Судың агрегаттық күйінің өзгеруін зерттеу. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім. Заттар және олардың қасиеттері. Су. | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:Кудабаева А.К | ||||
Сынып: 2А | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтақырыбы | Судың агрегаттық күйінің өзгеруін зерттеу | ||||
Оқу мақсаттары | 2.3.3.2 Судың агрегаттық күйінің өзгеру үдерісін зерттеу. | ||||
Сабақ мақсаттары | Судың күйінің өзгеру үдерісін зерттеу. | ||||
Бағалаукритерийлері | Судың агрегаттық күйінің өзгеру үдерісін зерттейді және түсіндіріп береді. | ||||
Тілдікмақсаттар | Қасиеттер, дәм, иіс, пішін, аққыштық, түсі, мөлдір, тазалық, су, бу, мұз, сұйықтық, газтәрізді, қаттыкүй, өзен, көл, тоған, бұлақ, құдық, теңіз | ||||
Құндылықтардыдарыту | Суды үнемдеу керектігін түсінеді. | ||||
Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік/ /интернационализм | Судың әлемдік маңызы мен қажеттілігін түсіндіру. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, қазақ тілі | ||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ-дан видео материалдар көрсетіледі. | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Тәжірибелер жасау арқылы ауаның қасиеттерін анықтады. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 5 минут | Амандасу Армысың, ару Күн! Армысың, жақсы дос! Бос өтпей әрбір күн Білімге білім қос! | ||||
Сабақ ортасы 30 минут | -Ғылымға кіріспе пәнінен қандай бөлімді өтіп жатырмыз? -Заттар және оның қасиеттері.Біз қандай затпен таныстық? /ауа/ -Үйге қандай тапсырма берілді? /Табиғаттағы су көздері/ 1. Табиғаттағы ең үлкен су көзі? 2. Дүниежүзінде неше мұхит бар? 3. Мұхиттардың аттарын атап бер? 4. Табиғаттағы су көздерін ата. 5. Біздің қаламызда қандай су көзі бар? 6. Біздің мектебіміз осы Қаратал өзенінің қай жағалауында орналасқан? 7. Қаратал өзенінің оң жағалауында қандай объектілер бар? Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Судың табиғаттағы агрегаттық күйі» Сабақ мақсаты: Судың күйінің өзгеру үдерісін зерттеу.
-Табиғатта су қандай күйде кездеседі? /Өзен, көл, мұхит, теңіз, артезиан, жер асты, бұлт, мұздық, тұман, құдық, бұлақ / Егер суды қайнатсақ не болады?Суыққа қойсақ ше? Тәжірибе 1.Суға мұз салсам не болады? Тәжірибе 2.Біреуіне ыстық, екіншісіне суық су құйып, температураларын өлшеу. Экологиялық есеп Пәтердегі су краннан дұрыс жабылмаса 6 минутта 1 стақан су ағады. Неше минутта 2 стақан су ағады? 1 сағатта, яғни 60 минутта неше стақан су ағады? Анықта (ОТ, Қ)Оқушыларға түрлі тәжірибе үшін түрлі заттарды беру. Олардың қорытынды шығару қабілетін бағалау. 1-топ.Су құйылған стақанның біріне бояу, екінші стақанға қант сал. Стақандардағы суды араластырыңдар.Нені байқадыңдар? /еріткіш/ 2-топ. 2 стақан алып, біреуіне су құйып, екіншісі бос қасына қоямыз. Салфетка алып, бірінен екіншісіне шиыршықтап қою, бақылау. 3-топ.Ыдысқа су құйып, 2 мандарин алып, біреуін аршып, екіншісін аршымай ыдыстағы суға салу. Бақылау. Түсіндіру. 4-топ.Банкадағы ыстық судың үстіне мұз қою, ішіндегі бұлтты бақылау. Бағалау
Бақылау Оқушылар қолдарына ыдысқа салынған қар, мұз алып, оны суға айналғанша бақылайды. (Ұ) Судың үш күйі арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды бақылау және салыстыр. Әр күйдің сыртқы түрі мен қасиеттерін сипаттау. (МК) Термометрді ұстау жәнеқолдану жолдарын көрсету. (Ж, ОТ, Қ) Суық, жылы, ыстық судың және мұздың температурасын өлшеу. Көрсеткіштердегі айырмашылықтарды талқылау. Таза судың 1000С қайнап, 00С қататынын білу. Қайнаған судың температуралық көрсеткіштерін алу процесін көрсету. /Қауіпсіздік ережесін ескерту./ (ОТ, Ж, Т) Күнделіктіөмірден алынғанбулану мысалдарын зерттеу. (мысалы шалшық сулардың булануы, киімді кептіру, фенді пайдалану және т.б).Сүлгінің немесе кептіргіштің көмегімен қолды қанша уақытта кептіруге болатынын есептеу. Тәжірибелерді дәптерге жазу. /Ж.д 31-бет/ Қалыптастырушы бағалау Сөйлемді толықтыр. Судың ___________ ,_________________,_____________. ______________ болмайды. Су табиғатта үш күйде: _____________________,____________________, ____________________ кездеседі. Судың пайдасы қандай?/Сусыз тіршілік жоқ- Ертегі «Толағай». Өсімдік, жануар, адам денесі/ Зияны бар ма? /Тасқын, сел, суға тұншығу, ағу, су қолмен тоқты ұстау/ Үйге тапсырма: Интернеттен сумен тағы қандай эксперимент жасауға болады? көру. | Тәжірибежасауғаарналғанқұралдар: сужәнесүтқұйылғанстақандар, шайқасық, түрлітүстіжолақтар, сужәнешиешырынықұйылғанстақандар, түрлісыйымдылықтар (пробирка, құты, т.б.), боркесегі, қант. Су, мұз текшелері, термометр,таймерлер, материалдар, фен | |||
Сабақтың соңы 5 минут | Қорытынды «Су — мөлдір «Суда дәм жоқ» «Судың иісі жоқ» «Судың пішіні жоқ» Рефлексия -Сөйлемдерді аяқта « Бүгін мен білдім...» | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?