Сату-сатып алу келісімшарты. Айырбас және сыйға тарту келісімшарты. Құқық негіздері, 11 сынып, презентация.
Тақырыпты болжау
Сабақтың тақырыбы:
Сату-сатып алу келісімшарты. Айырбас және сыйға тарту келісімшарты
Сабақтың мақсаты:
11.3.1.1 - келісімшарттың ерекше белгілерін айқындай отырып мазмұнын түсіндіру;
11.3.1.2 - келісімшарттың негізгі шарттарын нақты мысалдар арқылы түсіндіру
Жетістік критерийлері:
Азаматтық кодексті қолданып, шарт ұғымын
анықтай алады
Азаматтық кодексін қолданып, сату-сатып алу келісімшарты, айырбас және сыйға тарту келісімшартына тапсырмалар орындай алады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Шарт
Сату- сатып алу
Айырбас
Сыйға тарту
Диалогқа және жазылымға қажетті сөйлем құрамалары:
Шарт жасау қажет, себебі (...)
Шарт түрлері (сатып алу-сату, айырбас және сыйға тарту)
Шарт ұғымы
Шарт дегеніміз — екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі.
Шарт мынадай жағдайларда жасалады:
1. Жылжымайтын мүлік жөніндегі мәмілелер:
а) түрғын үйді сатып алу — сату туралы;
ә) тұрғын үйді сыйға беру туралы;
б) тұрғын үйді ауыстыру туралы.
2. Жер учаскелері туралы мәмілелер:
а) жер учаскесін сыйға беру туралы келісім-шарт; ә) жер учаскесін ауыстыру туралы келісім-шарт;
б) жер учаскесін сатып алу — сату туралы келісім-шарт.
3. Көлік қүралдары жөніндегі мәмілелер:
а) автомашинаны сатып алу — сату жөніндегі келісім-шарт;
ә) автомашинаны залогқа беру жөніндегі келісім-шарт;
б) автомашинаны сыйға беру жөніндегі келісім-шарт.
Сату- сатып алу — азаматтық құқықта сатушы сатып алушының меншігіне мүлікті сатуға, ал сатып алушы — мүлікті қабылдауға және ол үшін белгілі бір соманы төлеуге міндеттенетін барынша кеңінен таралған шарттардың бірі.
Айырбас шарты – (ағылш. barter agreement;) Тараптардың әрқайсысының екінші тарапқа бір тауарды екінші тауарға айырбастауға міндеттенетін азаматтық-құқықтық шарт. Егер бұл тәртіптерге және айырбас мәніне қайшы келмесе, айырбас шартына сатып алу-сату тәртібі қолданылады.
Сыйға тарту шарты (лат. donation agreement;) Бір тараптың (сыйлаушы), екінші тарапқа (сыйға алушы) мүлікті меншікке не мүліктік құқықты ақысыз беретін немесе беруге міндеттенетін азаматтық-құқықтық шарты.
НЕГІЗГІ СӨЗДІК
шарт — договорқол қоюшылар — подписавшиесятөменде қол қоюшылар — нижеподписавшиесясату — сатып алу — купля-продажамаған тиеселі — принадлежащий мнежеке басы — личностъқүқықтық іс-әрекеткеқабілеті — дееспособностьанықталды — установлентексерілді — проверентіркелді — зарегистрированқол қойылды — подписанмәміле — сделкамекенжайда түратын — проживающий по адресуберілген — выданныйжекеменшік қүқығы бойынша — по праву собственностикелісімшарттың негізінде — на основании договоражалпы пайдалы ауданы — общая полезная площадьшаршы метр — кв. метркұрайды — составляетосы уақытқа дейін — до настоящего временитыйым салынбаған — под арестом не состоит1 топ: Сату- сатып алу шарты
2 топ: Айырбас шарты
3 топ: Сыйға тарту шарты
Критерий:
Шарт түрлерін ажырата алады;
Үлгіге сүйене отырып, академиялық тілде шарт құрастыра алады.
Тайм- менеджмент.
Дискриптор:
Ауызша өз білгендері бойынша шарт мазмұнын айтады (айтылым дағдысы)
Үлгіге қарай отырып шарт жасайды (жазылым дағдысы )
Шарт жасау тәртібінің сақталуы.
Топтық жұмыс
Жұптық жұмыс. Жағдаят талдау.
Критерий:
1. Сот қандай шешім шығаратынын анықтайды.
2. Өз шешімін ұсынады.
3. ҚРАК –не сүйене отырып дәлелдейді.
Рефлексия
«Бес саусақ» әдісі
1.«Бас бармақ»- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?
2. «Балалы үйрек»- бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімге риза болдым?
3. «Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?
4. «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
5. «Кішкентай бөбек»-көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?