Халықаралық актілер негізінде Қазақстан Республикасы азаматтары құқығының жүзеге асырылуы. Құқық негіздері, 11 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1.

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы

БАС АССАМБЛЕЯ,

Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясын бүкіл халықтар мен мемлекеттердің ұмтылыстары арқылы әр адаммен қатар, қоғамның әр органы осы декларацияны үнемі жадында тұтып, білім беру және ағарту жұмыстары арқылы осы құқықтар мен бостандықтарды қадір тұтуға ықпал жасап, ұлттық халықаралық шаралар арқылы Ұйымның мүше-мемлекеттерінің халықтарымен қоса, олардың юрисдикциясына қарасты территориялардың халықтары арасында да, жалпыға бірдей тиімді түрде танылып, жүзеге асырылуы үшін алға қойылған мақсат ретінде жария етіп отыр.

1 бап

Барлық адамдар тумысынан азат және қадір-қасиеті мен құқықтары тең болып дүниеге келеді. Адамдарға ақыл-парасат, ар-ождан берілген, сондықтан олар бір-бірімен туыстық, бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиіс.

2 бап

Әр адам, нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе басқа да наным-сенімдеріне, ұлттық, немесе әлеуметтік тегіне, мүліктік, тектік-топтық, немесе басқа да жағдаяттарға қарамастан осы Декларацияда жарияланған барлық құқықтар мен бостандықтарға алаланбай, бірдей тең ие болуы тиіс.

Сонымен қатар, ешкім де өзі тұратын елінің, не болмаса территорияның саяси, құқықтық, немесе халықаралық мәртебесінің негізі бойынша, және де ол территория тәуелсіз, әлде біреудің қарамағында, әлде өзін-өзі басқарушы емес, немесе оның егемендігі әртүрлі нысанда шектеулі болған күннің өзінде де, алаланбауы тиіс.

3 бап

Әр адам өмір сүруге, бостандықта болуға және оның жеке басына қол сұғылмауына құқылы.

4 бап

Ешкім де құлдықта немесе кіріптарлықта ұсталуы тиіс емес. Құлдық пен құл саудасына, қандай түрде болса да, тыйым салынады.

6 бап

Әр адам қай жерде жүрсе де, құқықтық субъектісі ретінде танылуына құқылы.

7 бап

Заң алдында жұрттың бәрі тең және де заң арқылы алаланбай, бірдей тең қорғалуға құқылы. Барлық адам осы Декларацияның ережелерін бұзатын кемсітуден және кемсітуге арандатушылықтың барлық түрінен тең қорғалуға құқылы.

10 бап

Әр адам, өзінің құқықтары мен міндеттерін анықтап, өзіне тағылған қылмыстық айыптаудың негізділігін белгілеу үшін, ісі толық теңдік негізінде, әділеттік талаптарға с12 12 бап

Әр адам жеке және отбасылық өміріне өзгелердің өз бетінше араласуынан, озбырлық жасап баспанасына, хат жазысып-алысу құпиясына қол сұғуынан, ар-намысы мен абырой беделіне нұқсан келтіруінен қорғалуға құқығы бар.ай, тәуелсіз және әділ сот арқылы ашық қаралуына құқығы бар.

23 бап

1. Әр адамның еңбек етуге, жұмыс түрін еркін таңдауға, әділ және қолайлы еңбек жағдайына, жұмыссыздықтан қорғалуына құқығы бар.

26 бап

1. Әр адамның білім алуға құқығы бар. Білім беру, ең болмағанда бастауыш және жалпы білім, тегін болуы тиіс. Бастауыш білім баршаға міндетті болуы тиіс. Техникалық және кәсіптік білім көпшіліктің қолы жетерліктей болуы тиіс және жоғары білім де, әркімнің қабілетіне қарай көпшіліктің қолы жетерліктей болуы тиіс.

2. Білім беру адамның жеке басының толық кемелденуіне және құқықтары мен негізгі бостандықтарына деген құрметті арттыруға бағытталуы тиіс. Білім беру барлық ұлттар, нәсілдік және діни топтары арасында түсіністік, шыдамдылық пен достық қарым-қатынас орнатуға ықпал жасап және Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілікті қуаттау жолындағы жұмысына ықпал жасап, дем беруі тиіс.

3. Ата-аналардың өздерінің жас балаларына білім беру түрін таңдауда құқығы басы

30 бап

Осы Декларациядағы ешбір қағида қайсыбір мемлекетке, адамдар тобына немесе жеке адамдарға аталмыш Декларацияда баянды етілген құқықтар мен бостандықтарды жоятын қызметпен айналысу немесе іс-әрекет жасау құқығын береді деп пайымдалуы тиіс емес.

http://adilet.zan.kz/kaz/search/undp "БҰҰ" құжаттары.

Отбасылық міндеттермен еңбек ететін еңбекші ерлер мен әйелдерге арналған тең қарау және тең мүмкіндіктер туралы конвенцияны (156-конвенция) ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 қарашадағы № 50-V Заңы

1-бап

      1. Осы Конвенция асырауындағы балаларға қатысты отбасылықміндеттері бар еңбек ететін еңбекші ерлер мен әйелдерге мұндай міндеттер олардың экономикалық қызметінде дайындалу, оған қол жеткізу, қатысу немесе оны ілгерілету мүмкіндіктерін шектеген кезде қолданылады.

      2. Осы Конвенцияның ережелері, сондай-ақ күтімге немесе көмекке шын мұқтаж болып отырған басқа да жақын туысқандарына - олардың отбасы мүшелеріне қатысты отбасылық міндеттері бар еңбекші ерлер мен әйелдерге мұндай міндеттер олардың экономикалық қызметте дайындалу, оған қол жеткізу, қатысу немесе оны ілгерілету мүмкіндіктерін шектеген кезде қолданылады.

      3. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін «асырауындағы бала» және «күтімге немесе көмекке шын мұқтаж болып отырған басқа да жақын туысқаны - отбасы мүшесі» деген терминдер әрбір елде осы Конвенцияның 9-бабында көрсетілген тәсілдердің бірі арқылы айқындалатын адамдарды білдіреді.

      4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері қолданылатын еңбекшілер бұдан әрі «отбасылық міндеттемелері бар еңбекшілер» деп аталады.

2-бап

      Осы Конвенция экономикалық қызметтің барлық салаларына және еңбекшілердің барлық санаттарына қолданылады.

3-бап

1. Еңбекші ерлер мен әйелдерге арналған шынайы тең қарау және тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін Ұйымның әрбір мүшесінің мемлекеттік саясаты мақсаттарының бірі ақы төленетін жұмыстарды орындайтын немесе орындауды қалайтын отбасылық міндеттері бар адамдардың кемсітушілікке ұшырамай және мүмкіндігінше кәсіби және отбасылық міндеттемелерін үйлестіре отырып, өз құқықтарын жүзеге асыруды білдіреді.

      2. Осы баптың 1-тармағының мақсаты үшін «кемсітушілік» деген термин 1958 жылғы Еңбек және кәсіптер саласында кемсітушілік туралы конвенцияның 1 және 5-баптарында айқындалғандай, еңбек және кәсіптер саласындағы кемсітушілікті білдіреді.

4-бап

      Еңбекші ерлер мен әйелдерге шынайы тең қарау және тең мүмкіндіктер беру үшін:

      а) отбасылық міндеттері бар еңбекшілер өздерінің жұмысты еркін таңдау құқығын жүзеге асыруы үшін;

      b) олардың жұмыспен қамту жағдайлары мен әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы олардың қажеттіктерін назарға алу үшін ұлттық жағдайлар мен мүмкіндіктерге сәйкес келетін барлық шаралар қолданылады.

5-бап

      Сондай-ақ:

a) жергілікті деңгейде іс-шараларды жоспарлау кезінде отбасылық міндеттері бар еңбекшілердің қажеттіліктерін ескеру;

      b) балаларға күтім жасау және отбасына көмек көрсету мекемелері мен қызметтері сияқты мемлекеттік немесе жеке қызметтерді дамыту немесе олардың дамуына жәрдемдесу үшін ұлттық жағдайлар мен мүмкіндіктерге сәйкес келетін барлық шаралар қолданылады.

6-бaп

      Әрбір елдің құзыретті билігі мен органдары еңбекші ерлер мен әйелдерге арналған тең қарау және тең мүмкіндіктер қағидаты мен отбасылық міндеттері бар еңбекшілер проблемаларын қоғамның неғұрлым кеңірек түсінуіне жәрдемдесетін ақпаратты және білім беруді дамытуды ынталандыру, сондай-ақ осы проблемаларды шешуге ықпал ететін қоғамдық пікірді көтермелеу бойынша тиісті шараларды қабылдайды.

7-бап

      Ұлттық жағдайларға және мүмкіндіктерге сәйкес келетін барлық шаралар, оның ішінде отбасылық міндеттері бар еңбекшілерге еңбек қызметін бастауға немесе жалғастыруға, сондай-ақ оны осы міндеттерге байланысты жұмыста болмаған кезден кейін қайта бастауға мүмкіндік беретін кәсіптік бағдарлау және даярлау саласында шаралар қабылданады.

8-бап

      Отбасылық міндеттер өздігінен еңбек қатынастарын тоқтатудың негізі бола алмайды.

9-бап

      Осы Конвенция заңнама немесе қағидалар, ұжымдық шарттар, кәсіпорынның ішкі еңбек тәртібінің қағидалары, төрелік шешімдер, сот шешімдері немесе осы әдістердің үйлесімі немесе ұлттық жағдайларды ескере отырып, ұлттық тәжірибеге сәйкес келетін кез келген өзге тәсіл арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

10-бап

  • Осы Конвенцияның ережелерін ұлттық жағдайларды есепке ала отырып, қажеттілігіне қарай, кезең-кезеңімен қолдануға болады, алайда оларды жүзеге асыру бойынша жүргізілетін шаралар 1-баптың 1-тармағы қолданылатын барлық еңбекшілерге кез келген жағдайда қолданылады.
  •       2. Осы Конвенцияны ратификациялайтын Ұйымның әрбір мүшесі Халықаралық Еңбек Ұйымы Жарғысының 22-бабына сәйкес оны қолдану туралы бірінші баяндамасында осы баптың 1-тармағында көзделген мүмкіндіктерді Конвенцияның қандай ережесіне қатысты пайдаланатынын хабарлайды және кейінгі баяндамаларында осы ережелерді қандай шамада жүзеге асырғанын немесе жүзеге асыратынын көрсетеді.

11-бап

      Кәсіпкерлер мен еңбекшілер ұйымдарының ұлттық жағдайлар мен практикаға сәйкес келетін тәсілмен осы Конвенцияның ережелерін жүзеге асыруға бағытталған шараларды әзірлеуге және қолдануға қатысуға құқығы бар.

12-бап

      Осы Конвенцияны ратификациялау туралы ресми құжаттар Халықаралық Еңбек Бюросының Бас директорына тіркеу үшін жіберіледі.

13-бап

      1. Осы Конвенция ратификациялау туралы құжаттарын Бас директор тіркеген Халықаралық Еңбек Ұйымының мүшелерін ғана байланыстырады.      2. Ол Ұйымның екі мүшесінің ратификациялау туралы құжаттарын Бас директор тіркеген күннен кейін он екі айдан соң күшіне енеді.      3. Кейіннен осы Конвенция оның ратификациялау грамотасы тіркелген күннен кейін он екі айдан соң Ұйымның әрбір мүшесі үшін күшіне енеді.

14-бап

      1. Осы Конвенцияны ратификациялаған Ұйымның әрбір мүшесі оның бастапқы күшіне енген күнінен бастап он жыл өткеннен кейін Халықаралық Еңбек Бюросының Бас директорына жіберілген және ол тіркеген күшін жою туралы өтініші арқылы оның күшін жоя алады. Күшін жою ол туралы акті тіркелген күннен кейін бір жыл өткен соң күшіне енеді.      2. Осы Конвенцияны ратификациялаған және алдыңғы тармақта көрсетілген он жыл өткеннен кейін бір жылдық мерзімде осы бапта көзделген күшін жою құқығын пайдаланбаған Ұйымның әрбір мүшесі үшін Конвенция келесі он жылға күшінде қалады және кейіннен ол әр он жыл өткен сайын осы бапта көзделген тәртіппен оның күшін жоя алады.

15-бап

      1. Халықаралық Еңбек Бюросының Бас директоры өзіне Ұйым мүшелері жолдаған барлық ратификациялау грамоталары мен күшін жою туралы өтініштердің тіркелгені туралы Халықаралық Еңбек Ұйымының барлық мүшелеріне хабарлайды.      2. Бас директор өзі алған екінші ратификациялaу грамотасының тіркелгені туралы Ұйым мүшелеріне хабарлай отырып, олардың назарын осы Конвенцияның күшіне ену күніне аударады.

16-бап

      Халықаралық Еңбек Бюросының Бас директоры алдыңғы баптардың ережелеріне сәйкес өзі тіркеген барлық ратификациялау грамоталары мен күшін жою туралы өтініштер жөніндегі толық мәліметті Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына тіркеу үшін жолдайды.

17-бап

      Халықаралық Еңбек Бюросының Әкімшілік кеңесі қажет деп есептеген жағдайларда ол Бас Конференцияға осы Конвенцияның қолданылуы туралы баяндама ұсынады және оны толық немесе ішінара қайта қарау туралы мәселені Конференцияның күн тәртібіне енгізудің орындылығын қарайды.

18-бап

      1. Егер Конференция осы Конвенцияны толық немесе ішінара қайта қарайтын жаңа конвенцияны қабылдаса және егер жаңа конвенцияда өзгеше көзделмесе, онда:      a) Ұйымның қандай да бір мүшесінің жаңа, қайта қарайтын конвенцияны ратификациялауы 14-баптың ережелеріне қарамастан, жаңа, қайта қарайтын конвенция күшіне енген жағдайда осы Конвенция күшінің дереу автоматты түрде жойылуына әкеп соғады.      b) жаңа, қайта қарайтын конвенция күшіне енген күннен бастап осы Конвенция Ұйым мүшелерінің оны ратификациялауы үшін жабық болады.      2. Осы Конвенция оны ратификациялаған, бірақ қайта қарайтын конвенцияны ратификацияламаған Ұйым мүшелері үшін кез келген жағдайда нысаны мен мазмұны бойынша өз күшінде қалады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі