Еңбек дауларының қаралуы. Қосымша материал, 11 сынып, дидактикалық материал.
Еңбек дауы
Сейсенбек өте білікті, білімді қызметкер болатын. Егер ол, түрлі себептерге байланысты жұмысқа келмей қалса, мекеменің жұмысы жүрмей қалатын. Бұл мекемеде ол, көптен бері жұмыс істеп келген, әріптестері одан үнемі кеңес сұрап тұратын. Оған қоса, ол өте еңбекқор, әрі тәртіпті еді. Ол бастаған ісін міндетті түрде аяғына дейін тындыратын және ол іс бойынша проблема туындамайтын. Соңғы жылдары жұмыс көбейіп кетті. Бес жыл бойына, әр жыл сайын, мекеме басшысы Сейсенбекке «Сіз еңбек демалысына шықпаңыз, сіз кетсеңіз жұмыс тоқтап қалады. Кезекті демалысыңыз үшін ақшалай өтемақы алыңыз» - дейтін. Сейсенбек еңбек демалысына шықпай, ақшалай өтемақысын алып, 5 жыл бойына демалмай жұмыс істей берді.
Бір күні мекемені еңбек инспекциясы тексеріп, заңнаманың бұзылғандығын мекеме басшылығына жеткізді. Оның ішінде Сейсенбекке еңбек демалысының берілмегені туралы жағдай да бар.
Сейсенбектің құқығы бұзылды ма?
Егер құқығы бұзылса, оның шешімі қандай болмақ?
Мұстафа жұмысын жауапкершілікпен атқарып жүрген қызметкер болатын. Жұмыс сағат 18-00-де аяқталса да ол, кешкі 21-00-ге дейін жұмыс істейтін күндері жиі болатын. Бірнеше рет жексенбі күндері де, жұмысқа шығып отырған. Ол жұмысы үшін ол ешқандай да өтемақылар алмаған. Бір күні Мұстафа отбасылық жағдайына байланысты жұмыстан бірнеше күнге сұранады. Оның басшысы осы күндер үшін ол жалақы алмайтынын хабарлады. Мұстафа, осыған дейін бірнеше рет жексенбі күндері және күнделікті дерлік сағат 21-00-ге дейін жұмыс жасайтынын айтса, басшылық ол уәждеріне құлақ аспады.
Мұстафаның уәждері қаншалықты заңды?
Мұстафа басшылығының әрекеті қаншалықты заңды?
Мұстафаның ендігі әрекеті қандай болуы керек деп ойлайсыңдар?
2007 жылдың 10 тамызда азамат Бақбергенов пен «Кратер» ЖШС арасында еңбек шарты жасалды. Шарт бойынша Бақбергенов «Кратер» ЖШС № 1 филиалына фотограф жұмысы берілді. 2007 ж. 10 тамыз № 312 бұйрық бойынша Бақбергенов жауапкерге жұмысқа қабылданды.
2007 жыл 4 қараша «Кратер» ЖШС директорының Бақбергеновты серіктестіктің офистеріне жібермеу жөнінде өкімі шықты.
2007 жыл 6 қараша № 343 бұйрық бойынша Бақбергенов 11 қазан 2007 жылы дәлелді себепсіз жұмысты босатқаны үшін ҚРЕК 54 бабының 6 тармағы бойынша 6 қарашада жұмыстан шығарылды.
Жұмыстан шығарылумен келіспеген Бақбергенов 2007 жылдың 27 қарашасында сотқа «Кратер» ЖШС-не бұрынғы жұмыс орнына фотограф болып қалпына келтіру, орташа жалақыны өндіру, моральдық шығынды өндіру жөнінде қуыным (иск) берді.
Бақбергенов талаптарына негіз ретінде 2007 жылдың 11 қазанында ауруына байланысты жауапкердің ауызша рұқсатымен тіс дәрігеріне көрінуге кетеді. Онда оның тісі жұлынып тасталады. Операциядан кейінгі асқыну себептерінен ол келесі күні жұмысқа шыға алмай қалады және ол жөнінде әкімшілікті кезекші әкімші /администратор/ арқылы ескертеді.
15 қазанда 2007 жылы демалыс күндерінен кейін облыстық стоматологиялық емханаға көрінеді, ал 2007 жылдың 17 қазанынан ауруханаға жатқызылады. Бұдан әрі жұмысқа жарамсыздық 2 қарашаға дейін созылды. 2007 жылдың 4 қарашасында директордың өкімімен жұмысқа жіберілмей және оған жұмыстан босатылғандығы жөнінде хабарлама жіберді.
Сот отырысында еңбек дауын шешіңіздер.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?