Шш дыбысы мен әрпі


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сауат ашу

Бекітемін:________________________________

Оқу ісінің меңгерушісі: Алимова А

45-сабақ:Шш дыбысы мен әрпі

Мектеп:Ж.Мырзағалиев

Күні: 23.10.15ж

Мұғалім: Саттарова Бакыт

Сабақтың тақырыбы

Мен – оқушымын

Сынып: 1 «б»

Қатысқаны:21

Қатыспағаны:

Сабақта меңгерілетін дағдылы мақсаттар

1.2.9.1. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

1.2.2.1. Шағын мәтіндегі негізгі оқиғалардың мәнін түсіну және ретін анықтау

1.2.1.2. Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу,

түсініп оқу) қолдану

1.3.12.1. Жазу жолын,жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі

сызығын сақтап, әріп элементтерін жазу.

Табыс критерийлері

Барлық оқушылар білуге тиісті:

Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіруді біледі

Оқушылардың көпшілігі:

Буындап оқу және жиі кездесетін сөздерді тұтас оқи алады

Жазу жолын,жоларалық кеңістікті,жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап,әріп элементтерін жазады

Кейбір оқушылар:

Шағын мәтіндегі негізгі оқиғалардың мәнін түсініп, ретін анықтап және сөздерді тұтас түсініп оқи алады

Тілдік мақсаты

Дыбысталуы бірдей,мағынасы әртүрлі болатын сөзбен танысады,мағынасын ажырата алады.

Осыған дейін меңгерілген білім

У у дыбысы, әрпімен танысқан

Күтілетін нәтиже

Тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударылады, дарындылық қырлары ашылады, дүниетанымы артады, білімі кеңейеді.

Керекті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер

Оқулық, кеспе қағаздары, ватман, стикер, маркер, Шш дыбысы мен әрпіне байланысты көрнекіліктер, әріптің жазбаша және баспаша таңбасы.

Сабақтың барысы:

Уақыт

Жоспарланған іс - әрекет

Дерек көздері

3минут

Қызығу-шылықтарын ояту

Оқушы қандай болу керек?

Әдепті, ұқыпты, үлгілі оқушыға сипаттама бер.

Сен мектепте не істейсің?

Сен партада қалай отырасың?

(Ө) Мұғ/нің сұрағына жауап береді. Жұбымен ұқыпты, үлгілі оқушы қандай болу керек екенін талқылайды.

5минут

Білу

(МК) Мұғалім зат атауларының құрамында ш дыбысы бар заттардың суретін көретеді (бейнетаспа)

Сөздердегі ш дыбысының орнын анықтау арқылы ш дыбысын бөліп алады.

«Айна ойыны» Ш дыбысы қандай дыбыс деп ойлайсыңдар? Біріміз – айна,біріміз сол айнаға қарап отырған бала болайық. Ш-ны айтқанда тіліміз қайтеді? Кедергіге ұшырап қысқа айтылып тұр. Ендеше Ш қандай дыбыс? Балалар бір-біріне қарап Ш дыбысын дауыстап айтып көреді. Оның қалай айтылатынын,қандай дыбыс екенін ақылдаса отырып анықтайды.

бейнетаспа

7минут

Түсіну

«Бейнелі сурет» әдісі арқылы жеке жұмыс жүргізуге бағыттау. Суреттегі балалардың атын оқиды.

«Мен оқушымын» мәтінін оқу, мазмұнын әңгімелеу. Қарамен жазылған сөздерді оқыту.

(МК) «Бағыттау сұрақтары» әдісі арқылы жұппен жұмыс жүргізуге бағыттау. Сурет бойынша екі оқушының партада қалай отырғанын талқылайды.

7 минут

Қолдану

Оқылым

«Ойлан» тапсырмасы жұптарға сөздер үлестіріледі.

Қарындаш, сызғыш, ұштағыш, өшіргіш, ағаш

Зат атауларының ішінен ш дыбысының орнын анықта. Не артық?

Ағаш. Ағаш туралы небілеміз?

Парта, қарындаш, сызғыш, дәптер, оқулық ағаштан жасалған.Олай болса, ағаш адамға өте қажет зат.

«Ағаш» мәтінін оқып беру.

Ш әрпі бар сөздерді алдымен буынға бөліп, содан соң тұтастай дұрыс оқуларын қадағалау

аш шаш шар Айша арша

ашу шашу шарла Шара алаша

Үлестірмелі сөздер

3 мин

Сергіту сәті

Қане, сапты түзейік

Тіземізді бүгейік

Ыршып алға түсейік

Ыршып артқа түсейік

Шегіркеше ыршиық,

Ыршып ,тыншиық

7 минут

Жазы-лым

Ш ш әрпінін, жазылуы мен таныстыру. Дәптердегі әріп әлементтерін, әріптің жазылу үлгісін дұрыс толтыруларын қадағалау. Берілген тапсырмаларды орындау.

Жұмыс дәпптері

3 минут

Рефлек-сия

Бағалау

-Мен бүгін өзімді мақтай аламын, себебі ...

-Мен сыныптасымды мақтай аламын, себебі ...

-Мен бүгін өз ұстазымды мақтай аламын, себебі ...

Смайликтер

Оқу үшін келгендігін айтады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу