Ээ дыбысы мен әрпі
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сауат ашу
Бекітемін:________________________________
Оқу ісінің меңгерушісі: Алимова А
98-сабақ: Ээ дыбысы мен әрпі | Мектеп:Ж.Мырзағалиев | |||||||||
Күні: 15.01.16ж | Мұғалім: Саттарова Бақыт | |||||||||
Сабақтың тақырыбы | Саяхат | |||||||||
Сынып: 1 «б» | Қатысқаны:20 | Қатыспағаны: | ||||||||
Сабақта меңгерілетін дағдылы мақсаттар | 1.2.1.2. Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану 1.3.7.1. Мұғалімнің көмегімен әртүрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазу 1.3.9.1. Әріп пен дыбысты ажырата білу, дыбыстардың дыбысталу ерекшелігін ескере отырып, сөздерді дұрыс жазу/көшіру 1.3.12.2. Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, гигиеналық талаптарға сай жазу | |||||||||
Табыс критерийлері |
| |||||||||
Тілдік мақсаты | Төл құжат-паспорт бекет-пост | |||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Оқушылар көркем және көркем емес мәтін үлгілерімен таныс және сөздерді оқу үшін әртүрлі стратегияларды қолдана алады. | |||||||||
Күтілетін нәтиже | Ээ дыбысы мен әрпінің жазылу, айтылу емлесін таниды. Саяхатқа шығу кезіндегі қажет заттар мен ережелер туралы хабары болады. Түрлі этикет сөздерді қолдана біледі | |||||||||
Керекті құрал-жаб-дықтар, көрнекілік-тер | Саяхатқа қажетті заттардың суреттері, компас, төлқұжат үлгісі, Қазақстан картасы. Қазақстанның көрнекті жерлерінің суреттері. | |||||||||
Сабақтың барысы: | ||||||||||
Уақыт | Жоспарланған іс - әрекет | Дерек көздері | ||||||||
Жағымды көңіл күй туғызу. 0-1 минут Өмірлік тәжірибені өзектендіру Мақсат қою. 2-5 минут | (Ұ) Мұғалім сабақта жұмыс жүргізу үшін қолайлы ахуал қалыптастырады. Сабақтың тақырыбын және сабақтың соңында қол жеткізілуі тиіс мақсатты айқындайды (оған рефлексия сатысында оралады | Музыкалық фон Оқулықтағы кесте (кестені флипчартқа шығаруға болады) | ||||||||
Сабақтың ортасы Сабақ тақырыбы бойынша жұмыс. 6-35 минут | .Педагог тапсырмаларды орындай отырып жорыққа аттануды (оқулық картасы) ұсынады. Әр тапсырманы орындағаннан кейін табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін, турист ережелерін дауыстап айту қажет. Бірінші аялдама. (Ұ) (Ұ) Балалардың тәжірибесіне сүйену: – Туризм дегеніміз не? – Турист дегеніміз кім? Түсіндірме сөздікпен жұмыс – «турист» сөзінің мағынасы. Мұғалім турист, туризм түрлері туралы ақпарат береді, туризмнің негізгі мақсаттарын тұжырымдауға көмектеседі. Екінші аялдама. Топтық жұмыс. І-топ: 1-тапсырма: Оқушылар орналасқан жерге қарай түрліше саяхаттауға болатыны, тауға, көлге баруға болатыны туралы қорытынды жасайды. Жаяу туризм, велотуризм. Қалыптастырушы бағалау:жорық кезінде қозғалыс құралын таңдау білігі. Үшінші аялдама: 2-тапсырма: Қалыптастырушы бағалау: киім элементтерін нысаналы мақсатына қарай таңдау білігі. Төртінші аялдама. ІІ-топ:Оқушыларға жолдорбаға туриске жорық барысында керек болатын заттарды ғана салуды және өз таңдауын түсіндіруді ұсыну. Бесінші аялдама. Алтыншы аялдама. ІІІ-топ: Саяхатқа немен аттануға болады? Шығармашылық жұмыстарымен таныстыру (Ұ, Қ, Т) Оқулықпен немесе мультимедиалық тұсаукесермен жұмыс 1-топ: Суретті әңгіме желісі бойынша ретімен орналастыру 2-топ: Суретке қарап ретімен әңгімелеу 3-топ: Әңгіменің тақырыбы мен авторын жазу | Флипчарт Оқулық Өз ойларын ортаға салады Топтық жұмыс «Киім, аяқкиім, баскиім» сериясы-нан заттардың суреттері Флипчарт, заттардың суреттері, жолдорба Постер жасауға арналған материал: қайшы, желім, суреттер Флипчарт Оқулық Топтық жұмыс | ||||||||
Сергіту жаттығуы 1-2 минут Жазылым 5-7 минут | Қорбаңдаған аюдың, Құлпынайы көп екен. Теріп-теріп алайық, Қалтамызға салайық. (Ө) Дәптермен жұмыс. Деңгейлері әртүрлі тапсырмалар Жазу үлгісіндегі Ээ әрпінің бас және кіші әріптерін үлгі бойынша жазып шығу. Берілген сөздерді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау. (Әр оқушыны жазба жұмысын өзі тексеруіне, қатесін табуға бағыттаңыз.) | (Ұ) Сергіту жаттығуын қимыл- қоз-ғалыстармен орындайды. Жұмыс дәптері (Ө) Жазба жұмыстарының талаптарына сай орындауға тырысады. | ||||||||
Сабақтың соңы Сабақты қорыту. Рефлексия. 36-45 минут | (Ө, Қ) Рефлексиялық бағалау. Педагог оқушыларға жолдорбаны белгілі бір түске бояуды ұсынады. Тақырыпты түсінген және білімі мен біліктерін қолдануға қабілетті бала жолдорбаны жасыл түске бояйды. Мақсатқа ішінара қол жеткізілген болса, сары түске бояйды. Мақсатқа қол жеткізілмеген болса, қызыл түске бояйды | Дәптер, түрлі түсті қарындаштар | ||||||||
Қосымша мәліметтер | ||||||||||
Өткізілген сабақ бойынша мұғалім жазбасы: Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдер тиімділігі: Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді: Оқушылардың белсенділігі: Сабақтың мақсатына жету жолындағы қадамдардың маңызы: Кездескен кедергілер мен оны еңсеру жолдары: |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?