Меншік құқығы және оның қорғалуы. Құқық негіздері, 10 сынып, қосымша материал
ҚР Азаматтық Кодексінен
268-бап. Мiндеттеме ұғымы
Мiндеттемеге сәйкес бiр адам (борышқор) басқа адамның (несие берушiнiң) пайдасына мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгiлi бiр әрекеттер жасауға, не белгiлi бiр әрекет жасаудан тартынуға мiндеттi, ал несие берушi борышқордан өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқылы. Несие берушi борышқордан атқарылғанды қабылдауға мiндеттi.
269-бап. Мiндеттеме тараптары
2. Мiндеттемеде оның әр тарабы - несие берушi немесе борышқор ретiнде бiр мезгiлде бiрнеше адам қатыса алады. Мұндай реттерде осы Кодексте белгiленген ережелерге сәйкес үлестi, ынтымақты немесе жәрдем берушiлiк мiндеттеме пайда болады (осы Кодекстiң 286-288-баптары). Борышқор жағынан мiндеттемеге қатысушы адамдардың бiрiне несие берушi қойған талаптардың жарамсыз болуы, сол сияқты мұндай адамға қойылатын талап бойынша талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуi несие берушiнiң өзге де осындай адамдарға қоятын талаптарына өздiгiнен әсер етпейдi.
3. Егер мiндеттемеге сәйкес тараптардың әрқайсысы басқа тараптың пайдасына мiндет алса, бұл оның пайдасына жасауға мiндеттi басқа тараптың борышқоры және сонымен бiрге оған талап қоюға құқығы бар оның несие берушiсi болып есептеледi. 270-бап. Мiндеттемеге қатысушылар
1. Тараптар (борышқор мен несие берушi) және үшiншi жақ мiндеттемеге қатысушылар болып табылады.
2. Үшiншi жақ ретiнде мiндеттеме тараптарының бiреуiне мiндеттемелер немесе өзге де құқық қатынастары арқылы байланысты жақтар қатысады.
3. Мiндеттеме үшiншi жақ үшiн мiндеттер туғызбайды. Заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген реттерде мiндеттеме үшiншi жақтар үшiн мiндеттеменiң бiр немесе екi тарапына да қатысты құқықтар туғызуы мүмкiн.
271-бап. Мiндеттеменiң пайда болу негiздерi
Мiндеттемелер осы Кодекстiң 7-бабында көрсетiлген шарттан, зиян келтiруден немесе өзге де негiздерден пайда болады.
272-бап. Мiндеттеменi тиiсiнше орындау
Мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс.
273-бап. Мiндеттеменi орындаудан бiржақты бас тартуға жол берiлмеуi
Заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде мiндеттеменi орындаудан бiржақты бас тартуға және оның шарттарын бiржақты өзгертуге жол берiлмейдi.
274-бап. Мiндеттеменi бөлшектеп орындау
Егер мiндеттеме шарттарында, заңдарда өзгеше белгiленбесе немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеме мәнiнен өзгеше туындамаса, несие берушi мiндеттеменi бөлшектеп орындауды қабылдамауға құқылы.
275-бап. Мiндеттеменi тиiстi адамның орындауы
Егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе және iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеме мәнiнен өзгеше туындамаса, борышқор мiндеттеменi орындау кезiнде несие берушiнiң өзi немесе бұған ол уәкiлдiк берген адам орындауға қабылдайтын нәрсенi талап етуге құқылы және мұндай талап жасалмауының зардабын тартуға тәуекел етедi.
276-бап. Мiндеттеменi үшiншi жақтың орындауы
1. Егер заңдарда немесе шартта көзделсе, сол сияқты үшiншi жақ тиiстi шарт арқылы тараптардың бiрiмен байланысты болса, мiндеттеменi орындау түгелдей немесе бөлшектеп үшiншi жаққа жүктелуi мүмкiн.
2. Егер заңдардан, мiндеттеме шарттарынан немесе оның мәнiнен борышқордың мiндеттеменi жеке өзi орындау мiндетi туындамаса, несие берушi борышқор үшiн үшiншi жақ ұсынған орындау iсiн қабылдауға мiндеттi.
3. Несие берушiнiң борышқор мүлкiнен ақы өндiрiп алуы салдарынан өзiнiң бұл мүлiкке құқығынан (иелену, пайдалану, кепiлге салу құқығы және басқа құқықтары) айрылу қаупi төнген үшiншi жақ несие берушiнiң талабын борышқордың келiсiмiнсiз өз есебiнен қанағаттандыра алады. Бұл ретте мiндеттеме бойынша несие берушiнiң құқығы үшiншi жаққа көшедi және осы Кодекстiң талапқа көну туралы ережелерi (осы Кодекстiң 339-347-баптары) қолданылады.
277-бап. Мiндеттеменi орындау мерзiмi
1. Егер мiндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындалуға тиiстi уақыт кезеңi көзделсе немесе анықтауға мүмкiндiк берсе, мiндеттеме сол күнi немесе тиiсiнше сол кезең iшiнде кез келген уақытта орындалуға тиiс.
2. Мiндеттемеде ол орындалатын мерзiм көзделмесе және бұл мерзiмдi анықтауға мүмкiндiк беретiн шарттар болмаса, ол мiндеттеме пайда болғаннан кейiн ақылға қонымды мерзiмде орындалуға тиiс.
Ақылға қонымды мерзiмде орындалмаған, сол сияқты орындалу мерзiмi талап етiлетiн кезбен белгiленген мiндеттеменi, егер заңдардан, мiндеттеме шарттарынан, iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеме мәнiнен басқа мерзiмде орындау мiндетi туындамаса, борышқор несие берушi оның орындалуын талап еткен күннен бастап жетi күн мерзiмде орындауға мiндеттi.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік дегеніміз — шартта немесе заңда көрсетілген ретте жүктелген міндеттемені бұзған субъектіге қолданылатын мүлікті өндіру немесе мүліктік салмақ салу нысанында болып келетін жауапкершіліктің түрі.
Азаматтық-құқықтық катынастың көпшілік бөлігі міндеттеменің бұзылуынан пайда болады. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік мүліктік қатынастармен байланыста болғандықтан ол төмендегідей қасиеттерімен ерекшеленеді:
а) борышкордың міндеттемені бүзуынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге өндіріп беру;
ә) борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын кадағалау;
б) борышқорды міндеттемені орындамаганы немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жазалау;
в) белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткі болу;
г) борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше дәлелдеу болып табылады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік мынадай негізгі қызметтерді аткарады: жазалау, қалпына келтіру, тәрбиелік.
Жазалау қызметі— міндеттемені бүзған немесе шығып келтірген түлғаның мүлкінің азаюы.
Тәрбиелік қызметі— құқық бұзушы болашақта мұндай әрекеттер жасауға жол бергізбейді.
Қалпына келтіру қызметі— шығын келген тұлғаныц мүліктік жағдайын қалпына келтіру.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түрлері:
Айып төлеу, кепіл беру, кепілдік беретін жақ, кепілпұл төлеу
Ф. Окуневтен И. Журкиннен арендаға алған қойма ғимаратына арендаға алушының кінәсінен ақау келтірілген. Ф. Окунев И. Журкинге келесі залалдардың орнын толтыру туралы талап-арыз қояды:
– өрт нәтижесінде қойма ғимаратына келтірілген залалдар сомасы;
– қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мерзіміне арендалық төлемін;
– құрылыс ұйымы құрастырған сметаға сай қалпына келтіру жұмыстарының бағасы;
– аренда алушы шартқа сай өзіне жүктелген міндетін, яғни, аренда берушінің пайдасына қойма ғимаратын сақтандырған жағдайда, аренда беруші алатын сақтандыру сомасы.
Қандай сомалар сіздің ойыңызша өтелуге жатады.
Тапсырмаға көмек
(ҚР АК 917 бабының 1тармағына сəйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе
мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс əрекеттері мен (əрекетсiздiкпен) келтiрiлген мүлiктiк жəне (немесе) мүлiктiк емес зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемде өтеуге тиiс.)
Балық қонсерві зауыты мен сауда үйі арасында балық консервілерін тасымалдау туралы шарт жасасқан болатын. Алайда, зауыт күздің екі айы ішінде консервілерді жеткізбейді, сондықтан сауда үйі оны тұрақсыздық құнын өтеуге міндеттейді. Сотта консервілерді мерзімінде жеткізбеу созылмалы су тасқынына байланысты болғаны анықталады, сол себептен балықаулаушы кемелер теңізге балық аулауға шыға алмаған.
Талапкер жауапкердің дәлеледерін, олар тек зауыт пен балықаулаушы шаруашылықтар арасында мәнге ие деп, танымады. Сіздің ойыңызша, зауыт консервілерді жеткізбегені үшін сауда үйінің алдындағы жауапкершіліктен босатыла ма?
Тапсырмаға көмек Азаматтық құқық заңдары
(ҚР АК 917 бабының 2 тармағында зиян келтiрушiнiң егер зиян өзiнiң кiнəсiнен келтiрiлмегендiгiн дəлелдесе, оны өтеу жауапкершiлiгiнен босатылатындығы көзделген.
Заңнама мен тұлғаға зиянды өтеу жауапкершiлiгi оның кiнəсiнiң болу болмауына қарамастан жүктелетiн жағдайлар көзделуi мүмкiн.
Сонымен, зиян келтiргенi үшiн жауапкершiлiктiң жалпы негiздерi (шарттары) болып мыналар табылады:
1) құқыққа қайшы iс əрекет (əрекетсiздiк);
2) зияннның болуы;
3) тұлғаның iсəрекетi (əрекетсiздiгi) мен туындаған құқыққа қайшы салдардың (зиянның) арасындағы себептi байланыс;
4) кiнə.
Аталған төрт шарттар бiрбiрiнен ажырағысыз орын алады. Олар азаматтық құқық бұзушылықтың (деликтiнiң) өзара байланысты элементтер болып табылады.) Сондықтан аса қажеттiлiк кезiнде жасалған əрекеттер мен зиян келтiрiлген кездегi мəн жайларды ескере отырып, сот оны өтеу мiндетiн зиян келтiрушi мүддесiне iс-əрекет жасаған үшiншi бiр тұлғаға жүктеу мүмкiн.
Мектеп – интернатта кеш мезгілінде балалар төбелес ұйымдастырады. Нәтижесінде тоғыз жасар Дамир Бекшеновтың аяғы сынады. Ол өзін осы халге жеткізген деп он жасар Талғат Тұртұловты айыптайды. Жәбірленушілердің ата-аналары заң факультетінің студенті Олжас Сарсеевтің кеңесін басшылыққа алып, Т. Тұртұловтың ата-аналарына, оларға және олардың ұлына келтірілген моральдық залалды әрі емдеуге келтірілген шығындарды өтету мақсатымен талап-арыз жасады.
Болашақ заңгердің кеңесі орынды ма?
Тапсырмаға көмек Азаматтық құқық заңдары
14 жасқа дейiнгi кəмелетке толмағандар жауапкершiлiктiң дербес субъектiлерi болып табылмайды. Олармен келтiрiлген зиян үшiн атааналар (асырап алушылар), қамқоршылар, егер зиян олардың кiнəсiнен болмағанын дəлелдемесе жауап бередi.
Ата аналардың қамқоршылардың кiнəсi деп балаларды тəрбиелеуге кеткен олқылықтар түсiнiледi. Олар заңнама мен атааналардың тəртiбiне қатысты ғана қарастырылады.
Төменде келтірілген жағдайлардың қатысушылары азаматтық – құқықтық жауапкершілікке тартыла ма? Егер тартылса, кім, қандай нысанда және неге?
– Семей қаласынан Павлодар қаласына су кемесімен теледидар партиясын түсіру кезінде, қатты су тасқыны болып, теледидардың үштен бір бөлігінің кинескоптары сынып қалады.
Тапсырмаға көмек Азаматтық құқық заңдары
ҚРАК 920 бабының нормасына сəйкес аса қажеттiлiк жағдайындағы зиян, зиян келтiрушiнiң өзiне қатер төндiрiп тұрған қауiптi жою үшiн келтiрiлген жағдайларда ол мүлiк иесiне осы зиянды келтiрген тұлға мен өтелуге тиiс. Бiрақ, сот бұл жағдайда да, осы құқықтық қатынастар субъектiлерiнiң көңiл аударуға тұрарлық мүдделерiн ескеруге тиiс. Мысалы, зиян келтiру елеусiз болғанда ал меншiк иесi тарапынана мүлiктi сақтауда олқылықтар жiберiлсе. Жоғарыда айтқанымыздай, тұлға үшiншi тұлғалардың тiптi бүкiл қоғам немесе мемлекет мүдделерi үшiн əрекет етуi мүмкiн. Сондықтан аса қажеттiлiк кезiнде жасалған əрекеттер мен зиян келтiрiлген кездегi мəн жайларды ескере отырып, сот оны өтеу мiндетiн зиян келтiрушi мүддесiне iс-əрекет жасаған үшiншi бiр тұлғаға жүктеу мүмкiн.
381-бап. Аралас шарт
Тараптар заңдарда көзделген түрлi шарттардың элементтерi бар шарт жасаса алады (аралас шарт). Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына, егер тараптардың келiсiмiнен немесе аралас шарттың мәнiнен өзгеше туындамаса, аралас шартта элементтерi бар шарттар туралы заңдардың тиiстi бөлiктерi қолданылады.
387-бап. Жария шарт
1. Коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметiнiң сипатына қарай оған өтiнiшпен келетiн әркiмге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөнiндегi оның мiндеттемелерiн белгiлейтiн шарт жария шарт деп танылады (бөлшек сауда, көпшiлiк пайдаланатын көлiкпен тасымалдау, байланыс қызметiн көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана қызметiн көрсету және т.б.). Коммерциялық ұйымның заңдарда көзделген жағдайлардан басқасында, жария шарт жасасу жөнiнде бiреуге басқалардан артықшылық жасауға құқығы жоқ.
2. Тұтынушылардың кейбiр категорияларына жеңiлдiк беру заңдармен жол берiлетiн жағдайларды қоспағанда, тауарлардың, жұмыс пен қызметтiң бағасы, сондай-ақ жария шарттың өзге ережелерi тұтынушылардың бәрiне бiрдей болып белгiленедi. 3. Тұтынушыға тиiстi тауарлар (жұмыс, қызмет) ұсыну мүмкiншiлiгi бола тұра коммерциялық ұйымның жария шарт жасасудан бас тартуына жол берiлмейдi. Коммерциялық ұйым жария шарт жасасудан негiзсiз жалтарған жағдайда осы Кодекстiң 399-бабындағы 4-тармақта көзделген ережелер қолданылады. 4. Заң құжаттарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкiметi жария шарттарды жасау және орындау кезiнде тараптар үшiн мiндеттi ережелер (үлгi шарттар, ережелер және т.б.) шығаруы мүмкiн. 5. Жария шарттың осы баптың 2 және 4-тармақтарында белгiленген талаптарына сәйкес келмейтiн ережелерi жарамсыз болып табылады.
389-бап. Қосылу шарты
1. Ережелерiн тараптардың бiреуi формулярларда немесе өзге стандартты нысандарда белгiлеген және басқа тарап оны ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолы деп қабылдай алатын шарт қосылу шарты деп танылады. 1-1. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамалық актісінде қосылу шартын жасасу ерекшеліктері және оның мазмұнына қойылатын талаптар көзделуі мүмкін. 2. Егер қосылу шарты заңдарға қайшы келмегенiмен, бұл тарапты осындай шарттар бойынша берiлетiн құқықтардан айыратын болса немесе мiндеттеменi бұзғаны үшiн басқа тараптың жауапкершiлiгiн жоятын немесе шектейтiн болса не қосылған тарап үшiн онда анық қиындық келтiретiн, шарттың талаптарын белгiлеуге қатысатын мүмкiндiгi болып тұрғанда өзiнiң ақылға қонымды түсiнiлетiн мүдделерiн негiзге ала отырып қабылдамай-ақ қоятын талаптары болса, шартқа қосылған тарап шартты бұзуды талап етуге құқылы. 3. Осы баптың 2-тармағында көзделген мән-жайлар болған кезде, өзiнiң кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыруына байланысты шартқа қосылған тараптың шартты бұзу туралы қойған талабы, егер қосылған тарап шарттың қандай жағдайларда жасалғанын бiлсе немесе бiлуге тиiс болса, қанағаттандырылуға жатпайды.
384-бап. Ақылы және ақысыз шарт
1. Шарт бойынша тарап өз мiндеттемелерiн орындағаны үшiн ақы алуы немесе бiр-бiрiне бiр нәрсе беруi керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады. 2. Бiр тарап екiншi тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бiр нәрсенi ұсынуды мiндетiне алған шарт ақысыз шарт болып табылады. 3. Егер заңдардан, шарттың мазмұнынан немесе мәнiнен өзгеше туындамаса, шарт ақылы болуы мүмкiн.
385-бап. Баға
1. Шарттың орындалуы тараптардың келiсiмiмен белгiленген баға бойынша төленедi. Заң құжаттарында көзделген жағдайларда оған уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар белгiлейтiн немесе реттейтiн баға (тарифтер, бағалар, ставкалар және т.б.) қолданылады.
2. Шарт жасалғаннан кейiн бағаны өзгертуге шартта, заң құжаттарында көзделген реттер мен жағдайларда немесе заң құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша жол берiледi.
3. Ақылы шартта баға көзделмеген және шарт ережелерiн негiзге ала отырып оны анықтау мүмкiн болмаған реттерде шартты орындау шарт жасасу кезiнде осыған ұқсас жағдайларда әдетте осы сияқты тауарлар, жұмыс немесе қызмет үшiн алынатын баға бойынша жүргiзiлуге тиiс деп есептеледi.
386-бап. Шарттың қолданылуы
1. Шарт оны жасасқан кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болып табылады (осы Кодекстiң 393-бабы). 2. Тараптар өздерi жасасқан шарттың ережелерi олардың шартты жасасуға дейiн пайда болған қатынастарына қолданылатындығын белгiлеуге құқылы. 3. Егер заңдарда немесе шартта шарттың қолданылу мерзiмi көзделсе, осы мерзiмнiң аяқталуы, шарт бойынша тараптар мiндеттемелерiнiң тоқтатылуына әкелiп соқтырады. Қолданылу мерзiмi көрсетiлмеген шарт тараптардың онда белгiленген мiндеттемелердi орындауы аяқталып бiткен кезге дейiн қолданылады деп танылады. 4. Шарттың қолданылу мерзiмiнiң аяқталуы тараптарды осы мерзiм бiткенге дейiн орын алып келген шартты бұзғандық үшiн жауапкершiлiктен босатпайды.
390-бап. Алдын ала жасалатын шарт
1. Алдын ала жасалатын шарт бойынша тараптар алдын ала жасалатын шартта көзделген жағдайларда мүлiк беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету туралы болашақта шарт (негiзгi шарт) жасасуға мiндеттенедi. 2. Алдын ала жасалатын шарт негiзгi шарт үшiн заңдарда белгiленген нысанда, ал егер негiзгi шарт нысаны белгiленбесе, жазбаша түрде жасалады. Алдын ала жасалатын шарт нысаны туралы ережелердiң сақталмауы оның жарамсыз болып қалуына әкелiп соқтырады. 3. Алдын ала жасалатын шартта негiзгi шарттың мәнiн, сондай-ақ басқа да елеулi жағдайларын белгiлеуге мүмкiндiк беретiн ережелер болуға тиiс. 4. Алдын ала жасалатын шартта тараптар негiзгi шартты жасасуға мiндеттенетiн мерзiм көрсетiледi. Егер алдын ала жасалатын шартта мұндай мерзiм белгiленбесе, олар көздеген шарт алдын ала жасалған кезден бастап бiр жыл iшiнде жасалуға тиiс. 5. Алдын ала шарт жасасқан тарап өзi көздеген шартты жасасудан жалтарған реттерде, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, осы арқылы келтiрiлген залалды екiншi тарапқа өтеуге мiндеттi. 6. Алдын ала жасалатын шартта көзделген мiндеттемелер, егер тараптар негiзгi шартты жасасуға тиiс мерзiм бiткенге дейiн ол жасалмаса не тараптардың бiрi екiншi тарапқа бұл шартты жасасуға ұсыныс жiбермесе, тоқтатылады. 7. Егер ниеттер туралы хаттамада (ниеттер туралы шартта) тараптардың оған алдын ала жасалатын шарт күшiн беру ниеттерi тiкелей көзделмесе, ол азаматтық-құқықтық шарт болып табылмайды және оның орындалмауы заңдық зардаптарға әкелiп соқтырмайды.
391-бап. Үшiншi жақтың пайдасына жасалатын шарт
1. Тараптар несие берушiге емес, шартта көрсетiлген немесе көрсетiлмеген және борышқордан мiндеттеменi өзiнiң пайдасына орындауды талап етуге құқығы бар үшiншi жаққа борышқор орындап беруге мiндеттi деп көрсеткен шарт үшiншi жақтың пайдасына жасалған шарт болып танылады. 2. Егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, үшiншi жақ борышқорға шарт бойынша өз құқығын пайдалану ниетiн бiлдiрген кезден бастап тараптар өздерi жасасқан шартты үшiншi жақтың келiсiмiнсiз бұза алмайды немесе өзгерте алмайды. 3. Борышқор шартта өзiнiң несие берушiге қарсы қоя алатындай қарсылықтарын үшiншi жақтың талаптарына қарсы қоюға құқылы. 4. Үшiншi жақ шарт бойынша өзiне берiлген құқықтан бас тартқан ретте несие берушi, егер заңдарға және шартқа қайшы келмесе, бұл құқықты пайдалана алады. 5. Үшінші тұлға шарт бойынша өз құқығын пайдалану ниетін білдірген кезден бастап және үшінші тұлға өз құқығынан бас тартқан кезге дейін кредитор шарт талаптарына сәйкес борышкерден үшінші тұлғаның пайдасына міндеттемелерді орындауды ғана талап етуге құқылы.
392-бап. Шартты түсiндiру
1. Сот шарт ережелерiн түсiндiрген кезде ондағы сөздер мен сөйлемдердiң сөзбе-сөз мәнi ескерiледi. Шарт ережесiнiң сөзбе-сөз мәнi түсiнiксiз болған ретте ол бүкiл шарттың басқа ережелерiмен және мағынасымен салыстыру арқылы анықталады. 2. Егер осы баптың бiрiншi тармағындағы ережелермен шарт мазмұнын анықтау мүмкiн болмаса, шарт мақсатын ескере отырып тараптардың шын мәнiндегi ортақ еркi анықталуға тиiс. Бұл орайда шарт жасасу алдындағы келiссөздер мен хат жазысуды, тараптардың өзара қатынастарында орныққан тәжiрибенi, iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарды, талаптардың бұдан кейiнгi мiнез-құлқын қоса алғанда, тиiстi мән-жайлардың бәрi ескерiледi.
Зиян азаматтық құқықта мүлiктiк жəне мүлiктiк емес деп бөлiнедi. Өтемеуге жататын зиян нақты залал түсiнiгiмен бiрiктiрiле отырып, мүлiктiң (қозғалатын немесе қозғалмайтын, жеке анықтауға немесе бiртектес белгiлерiмен анықталған) бүлiнуiнен, жойылуынан келтiрiлген шығындардан көрiнiс табады (ҚР АК 9 бап, 4т).
Сондай ақ зиян құрамына жəбiрленушiнiң дағдылы айналым жағдайында алуына болатын, бiрақ алынбай қалған табыстары (айырылып қалған пайда) да кiредi. Айырылып қалған пайда деп жоспарланған табысты ғана емес, сондай ақ бүлiнген мүлiктен нəтижелер төл түрiнде алынуы мүмкiн болған табиғи өсiмдердi де түсiнген жөн.
ҚР АК 917бабының 1тармағына сəйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе
мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iсəрекеттермен (əрекетсiздiкпен) келтiрiлген мүлiктiк жəне (немесе) мүлiктiк емес зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемде өтеуге тиiс.
Сондай ақ заң актiлерiнде зиянды өтеу мiндетi зиян келтiрушi болып табылмайтын тұлғаға
жүктеледi, сонымен қатар өтеудiң неғұрлым жоғары мөлшерi белгiленуi мүмкiн екенi
ескертiледi. Аталған бап, негiзiнен зиян келтiруден туындайтын жауапкершiлiктiң жалпы
негiздерiн белгiлеу үшiн арналғанмен, ол, сондайақ зиян келтiру салдарынан туындайтын
мiндеттеме түсiнiгiнiң өзiн де анықтау үшiн қолданылады
350-бап. Мiндеттеменiң бұзылуынан туындаған залалдардың орнын толтыру
2. Мiндеттеменiң бұзылуынан туындаған залалдың орнын толтырудан борышқорды босату жөнiндегi тараптардың мiндеттеме бұзылғанға дейiн қабылдаған келiсiмi жарамсыз болады, алайда тараптар өзара келiсiм бойынша мүлiктегi нақты келтiрiлген зиянды ғана өндiрiп алуды көздеуi мүмкiн. 355-бап. Белгiлi бiр затты жеке беру мiндеттемесiн орындамаудың салдары
1. Белгiлi бiр затты меншiкке, шаруашылық жүргiзуге, жедел басқаруға немесе несие берушiнiң пайдалануына жеке беру мiндеттемесiн орындамаған жағдайда, бұл затқа үшiншi жақтың артықшылық құқығы болмаса, несие берушi оны борышқордан алып қоюды және несие берушiге берудi талап етуге құқылы. 2. Затты беру борышқорды залалдың орнын толтырудан босатпайды.
932бабына сəйкес. Бiрлесiп зиян келтiрген тұлғалар жəбiрленушiнiң алдында ортақтасып
жауап бередi. Ортақ жауапкершiлiк кезiнде зиян келтiрушiлердiң əрқайсысы жəбiрленушi
алдында толық көлемде жауап бередi
Азаматтық кодекстiң 359бабына сəйкес егер құқық бұзушы
мiнедттеменiң бұзылуына жол бермеу үшiн өзiне қатысты шаралардың барлығын қолданбаса
ол кiнəлi деп танылады. Деликтiлiк мiндеттемелерге қатысты кiнəнi осылайша түсiндiру толық емес боп көрiнедi.
11 жасар бала аулада доп ойнап жүр, ал оның әкесі сол аулада өзінің танысымен шахмат ойнап отыр. Жаңағы доп ойнап жүрген бала ойын барысында көршілердің біреуінің терезесін сындырып алды. Осы жағдайда кім жауап береді?
Бұзақылықпен айналысып жүрген (оған дейін де бұзақы екендігі белгілі) 12 жасар бала дүкеннің терезесін сындырып ішінен бір кассета ұрлап алады. Бұл жерде баланың ата-анасының кінәсі бар ма?
14 жасқа дейiнгi кəмелетке толмағандар жауапкершiлiктiң дербес субъектiлерi болып табылмайды. Олармен келтiрiлген зиян үшiн атааналар (асырап алушылар), қамқоршылар, егер зиян олардың кiнəсiнен болмағанын дəлелдемесе жауап бередi.
Ата аналардың қамқоршылардың кiнəсi деп балаларды тəрбиелеуге кеткен олқылықтар түсiнiледi. Олар заңнама мен атааналардың тəртiбiне қатысты ғана қарастырылады.
ҚР АК 917 бабының 2 тармағында зиян келтiрушiнiң егер зиян өзiнiң кiнəсiнен келтiрiлмегендiгiн дəлелдесе, оны өтеу жауапкершiлiгiнен босатылатындығы көзделген.
Заңнама мен тұлғаға зиянды өтеу жауапкершiлiгi оның кiнəсiнiң болу болмауына қарамастан жүктелетiн жағдайлар көзделуi мүмкiн.
Сонымен, зиян келтiргенi үшiн жауапкершiлiктiң жалпы негiздерi (шарттары) болып мыналар табылады:
1) құқыққа қайшы iс əрекет (əрекетсiздiк);
2) зияннның болуы;
3) тұлғаның iсəрекетi (əрекетсiздiгi) мен туындаған құқыққа қайшы салдардың (зиянның) арасындағы себептi байланыс;
4) кiнə.
Аталған төрт шарттар бiрбiрiнен ажырағысыз орын алады. Олар азаматтық
құқық бұзушылықтың (деликтiнiң) өзара байланысты элементтер болып табылады. Осыған сүйене отырып, бiз зиян келтiруден туындайтын мiндеттеменiң пайда болу (азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi қолданудың) лездемесi болып азаматтық құқық бұзушылық табылады.
Егер зиян қажеттi қорғану жағдайында келтiрiлсе, субъектiлер оны өтеуден босатылытыны сөзсiз ( ҚРАК 919бап). Қажеттi қорғану кезiнде қорғанушының заңды iсəрекеттерi орын алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?