Ай – Жердің табиғи серігі. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Ғылымға кіріспе

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3B бөлім: Ғарыш

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика – математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 3 – тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ай – Жердің табиғи серігі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (ОБ сілтеме)

2.6.1.4 Жердің табиғи серігін (Айды) атау және оның фазалары бар екенін білу

 Сабақтың мақсаттары

Ай – Жердің серігі екенін білетін болады және айдың фазаларын біледі; Сұрақтар қойып, бақылау арқылы оларға жауап табады.

 Бағалау критерийлері

Ай Жердің табиғи серігі екенін біледі; Айдың фазаларының өзгеріп тұратынын біледі және бейнелеп көрсете алады.

 Сөздік қор

Ұзағырақ, уақыт, қозғалыс, Ай, Жер, серігі,жолдасы,

 Құндылықтарды дарыту

Қоршаған әлемге,табиғатқа, аспан әлеміне сүйіспеншілікпен қарау, Ай – Жер ғаламшарының табиғи серігі екенін білу.

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану пәнімен байланыс, АКТ пәнімен байланыс, өнер пәнімен байланыс.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар өткен сабақта күн мен түнннің қалай алмасатынымен жіктеп танысқан.

АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барысында берілген тақырыпқа байланысты таныстырылым, Ай мен Жердің қозғалысын ғарыш әлемінен үзінді бейнефильмдер көру.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ,МК) Оқушылармен шеңберде кемемен, пойызбен қалай саяхаттап жүретінін көз алдына елестету. Үнемі бірге жүретін адамдарды қалай атайды? (серіктер)

Таныстырылым

Сабақ ортасы

(МК,Ұ) Тақтадағы суретке қарау.

  • Не бейнеленген?
  • Жер мен Ай
  • Қайсысы жер екені қайдан білеміз?
  • Ол көгілдір, онда материктер мен атмосфера көрінеді.
  • Жер мен Айды салыстырыңдар? - Қайсысы үлкен?
  • Жер
  • Айда атмосфера бар ма?
  • Жоқ
  • Біз Айды қай уақытта көре аламыз?
  • Түнде
  • Ай үнемі Жердің жанында ма?
  • Неге?
  • Ол үнемі Жердің қасында оны айналып қозғалады.

Жұмбақтар

Күндіз әйнегі сынады,

Түнде орнында тұрады.

Кішкентай нан барша ғаламға жетеді.

(Т)Топпен жұмыс. Зерттейік!

Оқушылар шағын топтарға бөлінеді. Әр топқа керекті заттар беріледі. Әр топқа ұзындығы бірдей жіптер, ермексаз, сусын ішуге арналған түтіктер, жабысқақа таспа (скотч) қажет.

Зерттеу екі кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең.

Әр топта оқушылар өзара рольдерді бөледі. Жер және Ай. Содан кейін олар кезекпен ғаламшар мен серігінің қозғалысын көрсетеді.

Жердің роліндегі оқушылар өз орындарында тұрып, жайлап айнала бастайды. Айдың роліндегі оқушы Жер ғаламшарына қарап тұрып оны айнала бастайды. Айдың рөліндегі оқушы Жер ғаламшарына қарап тұрып, оны айналып қозғалады. Осы уақытта екі оқушы қолдарындағы бір жіпті екі ұшынан жоғары көтеріп ұстап тұрады және осы жіптің әр уақытта тартылып тұруын қадағалайды.

Екінші кезең.

Оқушылар түтікті «Г» әрпі сияқты иеді. Егер түтік қысқа болса, онда бір түтігі екіншісіне жабысқақ таспа арқылы жалғайды. Ермексаздан Жер мен Айдың үлгісін жасайды.

Неге мән беру керек? Көлеміне, түсіне, пішініне.

Түсі: Жер көгілдір, сары. Ай ақ және сұр.

Көлемі: Жер – үлкенірек, Ай – кішірек.

Нәтижесінде оқушылар Ай Жерден бірдей қашықтықта болып, айналып жүретінін түсіну. Жер мен Айды салыстыру кезінде сұрақ қою, оған бақылау арқылы жауап беру дағдылары дамиды.

(Ұ,МК) Сен білесің бе?

Айды ешбір құралсыз көзбен көруге болады, ал кез келген телескоптың көмегімен оның бетін көруге болады.

Айдың бетінде қара дақтар болады. Ай туралы бейнефильм көру.

(Ұ) Ермексаздан Жер мен Айдың үлгісін жасау.

(Ұ) Жұмыс парағымен жұмыс. 66 – бет

Суретте Жер мен Айдың орнын анықтайды, атауларын жазады, бояйды.

Постер, маркер, суреттер

Ұзындығы бірдей жіптер, ермексаз, сусын ішуге арналған түтіктер, скотч.

http://imektep.kz

Сабақтың соңы

Кері байланыс.

Не жайлы білдік?

Сабақ барысында не қиын болды?

Не оңайға түсті?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар «Зерттейік» жұмысы бойынша маңызды рольді алып, топта көшбасшылық қызмет атқарады деп күтіледі.

Топтық тапсырмада жауаптарын бақылау арқылы оқушылардың сабаққа қандай дәрежеде қатысқанын және бағалау критерийлері арқылы бағалау

Сергіту сәтін орындау арқылы оқушылардың денсаулығына, сабақ барысында партада дұрыс отыру дағдыларына көңіл бөлу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу