Күн мен түн. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Ғылымға кіріспе

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3B бөлім: Ғарыш

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика – математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Күн мен түн

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (ОБ сілтеме)

2.6.1.1 Күн мен түннің ауысуын түсіндіру;

2.1.1.1. Сұрақтар қою және Жердің Күнді айналуын бақылау арқылы оларға жауап табу.

 Сабақтың мақсаттары

Күн мен түннің алмасу себептерін түсіндіру; Жер өз осіне 24 сағатта толық бір айналым жасайтынын және бір тәулікті құрайтынын білу; Бақылау нәтижесін көру

 Бағалау критерийлері

сұрақтарға жауап табу үшін қарапайым бақылау, зерттеулер жасай алады7

 Сөздік қор

Күн мен түн, тәулік, ось .глобус , жер , модель, жасанды және табиғи жарық көздері.

 Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың табиғатқа, ғарыш әлеміне деген түсініктерін қалыптастыру, үйрету және баулу.

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану пәнімен байланыс, жұмбақтар шешу,мәтін оқу арқылы қазақ тілі және әдебиет пәнімен байланыс орнайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Өткен сабақта

АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барысында берілген тақырыпқа байланысты таныстырылым, жануарлардың тіршілігі және қорегі жайлы бейнефильмдер көру.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Оқушылар шеңберге шығып қораптан суреттер таңдау арқылы оны екі топқа бөледі.

1.Табиғи жарық көздері: Күн, Ай, жұлдыздар, жарық қоңыздар (светлички) , найзағай

2. Жасанды жарық көздері: қолшам, электр жарығы, машинаның фары, гирлянда.

Жарық көздері бейнеленген суреттер.

Сабақ ортасы

(МК) Глобусты көрсету. Бұл не?

  • Жердің моделі. Оны сипаттау. Оны ақырын айналдырып
  • Егер глобус Жердің үлгісі болса, онда біздің ғаламшарымыз айнала ма?

(Ж) Жұппен жұмыс.

Оқушылардың назарын Жердің осіне аудару. Ось глобуста көрініп тұр, ал Жерде көрінбейді. Ол – Жердің айналып қозғалатынын көрсететін ойша жүргізілген сызық. Оның көлбеу екеніне назар аудару. Жедің өз осінен толық бір айналым жасауға кететін уақыт тәулік деп аталады.

(Т) Топпен жұмыс. «Зерттейік!»

Сынып оқушылары 3 – 4 топқа бөлінеді. Тапсырма.

  • Глобустың Астана қаласы орналасқан жеріне стикер жапсыру.
  • Екі түсті доптың кез келген жеріне стикер жапсыру.
  • Топта бір оқушы қолына қолшам ұстайды.
  • Шамды глобустың бір бетіне түсіреді.
  • Стикер қай жерде қалғанын белгілеп қояды.
  • Астанада түн бе, әлде күндіз бе?
  • Жабыстырылған стикерге қарап глобусты ақырын айналдырады.Астанада қай кезде күндіз болатынына назар аудару. Неге олай ойлайсыңдар?
  • ( шамның сәулесі түсті)
  • Күндізгі уақыт қанша созылды?
  • Түн қай уақытта?

Түн мен күн қалай алмасады?

Күн айналды ма?

Жер қалай айналды?

Тәжірибеден кейін берілген сұрақтарға зерттеулері арқылы жауап береді. Бұдан кейін берілген сілтеме арқылы бейнебаян көрсетіледі.

(ОТ) Дәптермен жұмыс. Жұмыс дәптерінде глобустан бізде түн болғанда, қай мемлекеттерде күндіз болатынын анықтау. 60 – жұмыс парағы, 62 бет.

(МК) Оқулықта берілген тірек сөздерді үш тілде айту, қайталау. Оқушылар «ось» сөзін естігенде орындарынан тұрады, «Тәулік» сөздерін үш тілде естігенде орындарында отырып, қол шапалақтайды.

(Т) Оқушылар топта ермексаз бен жіпті пайдаланып, білігі бар Жердің үлгісін топпен әзірлейді

Әр топқа глобус, екі түсті доп, қолшам.

Жұмыс дәптері

Ермексаз және жіп.

Сабақтың соңы

Кері байланыс.

Не жайлы білдік?

Сабақ барысында не қиын болды?

Не оңайға түсті?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар күн мен түннің ауысуын топтық жұмыс барысында орындаған тәжірибе жұмыс соңында әңгімелейді.

Топтық жұмыс барысында жауаптарын бақылау арқылы оқушылардың сабаққа қандай дәрежеде қатысқанын және бағалау критерийлері арқылы бағалау

Сергіту сәтін орындау арқылы оқушылардың денсаулығына, сабақ барысында партада дұрыс отыру дағдыларына көңіл бөлу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу