Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша іс жүргізу. Құқық негіздері, 11 сынып, презентция.


«Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша іс жүргізу»

Мақсаты:

Бағалау критерийлері

Жасөспірімдер арасында қылмыстық істердің көбею себептері:

отбасындағы ақау тәрбие;

отбасындағы материалдық әл-ауқаты;

жұмыссыздық ;

баланың бос уақытының шамадан тыс мол болуы;

ата-ана тарапынан бақылаусыз қалуы;

мінез-құлқының ауытқушылығы;

Рухани құлазуы;

Қылмыстың қоғамда жасалу себептері :

Кедейшілік

жұмыссыздық

мәдениеттің төмендігі

адамгершіліктен азғындау

отбасылық тәрбиенің дәрменсіздігі

маскүнемдіктің етек алуы

нашарқорлық

құқық қорғау органдары қызметінің қанағатсыздығы т.б. факторларды атауға болады.

Кәмелетке толмағандар депқылмыс жасаған кезге қарай жасы 14-ке толған, бірақ 18-ге толмаған адамдар танылады (ҚР Қылмыстық Кодексінің 80 б.)

Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын

жаза түрлері – ҚР ҚК 81 бабы

Айыппұл;

Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

Қоғамдық жұмыстарға тарту;

Түзеу жұмыстары;

Бас бостандығын шектеу;

Бас бостандығынан айыру

Қылмыстық құқықтың негізгі принциптеріне мыналар жататады:

1. Заңдылық принципі – бұл принциптің мәні қылмыс пен күресуді заң шеңберіндегі, оның талаптарын мүлтіксіз орындай отырып жүргізуді білдіреді. Ешкімде соттың үкімінсіз, заңға қайшы жолмен кінәлі болып табылмайды.

2. Адамдардың заң алдындағы теңдігі принципі – бұл принцип адамның тегіне, ұлтына, нәсіліне, әлеуметтік, мүліктік жағдайына, тіліне, дінге деген көзқарасына қарамастан заң алдында бірдей жауап беретіндігін көрсетеді.

3. Жауаптылық принципі – бұл принцип бойынша кез келген адам лауазымдық және басқа да жағдайларға қарамастан өзінің істеген қылмысы үшін нақты жауаптылықты мойындауы қажет.

4. Әділеттілік принципі – бұл принциптің мәні қылмыстық жазаға іс-әрекетінде қылмыс құрамының толық белгілері бар адамдар тартылуы керек. Негізсіз, дәлелсіз қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді.

5. Демократизм принципі – бұл принциптің мәні сот төрелігін жүзеге асыру барсында істі қатысушылар мен сол ауданның басым бөлігі білетін тілде жүргізу, егер қажет етсе аудармашының көмегімен қамтамасыз етуді білдіреді.

6. Гуманзим принципі – бұл принциптің мәні кішігірім қылмыстарды алғаш жасаған адамдарға кешіріммен қарап, жеңіл жаза тағайыедап, керісінше ауыр қылмыс жасағандарға неғұрлым ауыр жаза тағайындаудан тұрады.

7. Интернационализм принципі – бұл принцип ұлттық теңдікті бұзғаны үшін, басқа мемлекеттің мүддесіне, халықаралық қауіпсіздікке, ұлттар арасындағы бейбітшілікке қарсы қылмыстар үшін жауакершілік белгілейтін нормалардан көрініс табады.

03

04

02

01

Кәмелетке толмаған «қиын» балалар туралы не айтар едіңіз?

Жастар арасындағы қылмысты азайту үшін не істеу керек?

Қылмыс жасағаны үшін жасөспірімдерге қандай жазалар қолданылады?

Көкейде жүрген сауал

Жас өспірімдер көбіне қандай қылмыс түрлерін жасайды?

07

08

06

05

Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді жазалаудың ерекшеліктері туралы не білеміз?

Неге барлық заң бұзушылыққа жас өспірімдер 16 жастан , ал кейбір заңбұзушылыққа 14 жастан жауапкершілікке тартылады?

Қазіргі уақытта жасөспірімдердің  түнде көшеге шығуы кездеседі. Осыған қандай шаралар қолданылады?

Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуға бола ма?

Топтық жұмыс.

№1 тапсырма: берілген тапсырманы ҚР ҚІЖК баптары бойынша орындаңыздар және сұрақтарға жауап беріңіздер.

І топ: кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық сот ісін жүргізудің ерекшеліктерін анықтайды

ІІ топ: кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын қылмыстық құқық бұзушылық түрлерін анықтау;

ІІІ топ: кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын қылмыстық құқық бұзушылық себептерін анықтау;

IV топ: кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар туралы қылмыстық істерді зерделеу тәртібін анықтау.

V топ: кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерiн анықтау;

VІ топ: кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату.

Дескриптор:

тапсырманы орындауда ҚР ҚІЖК баптарын қолдану;

сұрақтарға жауап беру.

Дескриптор арқылы өзіндік және өзара бағалау жүргізу

Жұптық жұмыс

Тапсырма: сұрақтарға жауап беру арқылы берілген ҚР ҚІЖК баптары негізінде жағдаяттар құрастырады.

1 жұп: Ювеналды сот жүйесі дегеніміз не?

2 жұп: Кәмелетке толмағандардың арасында қазіргі заманғы кең таралған қылмыс түрі қандай?

3 жұп: Кінәсіздік презумпциясы дегеніміз не?

4 жұп: Кәмелетке толмағандардың жазаны жеңілдететін жағдайлары қандай?

5 жұп: кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар туралы қылмыстық істерді зерделеу тәртібінде қамқоршының ролі қандай?

6 жұп: Сот ісін жүргізу процесінде кәмелетке толмағандарды алып жүру дегеніміз не?

Критерилер:

жағдаяттар құрастыру барысында жұптарға бөлінген сұрақтар дәлелді баптарды қамтуы қажет.

Дескриптор:

Дескриптор арқылы өзіндік және өзара бағалау жүргізу

РЕФЛЕКСИЯ

ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ:

ҚР ҚК, ҚР ҚІЖК

баптарын оқып, талдау

Өмірің болсын десең сенің сәнді

Ойланып, айналаңа қара мәнді.

Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан

Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.

Салауатты мақсатың - өмір сүру,

Өмірдің мағынасын керек білу.

Ішімдік, нашақорлық сенің жауың

Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру.

Мен жігіт 15-30 арасында,

Бұл шақта көп бересі, аласымда.

Жан жағым толған мақсат, толған таңдау,

Алайын анасын ба, мынасын ба,

 - деп арқалы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров  жырлағандай болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата-анасының емес бүкіл алаштың азаматтары болады деген сенімде болайық.

Қорытынды

КЕРІ БАЙЛАНЫС

+/- айту

Бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?