Халықаралық актілер негізінде Қазақстан Республикасы азаматтары құқығының жүзеге асырылуы. Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары.


Құқық негіздері. 11 сынып.

Қысқа мерзімді жоспар 11.4

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жобалық-зерттеу жұмысы.

«Халықаралық құқық» тарауы

«Қазақстан Республикасы халықаралық құқық субъектісі» бөлімі

Сабақ тақырыбы

Халықаралық актілер негізінде Қазақстан Республикасы азаматтары құқығының жүзеге асырылуы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

11.5.1.1. Қазақстан Республикасы таныған халықаралық құқықтың қайнар көздері негізінде Қазақстан Республикасының халықаралық құқығы мен міндеттемелерін түсіндіру;

11.5.1.2. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде адам құқығы, еңбек қатынастары, білім беру салалалары бойынша құқықтарын жүзеге асыруын халықаралық актілер негізінде зерттеу

Сабақ мақсаты

Тақырыпқа сәйкес зерттеу жұмысын жүргізу мақсат, міндеттері, әдіс-тәсілдерін қолдану дағдыларын меңгеру, рәсімдеу ережелерін білу, зерттеудің маңызды ролін түсіну.

Бағалау критерийлері

Бағалау критерийлеріне сәйкес білу, түсіну, білімін қолдану, жинақтау, бағалау дағдылары бағаланады.

Тілдік мақсаттар

 

Тілдік біліктілікті дамыту:

Тыңдалым – мұғалімді, сыныптастарының жауаптарын тыңдау арқылы;

Оқылым – мәтіндерді оқу және тақырыптағы негізгі концептіге сәйкес талдау барысында;

Айтылым – топтық талқылау, мұғалімнің және басқа оқушылардың сұрақтарына жауап беру барысында жүзеге асады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

зерттеу объектісі, зерттеу гипотезасы, халықаралық құқықтық ұйымдармен әріптестік, азамат құқықтары

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

Зерттеудің өзектілігі....

Зерттеу әдіс-тәсілдері...

Зерттеу болжамы

 Құндылықтарды

 дарыту

 

 

Білімпаздық, ізденіс, еңбекқорлық құндылықтарын оқушы бойына дарыту сабақ мазмұны арқылы іске асырылады.

Топтық/жұптық тапсырманы бірлесіп орындау арқылы ынтымақтастыққа, еңбекқорлыққа тәрбиеленеді.

Пәнаралық

байланыстар

Мазмұны бойынша дүниежүзі тарихы, Адам.Қоғам. Құқық пәндерімен байланысты.

ІТ қолдану

дағдылары

Ақпарат іздеуде арнайы сайттардан алынған материалдарға сілтеме көрсетуі, Ғаламтор сайттарынан алған ақпаратты сараптау, жинақтау

Бастапқы білім

Қазіргі Қазақстан Республикасының құқық жүйесі қандай халықаралық құжаттарға негізделгені және азаматтардың құқықтарының сақталуы туралы Адам.Қоғам. Құқық пәнінде алған білімдерін қолдана алады.

Дифференциация

Сабақтың әрбір кезеңінде жабық дифференциация бар. Сараланған тапсырма, әрбір оқушыға жеке көмек беруде, оқушылардың жеке бас ерекшеліктеріне қарай тапсырмаларды таңдап алу арқылы жүзеге асырылады.

Сабақ түрі

Аралас сабақ – консультация және практикум.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

4-5 минут

Қызығушылықты ояту кезеңі

(Б) Ұйымдастыру сәті. Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстыру. Әңгімелесу.

(Б) Бастапқы стимул. Диалог. Халықаралық құқық саласының зерттеуді қажет ететін қандай мәселелері болуы мүмкін? (болжамдарын тыңдау, әңгімелесу)

Слайд №1-3

Мағынаны тану кезеңі.

Сабақтың ортасы жалпы

30-35 минут

(М) Қысқаша шолу. 10 сынып сабақтарында танысқан халықаралық ұйымдарды, олардың қызметін еске түсіретін сұрақтар қойып, №5-7 слайдтардағы суреттер, графиктерді қолданып, Қазақстан Республикасы азаматтары құқығын қорғаудың жүзеге асырылуы туралы проблемалы баяндау.

  • Зерттеу сұрағы: Қандай халықаралық ұйымдардың хал актілері шетелдерде қазақстандықтардың құқығын қорғауда негізге алынады?
  • Қазақстан азаматтарының шетелде білім алу құқығын қорғау қалай жүзеге асырылуда?
  • Қазақстан азаматтарының шетелдегі еңбек қатынастары мен еңбек құқығының қорғалуында қандай өзекті мәселелер бар?

(Ж/Т) Зерттеу мен талдау.

1-тапсырма.

  • Зерттеу жоба жұмысын жүргізу үшін өзекті мәселелерді анықтауды ұсыну.
  • Тарау бойынша зерттеу мәселесін анықтау үшін Ғаламтор және ұсынылған таратпа материалдарды зерделеу;
  • Таңдалған тақырып бойынша зерттеудің мақсаты, міндеттерін белгілеу;
  • Зерттеу барысында қолданылатын әдіс-тәсілдерді нақтылау;
  • Зерттеудің болжамын дайындау.

(оқушылар ноутбуктерін қолданып, Интернеттен өзекті, қажетті ақпаратты іздестіреді, жұбында/топта талқылайды. Алдыңғы тоқсандарда осы тәрізді жұмыстарды жасағандықтан, жұмыс алгоритмін дұрыс қолдана біледі) (№1,2 дидактикалық материалдар)

(Д/Ж) 2-тапсырма.

  • Өздерің анықтаған мәселелер бойынша бірнеше зерттеу тақырыбын ұсыныңыздар;
  • ҚР азаматтарының шетелдерде құқықтарының сақталуы немесе сақталмауына дәйектер келтіріңіздер;
  • ҚР адам құқығын қорғайтын халықаралық ұйымдармен әріптестігін негіздеңіздер.

(№1, 2 дидактикалық материалдар)

(оқушылардың өздері басқа ұқсас тақырыптар ұсынуы мүмкін)

(Бұл тапсырма оқушылардың талдау, жинақтау, білімін қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған)

(Ф) Өзара бағалау немесе өзін өзі бағалауды қолдануға болады

Өзара топтық бағалау немесе жұптық бағалауды қолдануға болады. Қажет болған жағдайда мұғалім тарапынан сабақ барысында жасалған жұмыстарға, тапсырманы орындау жолдары бойынша кері байланыс беріледі.

Слайдтар №4-10

  • Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы/ http://adilet.zan.kz/kaz/search/undp "БҰҰ" құжаттары.
  • Мүгедектер құқықтары туралы декларация. (Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының он үшінші сессиясының 1975 жылғы 9 желтоқсандағы 3447 (XXX) қарары)
  • Балалардың өмір сүруі, қорғанысы мен дамуын қамтамасыз ету туралы дүниежүзілік декларация
  • Нью-Йоркте 1990 жылғы 30 қыркүйекте қабылданды /
  • Құқық негіздері. Жоба. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт. 2-бөлім.11 сынып. Мектеп баспасы, 2019 ж. 176-бет
  • ҚР ӘМ халықаралық құқық және ынтымақтастық департаменті туралы ереже 28 қазан 2019 жарияланған. https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/documents/details/1186?lang=kk
  • «ҚР Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні орындауы туралы үшінші кезеңдік баяндаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы. Жарияланған күні 12 мамыр 2020// https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/documents/details/32651?lang=kk
  • Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы адам құқықтарын қорғаудың өзекті проблемалары. Жарияланған күні 19 қараша 2019/ https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/documents/details/2133?lang=kk
  • Қазақстандық делегация БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің отырыстарына қатысты. 25 Ақпан, 2020 / https://egemen.kz/article/222199-qazaqstandyq-delegatsiya-buu-adam-quqyqtary-dgonindegi-kenhesininh-otyrystaryna

Сабақтың соңы. Қорытынды бөлім.

3-4 минут

Рефлексия. Диалог. Тақырып сұрағына оралып, сабақта алған білімдері арқылы зерттеу сұрағына жауап беруін сұрау.

Жалпы сабақ бойынша рефлексия. Сабақ мақсатына сай, оқушылардың «прогресін өздеріне бағалату. Жекелеген тапсырмалар бойынша жетістіктері мен қиыншылықтарын атап өту. Қиындықтарды жеңу үшін қажетті кеңестер беру.

Слайд №11

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға дерек көздері арқылы өз бетімен

анықтау және кейбір оқушыларға арнайы берілген құжаттар ұсыну жоспарланады.

Қабілеті жоғары оқушыларға талдау жасау үшін «эксперт» ролі ұсынуға болады

Тақырып бойынша білімін бағалау (диагностика) сабақтың кіріспе бөліміндегі әңгімелесу кезінде іске асырылады. Қалыптастырушы бағалау дескрипторларға сәйкес жүргізіледі. Тапсырманың орындалуын оқушылардың өздері дескрипторларға сай бағалайды

Парталарды топтық жұмысқа ыңғайлы етіп орналастыру.

Ноутбуктерді зарядталып дайын тұруын ұйымдастыру.

Қоңырау уақытында кабинеттің ауасын желдетіп тазартып қою.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Шартты белгілер:

М – мұғалім

Д - дербес/дара

Ж- жұппен

Т – топпен

Ф – қалыптастырушы бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?