | Оқушылар қатты және бәсең дыбыстарды ажыратады. Дыбыстардың қуатын зерттейді.Олардың байланысын біледі. | ||||||||||||
Бағалау критерийлері | дыбыс қуатының әр түрлі болатынын біледі және оны сипаттай алады. | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Дыбыс көздері мен олардың атауларын, қатты бәсең дыбыс сөздерін қолданады. | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | еңбек және шығармашылық, қазақстандық патриотизм және жаһандық азаматтық құндылықтарын дарыту | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, физика. | ||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Дыбыс көздері мен дыбыстардың таралу жолдарын біледі. | ||||||||||||
Сабақбарысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтажоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 2 минут 5 минут | (МК) Шаттық шеңбер «Қайырлы таң!» Кел, жаныма тұр, сыныптас. Өз алақаныңды маған аш. Міне, менің қолым бос, Жылуыма жылу қос! /оқушылар тұрып бір-бірін қолдарынан ұстап сәттілік тілейді, рахмет айтады/ -Балалар, ғылымға кіріспе сабағын бастамас бұрын, осы сабағымыздың ұранын айтайық. Терең ғылым сананың, Тегі дөп ой саламын. Маңыз беріп оқимыз, Ғылымға кіріспе сабағын. -Балалар, ғылымға кіріспе сабағының қандай пайдасы бар? (Т)Тыңда! Анықта! Мақсаты:Аспаптар туралы аудио тыңдату арқылы сабақтың тақырыбын ашу -Бұл музыкалық аспаптардың қандай ортақ қасиеті бар деп ойлайсыңдар? /бәрі де үн, дыбыс шығарады/ -Ал қандай айырмашылығы бар? Олардың дыбысы туралы не айтуға болады? /кейбір аспаптардың дыбысы қатты, кейбіреулерінің бәсең болады/ -Ендеше бүгінгі сабақта не жайлы әңгіме өрбітеміз? /оқушылардың жауаптарын тыңдау/ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту. Мақсаты негізінде бағалау критерийлерін құрастыру. | Интерактивті тақта Тақтада жазылған сабақтың тақырыбы мен мақсаты | |||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 5 минут 10 минут 5 минут 5 минут | (МК)Суретпен жұмыс Оқушыларға музыкалық аспаптардың суреттерін көрсетіп, атауын сұрау. -Балалар, мына аспап қалай аталады? -Кім домбырада ойнай алады? -Мынау қай аспап? -Оны қай жерде көрдіңдер? -Аспаптардың қандай түрлерін білесіңдер? -Шертпелі аспаптар, үрмелі аспаптар, ішекті аспаптар және ...... /оқушылардың жауаптарын тыңдау/ (Т, Қ)Музыкалық аспаптармен жұмыс Оқушылар топта отырып, кейбір музыкалық аспаптарды көріп,тыңдайды, олардың атын жазады. /Оларда ойнап, қандай және қалай дыбыс шығаратынын анықтайды/.Кестені толтырады.
Бір-бірімен бөліседі. (МК,Ө,Ұ) Шығармашылық жұмыс Әртүрлі ыдыстар мен құралдардан аспаптар жасау. (Ұ)Оқушылармен оркестр құру Мақсаты: Бәсең және қатты дыбыстарды анықтау, ажырату. Әртүрлі аспаптарды пайдалана отырып, таныс әуенді ойнату. -Балалар, қай кезде дыбыс қатты шықты? -Қай аспаптардың дыбысы қатты? -Қайсысының дыбысы бәсеңдеу болды? (Ө,ҚБ)Карточкалармен жеке жұмыс Оқушыларға жүргізілген тәжірибеден кейін дыбыстың қуатын анықтаулары керектігін ескертіңіз. Оқушыларға әр түрлі қаттылықтағы дыбыстар шығара алатын бірқатар заттарды (мысалы, музыкалық аспаптар, тұрмыстық заттар) ұсынып, олардан дыбыс шығаруды және шығатын дыбыстардың қуатын сипаттауды өтініңіз. Мысалы, дыбыс қатты/әлсіз/жуан/жіңішке,т.б. Сонымен қатар естіген дыбыстардың қуатын салыстыруды талап етуге болады. Оқушылардың дыбстың қуатын сипаттай алу дағдысын бағалаңыз. Тапсырма: Музыкалық аспаптар дыбыстарының қуатын сипатта. Мысалы: қатты/әлсіз, жуан/жіңішке. Жалпы өзара тексеру өткізіледі. | Музыкалық аспаптардың суреттері Аудио, https://www.youtube.com/watch?v=ZwnRU45Y0sA Музыкалық аспаптар, А 4 парағы, кесте Музыкалық аспаптар: барабан камертон, дыбыс ұлғайтқыш пен күріш. ҚБ карточкалары | |||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия: -Қане, балалар! Оқыдық, салыстырдық. Тәжірибе де жасадық, Соныменен сабақта Не білдік, неүйрендік? Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіп, сұрақтарға жауап береді: - Нені білдім, нені үйрендім? - Нені толық түсінбедім? - Қандай жұмысты жалғастыру қажет? -Сабақтың басында аталған мақсаттарға қол жеткіздім бе? | СМС/хабарлама жазу | |||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Оқушылар бірге тәжірибе жұмыстарды жасайды, қорытынды шығара алады. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Дыбыстардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын еркін атай алады және көрсете алады.Сонымен қоса олардың ерекшеліктерін айта алады. | Қалыптастырушы бағалау, сабақта бақылау арқылы | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Жуан дыбыстар | Жіңішке дыбыстар |
Жуан дыбыстар | Жіңішке дыбыстар | Бәсең дыбыстар |
Жуан дыбыстар | Жіңішке дыбыстар |
Жуан дыбыстар | Жіңішке дыбыстар |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?